(Хан сәл ойланып отырады да, барлық уәзірлерін шақыртады)
Хан (жанында тұрған уәзіріне бұрылып):
Барлығын жинап кел!
(Уәзір шығып кетеді. Сәлден соң көп уәзірлерді ертіп қайта кіреді)
Хан:
Құрметті менің нөкерлерім! Бүгіннен бастап бұл батыр әскербасы болады (Тарғынды нұсқайды).
Уәзірлер (хормен):
Құп тақсыр! Әміріңізге құлдық (бәрі оң қолдарын көкірек тұстарына қойып, иіледі).
(Шымылдық жабылады)
ІІ көрініс. (Шымылдық ашылады. Ақжүніс төрде шашын өріп тұрады. Айналасындағы күңдері Тарғынды сөз етеді)
Бірі (Ақжүніске жақындай түсіп):
Кешегі соғыста ерлік көрсеткен Тарғын есімді қыпшақ жігіті көрінеді.
Екіншісі:
Өзі сондай қайратты көрінеді.
Үшіншісі:
Ханшайым, сол жігіт сіздің теңіңіз ғой деп ойлаймын.
Ақжүніс:
Жарайды, мені жайыма қалдырыңдар. Ал, сен қала тұр (үшінші күңіне бұрылып).
(Екеуі шығып кетеді)
Ақжүніс (күңіне ділдә ұсынып):
Ділдәні беріп сенің тіліңді кескенім. Тарғынды ешкімге білдіртпей осында алып келіп менімен жолықтыр. Егер де өзіңнен басқа жанға білдірсең, өзіңді өлтіруден тайынбаймын.
(Күң шығып кетеді. Тарғынды ертіп әкеледі. Күң қайта кетеді. Ақжүніс пен Тарғын жөн-жосық сұрасады)
Ақжүніс:
Сіз бұл елде неғып жүрсіз?
Тарғын:
Елімнің тынышын бұзып алған соң қашып осында келдім.
Ақжүніс:
Мен сіз туралы естіген соң сізді көргім келді.
Тарғын (біршама уақыттан соң):
Мен қайтайын.
Ақжүніс:
Менен хабар болған уақытта менің жаныма келіп жүріңіз. Менің сізді шақырған лебізімді әр кез жерге тастамаңыз.
Тарғын:
Бұл айтқаныңызды қабыл алдым.
(Тарғын кетеді. Ақжүніске бір құл келеді)
Құл:
Ханшайым, сізді айттыруға жаушы келіп жатыр. Менен рұқсат, қызымның өзі күйеуге барғысы келе ме екен, келмей ме екен деп хан сұрап жатыр.
Ақжүніс:
Әкем маған үш күн мұрсат берсін.
(Құл шығып кетеді. Ақжүніс күңіне Тарғынды шақыртады)
Ақжүніс:
Тарғынды шақырып кел, тез жетсін!
(Күң Тарғынды ертіп келеді)
Ақжүніс:
Міне, мені бір хан баласына айттыруға жаушы келіпті. Әкем мені сол ханның баласына бермек болып, менен рұқсат сұрай кісі жіберіпті. Мен ондай хан баласына таңсық емеспін, өзім де хан баласымын. Сұлуға таңсық емеспін, өзім де сұлумын. Мен кімнің бақыты зор болса, соған барамын. Мені осындай кісіге қор қылғанша, батыр екенің рас болса, мені алып қаш. Мен сенен басқа ешкімге тимеймін. Егер маған келмесең, мен шыдап тұра алмаймын, сенің қайғыңнан өлемін.
(Тарғын мен Ақжүніс қол ұстасып шығып кетеді. Шымылдық жабылады)
ІІІ көрініс. (Шымылдық ашылады.
Тақта отырған Ханзада ханға уәзір келеді)
Уәзір:
О, хан ием! Осы елге кеше Олалай ханның торғауыт деген елін алған Тарғын батыр келді. Ол Ақшахан патшаның қызы Ақжүніс сұлуды алып қашып келіпті.
Хан (уәзіріне қарап):
Тарғынды осында алып кел!
(Уәзір Тарғынды алып келеді)
Хан:
Сен өз жұртыңнан қашып Қырым жұртына бардың. Ол Қырым жұртының Олалай, Бұлалай деген жауын алып бердің және сен біздің қол астымызға келген соң мынау Еділден шыққан Шаған дейтұғын судың бойындағы қыл жалаулы көп қалмақты ығыстырып, солардың жерін бізге тартып алып бер.
Тарғын:
Жарайды, тақсыр, бірақ менің қасыма үш батырдан жолдас беріңіз.
Хан:
Кімдерді аласың?
Тарғын:
Қарасай ұлы Көбен, Алшағыр ұлы Теген, Өмір ұлы Себен батырлар. Осы үшеуімен барып қарармыз, бізге айтқан жарлығыңыз жерде қалмас.
(Көбен, Теген, Себен және Тарғын – төртеуі шығып кетеді. Шымылдық жабылады)
Достарыңызбен бөлісу: |