Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет2/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Кіріспе.

Қазіргі Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан қайта өркендеуі жағдайында жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беру ісін кешенді, жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттілігі бұрынғыдан да артып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Елімізге бойында ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дамыған, егеменді елімізге аямай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да салауатты азаматтар қажет», - деп, жас ұрпақ бойындағы ұлттық патриотизмді қалыптастыру ісінің ел өміріндегі маңызына айрықша көңіл бөлген болатын.

Бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептердің оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруді кешенді, терең жүргізу проблемасы кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы ғалымдарының назарын өзіне аударуда.

Кеңес заманының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің отансүйгіштік тәрбие бағытындағы зерттеу жұмыстарының дені кеңестік идеология астарындағы әскери-патриоттық тәрбиені қалыптастыру құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен педагогикалық шарттарын жетілдіруді нысанаға алған болатын (А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.).

А.В.Барабанщиков, В.П.Давыдов, А.А.Аронов, С.С.Муцинов, С.Ю.Васютин, И.Н.Качура және Қазақстан әскери ғалымдары С.Нұрмағанбетов, К.С.Серікбаев, А.Б.Тасболатов, Л.Н.Бақаев, т.б. отансүйгіштік тәрбиені әскери-педагогикалық тұрғыдан зерттеген.

Отансүйгіштік тәрбие мәселесі психолог-педагог ғалымдар Н.И.Болдыревтің, М.Н.Скаткиннің, Э.И.Моносзонның, В.А.Сластениннің, В.В.Лебединскийдің, Б.Г.Ананьевтің, Л.С.Выготскийдің және т.б. еңбектерінде де қарастырылған.

Оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру проблемаларының кейбір салалары да арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нысанасы болды. А.Р.Жұмахановтың, Г.В.Мухаметзянованың, Р.З.Алиевтің, Т.Примовтың, Ф.Ф.Лоюктің, А.Э.Измайловтың, П.Сайфуллаеваның, Р.Ержанованың, И.Меликованың, Ж.Г.Коидзенің, И.И.Насыровтың, С.Нұрмұқашеваның еңбектерінде халықтың ерлік дәстүрлері жастардың отансүйгіштік сезімін тәрбиелеудің тиімді жолы ретінде қарастырылады.

Отансүйгіштік тәрбие проблемасын зерттеумен біздің Республиканың да бірқатар ғалымдары айналысады. Олар ұлттық дәстүрлер мен отансүйгіштік тәрбие, әскери-патриоттық, интернационалдық, ерлік тәрбиесі проблемаларын қарастырады (Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, С.Ешімханов, С.Қалиев, Н.Рамашев, С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Ж.Елемесова, Д.Құсайынова, Л.Т.Сайдахметова, Ғ.Б.Базарғалиев және т.б.).

Сондай-ақ қазақ әдебиетінде отансүйгіштік тәрбие идеясы көркем шығармаларда көрініс тапқан (Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, Д.Әбілов, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов және т.б.).

Соңғы жылдарда қазақстандық патриотизм мәселесі М.Қозыбаевтың, Р.Б.Абсаттаровтың, А.С.Қалмырзаевтың, А.Айталының, Л.Ахметованың, К.Н.Меңлібаевтың, А.Бижановтың, С.М.Борбасовтың, С.Е.Нұрмұратовтың, Д.Раевтің, Т.Кенжалиннің және т.б. ғалымдар еңбектерінің зерттеу объектісі болды.

Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясында Тәрбие мәселесі институтының ғалым-педагогтарының әлеуметтік-педагогикалық зерттеуі көрсетіп отырғандай, бүгінгі таңда оқушылардың «қазақстандық патриотизм» сезімін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр.

Жоғарыда аталған зерттеулерде жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде түрлі тәрбие міндеттерін шешуде отансүйгіштік тәрбиені пайдалану мәселесі бойынша да маңызды ғылыми мағлұматтар бар. Алайда қазақ батырларының қаһармандық бейнесін оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін жүзеге асыру барысында оқу-тәрбие үрдісінде кешенді пайдалану мәселесі арнайы педагогикалық еңбектерде әлі көрініс таппаған.

Өкінішке орай, жалпы білім беретін орта мектептің іс-тәжірибесі де орта және жоғары сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруде ұлттық рухани мұраны пайдалануда бірегей жүйенің жоқтығын дәлелдейді.

Ғылыми әдебиеттерге және мектептерде оқытылатын жаратылыстану, гуманитарлық пәндердің оқу бағдарламаларына, оқулықтарына жасалған талдаулар мен тәжірибелі мұғалімдердің пікір-көзқарастары зерттеу проблемасының педагогика ғылымында күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын айғақтайды. Демек, қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттілігі мен олардың жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіліксіз пайдаланылуы және ерлік дәстүрлерінің бүгінгі қоғам дамуының талабына сай зерттелуі қажет екені байқалады.

Зерттеудің өзектілігі: Арнайы орта білім беретін оқу орындарда Қазақ батырларының ерлігі арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру кез келген Қазақстан Республикасы азаматы үшін маңызды санаймыз.



Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір егемен елдің, оның ішінде Қазақстанның да басты мақсаты екендігін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсетеді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз - аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету» Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан-2030». Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. Халықаралық жағдай күн сайын шиеленісіп жатқан бүгінгі кезең республика Қарулы Күштерінің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен қырағылығын талап етіп отыр. Осы орайда Қазақ батырларының ерлігі арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру өзекті.

Себебі, жоғарғы моральдық рух, мықты әскери тәртіп, интернационалдық бірлік жауынгерлерге бейбіт уақытта да, сонымен бірге соғыс жылдарында да жауды жеңуде жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлік әзірлікті нығайтуға ықпал еткен.

Отан қорғауға дайындалу үстінде жастар Қарулы Күштерінде қызмет етуге және құрамалардың түрлерін, қарулар мен әскери техникалардыжауынгерлер мен матростар игеру қабілеті Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуға қосылған нақты үлес болып саналады.

Осы тұрғыда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастары анықталады.

Жарғылар әскерлердің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскердегі белгіленген тәртіптің, ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқаулар береді.

Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірбиесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда қорғаушыларға қойылатын талаптар қысқаша, анық түрде мазмұндалады. Қарулы Күштер үшін жарғылардың мәні орасан зор екендігі - оларды Президенттің бекітумен жасалатындығында.

Әскери ар-намыс - әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті.

Қазіргі кезде нағыз патриотты болу дегеніміз - алдымен, кез келген істе сенуге болатындай тәртіпті болу. Оған қол жеткізу оңай емес, барлық күшін жұмсауға тура келеді, ұмтылыс, қиындықтарды жеңуде табандылықты қажет етеді. Бұл - тек мақсатқа талмай ұмытылатындардың қолынан ғана келеді. Ал бұл мақсат игілікті де мәнді - әскери ант талап ететіндей, Отанды сенімді қорғау, оны жаудың тұмсығын сұғуына мұрша бермей алдын орап кетуіне дайын болу. Әскери анттағы жағдайлар, бүтіндей алғанда, Қарулы Күштер ардагерлердің дәл көрсеткеніндей, «Әскери қызметтің Конститутциясы, әр жауынгердің адамгершілік кодексі». Бірақ, әрине, ең қиыны - ант талаптарын сақтауды өзінің ішкі талабымен орындау, оны жанымен, жүрегімен қабылдау. Егер бұған қол жетсе, онда сарбаздың қасиетті борышын табысты орындайтынына сенімді болуға болады.

Қазақстан өзінің басты мақсаты ретінде әлемдік қауымдастықтың ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға қатысады және кез келген бейбітшілікті сүйетін күштерге белсенді түрде көмектесуге міндеттеме алады.

Сонымен бірге, барлық егемен мемлекеттер секілді, Қазақстан өзін-өзі қорғай алу қабілетін өзінің маңызды мемлекеттік қызметінің бірі деп есептейді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Қазақ батырларының ерлік жолдарын анықтау.

Қазақтың ең танымал батырларын жіктеу.

Жалпы білім беретін мектептердегі әскери – патриоттық тәрбиені ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің әдісі:Қазақ батырларының ерлігі тақырыбына байланысты ғылыми, әдістемелік және аналитикалық әдебиеттермен жұмыс жасалынды, әдіскер оқытушылар тәжірибесіне мән берілді.

Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы: Арнайы дәріс оқығанда және семинар жұмыстарында қолдану, ғылыми әдістемелік материал ретінде орта білім беру барысында пайдалану жұмыстың практикалық маңызын арттырады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс күрделі жоспар негізінде құрылды, кіріспе бөлімде жалпы тақырыпқа шолу жасалынып, негізгі мақсат міндеттер анықталды.

Жұмыстың толық тұжырымды ой қортындысын, өзіндік пікірді қортынды бөлімде топтастырып, жүйеленді.



Қазақ батырларының ерлігі арқылы жастарға тәрбие беру патриоттық, отансүйгіштік тәрбиенің бастауы ретінде қарастырылып, негізгі назарда отансүйгіштік мәселесі ұсталынды. Мұғалім қауымы - қоғам сенген өкіл. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері жасөспірімдерді саяси идеялық жағынан шыңдалып, бүгінгі қоғамның мұраттарына сенімі мол, саналы азаматтар етіп даярлауды өздерінің қасиетті борышы санайды. Мұндай күрделі мақсаттарды іске асыруда тәлім-тәрбие жүмыстарының түрлері де әр алуан. Тағы бір республика бойынша Патриоттық тәрбие беру - оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру деген сөз.

Ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу - ұлттық рух қалыптастырудың көзі ретінде дипломдық жұмыс барысында негізгі нысана ретінде қарастырылып, сыныптан тыс жұмыстар негізінде байланыстырылып мазмұнын ашуға тырыстық.

Қазақстандық патриоттық сезімді бала бойында қалыптастырудың жолдары ретінде сыныптан тыс жұмыстар негізгі обьекті ретінде назарда болды.

Орта мектеп сабағына тән сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тиімділігі, сыныптан тыс жұмыстар жастар бойында патриоттық, интернационалдық достық сезімді қалыптастырудың басты әдістемесі ретінде жүйеленді, заңнамалық нормативтермен байланыстыра қарастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердегі әскери – патриоттық тәрбие дипломдық жұмысымыздың осы негізгі бөлімнің екінші тарауларында кең қолдандық.

Осы орайда сыныптан тыс жұмыстар мен әскери спорттық ойындардың үйлесімділігі үй тапсырмасымен сабақтастығы әдіскер ұстаздардың тәжірибесі негізінде, нақты оқу жоспарларымен сипатталып, тарау мазмұны ашылды.

Зерттеудің дереккөздері: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі сілтемелік тұрғыда ғылыми талаптармен орындалып және дипломдық жұмыстың талаптарын негізге ала отырып орындалады. Басты дереккөздері облыстық ғылыми кітапхана және әдістемелік республикалық басылымдар негізге алынды.

Орта мектеп мұғалімдерінің басты міндеті жан-жақты білімді, ұстамды, тәртіпті, әскери қызметке кез-келген уақытта шақырылса да дайын, төтенше жағдайда өз бетімен шешім қабылдай алатын, патриотты рухтағы, саналы, тәрбиелі азамат қалыптастырып шығару деп санаймыз.

Ал патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тәрбиелеудің негізі мектепте қаланады, ал осы күрделі де жауапты іс барысында, жалпы оқу үдерісі барысында Қазақ батырларының ерлігі арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру көзі ретінде ұйымдастыру алдыңғы орынға шығаруы даусыз.

1 Батырлар елдің қорғаны

1.1 Қазақ батырларының ерлік жолдары


1 Оқушыларды қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
1.1 «Патриоттық тәрбие» ұғымының даму генезисі – оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін жетілдірудің тарихи-педагогикалық кезеңдері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.



Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жан-жақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде: «Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу» туралы айтылады. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал мұндай күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуін талап етеді. Педагогика тарихында түрлі кезеңдерде патриотизм, советтік патриотизм, ұлтжандылық, қазақстандық патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған педагогикалық тұжырымды ойлар бұл проблеманың тамыры тереңде екендігін көрсетеді, яғни дерек көздеріне сүйенетін болсақ, 1898 жылғы ескі «Энциклопедиялық сөздіктегі»: «Патріотизмъ – любовь къ отечеству. ...привязанность къ своей культурной средъ или къ родной гражданственности», - деген анықтама біздің пікірімізді айқындай түседі. Ал «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм (грек. patris – Отан) – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген. Ертедегі грек және рим ойшылдары (Платон, Аристотель, т.б.) еңбектерінде отансүйгіштік тәрбие идеялары көрініс береді. Платонның пікірінше: «Государство любить с самого детства и быть приспособленным к их обязанностям, чтобы, то есть, сделать их мужественными, рассудительными, свободными и тому подобное», - деп, мемлекетті сүюді, оның міндеттерін жас ұрпақтың бала кезінен бойына сіңіріп, ерлікке баулудың маңызы зор екенін айтады. Аристотельдің «Саясат» туралы еңбегінде: «Законодатель должен отнестись с исключительным вниманием к воспитанию молодежи любить отечество, так как в тех государствах, где это нет, и самый государственный строй терпит ущерб», - деп, отансүйгіштік тәрбиенің қоғамдық роліне баға береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану – уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бері қалыптасты. Оның дәлелі, халықтық мәнге ие мол рухани мұра - түркі халықтарына ортақ тас ескерткіштеріндегі (Орхон-Енисей жазулары) тағылымдарда, орта ғасырлар ойшылдары (Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Ясауи) мен жыршы-жыраулардың (Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Махамбет, т.б.), қазақтың ағартушы-гуманистерінің (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлы, т.б.) және КСРО-ның алғашқы жылдарындағы қоғам қайраткерлерінің (А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.) ой-пікірлерінде көрініс табады. ҮІ-ІХ ғасырларда қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде отансүйгіштік рух жетекші орын алады. «Тоныкөк» жырындағы Тоныкөктің өмірі мен қызметі, түркі халқының патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты ерлік дәстүрінде тәрбиелеу турасында айтылады. Қағанның кеңесшісі Тоныкөк үшін халық пен Отан даңқы бәрінен жоғары екендігі көрінеді: «Бүкіл түркі халқына

Қарулы жау келтірмедім,

Атты әскер жолатпадым. ...

Еліміз қайта ел болды,

Халқымыз қайта халық болды», - деген жолдардан отаншылдық маңызы зор тағылымды ой-пікірлерді айқын байқаймыз. Бумын қағанның баласы Мегенің жат жұртқа бір уыс топырақты беруге болмайтыны туралы түркілерге өсиет ретінде қалдырған: «Топырақ – халықтың негізі, оны беруге болмайды!» - деген даналық сөзі басқаларға жерді таптатпау, туған елден айрылмау түркілердің өте киелі дәстүрі болғанының куәсі деп білеміз. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») кітабында түркі халықтарының ерлігі, тұрмыс-тіршілігі және қаһармандық істері жайында баяндалады. Мұнда отансүйгіштік, ерлік жайында: «Мен түркілердің зерек қабілет иелерінің бірі, әрі ұрыстарға шебер найзагерімін, бүкіл шаһарларды қорғаған болатынмын», - деп айтылады. Жүсіп Баласағұнидің отансүйгіштік тәрбиеге арналған тағылымдық еңбектері өте бай және көркем жазылған. Оның «Құтадғу білік» («Құтты білік») атты дастанының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда жастарды ерлік, кісілік, сөз өнері секілді жақсы қасиеттерге тәрбиелеу туралы баяндалады. Мысалы: «Ер ажары – сабырыңды сақтай біл», - деп ерліктің қадір-қасиетін бағалау туралы тұжырымды ой-пікірлер айтады. Сондай-ақ түркі тілдес халықтардың ойшыл қайраткері Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» («Даналық кітабы») атты еңбегі адамгершілік, Алла Тағалаға құлшылық ету, дінге берік болу, елін қорғау туралы отансүйгіштік тәлім-тәрбие бағытындағы ой-пікірлерге негізделген. Әдетте жеке тұлғаның бойынан табылуы тиіс ерлік, отансүйгіштік қасиеттердің «негізі сабырлылық, төзімділік, шыдамдылық қасиеттерден тұрады» деп түсінік беріледі. Бұл қазақ батырының тұлғасындағы асыл қасиеттермен байланысты. Отансүйгіштік тәрбие мәселесі ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыршы-жыраулардың да толғауларында көрініс тапқан. Асан Қайғы (шын аты Хасан Сәбитұлы) 1361-1370 жылдары Еділ бойында өмір сүрген. Деректерде оның туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Асан Қайғының отансүйгіштік маңызы зор идеяларына тоқталар болсақ, ол өзінің өлең-толғауларында хандық билікті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Оның қиялынан туған Жерұйықты іздеуі аңыз болса да, жер-суларға берген сипаттамалары шындыққа жанасады. Мысалы, Шідерті өзенін көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының жері екен», - деп сипаттама береді. Оның отансүйгіштік идеяға негізделген аңыздарының бәрі де халық арасында кеңінен мәлім. Тарихта өзінің ұмытылмас белгісін қалдырған жауынгер жырау Шалкиіздің ерлік жайындағы идеяларының барлығы да өз өмірімен байланысты шыққан. Оның жырларындағы: «Қатты бір тартып бек атсаң, Қайрылып барып тез сынар

Қайың оқтың жарқасы», - деген жолдар жыраудың әскербасы, батыр екендігін дәлелдей түседі. Ақын өз жырларында басты мақсат ретінде ауызбіршілікті ел, ынтымақты отбасы, батырлық туралы маңызды мәселелерге тоқталады. Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675-1768) жастайынан Бердіке батырдың қолында тәрбиеленеді. Ақын он жеті жасынан қалмақтарға қарсы соғыста ерлігімен батыр атанады, қаһармандығымен, ақыл-айласымен, әділдігімен көпке танылады. Ол қазақ елінің бірлігі мен ынтымақты болуы жолында көп қызмет етеді. Ақынның: «Жауға шаптым ту байлап, Дұшпаннан көрген қорлықтан.

Жалынды жүрек қан қайнап,

Ел-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бел байлап», - деген жыр жолдарынан оның шынайы батыр екенін аңғарамыз. Қазақ жырауларының арасында аты шыққан Бұқар арқалы жырау, әділ би болған. Өзінің отансүйгіштік туралы ой-пікірлерінде Абылай хан саясатын қолдап, қазақ елінің берік болуын жырлайды. Өз толғауларында ерлікті, батырлықты, адамгершілікті жоғары бағалайды. Сондай-ақ ел арасында ірі феодалдардың іріткі салуына, барымта-қарымта мәселелеріне қарсы шығып, елдің тыныштығын қолдаған жырау болды. Оның жырларындағы: «Ер жігітке жарасар,

Қолындағы найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы», - деген тағылымды жолдары ерлік пен елдіктің негізін отаншылдық дәстүрмен байланысты түсіндіреді. Ел үшін егесіп, халық қамын ойлаған ерлердің бірі дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы басқарған шаруалар көтерілісінің ең сенімді қолбасшысы, халқының патриоты ретінде танылған. Ол көтерілісті көзімен көріп, соғыс, ерлік туралы тарихи шындықтың шынайы шежіресін жасаған. Батырдың бойындағы қайтпас ерлікті, рухты өткір жырларымен бейнелеген. Мысалы оның: «Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгіні теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,



Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?» - деген жолдары отансүйгіштік маңызға ие поэзиясымен өшпес мұра қалдырған біртуар күрескер ақын екенін көрсетеді. Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Уәлиханов (1835-1865) Құсмұрын бекінісінде Шыңғыс сұлтанның отбасында дүниеге келген. Шоқан жас кезінен зеректік танытып, әскери біліммен қоса этнографиямен айналысып, Орта Азия халықтарының салт-дәстүрлерін зерттеді. Оның «Қазақ шежіресі», «Сот реформасы жайында хат», «Іле өлкесінің географиялық очеркі», т.б. ғылыми еңбектері отаншылдық тұрғыда жазылған. Ол өз шығармаларында: «Қазақ халқына білім, ғылым үйретіп, өз алдына ел болса, ұлы халық болары хақ», - деп, халқымыздың отансүйгіштік қасиетіне патриоттық тұрғыдан баға береді. Қазақтың гуманист, ағартушы педагогы Ы.Алтынсарин қазақ балаларына оқу-білім бере отырып, елдік, отаншылдық қасиеттерді дарытып, тек қана заман ағымына сай білімді патриот азаматтарды тәрбиелеудің маңызына көп көңіл бөледі. Мысалы: «Оқу-білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды, айшылық алыс жерлерден көзді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызды», - деп, өркениетті ел қатарына жетудің оқу-білім, отаншылдық тәрбие арқылы жүзеге асатынын айтқан болатын. Ал, Абай Құнанбайұлы шығармаларының дені тәрбие, дін, саясат, қоғам, әлеумет, өмір философиясы секілді келелі мәселелерді қамтиды. Оның педагогикалық мұраларының мәні жеке тұлғаның өз еліне, жеріне, бауырларына, ұлтына адал еңбек етуге тәрбиелеумен сипатталады. Сондықтан ақын шығармаларының негізгі бағыты ұлт болмысын айқындауға құрылған. Себебі Абай шығармаларында «отаншылдық» немесе «патриот» сөздері нақты кездеспесе де, оның отаншылдық идеяны насихаттайтын өсиеттері көп. Сонда да әлі күнге дейін біз оны қазақ халқының патриот ақыны деп айтылуына жеткілікті көңіл аудармаймыз. Бұл тұрғыда зерттеуші ғалым М.Мырзахметов: «Абайдың халық арасындағы орасан зор ықпалы бар әдеби мұрасын езілген халықтың ой-санасын, азаматтық сезімін ұштап жетілдіру бағытында, қазақ елін топқа, тапқа жіктемей ағартушылар ұстанған таным тұрғысынан танытуға ұмтылады. Абай – бүкіл қазақ атаулының ұлтжанды қамқоршысы», - деп келтіреді. Шын мәнінде қазақ елі Абай өмір сүрген дәуірде қиын-қыстау кезеңді басынан өткізген болатын. Бұл кезеңде қазақ халқының іргесі сөгіліп, елді әркім билеп, Ресей империясының озбыр саясаты және жергілікті болыс-билердің солақай іс-әрекеті елдің тыныштығын бұзған аумалы-төкпелі заман болатын. Ақынның өзі: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузыңа түсті мұртың», - деп сипаттайды. Мұның мазмұны ел бірлігін, оқу-білімді, отаншылдық тәлім-тәрбиені, ағартушылықты насихаттаумен түсіндіріледі. Сонымен бірге: «Кетті бірлік, сөнді ерлік», - деп, өз заманындағы ерлік пен батырлықтың қадір-қасиеті кетіп, халық арасында надандықтың орын алып, отаншылдық рухтың беделінің төмен түскеніне налып, толғана ой айтады. Отансүйгіштік тәрбие мәселелеріне орыс халқының таңдаулы өкілдері, қоғам қайраткерлері (Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, т.б.) назар аударды. Олардың бұл орайда айтқан ой-тұжырымдары қоғамдық дамудың үздіксіз прогресіне (өркениетіне), туған халқының өмірін, тарихын жетік білуге, Отанына деген сүйіспеншілікке негізделген еді. Н.Г.Чернышевский: «Өз туғаныңды сүймеу мүмкін емес… Халықтың фольклорында осыған сәйкес сол дәуірдің аңыздары сақталып қалған», - дей отырып, халықтың ауыз әдебиеті туындылары балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге септігін тигізеді және туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деп тұжырымдайды. Зерттеу барысында К.Маркс пен Ф.Энгельстің, В.И.Лениннің еңбектеріне де соқпай кетпеуге болмайды. Өйткені олар осы отансүйгіштік тәрбие проблемасы саласында педагогикалық негіздегі әділ, құнды пікірлер айтқан болатын, ол ой-пікірлер мәнінің қазіргі таңда артуымен бірге қоғамымыздың кейбір тұстарында қажеттілігі мен көкейтестілігі байқалып отыр. К.Маркс пен Ф.Энгельстің отансүйгіштік тәрбие жөніндегі еңбектері қоғамдық мәселелермен қатар қарастырылады. Ф.Энгельс: «Пруссияның мемлекеттік гербіне көзім түсіп кетсе болғаны тұла бойымды еркіндік рухы билеп әкетеді», - деп, өз туған мемлекетінің рәміздерін дәріптей отырып, елінің еркіндігін буржуазиялық идеологиядан азат етіп, мемлекетті дамытудағы патриотизмнің ролін жоғары бағалайды. Ал, В.И.Ленин өз шығармаларында патриотизм идеясына арнайы тоқтала отырып: «Патриотизм – ғасырлар мен мыңжылдықтар бойы қалыптасқан бірден-бір терең сезім», – дейді. Яғни отансүйгіштік тәрбиенің ролі қоғамдық күштің басты қажеттілігі, оның өзі ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай қазынасы екендігі дәріптеледі. Отызыншы жылдары қызыл империяның құрбаны болған А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасының дені отансүйгіштік тақырыптағы шығармаларды құрайды. Оның «революцияшыл рухтағы алғашқы сөз», «елшілік ұраны» деп бағаланған «Маса», «Қырық мысал», «Ер Сайын», т.б. жырлары қазақ елінің жастарын ерлікке, туған жерін сүюге тәрбиелеуге бағытталған болатын. Мысалы: «Қазағым, елім,

Қайқиып белің,

Сынуға тұр таянып.

Талауда малың,

Қанауда жаның,

Аш көзіңді оянып», - деп патша өкіметінің озбырлығын сынап, халықты оның әккі саясатынан босанып, тәуелсіздік алуға шақырады. Қазақ халқының бостандығын аңсап, Кеңес өкіметінің әділеттілігі арқылы теңдік алуды мақсат тұтқан жалынды патриот Сәкен Сейфуллин өз шығармаларында негізінен отансүйгіштік бағытты ұстанады. Оның «Көкшетау», «Жас қазақ марселеьезасы», «Жұмыскерлер», «Тар жол, тайғақ кешу», т.б. жырлары қазақ елінің тәуелсіздігін паш етеді. Мысалы: «Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,

сан азап бір күнгідей болмай кетер,

Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер», - деп, өз бойындағы толеранттылықты бүкіл қазақ елінің жағдайымен салыстыра сипаттайды. Алайда С.Сейфуллин кеңес өкіметінің әділетсіздігінен репрессияға ұшырап, қаза табады. Бірақ оның отаншылдық рухындағы шығармалары өзінің құндылығын жойған жоқ. Ресей империясының озбыр саясатын, оның қазақ халқына жасап отырған әділетсіздігін сынап, қарсы шығып жалынды пікірлер айтқан қоғам қайраткері, ағартушы Міржақып Дулатов болатын. Ол өзінің «Оян, қазақ!» ұраны арқылы бүкіл алаш жұртына кеңінен танымал болды. Ол өз жырларында:

«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамайды», – деп, қазақ халқына тәуелсіздіктің, бостандықтың маңызын түсіндіреді.

Қазан төңкерісі тұсында қазақ халқының бостандығын шынайы азаматтық тұрғыдан сезініп, әділ бағасын берген ағартушы-патриот Мағжан Жұмабаевтың шығармалары отаншылдық бағыттағы проблеманы негізге алады. Оның «Тіршілік көркі ерік», «Қазағым», «Туған жер», «Батыр Баян», т.б. шығармаларын шынайы отаншылдық мәні зор еңбектер деп айтамыз. Ақын:

«Жаратылдым топырағыңнан, сенің бүгін.

Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім.

Сенен басқа жерде маған қараңғы,

Жарық болар Шолпан – Айым, сен – Күнім», - деп, туған жердің қадір-қасиетін ұлтжандылық тұрғыдан сипаттайды. Педагогика ғылымында бұрынғы КСРО және Қазақстан зерттеушілері отансүйгіштік тәрбие беру проблемасын өз ғылыми зерттеулеріне арқау еткен. Солардың бірі белгілі педагог А.С.Макаренко қиын балаларды тәбиелеудегі өз тәжірибесіне сүйене отырып: «Жақсы айтылған ертегі – мәдени, отансүйгіштік тәрбиенің бастауы, егер әрбір отбасының кітап сөресінде ертегілер жинағы тұрса, қандай жақсы болар еді», – деп, халық ертегілерінің балаларға отансүйгіштік тәрбие берудегі ролін қуаттайды.

КСРО-ның көрнекті педагогы В.А.Сухомлинский өзінің «Азаматтың дүниеге келуі», «Павлыш орта мектебі», т.б. педагогикалық ғылыми еңбектерінде «кеңестік отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру арқылы Кеңес Одағының азаматын тәрбиелеу» қажеттілігін ескертсе, Н.И.Болдырев интернационалдық, әскери-патриоттық тәрбие берудің алғышарттарына негізделген құнды практикалық еңбектерінде: «Кеңестік армия мен әскери-теңіз флотының болашақ қорғаушыларын орта мектептен бастап дайындау қажет», - деп, мектеп оқушыларының моральдық-психологиялық жағынан жетілуіндегі әскери өнердің орнын көрсетуге тырысады.

Қазақстандық ғалым А.Р.Жұмақановтың «Педагогические основы системы патриотического и интернационального воспитания школьников» атты ғылыми еңбегінде Қазақстандағы КСРО жүйесінде оқушыларға революция, пролетарлық идеал, кеңестік ерлік дәстүрінде патриоттық тәрбие беру туралы мағлұматтар берілген. Дегенмен ғылыми еңбектің дені коммунистік жүйедегі тәрбиеге арналған және ұлы орыс халқы мен оның жасампаз ерлігіне негізделген. Яғни коммунистік идеологиялық бағытта жазылған. Мысалы: «Большое значение в воспитании советских школьников в духе советского патриотизма и пролетарского интернационализма имеют революционные, боевые и трудовые традиции советского народа. Сила и жизненность традиции в том, что они входят в общественную психологию людей, включает нравственные идеалы, всесторонне отшлифованные опытом многих поколений», - дейді.

Татарстандық ғалым Г.В.Мухаметзянова «Жоғары сынып оқушыларына ұлттық мәдениет негіздерін меңгерту үрдісінде отансүйгіштік және интернационалдық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «Жастарды қоғамдық пайдалы өмірге дайындау, оларды халықтық мәдениет құралдары арқылы ұлттық мақтаныш пен отансүйгіштік және интернационалдық сезімге тәрбиелеуге» айрықша көңіл бөле отырып, ерлік тәрбиесінің өзектілігіне назар аударады. Автор кеңестік идеология тұрғысынан отансүйгіштік тәрбие беруді қарастыра отырып, халықтық тәрбие құралдарына тоқталады.

Ал әзірбайжандық ғалым Р.З.Әлиев «Жастардың бойында әскери-патриоттық және интернационалдық құндылықтарды қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі» атты диссертациясында негізінен «Мемлекеттік, қоғамдық және дене тәрбиесі ұйымдарының әскери-патриоттық және дене тәрбиесін дамытуды қарастыру және зерттеу» міндетін алға қояды. Яғни дене тәрбиесі арқылы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне түсінік беруге талпыныс жасайды.

Сонымен қатар Өзбекстан ғалымы Т.Примов өзінің «Жоғары сынып оқушыларына өзбек тілі мен әдебиетін оқыту үрдісінде әскери-патриоттық тәрбие беру» атты диссертациялық жұмысында «Жоғары сынып оқушыларына әдеби шығармалар негізінде кешенді түрде әскери-патриоттық тәрбие беру» мәселесіне тоқталады. Автор өзбек әдебиетімен қатар сыныптан тыс жұмыстардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жастарға отансүйгіштік тәрбие берудегі функцияларын атап өтеді.

Украин ғалымы Н.Т.Архипова өзінің «Оқу үрдісінде жоғары сынып оқушыларының бойында әскери-патриоттық сезімді қалыптастырудың педагогикалық жағдайы (гуманитарлық пәндер материалы бойынша)» атты ғылыми еңбегінде отансүйгіштік тәрбие шарттарын төмендегіше сипаттайды:

– оқушыларды шындықты тануға үйрету;

– өз Отанын қорғауға дайын болу жолында нақты шешім қабылдау бейімін қалыптастыру;

– коммунистік революцияның ерлік дәстүрлеріне тәрбиелеу;

– жасөспірімдерді әскери мамандықты таңдауға баулу қажеттігін атап көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген отансүйгіштік тәрбие беру шарттарына түсініктеме берер болсақ, автор оқу үрдісінде КСРО кезіндегі оқушыларды идеология тұрғысынан коммунистік елестің астарындағы шындықты тануға және өз Отанын қорғауға тәрбиелеуді және әскери мамандықты таңдау арқылы отансүйгіштік тәрбие беру ісін жүргізуге болатынын баса көрсетеді.

Сондай-ақ Татарстан ғалымы И.И.Насыровтың «Кеңестік ерлік дәстүрі арқылы жастарға отансүйгіштік тәрбие беру» атты ғылыми диссертациясы да КСРО кезеңіндегі отансүйгіштік тәрбие беру проблемасына арналады. Автор ерлік дәстүрі арқылы жастарға отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына түсінік бере отырып, «тәрбие беруде диалектикалық біртұтастық бар, бұл өзара байланысты және өзара әрекет етеді, сондықтан революциялық ерлік дәстүрімен ұштастыра отырып тәрбие мүмкіндіктерін пайдалану» қажет деген шешімге келеді. Яғни Қазан төңкерісі кезіндегі жұмысшылар мен шаруалардың ерлігіне баға бере отырып, философияның диалектика заңдарымен байланыстырады.

Абхазиялық ғалым Ж.Г.Коидзе болса, өзінің «Оқушыларға халық дәстүрлері арқылы ерлік-отансүйгіштік тәрбие беру» атты еңбегінде: «Ерлік-отансүйгіштік тәрбие дегеніміз санаға мақсатты түрде жүйелі әсер ету, сезім, ерік, Отанға деген сенімін нығайту, өзінің азаматтық борышын орындап, қоғамның дамуына үлес қосу», - дейді. Яғни жеке тұлғаның қоғамға, өз Отанына прогрессивті бағытта пайдасын тигізуін қарастырады.

Молдаван ғалымы А.Т.Кощугтің «Орыс әдебиетін оқыта отырып жасөспірімдерге тәрбие беру процесі» деген ғылыми еңбегінде отансүйгіштік тәрбие берудің үш кезеңіне түсінік беріледі: «Бірінші кезеңде отансүйгіштік тәрбие берудің білім көздері: қызығушылық, ойлау, т.б.; ал екінші кезеңде жеке тұлғаның қоғамдағы орны, патриоттық мінезі қалыптасады; үшіншісінде нағыз шынайы патриоттық жоғары феномен «патриот» болады», - дейді. Демек патриот жасөспірімнің қоғамдық ортадағы белсенділігі мен білімінің артуы отансүйгіштік тәрбие мен білім берудің кешенді жүргізілуі арқылы қалыптасады деп тұжырымдайды.

Белорус ғалымы Н.В.Олышевскаяның «8-ші сыныпта этика және орыс әдебиетін оқыту үрдісінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру» деп аталатын ғылыми еңбегінде отансүйгіштік тәрбие беруге әдіснамалық тұрғыдан түсінік беріледі: «Оқушылар әдеби шығармаларды оқып, ондағы адамгершілік категорияларға, кейіпкерлердің бейнесіне ерекше мән бере отырып, мұғалімнің көмегімен олардың қоғамға деген қарым-қатынасынан, сүйіспеншілігінен ғибрат алады. Демек этика мен әдебиет дәрістерінің отансүйгіштік тәрбие беруге ықпал етуде өмірлік маңызы зор», - деп келтіреді. Ғалымның пікіріне түсінік берер болсақ, этика мен әдебиет пәндеріндегі адамгершілік нормаларды оқытып, жеке тұлға мен шығармалардағы кейіпкерлерді салыстыра отырып, отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына назар аударады.

Орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі отансүйгіштік тәрбие мәселесіне қатысты латыш ғалымы Ф.Ф.Лоюк өзінің «Ерлік-патриоттық тәрбие арқылы жоғары сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстарға қабілетін дамыту» деген ғылыми диссертациясында ерлік-патриоттық құндылықтарға «Отанды сүюге, ерлік жасауға дайын болу, мақсатқа жете білуге, Отанды қорғауға әзір болу, Отанының тағдыры үшін азаматтық жауапкершілікті сезіну, ерлік, намыс, өжеттілік, т.б» жататынын атап өтеді. Сонымен қатар Ф.Ф.Лоюктің диссертациясында отансүйгіштік тәрбие беруде ерлік сабақтарын, ер балалар слетін өткізу, мектеп музейінің жұмысына қатысу және жасөспірімдерді әскери мамандықты таңдауға үйрету секілді мәселелер қарастырылады.

Сондай-ақ өзбек ғалымы С.А.Каримбековтың «Әдебиет пәнін оқыту үрдісінде ұлт мектебінің жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие беру» деген еңбегінде: «Оқушылармен бірге өлкетану жұмыстарын жүргізу, өздігінен ерлік материалдарын жинақтау арқылы мектептің ерлік музейін ұйымдастырудың маңызы зор», - деп түсінік береді. С.А.Каримбеков әдебиет пәнін оқыту барысында ақын-жазушылардың шығармалары арқылы тарихи мәліметтерді жинақтау, өлкетану жұмыстарын жүргізу арқылы оқушыларды ерлікке тәрбиелеуді негізге алады.

Қазақстандық ерлік тәрбиесі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер қатарында С.Н.Нұрмұқашева өзінің «Қазақстан мектептерінде жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің дамуы (1960-1985 жж.)» атты ғылыми диссертациясында жиырма бес жыл кезеңіндегі отансүйгіштік тәрбие берудің мәселелеріне ғылыми тұрғыдан сипаттама бере отырып, отансүйгіштік тәрбиенің негізгі міндеттеріне тоқталады:

1. Білімдік – мектеп оқушыларына ғылыми тұрғыдан білім бере отырып, олардың дағдысы мен өздеріне қажетті әскери-патриоттық қабілетін қамтамасыз етеді;

2. Мәдениеттанымдық – қазақ халқының мәдени-тарихи, отансүйгіштік, діни-адамгершілік, ерлік дәстүрлерінен мағлұмат береді;

3. Тәрбиелік – оқушының көзқарасын, әлеуметтік-саяси сезімін және жеке тұлғаның құндылықтарын қалыптастырады;

4. Практикалық дағдысы – оқушылардың әскери-патриоттық шараларға белсенділігін қалыптастырады;

5. Дамытушылық – жеке тұлғаның дамуына психологиялық, діни, т.б. әсерлерін тигізеді. Автор жоғарыда көрсетілген тәрбие қызметтерінің оқу үрдісінде ғана емес, жалпы оқу-тәрбие үрдісіндегі маңызына түсінік береді.

1986 жылы желтоқсан айының 17-18 күндері Алматыда және Қазақстанның басқа да қалаларында тоталитарлық жүйенің әділетсіздігіне қарсы тұтанған Желтоқсан оқиғасы күллі қызыл империяны дүр сілкіндірді. Көп ұзамай мұндай жағдай Балтық жағалауындағы және Кавказдағы елдерде орын алған толқуларға ұласты. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі құлдық бұғауды үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Бұл көтерілістің қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков (1966-1988) небәрі 21 жыл ғұмыр кешті. Есіл ер, азаттық аңсаған батыр зұлым күштің құрбаны болды. Өзі кеткенімен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, батырлық қасиеті, асқақ даңқы қалды. Оның жалынды жырларында:

«Қорлайды беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айрылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ер көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде,

Бомбасын атом жармасын.

Құлпытасты қиратып,

Өлігіңді бұзбасын.

Өз ұлтыңның басшысын

Орнынан сүйреп алмасын», - деп келтіріледі. Сол кездегі кеңестік озбыр саясаттың кесірінен болған мұндай көтеріліс – отаншылдық рухтың жоғары екенін және әділетті қоғамға тек қана Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізілетінін дәлелдей түседі.

Қазақстан халық жазушысы М.Мағауиннің еліміздің егемендік алғаннан бергі кезеңде ел тұтастығы, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында бірнеше шығармалары жарыққа шыққан болатын. Оның негізгі арқауы бүгінгі ұлт, Отан, жастарды туған жерін сүюге бағытталған еңбектерімен белгілі. Мысалы «Аласапыран» тарихи роман-дилогиясын, «Ұлттың күретамыры», «Ұлтсыздану ұраны», т.б. кітаптарын айтуға болады. Жазушы қазақстандық отансүйгіштік туралы толғамды ой-пікірлерінің бірінде: «Қазақ дейтін халық үлкен халық, ұлы халық. Осы халықтың туын көтеріп, халық үшін қандай да күреске әзір болу керек. Адамның адамдығы – ел-жұрттың адалдықта, кісіліктің көрсеткіші – ұлтын сүю, халқын сыйлау»,–деп отансүйгіштік тәрбие берудің маңызын сипаттай түседі.

Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбие проблемасы көптеген қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне арқау болды. Мектеп оқушыларына отансүйгіштік, ерлік тәрбие беру мәселесін ғалымдар (С.Иманбаева, Е.Жұматаева, Д.Құсайынова, Л.Сайдахметова, Ғ.Базарғалиев, К.Әбілғазиева, М.Құрманбаева, К.Қалиева, Т.Ахметов, А.Бисембаева, Р.Кенжебаева, Б.Сүлейменова, Ж.Қалиева) өз зерттеулерінің нысанасы ретінде қарастырды.

Зерттеуші С.Т.Иманбаева өзінің «Оқушыларды ұлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулудың педагогикалық негіздері» атты ғылыми диссертациясында: «Жауынгерлік дәстүр дегеніміз – тұтас қазақ қолының жауынгерлік сипаттағы әзірлігін үзбей ұстауы», - дейді. Мұнда қазақ батырларының ерлігі, батырлығы және соғыс барысындағы жеңістері және оларды жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруде пайдалану жолдары көрініс береді. Дегенмен диссертация мазмұнында біз қарастырып отырған мәселелерге қарағанда қоғамдық-әлеуметтік негіздегі әскери тәрбие берудің басымдық тұстары байқалады.

Е.Жұматаева өзінің «Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру» тақырыбында орындалған кандидаттық диссертациясында майдангер жазушылар – Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов шығармаларындағы отансүйгіштік тәрбие берудің мүмкіндіктерін талдап, кейінгі ұрпаққа сабақ, заң ретінде мұра етіп қалдыру жас ұрпақтың отаншылдық рухта тәрбиеленуінің қажеттілігін қамтамасыз ететіндігін айтады және олардың әскери-патриоттық, интернационалдық өнеге-өсиеттерінен тәлім алып, оны өмір қажеттігіне сай пайдаланудағы педагогикалық мүмкіндіктерінің зор екендігін ескертеді.

Сондай-ақ Е.Жұматаева: «Майдангер жазушылардың жеке бастарының тұлғалық болмысын, ерліктерін, адамгершілік тұрғыдағы үлгі-өнегелерін оқушылардың саяси-идеялық, ақыл-ой, еңбек, дене тәрбиелерін жүзеге асыру барысында негізге алған», - деп, қаһарман жазушылар еңбектерінің педагогикалық, танымдық мүмкіндіктеріне баға береді. Біздің пікірімізше, зерттеуші еңбегіндегі майдангер жазушылардың жастарды халықтық дәстүр негізіндегі отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы туралы айтқан ой-пікірлері бүгінде өз мәнінде қолданыс тауып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуінің қажеттілігі ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Ал, Д.Құсайынованың ұлттық патриотизм мәселесін қарастырған «Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу» тақырыбында жазылған кандидаттық диссертациясы Егемен Қазақстандағы отансүйгіштік тәрбие мазмұнын зерттеу нысанасы ретінде алып, қазіргі ұлт мектептеріндегі қазақтың қос батыр қызы Әлия мен Мәншүктің ерлігін насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру, ерлік дәстүрлерін құрмет тұту, ерлікке тағзым ету мәселесін шешуге бағытталады. Бұл туралы автор пікірі: «Қазақстандық патриотизм – өзін Республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі», - деп тұжырымдалады. Сондай-ақ тұлғаны адамгершілік-ізгілік тәрбиесі негізінде қалыптастыруда отансүйгіштік тәрбиенің маңызы туралы ғалым І.Ә.Байсерке өзінің ғылыми монографиясында: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында жеке тұлға өз бойындағы ізгілікті-құқықтық және елін сүйетін қасиеттермен ерекшеленуі қажет. Мұның бәрі де әлемдік өркениеттің құндылықтарымен байланысуы тиіс», - деген ой-пікірлерін келтіреді. Профессор І.А.Байсерке еліміздің Ата Заңын құрметтеу, Республика рәміздерін сүю арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің маңызына тоқталады.

Ал Л.Т.Сайдахметованың «Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар)» атты ғылыми диссертациясында дерекнамалық тұрғыдан ерлік тәрбиесіне сипаттама берілген: 1970-1980 жылдардағы мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеу «кеңестік патриотизм» аясында қарқынды дамыған; 1981-1990 жылдардағы оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеу Одақтың барлық республикаларында біркелкі қойылып, әртүрлі әскери-спорттық ойындар өткізіліп тұрған; 1991-2000 жылдары «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» үғымдары туындап, бұдан былайғы кезеңде жас буынды отаншылдыққа тәрбиелеудің бағыттарын айқындауға септігін тигізген. Дегенмен зерттеуші өз пікірін: «Отансүйгіштік тәрбиені үнемі соғыс тақырыбымен байланыстыра беру жау жоқ жерден жау іздегенмен бірдей. Ал патриотизм – өшпенділік, жауласу сезімін емес, сүйіспеншілік, достық, жолдастық сана-сезім қалыптастыру», - деп қорытындылайды. Яғни Отанды сүйе білуге, достық, ізгілік қатынастарға тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаның ой-санасын дамыту мәселесі қарастырылады. Ғ.Б.Базарғалиев өзінің «Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі отансүйгіштік тәрбие идеялары» атты ғылыми еңбегінде Х.Досмұхамедовтың ғылыми мұраларына сараптама жасай отырып: «Отансүйгіштік сезімнің нысанасы мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны – туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатады, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы отансүйгіштікке тәрбиелеудің арқауы болады», - деп, отансүйгіштік тәрбие мәселелеріне жан-жақты тоқталады.

Сонымен бірге К.Т.Әбілғазиева «Мұстафа Шоқайұлының (1890-1941 жж.) қайраткерлік қызметі негізінде жастарға отансүйгіштік тәрбие беру» деген кандидаттық диссертациясында қазақ зиялыларының отансүйгіштік тәрбие идеяларына түсінік беріп, оларды «ұлтын сүйген патриот, ақиық ақын, заңғар жазушы, зерделі тарихшы, жауынгер публицист, сыншы, көсемсөз шебері» деп бейнелейді. Өз еңбегінде қазақтың біртуар ұлдарының отансүйгіштік ой-пікірлерінің құндылықтарына тоқталады және адам өміріндегі елдің, жердің, атамекеннің орны ерекше дей келіп: «Атамекенді сүю – оның тұтас мүддесіне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жан пида қылуға дайын тұру болып табылады», - деп тұжырымдайды. Сонымен қатар М.Ж.Құрманбаева «М.Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу» деп аталатын ғылыми еңбегінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруді Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин шығармалары мен оның жарқын бейнесі арқылы жүзеге асыруды насихаттайды. Ол М.Ғабдуллин мұраларын жан-жақты зерттей отырып, оның ұлы тұлғасына ерекше тоқталады:

1. Жауға деген қаталдық. 2. Досқа деген мейірімділік. 3. Туған жерге, ата-анаға, ағайын-туыс, бауырларға деген сүйіспеншілік. 4. Отан алдындағы, ата-ана алдындағы азаматтық борышты терең түсіну. 5. Сөз бен істің бірлігі, турашылдық, әділдік. 6. Адалдық, шындық, қайсарлық. 7. Туған елдің ауыз әдебиетін, салт-дәстүрін, батырлық жырын сүю. 8. Әскери өнерге, спортқа бейімділік. 9. Қиындыққа төзе білушілік. 10.Халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қоюшылық, намысшылдық. 11. Отансүйгіштік сезімнің жоғарылығы, оның халықшылдық сипаты. 12.Халықтар достығын қадірлеу.

Яғни М.Ғабдулиннің бойындағы ерекше қасиеттерді бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолданудың қоғамдық маңызына назар аударады. Мәліктің бұл қасиеттерін, тектілігін өскен ортасымен және ерлік жолымен байланысты түсіндіреді. Орта ғасырларлардағы отансүйгіштік тәрбие хақында К.М.Қалиеваның «Махмұт Қашқаридің педагогикалық идеялары» деп аталатын ғылыми зерттеуінде М.Қашқаридің «Отанға, өз халқына сүйіспеншілікті адамның ажырамас қасиеті ретінде атап көрсете отыра, бұл үрдісті отбасылық патриотизм, елдің бірлігі, топтасуы, халықтардың өзара түсіністігі, адамға сүйіспеншілік рухында жүргізуі тиіс» деп санайтыны айтылған. Сонымен қатар М.Қашқаридің: «Отан» және «өмір» мағыналас ұғымдар. Бұл –мемлекеттің мүддесін қорғау, қоғам өміріне белсене араласу. Яғни, әлеуметтік әділеттілікті жақтау, елге пайдалы қажеттіні жасауға дайын тұру, Отанның намысы мен тәуелсіздігі үшін күресуге қабілеттілік», - деген құнды идеяларын атап өтеді. Мұның өзі бүгінгі отансүйгіштік тәрбие беру мәселесінің шешім табуына бағыт беретіні анық.

Отансүйгіштік тәрбие туралы келелі ойлар ғалым Т.Ә.Ахметовтың «Жүсіп Баласағұнидың тәлім-тәрбиелік идеялары» атты диссертациясында жан-жақты баяндалады. Автор көне түркілерден мирас болып келе жатқан рухшылдық, жауынгерлік, мәрттік, серілік, антқа беріктік, аманатқа адалдық, т.б. қасиеттердің тәрбиелік маңызын айта келіп, Жүсіп Баласағұнидың пікірінше елдің береке-бірлігі, тыныштығы қылыш арқылы орнаса, оның атақ-даңқы, байлығы, білім мен ғылымның өркендеуі «қалам» арқылы жүзеге асатынын айтады, яғни «қылыш елді күзейді, һәм жасытар, қалам түзеп, қазынасын тасытар» (2417-бәйіт), - деп келтіреді. Сонымен қатар Жүсіп Баласағұнидың «Құтты біліктегі» текті, парасатты кісі бейнесін жасаудағы тағылымдық принциптеріне тоқталып: «Үшіншіден, адамның жан дүниесін байытатын ізгілік, ақкөңілділік, мейірбандық, бауырмалдық, ұяттылық, ар-ождан, отансүйгіштік, ерлік, т.б. қасиеттер; төртіншіден, ел басына әділ, текті, парасатты хан келіп, маңайына елдің патриоттары боларлық уәзірлер, бектер, әскербасылар, ғалымдар, ақындар секілді зиялыларды жинап, елді көркейту, Отанды қорғау, т.б.» – деп, жеке тұлғаның бойында отаншылдық сезімді нығайтудың алғышарттарын атап өтеді.



Зерттеуші А.Ә.Бисембаеваның «Жоғары сынып оқушыларына қазақтың батырлық эпосы арқылы отансүйгіштік тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде: «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде қазақтың батырлық эпосы жоғары сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесінің негізі және патриотизмді қалыптастырудың тиімді факторы болып табылады, себебі айқын эпикалық образдар арқылы эпостар ұлттық мұраның және ұлттық дүниетанымның қазынасын пайдаға асырады, өз Отанына қызмет етудің жоғары үлгілерін үйренуге мүмкіндік береді», деп эпостық жырлардағы қазақ батырларының жиынтық бейнесі негізінде жоғары сынып оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру проблемасын қарастырады. Яғни бұл жұмысты тәрбие үрдісінде сыныптан тыс жұмыстар арқылы жүргізуді негізге алады. Қазіргі кездері зерттелген ғылыми жұмыстардың ішінде Р.Н.Кенжебаева өзінің: «Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру» деген ғылыми еңбегі орта мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда, сабақ мазмұндарын халық педагогикасымен байланыстыру арқылы оқушыларды атамекенге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған. Зерттеуші: «Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең мағынада ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық педагогикасы негізінде сапалы білім беру, оларда іскерлік пен дағдыны дағдыландыруға, шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу, сүю, көркейту секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін қалыптастыруға, саяси сана мен ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған»,–деп, халық педагогикасының тәрбиелік мүмкіндіктерін атамекенді сүюмен байланыстырып, мұны отансүйгіштік тәрбие берудің құрамдас бөлігі ретінде сипаттама беруге талпыныс жасаған.

Ал зертеуші Ж.Н.Қалиев: «Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру (5-9 сыныптардағы гуманитарлық пәндер негізінде)» деген ғылыми еңбегінде: «Тұлғаның құндылық бағыты – патриотизм идеясы адамгершілік танымның маңызды компоненті болып табылады және тұлғаның өз Отанына, өзіне және басқа адамдарға саналы қатынасын білдіреді, осылайша оның адамгершілік танымының даму деңгейін сипаттайды, патриоттық ұстанымын айқындайды», – дейді. Ол отансүйгіштік тәрбие берудің адамгершілік танымының алатын құндылық бағдары негізінде сипаттама береді. Сондай-ақ Б.Сүлейменованың бастауыш сынып материалы негізінде орындалған: «Бастауыш сынып оқушыларын қазақ батырлар жыры арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» атты ғылыми еңбегінде оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір құралы ретінде батырлар жырының маңызына түсінік бере отырып: «Батырлар жыры бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді құралы болып табылады. Онда қазақ халқының ерте ғасырлардан келе жатқан тұрмыс-тіршілігі, тарихы, адамгершілік-ізгілік қасиеттері, моральдық-этикалық қарым-қатынасы, тағылымдық ой-пікірлері, мәдениет үлгілері көрініс тапқан. Қазақ батырлар жырының мазмұны оқушыларға туған жерін, елін сүюге, адамдармен мейірімді қарым-қатынаста болуға үйретеді», - деп, бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берумен қатар, отансүйгіштік тәрбие берудің құрамдас бөліктеріне тоқталады. Саяси-әлеуметтік тұрғыдан бүгінгі күнгі ерлік рухы және отансүйгіштік тәрбие мәселесі бойынша ғалым Р.Б.Әбсаттаров алғашқылардың бірі болып, «қазақстандық патриотизм» ұғымына түсінік береді: «Қазақстандық патриотизм дегеніміз – Қазақстанда өмір сүретін барлық ұлттардың отансүйгіштік сезімі мен бірлігі». Р.Б.Әбсаттаровтың пікірінше «қазақстандық патриотизмнің» еліміздің тәуелсіздігін нығайтуда және халықтар достығын насихаттауда маңызы зор болып табылады. Бұл ретте көпұлтты Қазақстан Республикасының бірлігі мен тұтастығы және әлеуметтік дамуына сипаттама беріледі. Философ-ғалым К.Н.Меңлибаев «Отансүйгіштік тәрбие берудегі ұлттық дәстүрлердің ролі» атты ғылыми диссертациясында: «Патриотизм тілді, мәдениетті және халықты немесе халықтың тарихын, Отанды сүю деген сезімнің жоғарылығы», - деп атап көрсете отырып, патриотизмнің принциптеріне тоқталады: «Ол жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің рухынан тұрады». Яғни адамның ішкі рухының өзі отаншылдық сезімнің қозғаушы күші екендігіне мән береді. Сонымен қатар С.Е.Нұрмұратов «Рухани құндылықтардың қалыптасуы мен дамуы (әлеуметтік-философиялық талдау)» атты ғылыми еңбегінде: «Тарихи тұлғалардың арасында руханилықтың кейбір қырларын терең түсінген, оны өз заманында баршаға жария етуші қызметті атқарған рухани алыптар болады. Солардың рухани мұрасы барлық тәрбиелеуші, білім беруші мекемелерде, ұйымдарда насихаттала түскені орынды және ол әрбір жас ұрпақтың жүрегіне жететін деңгейде дәрістелсе ғана өзінің тиімді нәтижелерін береді», - деп атап айтады. Мұнда ол негізінен ерлік тәрбиесін жан-жақты қоғамдық ортада насихаттау жұмысында кеңірек қолдану қажеттілігіне тоқтала отырып, жас ұрпаққа рухани тәрбие, ерлік рухы туралы мағлұмат берудің маңызына тоқталады. Қоғам қайраткері, философ А.Айталы ұлттық патриотизмнің бүгінгі жастар тұлғасын тәрбиелеудегі зор мүмкіндігін «Ұлттану» атты монографиясында жан-жақты сөз етеді. Ғалым мемлекет, мәдениет, ұлттық менталитет, дін, тәрбие проблемаларын бүгінгі қоғамдық жағдаймен өзара байланыста қарастыра отырып, қазақстандық патриотизмді жастар бойында қалыптастырудағы этномәдени дәстүрлер ролін жан-жақты талдап көрсетеді. Автор өз пікірін: «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады», - деп келтіреді. Ал тарихи тұрғыдан ерлік туралы зерттеулерге келер болсақ, А.С.Балапанова «Батырлық эпосы материалдары негізіндегі қазақтың мәдениет және тарих мәселелері: тарихи-статистикалық талдау («Қобыланды батыр» эпосы мысалында т.б.)» атты ғылыми диссертациясында: «Қазақ халқының эпостарын біз ерлік жырлары ретінде білеміз, ал оған зерделей қарайтын болсақ, ол тарихи оқиғалармен байланысты мемлекеттің қалыптасуы және де тәуелсіздік үшін күрес т.б. мәселелерді қарастырады: батырлық жырлар ішіндегі Едіге, Қобыланды, Шора, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, т.б. нақты, тарихи тұлғалар», - деп келтіреді. Демек ерлік рухының маңызына, эпостағы батырлар бейнесінің шынайы тарихи мәніне тоқталады. Сондай-ақ Ш.С.Картаеваның «Қазақ халқының әскери өнері және жауынгерлік дәстүрі (ХҮ-ХҮІ ғғ.)» атты ғылыми диссертациясында зерттеуші қазақ халқының әскери өнерінің ерекшелігін айта келіп, қолбасшының роліне түсінік береді: «Соғыс ішінде қолбасшы:

1. Ойлылық, ұқыпшылдық, үнемділік;

2. Ақылдылықпен тез арада шешім қабылдау;

3. Байсалдылық, табандылық, ығыспаушылық;

4. Ұқыптылық, құнттылық, сақтық секілді «төрт принципке» сүйенген және соғыс қимылын таңдауда да «төрт қағиданы» ұстанған: 1. Су жақындығы;

2. Бар әскер сиятындай ыңғайлы жер болуы;

3. Жау әскеріне тойтарыс беру үшін тиімді жағдайда болуы. Әскерді көзді шағылыстырмау үшін күн бетке тура түспейтіндей жерге орналастыру;

4. Ұрыс айлағы кең және тегіс болуы». Зерттеуші Ш.С.Картаеваның ғылыми еңбегінде қазақ әскері, оның қару-жарағы, жеңістері, т.б. тактикалық жетістіктері де сан қырынан зерттеліп айқындалған. Отансүйгіштік тәрбие мәселесі қазақстандық филологтардың ғылыми еңбектерінде де сан алуан қырынан зерттелген. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихы бар қаһармандық жырларының көркемдік, тәрбиелік бітімі сан алуан құпияға толы және ұрпақ тәрбиесіндегі жеке тұлғаның рухын шарықтатып, елдіктің маңызына ден қояды. Осы мәселелер туралы ғалым Ш.Ыбыраев өзінің «Эпос әлемі» атты ғылыми еңбегінде: «Қазақтың батырлық жыры – киелі де аруақты өнер. Ол сөз айдынында ақылдың кені, даналықтың көзі, қаһармандықтың теңдессіз үлгісі ретінде, саз әлемінде дауылдай екпінімен, табиғаттың өзіндей сыршыл үнімен үлкенді де, кішіні де өзіне тәнті етті», - деп батырлық жырының отансүйгіштік тәрбиелік мәніне тоқталады. Қазақ ертегілерін зертеуші филолог-ғалым З.Ш.Ысқақова өзінің «Қазақ халқының батырлық ертегілері» атты ғылыми еңбегінде батырлық ертегілерді әдеби-танымдық тұрғыдан талдай отырып, жанрлық жағынан төрт топқа бөліп көрсетеді:

1. Архаикалық ертегілер – мұнда кейіпкер ретінде аңшы-мерген суреттеледі. Мазмұны жағынан бұл топтағы ертегілерде батырлардың табиғаттың тылсым күштерімен күресі сипатталады.

2. Классикалық батырлық ертегілердің басты қаһарманы – батыр, оның аңшы-мергеннен ерекшелігі тек жын-пері, жезтырнақтармен ғана емес, сонымен бірге елді шауып, жерді өртеп кеткен шапқыншылармен күресетін болып келеді. Ол елін, туған жерін қорғаушы ретінде бейнеленеді.

3. Батырлық эпостық проза түріндегі дастан. Яғни кейіпкерлердің іс-әрекеті эпостық сипатта баяндалады.

4. Дастанға айналған ертегілер.

Бұл топтағы ертегілердің сюжеті ертегіге тән эпостық түрде болады. Сондай-ақ қазақтың батырлық ертегілеріндегі батыр бейнесіне келер болсақ: «Ол аңшы-мерген, өзгермейтін тұрақты түрде архаикалық ертегілердің образы болып табылады. Аңшылық батырдың адамгершілік құндылықтары мен мінезіне сай қалыптасады. Архаикалық батырлық ертегілерде батыр аңшылықпен ел-жұртын асырайды, сонымен бірге фантастикалық жын-перілермен соғысады және соңында батырдың жеңісімен аяқталады». Демек қазақтың батырлық ертегілерінің басты құндылығы оның «ізін қасиетті баласы немесе рухы жалғастырады. Ертегі соңында мұрат-мақсатына жетуімен аяқталуында» болып табылады. Яғни ертегінің өзінде халықтың, елдің арман-тілегі қарапайым халық ойымен, тілімен бейнеленгеніне көзіміз жетеді.

Қазақтың дастан жанрын зерттеуші филолог Б.У.Азибаева «Қазақтың дастандық эпосы» деп аталатын диссертациясында дастан жанрын тыңғылықты зерттей келе, батырлық туралы: «Ең бастысы батырдың тұлғалылығы мен ерлігіне көп көңіл бөлінеді, әдетте оның халқы үшін жанын пида қылуға дайын екендігі және де еліне адалдығы суреттеледі», - дейді. Яғни қазақ халқының дастандарын нақты зерделеп, олардағы ерліктің маңызына түсінік беруге тырысады.

Ал филолог-зертеуші Н.Ж.Бекеева «Қазақ поэзиясындағы трагедиялық ахуал мен қаһармандық рух» деп аталатын ғылыми еңбегінде: «Соғыс алаңы – трагедиялық ахуал мен қаһармандық рухтың басты арнасы, өмір мен өлімнің ашық белдескен жері», - деп келтіреді. Демек батырлық, ерлік жасаудың өзі әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс екенін білеміз. Ал қаһармандық рух ұғымына «әдебиеттегі геройлық дегеннің өзі – қоғамдық, адамдық, биік мақсат жолындағы өрлік пен ерлікті, қайсарлық пен қаһармандықты жырлау» деп сипаттама береді.

Қазақ халқы сан ғасырлардан бері дамып келе жатқан тарихында өз ұрпағына отансүйгіштік тәрбие беруде баға жетпес тәрбиелік мүмкіндігі зор рухани, мәдени мұраның мол тәжірибесін жинақтаған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін отансүйгіштік тәрбие жөніндегі халықтық қағидалар, талаптар және әдіс-тәсілдер қолданылған. Қазақ халқының отансүйгіштік тәрбиесінің негізгі талаптары еліміздің тарихи дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, өмір салтына, түрлі тарихи уақиғаларға байланысты қалыптасқан.

Демек, мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беруде баға жетпес педагогикалық құрал – батырлардың қаһармандық бейнесі мен ерлік дәстүрлері қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады. Бұл ұғымға ғылыми тұрғыдан түсінік бере отырып, оны идеал теориясына негіздеуге болады. «Философиялық сөздікте»: “идеал” (гр. idea – түр, бейне, түсінік, ұғым) – қоғамдық-экономикалық, саяси мүдделеріне сай келетін, талап-тілегі мен іс-әрекетінің түпкі мақсаты болып табылатын белгілі әлеуметтік топтың кемеліне келген қоғамдық құрылым туралы түсінігі”, – деп сипаттама беріледі. Ал «Қазақ Совет Энциклопедиясында»: “Идеал (фр. іdeal, гр. іdea - идея) - мақсат туралы ұғым”, – деп келтірілген. Сондай-ақ Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: “Идеал – 1. Белгілі бір істі жоспарлы орындау жолындағы ойлы мақсат, биік мұрат, асқақ арман. Ал идеалдық дегеніміз белгілі бір мақсатты ұстанушылық”, – делінген.

Дегенмен «идеал» ұғымының мәні зор және кең ауқымды қамтитынын аңғаруымызға болады. Ал Психологиялық сөздікте болса, адамгершілік идеалға төмендегіше сипаттама беріледі: “Идеал нравственный – представление о достойном подражания, образцовом человеке, особенностях его личности, поведения и отношений с людьми. Идеал нравственный тесно связан с общественно-политическими, эстетическими идеалами и формируется под влиянием исторически сложившихся общественных условий. Формирование «идеала нравственного» зависит также от особенностей воспитания, конкретных обстоятельств жизни и деятельности данного человека, от особенностей его личного опыта”.

Яғни адамгершілік идеал жеке тұлғаның тәрбие барысында қол жеткізуге болатын мүмкіндіктердің бірі деп түсінеміз. Сонымен қатар «қоғамдық идеал» туралы: “Идеал общественный – представление о наиболее совершенном общественном строе, соответствующее социальным, экономическим и политическим интересам социальных групп, являющиеся конечной целью их стремлений и деятельности” – деп түсінік берілсе, ал «әлеуметтік идеалды»: “образец, совершенство в чем-либо, высшая цель, определяющая стремление и поведение человека, группы, класса, представление о совершенных моральных качествах личности и нравственных отношениях между людьми (этический идеал), о прекрасном в искусстве и жизни (эстетический идеал). Большую роль идеал социальный играл в различного рода утопиях – социальных, эстетических, морализаторских. Идеал социальный вдохновляет людей на изменение социальной системы и самих себя, рисует им идеальную конструкцию социальных условий и отношений”, – деп сипаттайды.

Олай болса, «идеал» ұғымының әмбебап қызметі әлеуметтік ғылымдардың да нысаналы тұстарын қамтиды. Ал идеал негізінде қолданылатын маңызды ұғымның бірі – образ. Оны философия ғылымында: “результат отражения объекта в сознании человека”, - деп түсіндіреді. Демек, тұлғаның құндылық бағытын қамтиды. Ал педагогикада: “образ – термин, принимаемый для характеристики отражения внешнего мира в сознании человека. В широком смысле – всякая (в т.ч. и абстрактно-логич.) форма его отражения (ощущение, восприятие, представление), – деген анықтама берсе, ал Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «өмір шындығының көркем шығармадағы, өнердегі, өмірдегі жинақталған кейпі, бейнесі», - деп түсінік берілген.

Мұнан шығатын пікір, образдың, жеке тұлғаның қоғамдық ортадағы мәні зор. Олай болса, қазақ әдебиетінде батыр бейнесі типтік образға жатады. Тип – грек тілінен аударғанда «týpos» – «із, форма, үлгі» деген мағынаны білдіреді. Бұған Әдебиеттің энциклопедиялық сөздігінде мынадай анықтама беріледі: «Тип – обобщенный образ человеческой индивидуальности, наиболее возможной, характерной для определенной общественной среды».

Қазақ батырының бойында батырға тән қаһармандық қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік қасиеттер де, отағасына тән «сегіз қырлы, бір сырлылық» та, шешенге тән дуалы сөзділік те, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Б.Момышұлының ерлігін айтуға болады.

Сонымен жоғарыдағы түрлі ғылыми, философиялық, тарихи, педагогикалық, әдеби еңбектерге жүргізілген талдаулар барысы жас жеткіншек ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие берудің қай тарихи кезеңде болмасын күрделі қоғамдық-әлеуметтік әрі педагогикалық мәні зор проблема болғандығын аңғартады. Талдау жасалған зерттеу еңбектері бізге: «батырлардың қаһармандық бейнесі – тарихи ерлік дәстүрлері арқылы батырлар бойындағы қайталанбас қасиеттерді негізге ала отырып рухы мықты тұлғаны тәрбиелеудегі әлеуметтік-педагогикалық құбылыс», - деп тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен отансүйгіштік тәрбие мәселесін зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне жасалған талдаулар әр автордың өз зерттеу нысанасы тұрғысынан «қазақ патриотизмі», «кеңестік патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлтжандылық», «отанжандылық» ұғымдарына ғылыми анықтамалар берудегі маңызды талпыныс жасағандығын аңғартады.

Қазақ елінің тарихында қазақ патриотизмінің де орны ерекше. Себебі сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, «қазақ» атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа «қазақ патриотизмі» деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңмен тараған отансүйгіштік өсиеттердің негізінде бізге жеткен мұралары бар.

Демек: «Қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық, ерлік, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы», - деп айтуымызға болады (Сурет 1).



















ҚАЗАҚСТАН-ДЫҚ ПАТРИОТИЗМ













СОВЕТТІК ПАТРИО-ТИЗМ

1992-2008 жж.

Қ А З А Қ П А Т Р И О Т И З М І



1917-1991 жж.




ҮІ-ХІІ ғғ.

Түркі-лер дәуірі



ХІІІ-ХІҮ ғғ.

Алтын Орда кезеңі



ХҮ-ХҮІІІ ғғ.

Қазақ хандығы



ХІХ ғ.- ХХ ғ. басы

Ресей бодандығы

кезеңі







Сурет 1 - Патриотизмнің даму генезисінің хронологиялық кестесі


Ал Кеңес одағы тұсында дәлірек айтсақ, Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары «кеңестік патриотизм» идеологиялық күшке айналды. Ол негізінен жеңілмейтін «Кеңес армиясына» сүйеніп, Коммунистік партияның сенімді құралына айналды. Саясаттанушы ғалым Ж.О.Кенжалин: «Кеңестік патриотизм – идеологиялық тұрғыдан алып қарағанда коммунизм мұраттарына, адалдыққа, адамдардың коммунистік партияның дана да дара басшылығына деген сеніміне, экономикалық тұрғыда өндіріс құрал-жабдықтарына және қоғамдық құрылысқа, т.б. негізделеді. Жергілікті халықтың патриотизмін екінші қатардағы құбылыс ретінде қарастырады, кейде оны ұлтшылдық деп те бағалайды», - дейді. Мұнан шығатын пікір кеңестік патриотизмнің үгіт-насихаты бір жүйеге қызмет ететіндіктен және әрбір ұлттың тарихи қалыптасқан ұлттық ерлік тарихын, салт-дәстүрін жоққа шығарғандықтан, КСРО-мен бірге өз өмірін тоқтатты.

Профессор А.Айталы өзінің «Ұлттану» атты монографиясындағы «Ұлтжандылық – ұлттық патриотизм» ұғымына берген анықтамасында: «Ұлтжандылық деген еңбекқор, іскерлік, ізденгіш сияқты ұлттық мұралар жолындағы абзал ой, парасат. Ұлтжандылық адамзаттық мұраттармен шендесіп жатыр. Кейбір ғалымдар оны адамға туа біткен биологиялық, тұқым қуалайтын ырықсыз сезімнен іздейді», - деп өзінің ой-пікірін білдіреді. Дегенмен «ұлтжандылық» негізінен «ұлттық патриотизммен» байланысты қарастырылады. Демек ғалымның пікірі бойынша ұлттық мүдделерді сақтау және ұлттық жетістіктер мен мұраттар жолындағы абзал ой немесе соның көрінісі ретінде түсінуімізге болады. Яғни қазақ ұлтының мақсаты мен мұраттарына бағытталады деген ой-пікірлерге арналады. Сондықтан профессор А.Айталының «ұлтжандылық» деп келтіруіндегі философиялық, әлеуметтанушылық идеяларының мазмұны тереңде екенін түсінуімізге болады. Әйткенмен қазақ тілі терминдерінің салалық түсіндірме сөздігінде: «Ұлтжандылық – өз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі. Ұлтжандылық өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін қадірлейтін, ұлттық намысты қорғай білетін адамның қасиеті», - делінген. Мұнда біздің түсінігіміздің өзі ұлттық мүдделерді қорғай білетін адамның қасиеті деп беріледі. Яғни ұлтжандылық бауырмал, ұлт болашағына қамқоршы және сүйіспеншілікпен қарайтын әрбір жеке тұлғада болатын қасиет деп түсінеміз.

Сонымен адам бойында ұлтжандылық қасиет болатындығы, оның біртіндеп қалыптасып, дамитынына көзіміз жетеді. Демек «ұлтжандылық» ұғымының қолданыс аясын кеңейту қажеттілігінің күн санап артып отырғандығын түсінуімізге болады.

Профессор М.Қозыбаевтың «Өркениет және ұлт» атты монографиясында: «Отанжандылық – ұлтшылдық емес, ұлтын сүю, оған табыну ғана емес, ұлтына еңбек ету», - деп анықтама беріледі. Бұл «ұлтжандылық» ұғымына сәйкес келеді. Ғалым М.Қозыбаевтың пікірінше «отанжандылық» Қазақстанды Отаным деп сезінетін, оның жетістіктері мен жеңістеріне қуанатын, дамуына үлес қосатын, қажет жағдайда қорғай білетін, отансүйгіштік рухы мықты тұлғаның бойында болады.

Бүгінгі күні ғылыми еңбектерде «қазақстандық патриотизм» термині кеңінен қолданыс тауып келеді. Мұның өзі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келетін көп ұлтты еліміздің жалпы халықтарына арналған деп айтуға болады. Зерттеуші Н.Т.Сманованың: «Қазақстандық патриотизм республиканың кез келген азаматы өзін осы елдің төл перзенті, өз азаматы ретінде сезінгенде, Тәуелсіз Қазақстанды өзінің туған елі, өсіп-өнген Отаны деп есептеген жағдайда қалыптасады», - деген пікірін айтуымызға болады. Бұл жерде зерттеуші патриотизмді Қазақстан Республикасы көлемінде ұлттардың интернационалдық сезімімен, халықтар достығымен байланыстыра түсіндіреді.

Әдетте бұл ұғымның да Қазақстан Республикасы үшін маңызы зор. Яғни «АҚШ патриотизмі» секілді «қазақстандық патриотизмнің» де қолданыс аясы кең екенін түсінеміз. Сондай-ақ «қазақстандық отансүйгіштік» термині де қолданыста. Әдетте «отансүйгіштік» ұғымы қарапайым сөзбен түсінікті ұғым, бұл «Отанын сүю, Отанын қорғау, Отанының жетістіктеріне мақтанышпен қарау», т.б. сезімдермен байланысты. «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымының анықтамасы мемлекеттік деңгейдегі «қазақстандық патриотизмнің» баламасы ретінде қолданылады. Бұл ретте: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазастандық отансүйгіштікке тәрбиелеу», - деген пікір Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты баяндамасында қолданылады.

«Отан» ұғымының этимологиялық мәні туралы зерттеуші А.Мектептегі: «Қазақтың дүниетанымында киіз үй конструкциясы символдық мәнге ие. Ол дүние – дөңгелек, дөңгеленген дүние шексіз, оның қозғаушы күші – от дегенді білдіреді. Мұндағы шаңырақ күн көзін, от ұғымын, уық – күннен тараған нұр, ал кереге – отқа оранған жер шары», - деп түсіндіріледі. Демек, шаңырақтың декоративтік стилизацияға түскен иероглифтік Х+О, ОТ+АН (от иесі немесе өз отының иесі) композициясы қазақ тілінің төлтума сөзі екендігіне күмән туғызбайды», - дейді. Біз өз еңбегімізде авторлар ұсынған анықтамаларға мазмұндық тұрғыдан талдаулар жасай отырып, оларды бір жүйеге келтіріп, арнайы кестелер бойынша ұсынамыз (Кесте 1).
Кесте 1 – «Патриотизм», «Советтік патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына берілген анықтамалар





Авторлар-дың

аты-жөні


Анықтамалар

1

2

3

Патриотизм дегеніміз




Брокгаузъ Ф.А., Ефронъ И.А.

– любовь къ отечеству. ...привязанность къ своей культурной средъ или къ родной гражданственности




Ушинский К.Д.


- любовь к отечеству, дать воспитанию верный ключ к сердцу человека и могущественную опору для борьбы с его дурными природными, личными, семейными и родовыми наклонностями.




Белинский В.Г.


- любовь к своей Родине, значит пламенно желать, видеть в ней осуществление идеала человечества и по мере сил своих способствовать этому.




Ленин В.И.


- одно из наиболее глубоких чувств, закрепленных веками и тысячелетиями обособленных отечеств.




Даль В.И.


- любитель отечества, ревнитель благ его, отчизнолюб, отечественник.




Фролов И.Т.

- нравственный и политический принцип, социальное чувство.




Харламов И.Ф.


- можно определить как такое нравственное качество человека, которое выражается в его любви и преданности своей Родине, осознание ее величия и славы и переживаний своей духовной связи с ней, в потребности и стремлении в любых условиях беречь ее честь и достойнство.




Волков Г.Н.


- бұл туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік. Оған айқай-шудың қажеті жоқ. Тек қана шынайы қарым-қатынас негізінде дамиды.




Жумаканов А.Р.

- любовь к Родине, к своему народу, его культуре, обычаям, традициям, это - огромная моральная сила.




Ешимханов С.Е.


- свойство личности, в котором как в фокусе, отражаются все лучшие проявления человека: его воля, характер, поведение, интеллект. Успех воспитания этого сложного качества зависит от умелого, постоянного воздействия на все стороны личности воспитанника.



1

2

3




Жанұзақов Т.

- өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік, барша күш-қуатын Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.




Құсайынова Д.С.


- адамның туа біткен биологиялық қасиеті емес, ол әлеуметтік, тарихи тұрғыда қалыптасқан, Отанға деген терең сүйіспеншілік сезімі, ол Отанға қызмет етуден байқалады.




Айталы А.А.


- отаншылдық,шынайы патриотизм – туған жеріне, ұлтына деген адал ниет, мемлекеттің күш-қуатын, өміршеңдігін, тұтастығын қорғайтын рухани тірек.




Қалмырзаев А.С.


- өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұру.




Қалиұлы С.

- халық өмірінің айнасы, ұрпақ тәрбиесінің сан ғасырлық сынынан сүрінбей өткен тәлімдік құралы.




Керімов Л.,

Қиясова Б.



- әр адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең сезімі.




Сейдахметова Л.

- Қазақ мемлекетін Отаным деп танып-сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сый-құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін көркейтуге және оны қорғауға дайын болу.




Калимолдаева А.К.

- проявляется в отношении субъекта к объекту в форме любви, гордости. Подобное отношение как социолизированное чувство, отражающее конкретное отечество, проявляется на индивидуальном, групповом и массовом уровнях и направлено на защиту, сохранение и укрупление объекта.

Советтік патриотизм дегеніміз:




Введенский Б.А.

- это чувство горячей любви советского человека к своей социалистической Родине, к Коммунистической партии.




Гусейнов Р.К.

- один из мощных моральных факторов, играющих решающую роль в развитии нашего общества.



1

2

3




Жумаканов А.Р.

- это не отвлеченная любовь к Родине, ее старине, традициям, природе и т.д. а живая, детальная любовь, проявляющаяся в беззаветном служении делу коммунистической партии, в активном участии в коммунистическом строительстве.




Ешимханов С.У.

- высшее нравственное качество советского человека. Физическая и военная готовность юношей к вступлению в ряды вооруженных сил и защищать Советского Союза.




Ипполитова Н.В.

- чувство преданности Советскому Отечеству, готовности служить своим трудом и защищать от врагов.




Борбасов С.М.

- миллиондаған кеңес адамдарының алып империяның ортақ мақсаттарын орындау жолындағы идеологиялық құбылыс.




Бейсембаева А.А.

- является подлинно всенародным, так как гармонически сочетает национальные традиции и общие интересы всех трудящихся СССР.




Кенжалин Ж.О.

- идеологиялық тұрғыдан алып қарағанда коммунизм мұраттарына, адамдардың коммунистік партияның дана да дара басшылығына деген сеніміне, экономикалық тұрғыда өндіріс құрал-жабдықтарына және қоғамдық құрылысқа, т.б. негізделеді. Жергілікті халықтың патриотизмін екінші қатардағы құбылыс ретінде қарастырады, кейде оны ұлтшылдық деп те бағалайды.

Қазақстандық патриотизм дегеніміз:




Құсайынова Д.


- өзін Республика халқының құрамдас бөлігі ретінде сезінуі, Отанға деген сүйіспеншілігі мен берілгендік сезімі, халық пен елдің мүддесін қорғауда азаматтық парызын түсінуі және намысын ұстай білуі.




Айталы А.


- тарихи тамыры терең әлеуметтік, саяси, психологиялық құбылыс. Ол ұлттардың арасындағы демократиялық дүниетанымға, адамгершілікке, ұлттық менталитет пен дәстүрге негізделген.




Керімов Л.


- Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін Республика халқының құрамдас бөлігі сезінетін азаматтық парызы мен намысын тәрбиелеу.




1

2

3




Сайдахме-това Л.


- қазақ мемлекетін Отанымыз деп сезіну, басқа ұлттардың қазақ халқына сай құрметпен қарауы, әр ұлттың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу.




Меңлібаев Қ.

- Республика халқының ажырамас бөлігі, ортақ Отаны ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімімен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін сезіну болып табылады.




Кожабаева Б.И.

- любовь всех народов к Казахстану.




Бектуров А.

- социально-политическое явление, совокупность идей и чувств, формирующихся под воздействием исторического сознания, политической культуры, общегражданских и общенациональных идей.




Кенжалин Ж.

- это средство достижения всеобщего духовного благополучия всех наций и народностей, проживающих в Республике.

Бұл кестеде анықтамалар жүйесі шетел және Қазақстан ғалымдарының еңбектеріне қарай сараланады. Анықтамалар мазмұнында ғалымдардың арасында «патриотизм», «қазақстандық патриотизм», «ұлттық патриотизм», «кеңестік патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына терең түсінік беруге талпыныстар жасалып отырғандығын аңғартады және бірін-бірі мазмұндық жағынан толықтырып, этностық ерекшеліктерге негізделген патриотизм мәнін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл жүйе бізге зерттеу нысанамызға сай жалпы білім беретін мектеп оқушыларына отансүйгіштік тәрбие беру ұғымына өз анықтамамызды ұсынуға мүмкіндік берді.Көзқарасымызша отансүйгіштік – халық дәстүрлері негізінде адам баласының бойына жинақталған ерекше белгі. Ол әрбір жеке тұлғаның бойында белгілі бір қасиетке ие. Осы қасиеттер жиынтығы арқылы ғана әрбір тұлға өз Отанының патриоты болады.

Сонымен қасиеттер батырлар бойындағы қайталанбайтын, тек өзіне ғана тән белгі. Ал «қасиет» сөзі: «Адамның өзіне тән адамдық (жақсы немесе жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер (имандылық, ізеттілік, т.б.) адамда тәрбие арқылы қалыптасады», - деген ұғымды білдіреді.

Қасиет деген сөздің өзі қазақ халқында кездесетін киелі ұғым. Мұнымен байланысты «қастерлеу», «қасиетті жер», «қасиетті сөз», т.б. сөздер қолданыста бар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Қасиет – адам бойындағы жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір», - деп түсінік берілген.

Қазақ халқына тән жақсы қасиеттер туралы профессор А.Тайжан: «кеңпейілдігіміз, мейірбандығымыз, аршылдығымыз, намысшылдығымыз, бәсекешілдігіміз, жаңаруға, жаңа ортаға құмарлығымыз, тәуекелшілдігіміз, елгезектігіміз, т.б.», - деген түсінік береді, ал жаман қасиеттерді КСРО жүйесіндегі «социализм» дәуірінің таңбасы ретінде қарастыра отырып, ғалым Ғ.Телібаев: «таптық көзқарастан туған әлеуметтік-жікшілдік психология, жалтақтық, дінге деген жалаң көзқарас, тілдің шұбарлануы, маргиналдық психологияның дамуы, өз дәстүрі мен салтына жүрдім-бардым қарау, т.б.», - деп сипаттама береді.

Демек қасиет адамның өмір сүру барысында қоғамдық факторлар негізінде тәрбие арқылы қалыптасады. Олай болса батырлардың қаһармандық бейнесіндегі отансүйгіштік қасиеттерді кең мағынасындағы ұғым деп айтуымызға болады. Яғни қасиеттің өзі қазіргі таңдағы қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің бірі екендігіне көзіміз жетеді. «Қасиет» ұғымына Философиялық сөздікте мынадай анықтама берілген: «свойство – философская категория, соотносительная категориям вещи и обычно определяемая через них. Например, Гегель определял свойства вещей как «ее определенные соотношения с другим: свойство имеется лишь как некоторый способ отношения друг к другу».

«Қасиет» ұғымы философияда категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі, сондықтан қасиеттіліктің мәні жоғары болып табылады. Сондай-ақ «қасиет - зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет – соның бір көрінісі», - деп анықтама беріледі.

Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын зерттеумен айналысып келеді. Психологияда қасиет дегеніміз: «Индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс», - деп келтірілген. Бұл жерде тұлғаның даралық қасиеттеріне көп көңіл бөлетінін көруге болады. Мұның өзі психологиялық тұрғыдан жеке тұлғаны жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Дегенімен «қасиет» сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталатыны анық. Көзқарасымызша, қазақ батырларының қаһармандық бейнесіне тән қасиеттерге төмендегіше сипаттама беруге болады (Кесте 2).
Кесте 2 - Қазақ батырының тұлғасына тән қасиеттер





ҚАЗАҚ БАТЫРЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫНА ТӘН ҚАСИЕТТЕР






Дене бітіміндегі ерекше қасиеттері




Адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктер




ірі денелі, ер тұлғалы, қыр мұрынды, өткір көзді, арыс кеуделі, кең иықты, темірдей шымыр, жауырыны қақпақтай,

т.б.





Қас жауына




Жақындарына




айбарлы, қаһарлы, сұсты, рухты, қайсар, өжет, айлалы, айбынды, арлы, қырағы, жігерлі, епті, аруақты,

т.б.





мейірімді, өнерлі, шебер, бауырмал, ойлы, тазалық сүйгіш, кешірімшіл, ұқыпты, шыншыл, парасатты, балажан, сыйлы, адал, әділ, бір сөзді, қарапайым, ұстамды, шыдамды, әзілқой, ақкөңіл, жаны таза, кішіпейіл, т.б.






ҚАЗАҚ БАТЫРЫНЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ БЕЙНЕСІ




Мұнда қазақ батырының қаһармандық бейнесін көрсету үшін біз қазақ батырының тұлғалық құрылымын танытуымыз қажет. Яғни бізге қазақ батырларының тұтастай болмысы жұмбақ күйінде болып отыр. Сондықтан оны түсіндіру үшін К.К.Платоновтың теориясы негізіндегі тұлға құрылымына сәйкес қарастырамыз (Кесте 3):


Кесте 3 - Жеке тұлғаның құрылымдық компоненттері



ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ КОМПОНЕНТТЕРІ









Бағыты




Тұлғалық тәжірибесі




Тұрақты психологиялық процестер




Жас, жыныс ерекшелігі

қызығушылық, идеал, еліктеу, көзқарастары, дүниетанымы, т.б.

білімі, іскерлігі, білігі, дағдысы, икемділігі, ептілігі, т.б.

ес, ойлау, қабылдау, эмоциясы, т.б.

алты жаста ақыл иесі, он үште отау иесі, отызда орда бұзар, қырықта қамал бұзар, елуде ел ағасы, т.б.

Олай болса, жеке тұлғаның өзі әлеуметтік ортада сапалық көрсеткіштерімен сипатталады. Яғни «Сапа – белгілі бір заттың немесе құбылыстың басқа бір заттар мен құбылыстардан ерекше қасиеті, ерекше белгісі», - деп анықтама беріледі. А.Г.Ковалевтің теориясы бойынша жеке тұлғаның қалыптасуында сапалық ерекшеліктерді төмендегі кесте арқылы беруге болады (Кесте 4):

Кесте 4 - Жеке тұлғаның құрылымы





Жеке тұлғаның құрылымы







Бағыты




Қажеттілігі




Мінезі




«Мен» басқару жүйесі

образы, ерекше қасиеті, таң қалдырар тұлғасы, т.б.

ел қорғау, ерлік, намыс, қаһармандық, т.б.

қарапайым, ашық, парасатты, жігерлі, т.б.

бір сөзді, ұстамды, шыдамды, қайсар, т.б.

Аталған №3 және №4 кестелер негізінде біз жинақталған қазақ батырының бейнесін сомдауға тырыстық.

Қорыта айтқанда «жинақталған қазақ батырының бейнесі» бүгінгі жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі қажетті тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Себебі, жеке тұлғаның әлеуметтану барысындағы отансүйгіштік тәрбиенің құрамдас бөліктері «мінезі», «дене пішіні, бет-келбеті», «ерекше қасиеттері», «ұстанымы, ұраны» бүгінгі жас ұрпақтың отаншылдық рухын жетілдірудің алғышарттары екенін айтуға болады.

1.2. Қазақ этнопедагогикасындағы ерлік дәстүрінің педагогикалық негіздері


Қазіргі кездегі жалпы білім беретін орта мектептің оқулықтарынан отансүйгіштік сезім, намыс, қасиет, т.б. ұғымдарды кездестіре алмадық, мұның өзі біздің проблемамыздың әлі де болса өзектілігін ұштай түседі. Демек мұндай ұғымдарды оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің өзі уақыт талабы екенін түсінеміз.

Халықтың ауызекі шығармашылығы, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шежіре, бата сөздер, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі мен ерліктері, олардың тарихтағы, көркем әдебиеттегі сомдалуы туралы мәліметтер берілсе, мектеп оқушыларының отансүйгіштік рухын дамытудағы маңызы зор болар еді. Ал жүйелі мазмұндық тұрғыдан қазақ ауыз әдебиеті шығармаларындағы ерлік тәрбиесіне негізделген батырлар бейнесінің сомдалу көріністеріне тоқтала отырып, түсінік берейік. Халқымыздың ауызекі шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың ой-өрісін жетілдіріп, рухани байлығын молайтуда септігін тигізеді (Сурет 3).




Қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің көркем шығармалар мен тарихи деректерде сомдалуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет