Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ



бет26/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Сең соғылған балықтай

Сенделесің мәңгіріп (О. Әубәкіров, 10 б.).

Дағдылы қолданыста «сең соққан балықтай болды» – есеңгіреп, сандалып қалды; әлсіреп дымы бітті; не істерін білмеді [44, 460 б.] деген мағынаны білдіреді. Нормалы ФТ-ның құрамындағы болды етістікті компоненті редукцияланған, құрылымы өзгеріске ұшыраған фразеологизм мағыналық жақтан өзгермеген.

Кей жағдайда фразеологизмдердің құрамындағы компоненттері редукцияға ұшырап, ФТ-лар басқа мағынаға да ие болып жатады. Мысалы:

Құрманбек күні бүгінге дейін, «аузын ашса, іші көрінеді» дерлік, айласыз, ақкөңіл, аңқылдақ, театрдан басқа білері жоқ, бар өмірін соған ғана бағыштаған, шын мағынасындағы сахналық қана адам (С. Мұқанов, 216 б.). Аузын ашса, іші көрінеді тіркесінің сөздікте берілген нормалы түрі аузын ашса, ішек-қарны көрінген (бұрынғы уақытта қатыгез бай, қожа-молданың кедейді қорлап айтқан лақабы [44, 68 б.]. 1) Контексте ФТ құрамынан «қарны» сөзі түсірілген; 2) Сөздіктегі ФТ мен контекст құрамындағы ФТ мағынасы екі басқа.

Мұнда узуал ФТ-ның редукциясы қолданылған. ...қарны сөзінің нәтижесінде эллипсистенген фразеологизм ықшамды, қысқа фразеологизмге айналады. Компоненттің алынып тасталынуы арқылы эмоциялық реңк пайда болады: эллипсистенген ФТ көркемделеді, контекске оңай енеді, ауызекі сөйлеу тілі стиліне тән мұндай фразеологизмдердің тілде және контексте жиі қолданылу дәстүріне қарай реципиенттің ойында тіпті оның түсіп қалған компоненттерінің де сақталып қалатындығына байланысты ФТ құрамындағы сөздер санының қысқаруы оның семантикасында мүлдем байқалмайды. Фразеологизмнің толық немесе қысқарған формасының қолданылуы белгілі бір стилистикалық мақсаттағы қажетті варианттың таңдалынып алынуы арқылы жүзеге асады. ФТ-ның жалпылығы мен ондағы ойдың тұтас аяқталмағандығы реципиенттің санасында ассоциациялық қатардың туындауына себепші болады және эмотивтік әсер негізінде жатқан екіжақтылық пен кездейсоқтық әсерін туындатады. Эллипсистенген фразеологизмнің эмотивтік әсерінің прагматикалық сипаты күшейіп, осының нәтижесінде фразологизм семантикалық реңкке ие болып тұр.



«Қарыз жылап қайтары рас болса»,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет