Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Күндіз күлкі-сиқыңыздан айрылып, түнде ұйқы-сұрқыңыздан ажырап



бет30/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Күндіз күлкі-сиқыңыздан айрылып, түнде ұйқы-сұрқыңыздан ажырап, ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен жалпақ еліңіз алдында абырой алып хан болдыңыз (Ж. Ахмади, 14 б.). «Күндіз күлкі-сиқыңыздан айрылып, түнде ұйқы-сұрқыңыздан ажырап» ОФТ-сы узуал қолданыста «күндіз күлкі, түнде ұйқы бұзылды» немесе сөйлеу тілінде «күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылды» деп екі түрлі айтылып жүрген «ешбір тыным таппады, ешбір саябырламады» [44, 291 б.] деген бір мағынаны білдіреді.

Эмотивтік әсер туындатуда мәтіндерді талдау арқылы фразеологизмнің компоненттік құрамының кеңеюі, оның өзгерісінің окказионал сипатының болатындығын, фразеологизм қолданылған белгілі бір контекст шеңберінен шықпайтындығын, осыған орай, ол ФТ-ның узуал мағынасына әсер етпейді деген қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.

ФТ-ның компоненттік құрамы фразеологизмнің субстантивті компонентіне жататын түрлі анықтауыш немесе ФТ-ның етістік компонентіне жататын пысықтауыш пен толықтауыштың енуінің нәтижесінде кеңейеді. Бұл – ФТ-ға тән мағынаның көркемдігін күшейтудің құралы болып табылады; осыған сәйкес оқырманға әсер ету деңгейі де күшейеді. Мысалы: Айдаубай «ағасына» риза. Көңілі көлкөсір, жағасы жайлау, етегі қыстау боп жаны байып жадырап келеді (О. Әубәкіров, 119 б.). «Жаны байып жадырап» тіркесінің қалыпты формасы «жаны жадырау» – көңілі жарқын, рахаттанды деген мағынаны білдіреді, сөздікке кірмегенімен жалпы тілдік қолданысқа еніп кеткен бұл тіркестің құрамына «байып» пысықтауышы қосылған.

Сәдуақасқа кездескелі бері иығынан батпан жүгі түскендей, өмір бойғы бар көрген азабынан бір-ақ арыла бастағандай (Ж. Ахмади, 59 б.). «Иығынан жүк түсті» тіркесі сөздікке енбегенімен, УФ-ға құрамында бар. Иығынан жүк түсті – үлкен іс тындырды, қиындықтан құтылды мағынасын білдіреді. ҚТФС-де жоқ, бірақ узусқа айналған бұл тіркеске «батпан» анықтаушы сөзі қосылуы арқылы иығынан батпан жүгі түскендей ОФТ сипатындағы қолданыс жасалып отыр.

Плеоназм құбылысы узуал тұлғаның құрамына енгізілген окказионал тіркес тұлғаға нормалы нұсқасында болмайтын мағыналық қосымша реңк үстеп, оның семантикасының баюына, тұлғаның контекстік нақтылығының артуына мүмкіндік береді. Мысалы: Сонардың қайсыбірінің «Қайрат» үшін қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жүр дейсің (О. Әубәкіров, 100 б.). Бұл жағдайдағы ФТ-ның узуалды құрамы– қабырғасы қайысты [44, 302 б.] тіркесі. Ол омыртқасы майысып қосымша компонентімен толысады, бұл компонент оны нақтылайды, айқындайды. Осы компонентімен өзара сәйкесе отырып, берілген тұлғаның ішкі контексіне оңай енеді де, узуал тұлғаның мағынасын нақтылайды әрі күшейтеді, яғни фразеологизмнің ішкі формасын нақтылайды. Жаңа ФТ шекарасының кеңеюінің негізінде қосымша лексемалардың, қосымша компоненттердің семантикалық әсері болады. Олар ФТ-ның ішкі формасын жандандырады.

Эмотивті әсерге қол жеткізу үшін экспликациялау тәсілі фразеологизмдерді өзектілеудің басқа тәсілдерімен қатар қосымша тәсіл есебінде қолданылады. Сонымен, ФТ құрамының кеңеюі немесе ФТ-ның экспликациялануы – эмотивті әсер туындатудың аса тиімді тәсілі болып табылады. Мысалы: Тас пісетін уақыт қой, еттің еті бір бөлек, сүйегі бір бөлек, сорпасы бір бөлек боп әбден «есеңгіреп» пісіпті (О. Әубәкіров, 49 б.). «Ет пісірім» – халықтық уақыт өлшемі: шамамен бір тамақ пісетін уақыт [44, 170 б.], «ет пісірім уақыт» ҚТФС-да жоқ, УФ қатарына енген ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылады. Қалыпты қолданыстағы бұл тіркеске қосымша «тас», «есеңгіреп пісіпті» сөздері қосылып, жаймалану арқылы жасалған ОФТ-сы «өте көп уақыт өткендігін» білдіреді.

Осылайша, фразеологизмнің экспрессивті-стилистикалық реңкін, мағынаның бағалауыштық компонентінің өзектіленуін өзгерте отырып, оның семантикасын күшейту немесе әлсірету, нақтылау мақсатында өзектілеудің осы түрі қолданылады. Осыған байланысты біз қарастырып отырған ФТ-ның өзектіленуінің құрылымдық-семантикалық осы түрі және семантикалық тәсілдер аралығындағы ауыспалы тәсіл болып саналады. Окказионал ФТ-ның өзектіленуінің бір тәсілі болып саналатын плеоназм ФТ-ның денотативті мағынасын өзгертуге емес, белгілі бір стилистикалық, эмотивті әсерге қол жеткізу мақсатында қолданылады.

Плеоназмның атрибутивті, объектілік, ФТ толықтауыштық кеңеюі сияқты түрлері бар. Нақтылаушы сөздердің енуінің нәтижесінде ФТ-ның негізгі тұрақты мүшелерінің мағынасы нақтыланады, ФТ образды немесе эмоциялық-экспрессивтік негізі жандана түседі. Кейде ФТ-ның мазмұны тұрғысынан алғанда жаңа енгізулер артық болып келеді, себебі олар тұлға мағынасына ешқандай өзгеріс енгізбейді, ал оның көркемдігі тұрғысынан алғанда тиімді, себебі олар фразеологизмнің мағынасына жаңа эмоциялық-экспрессивті реңк береді, тіркестің прагматикалық әлеуетін және суреттеліп отырған оқиға немесе құбылыстың эмотивтілігін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет