Дипломдық ЖҰмыс қазақ ономастикасын зерттеудің жаңа бағыттары Мамандығы: 5В020500 Филология



бет3/17
Дата07.07.2022
өлшемі157,83 Kb.
#147336
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Таншолпан 2022-1 (1)

Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі кiсi есімдері (антропонимдер) және жер-су аттары (топонимдер).
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ ономастикасының ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда зерттелуі мен ғылыми бағыттарын талдау және жүйелеу. Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан ономастикасының өткен ғасырдан бастау алған ғылыми ізденіс және зерттеу нәтижелерін саралап талдау;
- қазақ антропонимдері мен топонимдерінің зерттелу барысындағы этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық ғылыми парадигмаларының ерекшеліктері мен табиғатын айқындау;
- қазақ антропонимдерінің этнолингвистикалық бағыттағы сипатына талдау жасау;
- қазақ кici есімдерінің лингвомәдениеттанымдық бағытта зерттелуіне сараптама беру;
- қазақ жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасын сипаттау;
- қазақ топонимдерінің материалдық мәдениетпен байланысын анықтау;
- қазақ топонимдеріндегі рухани мәдениеттің көрінісіне сипаттама беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Дипломдық жұмыс Қазақстан ономастикасының даму бағыттарын, қазақ антропонимдері мен топонимдерінің этнолингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық, антропоцентрлік, когнитивтік сипатын жан-жақты қамтып, саралауға арналған:
- ономастикалық зерттеулердегі ғылыми бағыттар тақырыптық жағынан жүйеленді;
- ономастикалық зерттеулер арқылы анықталған этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық және антропоцентрлік, когнитивтік бағыттар сараланды;
- қазақ кісі есімдерінің этнолингвистикалық бағыттағы зерттелу сипаты кешенді түрде талданды;
- қазақ антропонимдерінің лингвомәдениеттанымдық бағытта зерттелу ерекшеліктеріне ғылыми сараптама жасалды;
- қазақ жер-су аттарының идиоэтникалық семантикасы сипатталды;
- қазақ топонимдерінің материалдық мәдениетпен байланысы мен қазақ жер-су атауларындағы рухани мәдениеттің тілдік сипаты, оның ішінде этнолингвистикалық бағыттағы көрінісі анықталды.
Зерттеудің материалдары. Зерттеу жұмысын жазу барысында Қазақстан ономастикасының тарихы мен дамуы, оның теориялық негіздері мен бағыттары жайлы Ғ.К.Қоңқашпаевтің, қазақ және шетел ономаст-ғалымдардың, Т.Жанұзақ пен Қ.Рысберген, Б.М.Мадиева, Ә.Ахметов, Ә.Хасенов, Е.Керімбаев, Б.Бердиев, Б.Тілеубердиев, Н.Уәлиев т.б. диссертациялық жұмыстары, лингвомәдени және танымдық зерттеу еңбектерімен ерекшеленетін Б.Сағындықұлы, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, Г.Снасапованың зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми еңбектері басты назарда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет