Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»


§10. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс



бет5/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Сабақтың тақырыбы:

§10. 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.



Сабақтың мақсаты:

Көтерілістің басталу себептері, барысы, ұрыс кезеңдерін және жеңілу себептерін ашу. Кенесары ханның қаһармандығы, ерлігіне негізделген оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру.



Сыныбы:

VІІІ сынып.



Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ.



Сабақтың әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау, кубизм, РАФТ, топтастыру, пікір айту.



Көрнекіліктері:

Қазақстан Республикасының картасы, Кенесары Қасымұлының портреті, буклет, кітаптар, т.б.

І Ұйымдастыру кезеңі. Топтастыру.

ІІ Біз бүгінгі сабағымызда Абылай ханның ұрпағы Кенесары хан бастаған көтеріліспен танысып, ондағы Кенесары ханның қаһармандығын, батырлығын және ерлігіне баға береміз.

Оқушыларға тапсырма: §10. «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс» тақырыбын оқып шығу (5 минут) – жеке оқу.

Тақырып мазмұнын, мағынасын ашу:

Кубизм стратегиясы арқылы оқылған тарихи мәтінді талдау (топтық жұмыс).

Кенесары Қасымұлының ата-тегі, балалық шағы.

Көтерілістің басталу себебі.

Көтерілістің мақсаты.

Көтерілістің қозғаушы күші.

Кенесары көтерілісі болған аймақтар.

Кенесары әскерін басқарған батырлар.

Айтылмай келген шындық.

Кенесарының қаһармандығы мен батырлығына баға береміз.

Әр топқа бір сұрақтан беріледі, топтар өздігінен талдап қорғайды.

1-ші топ – Айгүл: Кенесары хан қазақтың соңғы ханы, Абылай ханның тікелей ұрпағы, бала кезінен асауды үйретіп, дала халықтарының әскери ісін жақсы меңгерген. Батырлар жырын жастайынан жаттап, батырлыққа еліктеп өсті, елін қорғауға әрқашан дайын болды. Нақыт деректерді энциклопедиялық материал негізінде баяндаймыз (Ұлттық энциклопедия материалынан).

2-ші топ – Ерлан: Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, алым-салықтың көбеюі, отарлаушы орыс әскерлерінің озбырлығы, т.б.

3-ші топ – Ербол: Кенесары хан орыс империясының құлдық саясатына қарсы күресіп, қазақ жерін тұтас дербес мемлекет болуын қалады.

4-ші топ – Сәкен: Көтеріліске негізінен қара бұқара халық, батырлар, билер, сұлтандар белсене араласты.

5-ші топ – Саят: Кенесары ханның көтерілісі бүкіл қазақ халқын тұтас қамти алмады, дегенмен Батыс, Солтүстік, Оңтүстік аймақтарды қамтыды.

6-шы топ – Берік: Жоламан батыр, Бұқарбай батыр, Ағыбай батыр, Сұраншы батыр, Жеке батыр, Аңғал батыр, Бұғыбай батыр, Байсейіт батыр, т.б. ерен ерлік көрсетті.

7-ші топ – Нұрбол: Кенесары ханның көтерілісі туралы КСРО кезінде дұрыс баға берілген жоқ. Қазақ елінің дербес ел болуын аңсаған есіл ерді қастықпен өлтірді. Кезінде орыс басылымдарында Кенесары ханды қанішер, жауыз деп теріс баға берді (тарихи деректер бойынша).

8-ші топ – Жанерке: Кенесары хан тегі ақсүйек болса да, батыр болуды жастайынан армандады. Ол шын мәнінде елін сүйген батыр, қаһарман, саясаткер, шешен, би және елдің бақыты үшін күрескен патриот деп айта аламыз.

Тақтада мынадай тірек-конспект тұр:

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс




Хронологиялық кезең

1837-1847 жылдар (10 жыл)

Территориясы

Ұлытау, Кішітау, Жыланшық, Торғай, Қарақұм, Іле жері

Қолдаған рулар

Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Керей, Табын, Тама, Арғын, т.б.

Қозғаушы күштер

Шаруалар, билер, батырлар, сұлтандар

Кенесары хандығының ішкі құрылысы

Хан Кене

Хандық кеңес

Сот, әскери іс, елшілік қаржы

ІІІ Толғаныс. РАФТ (роль, аудитория, форма, тақырып).



Кемеңгер




Сұсты




Би




Ержүрек




Намысты



Қаһарман




Кенесары хан




Ұйымдастырушы



Дініне берік




Шешен




Бір сөзді




Көріпкел




Мәрт

Кенесары Қасымұлы туралы мұғалім сөйлейді:

Міне, бүгін біз Тәуелсіздік алып, егеменді ел болып отырмыз. Өз тіліміз бен дінімізге ие болып, ешкімге жалтақтамай, өз тілімізде сөйлейміз. Бүкіл ұрпақ аттарын ұмыта жаздаған батырларымыз бен хандарымыздың ерлігі мәңгі есімізде. Осының бәрі де Тәуелсіздіктің арқасында деп түсінгеніміз жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет