Аз миы айрандай ашып кеткен
Ақыры төркініне
Байтал мініп қашып кеткен (К. Әмірбек, 35 б.). «Миы ашыды» (мең-зең сенделді, басы қаңғыды. [44, 391 б.] тұрақты тұлғасының негізінде семантикасы өзгереген «аз миы айрандай ашып кеткен» метафора арқылы мағыналық реңкі күшейген окказионал сипаттағы фразеологизмі жасалып отыр.
Г.И. Шаранда былай деп жазады: «ФТ-ның құрамына қосымша компоненттің енуі оның контекспен өзара тығыз қарым-қатынасының орнауына мүмкіндік береді, тұлғаның абстрактілі образын белгілі бір шамада нақты образға айналдырады және жекелеген компоненттердің тура мағынасын жояды, оларды фразаның көркемдігін күшейте отырып, нақтылайды». Эмотивтік әсер алу мақсатында осы тәсіл көркем мәтіндерде көп қолданылады.
Біздің қарастырып отырғанымыз қалыпты фразеологизмдердің плеоназм тәсілі арқылы окказионал фразеологизм реңкіне ие болуы, дәстүрлі узуал тіркестерінің құрылымын өзгертіп жаңа, бірқолданар тосын тіркестердің жасалуы, әрдайым айтыла-айтыла жауыр болып кеткен тұлғаларды жаңғырту, «жарқ» еткізу мақсатында жасалатындықтан, әрі олар ұтымды шығып жатқан тұлғалар болатын болса, мұндай тіркестердің ФТ нормасына әкелетін зияны жоқ болар деп ойлаймыз.
Екі механизатор әлденеге келісе алмай бір-бірінің жағасына жармасып, ауыздарынан ақ ит кіріп, қара ит болып шығуда... (Д. Тұрлыбек, 8 б.). «Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығады» – аузына келгенін оттап, балағаттайды [44, 66 б.] деген мағынаны білдіреді және қалыпты ФТ-ның құрамына «болып» етістігінің қосылуы нәтижесінде бүтіндей бір фразеологизмнің іс-әрекетіне қосымша мән үстеп, әрекетін нақтыландыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |