Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет19/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Бөгенбай батыр Қараұлы(туған жылы белгiсiз – 1741)Табын руынан шыққан қолбасшы, батыр. Ол батыр атағын жоңғар-қалмақтармен соғыста қалмақтың батырын жеңгенi үшiн алды. 1726 жылы Әбiлқайыр ханмен бiрге Едiл қалмақтарын талқандап, 1741 жылы түрiкпен шапқыншылығына 500 әскерiмен түрiкменнiң 8000 әскерiн жеңген.

Қабанбай батыр (1703-1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Ол Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батырлар әулетінен шыққан. Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі шайқастардың бәріне қатысқан. Ерекше ержүректілігі үшін «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Қабанбайдың батырлық тұлғасы мен ерен ерлігі былай суреттеледі:

«Адамнан туындаған өзгеше қып,

Жаратқан құдіретімен пәруәрдігер.

Бар екен маңдайында қойын тобық

Мұны жұрт бастырлықтың белгісі дер.

Қаңтарда туған екен шешесінен,

Ерліктің үлес ала есесінен.

Денесі бір жастағы баладай боп,

Байқалған ғаламаты мүшесінен.

Жан бопты еңгезердей алып дене,

Сайма-сай келген сымбат барлық дене.

Жасынан ер мүсіні байқалмаса,

Атайды «нар бала» деп халық неге?!

Маңдайы кере қарыс жалпақ екен,

Бүркіттей тоят алған тұғырдағы.

Шығыңқы төс сүйегі шалқақ екен,

Дөңгелек төбесіне маржан түйген,

Кигені қос шашақты қалпақ екен,

Жан екен биік қабақ, қою қасты».

Қайдауыл батыр (1766-1839) – Көтібар, Арыстан батырлардың замандасы. Борсық құмынан Ор өзеніне дейінгі аралықты жайлаған Шектінің батыры. Халық арасында:

«Шектіден шыққан дейді екі үлек,

Дүмпиген жаратылысы туған бөлек,

Көтібар – алмас қылыш ел тірегі,



Қайдауыл – сағы сынбас қазан жүрек», - деп батырдың ерлігіне ерекше тоқталады. Қайдауыл батыр 1778 жылы түрікпен шапқыншылығына қарсы тұрып, елін қорғаған, сол соғыста жекпе-жекте түрікпеннің жеті батырын жеңген. 1789 жылы башқұрттармен болған шайқаста еліне төнген жауды талқандаған. 1783-1797 жылы Сырым Датұлымен бірге патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Ақбұлақ, Жем, Калмыково әскери бекіністерінде ерекше жеңіске жеткен. 1839 жылы казактар мен башқұрттардан құралған патша өкіметі әскерлерімен болған шайқаста қаза табады. Оның бейіті қазіргі Шалқар ауданына қойылған.

Кенесары хан Қасымұлы (1802-1847) бала күнінен ат құлағында ойнап өседі. Атысу, шабысу, сайысу, аударыспақ, т.б. дала сарбазына қажетті ерлік өнерінің бәрін толық меңгереді. Аңшылық дегенде ішкен асын жерге қояды. Орыстың патша заманындағы зиялылары да Кенесарының қанша «қарақшы», «жабайы», «бұзақы» деп сипаттап жазғанымен, оның айлалы саясаткер, ақылды қайраткер, қаһарман қолбасшы екендігін жоққа шығара қоймаған. «Кенесары өз халқына мәңгілік бостандық тіледі, шынайы патриот ретінде орыс мемлекетінің өздерін толық жаулап алуға ұмтылғанын түсіне білді», - деп жазған Н.Середа.

Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919) – батыр, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі. Әкесінен жеті жасында жетім қалған. Ел ішіндегі дау, жанжалдарға ерте араласқан. 1916 жылы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына қарсы шығып, көтеріліс жасайды. Торғай қаласын елу мың көтерілісшімен жиырма жеті күн қоршауға алады. Подполковник Тургеневтің жасағына қарсы тұрып, оны талқандайды. Ол туралы достарының бірі, революционер Д.С.Денисов: «Амангелді қайратты ержүрек адам еді. Сол жасырын өмір сүрген жылдарында басынан кешірген қиыншылықтары жөнінде еш уақытта сөз қозғамайтын, егер ол жайлы сөз ете қалса да, күлкілі бірдеңелерді әңгімелейтін. Ол сирек кездесетін ақ көңіл жан еді», - деп сипаттайды.

Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – Кеңес Одағының батыры. 1941 жылғы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын жиырма жеті рет шабуылға бастап шығып, бес рет қоршауды бұзып, өз дивизиясына қосылады. Ресейдегі Волоколамск, Горюнь, Бородино, Трашково, т.б. болған ұрыста тоғыз рет асқан ерлік үлгісін көрсетеді. Волоколамск тас жолында неміс әскерлеріне тойтарыс береді. Еуропаның Варшава, Прага, Киев, Минск, т.б. қалаларын неміс фашистерінен азат етеді. Б.Момышұлының ұстазы, қарулас досы командир И.М.Чистяков былай дейді: «Командира 1073-го стрелкового полка Баурджана Момыш-улы я знал еще до войны по совместной службе на Дальнем Востоке. Это был молодой командир, казах по национальности, с крутым и упрямым характером и красивой внешности. Нравилось мне у Момыш-улы еще одно качество – правдивость. Как бы тяжело ему ни было, я знал, что он всегда скажет правду. Того же он требовал и от своих подчиненных».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет