МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Зерттеудің мақсаты: Қосымша математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудың педагогикалық шарттарын анықтау және олардың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
математикадан қосымша сабак процесінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық тұрғыдан негіздеу;
бастауыш сынып оқушылардың логикалық ойлауының даму деңгейін анықтау;
математикадан өосымша сабак процесінде бастауыш сынып оқушылардың логикалық ойлауын дамыту бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізу.
Зерттеу нысаны:бастауыш мектепте қосымша математика сабақтары.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту.
Зерттеу болжамы: егер, білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуының сабақтастығы, ақыл-ой әрекеттерінің логикалық тәсілдерін қалыптастыру бойынша жұмыстың үздіксіздігі орындалса, онда қосымша математика сабақтарында логикалық тапсырмалар арқылы бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту тиімді болады
Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін бастауыш сынып оқушылардың логикалық ойлауын сыныптан тыс жұмыстарда дамыту үшін педагогикалық процесте пайдалану мүмкіндігінде.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша психология-педагогикалық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеу құрылымы:Бұл зерттеу Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы «157 жалпы білім беретін мектеп». Эксперимент жұмысына 4-сынып оқушылары қатысты.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге бөлуге болады.
1) Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
2) Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасауы керек. Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесесінің
маңызды құрамдас бөлігі.