Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


Фразеологиялық тұлғалардың плеоназм құбылысы арқылы қайта жаңғыруы



бет28/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

2.4 Фразеологиялық тұлғалардың плеоназм құбылысы арқылы қайта жаңғыруы

Жазушы қаламының дағдылы фразеологиялық тіркестердің құрылысын өзгертуінің тағы бір түрі – плеоназм құбылысы. Бұл жалпытілдік қолданыстағы ФТ-лардың лексикалық құрамын жаймалап қолдану әдісі болып табылады. Плеоназм (грек. pleonasmos – артықшылық) – лексикалық не грамматикалық мағынаны жеткізу үшін қолданылатын құралдардың молдығы [52, 164 б.]. В.Т. Шкляров фразеологизмдердің плеоназм құбылысы деп бейнелі және прагматикалық әлеуеті жоғары жаңа бірліктерді атайды, себебі ол тірек компонентінің өзгеріссіз қалуының нәтижесінде бұрынғы ФТ-мен байланысын үзбейді [55, 35 б.].

Мұндай әдіс көркем шығарма тілінде өте көп кездеседі. Олар көбінесе мәтін ішіндегі ФТ-лардың мазмұнын кеңейту және мағыналық дәлдікті беру, эмоциялық-экспрессивті реңкті күшейту мақсатында қолданылады.

Мысалы: Алтынмен, күміспен, піл сүйегімен күптелген зеңгір биік қабырға мың сан құбылады. Алтынмен аптап, күміспен күптеді (О. Сәрсенбаев, 8 б.) – түрлі жиһазбен толтыра безендіріп, құлпыртып қойған жай [44, 39 б.] деген ФТ-ның мағынасын одан әрі аша түсу мақсатында «піл сүйегі» компонентін қосу арқылы сөйлемнің лексика-семантикалық мәнін аша түскен.



Қолында ұзын, ауыр қайың сойылы бар Тапбасардың ойы – қанына қарайып алған ана аусарды жазым ғып алмай, амалдап аттан түсіріп, десін қайтару еді (Ж. Ахмади, 34 б.). Сөздікте қаны қарайды – ашу-ызаға булықты, түңіле ыза болды [44, 318 б.]. деген мағынаны, ал «қанына қарайып алған» тіркесі әбден ашу кернеп, ызаға булыққан адамның эмоциялық кейпін білдіреді.

Фразеологизм құрамына бір немесе бірнеше компоненттерді енгізу арқылы автор оның мағынасын айқындайды, күшейтеді немесе әлсіретеді.

ФТ-ның таратылуы оның компоненттерінің біріне бірыңғай мүшенің қосылуы немесе, көбінесе – компоненттердің біреуінің қосылу нәтижесінде жүзеге асады. ФТ компоненттік құрамының кеңеюі «негізгі» мағына бастапқы компонентпен, ал «қосымша» элементтер оны айқындап, одан әрі экспрессивтілігін арттыратындығымен ерекшеленеді. Осылайша «қосымша» элемент тірек компонентінің экспрессивтілігін күшейтіп қана қоймай, фразеологизмнің белгілі бір семасын (көбінесе коннатативті) өзектілендіреді және олар эмотивті әсердің туындауына ықпалын тигізеді. ФТ-ды экспликациялаудың көмегімен эмотивті әсер туындату механизмі көркем тіл мен сөйлеу тілінде жиі кездеседі. Мысалы: Қарап тұрсаң, өлімге қиятын жылқы емес. Күні бойғы алысудан зар күйіне жетіп әбден ашынып, бауырынан тартыла жарап та алған (Ж. Ахмади, 104 б.). «Бауырынан жарады» – бабына келді, дер кезінде келді [44, 107 б.]. Бауырынан жарады тұрақты тіркесі компоненттер құрамына «тартыла» сөзін ендіру арқылы фразеологизмнің ішкі формасын нақтыландыра түседі, мағынасын күшейтеді және осы сөз арқылы өзектіленуге ұшырап, осылайша бауырынан тартыла жарады деген жаңа сипаттағы эмотивті әсер беретін ОФТ-сы жасалады.

Т.В. Кирюшкиннің пікірінше, ФТ-ның компоненттік құрамының кеңеюінің нәтижесінде белгілі бір деңгейде оның семантикасының өзгеретіндігі байқалады: ФТ мағынасын айқындайды немесе күшейтеді, ФТ-ның метафоралық мағынасын контексте суреттелетін шынайы өмір құбылыстарымен байланыстырады, ФТ құрамында узуста байқалмаған жаңа мағына реңкінің немесе жаңа окказионал мағынаның пайда болуына мүмкіндік береді [56, 125 б.]. Бұл пікірдің дұрыстығын біз де құптай отырып, мұндай құбылыстардың қазақ тілінде де кездесетіндігіне мысал келтіре кетелік. Өзі өмір сүрген өлкенің үлкен бек, әкімі болған Аллаяр жасы алпыстан асып, көңілі дүниенің ыстық-суығына торыққан шағында билік орнын өзінің ең әділ деген сенімді уәзіріне өткізіп беріп, ғұлама, данышпандықпен аты шыққан Лұқпан хакім әулиеге келіп жүгінген (Ж. Ахмади, 71 б.). «Ыстық-суығына бірдей төзді»- жақсы-жаман күнінде бірге болды; асты-үстіне түсіп бар қуаныш-қайғысына бірге ортақтасты [44, 576 б.] деген мәнге ие. Ал жаңа сипаттағы тіркес екі түрлі тәсіл арқылы жасалып отыр. Біріншісі, тұрақты тұлғаның алдына сөз ендіру арқылы; екіншісі, соңғы етістікті тіркесті басқа сөзбен алмастыру нәтижесінде «көңілі дүниенің ыстық-суығына торыққан» эмотивті окказионал тұлғасы пайда болған.



Содан күн ашылып шыжи бастағанда Болашақтың беделі қаулап өсіп жүріп береді (О. Әубәкіров, 151 б.). Бұл сөйлемдегі беделі қаулап өсті тіркесі - беделі артты – қадірі асты; абырой-айбары елге жайылды [44, 108 б.] деген мағынаны білдіреді. Беделі артты тіркесімен ФТ-ның лексикалық құрамын жаймалап қолдану тәсілі негізінде беделі қаулап өсті жаңа тұлғасы пайда болды. Қаулап өсу тіркесін естігенде не оқығанда бізде шөптің, бидайдың т.б. қаулап өсуі ассоциациясы туындайды. Сондықтан бұл сөйлемдегі ФТ ерекше бейнелілікке ие болып, өзіне оқырманның, тыңдаушының назарын аудартады.

Төзе-төзе



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет