Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет22/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

ІҮ көрініс. (Шымылдық ашылады.

Жерде Тарғын жатады. Қасында Ақжүніс отырады)

Тарғын (қабағын түйіп алған):

Хан мені белім мертілгені тастап, өзі көшіп кетті. Ал мен болсам, жатысым мынау. Алланың бұйрығы маған таянған секілді.

Ақжүніс:


Кетпек болсаң, кетемін деп шыныңды айт, олай болса сенің артыңда қалғанда мен не етемін, одан да сенің алдыңда кетейін.

Тарғын:


Мені жұрт ағаштан жығылып өлді демес, Шағанның бойындағы көп қалмақты асырамын деп жаудан өлді дер. Бүйтіп жатқанша біржолата өлейін (қаһарланып, белін қолымен басып қалғанда, бел омыртқасы сырт етіп орынан түседі).

Тарғын:


Тәңірім тілекті берді. Кешегі жұртына тастап кететұғын ноғайдың еліне қарай жүрейік.

(Тарғын мен Ақжүніс кетеді. Бірер минуттан соң қайта кіреді)

Ақжүніс:


Алдыңғы жағымызда емескі бір-екі қара көрінеді (қолымен маңдайын көлеңкелеп, көрермендер жаққа көз жібереді).

Тарғын:


Егер жау болса, жалғызбын. Оның үстіне айқасқа жарамаймын (тұрып қалады).

Ақжүніс:


Бұлай етпеңіз, беліңіздің жазылғандығын білдіріп, сол тастап кеткен елге бір көрініңіз. Жақсыларға ой салып, жамандарды қорқытып қайтыңыз. Егер бармасаңыз, Қырым халқынан Ақша ханның қол астынан Тарғын деген батыр келіп, омыртқасы мертігіп, іске аспай, қарға-құзғынға жем болды дер.

(Екеуі қайтадан кетеді. Сәлден соң қайта кіреді. Қолында құрығы бар малшы өтіп кетеді. Хан мен мырзалар, билер осы жерге келіп, Тарғынға көріседі. Бәрі отырады)

Хан:


Айыпқа бұйырмаңыз. Сізге бара алмадық. Бұл уақытта жұртымызға жау келіп, өзіміз бек қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен жазылып келдіңіз бе?

Тарғын:


Аллаға шүкір, келдім.

Хан:


Бұл қалмақты әуелгідей қуып, бізді бұл жаудан бостан қыл.

Тарғын:


Қатып қалған көнім, қатты қалған көңілім бар. Қырымға барып, қырық құрдасымды алып, алла жол берсе, еліңді шауып, басыңды алармын. Көзіме көрінбей кет! (айқайлайды)

Хан:


Олай болса райыңнан қайт. Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз тастап кеткенімнің айыбына Ақжүніс сұлудың үстіне жалғыз қызымды берейін. Жаңағы жұртымның саған бармағаны үшін айыбыңды бер (қол алысады).

(Бәрі шығып кетеді. Сол жерге қаптаған жау кіріп келеді. Тарғын қылышымен келіп, жауды келген жағына қарай ығыстырып шығып кетеді де, шымылдық жабылады).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет