Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет20/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Хиуаз Қайырқызы Доспанова1922 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде қан майданда ерлікпен шайқасқан қазақтың ұшқыш қызы М.М.Раскова (1912-1943) басқарған 46-шы гвардияның түнгі бомбалаушы-ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Солтүстік Кавказ, Кубан, Қырым, Украйна мен Белоруссия, Польша мен Германияны фашистерден азат ету жолында жау тылына 300-ден аса рет ұшып шығып, көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты, Жоғары Кеңес төралқасының хатшысы, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің 1-ші хатшысы, Алматы қалалық партия комитетінің 2-ші хатшысы қызметтерінде болған. Еңбектегі жетістіктері үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. «Халқым үшін» (1963), «Под командованием Расковой» (1965), т.б. кітаптары жарық көрген. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Отан наградаларын тапсыру барысында «кешегі қан майданда қазақ халқының мерейін асырған, оның ішінде қазақ қыздарының қуатын, жоғары адами қасиетін көрсете білген Х.Доспанованы «Халық қаһарманы» жоғары наградасымен марапаттады».

Рақымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлинде Рейхстаг қабырғасына алғаш рет жеңіс туын тіккен қаһарман қазақ жауынгері. 1942 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітірді. Сол жылдан бастап ол 1-ші Белорус майданында 150-ші Идрицк атқыштар дивизиясында взвод командирі болып, Польшаны азат ету және фашистік Германия әскерлерін өз жерінде талқандау ұрыстарына қатысты. Лейтенант Р.Қошқарбаев 1945 жылдың сәуірінде Берлинге шабуыл жасаған кеңес әскерлерінің алдыңғы сапында болып, Рейхстагты алу ұрысында асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауып тұрған оққа қарамастан, жауынгер Г.Булатовпен бірге Рейхстагқа алдымен жетіп, оның қабырғасына жалау қадады. Ол «Қызыл Ту», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, ерлігі үшін бірнеше медальдармен марапатталды

Мәденов Кенжебай (1925 жыл, Атырау қаласында дүниеге келген) – Берлиндегі Ратуша үйін азат етуге қатысқан қазақ азаматы. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, Краснохомск жаяу әскер училищесін бітірген. Берлин операциясы кезінде 1945 жылы 29 сәуірде лейтенант Маденовтың взводы бірінші болып немістердің Рейхстагтан кейінгі негізгі штабы Ратуша үйіне басып кірді. Ол жөнінде КСРО маршалы Г.К.Жуковтың, әскери тарихшы П.Беланның, неміс жазушылары К.Похе мен Г.Олиганың, қазақ жазушысы Ғ.Слановтың шығармаларында айтылған. 1948-1974 жылдары подполковник К.Мәденов КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. Екі «Қызыл Жұлдыз» ордені және көптеген медальдармен марапатталған.

Қосымша В. Орта мектептің тәрбие үрдісінде өткізілген театрландырылған ашық тәрбие сағатының үлгі-жоспары


Тақырыбы:Ер Тарғын

Қатысушылар:

Ақшахан – Қырымның қырық ханының үлкені

Олалай, Бұлалай – Қырым жұртының жауы, Торғауыт елінің хандары

Тарғын – қырғыз батыры

Ақжүніс – Ақшаханның жалғыз қызы

Құл, күң, уәзірлер – Ақшаханның адамдары

Ханзада хан – Еділдегі Ормамбеттің он сан ноғайының бір ханы

Бек – ханзаданың қол астындағы би

Көбен, Теген, Себен – Ханзаданың қол астындағы батырлар.
І көрініс. (Шымылдық ашылады. Тақта отырған Ақшаханның алдына уәзірі келеді)

Хан (уәзіріне қарап):

Кешегі соғыста Алалай, Бұлалай еліне бастап кірген бір батыр болды. Жаудың қамалын бұзып алған сол батырды тауып, маған алып кел!

(Уәзір шығып кетеді де, біраздан соң Тарғынды алып келеді. Ханның жанына тұрады)

Хан (онымен көріседі):

Сен кімсің?

Тарғын:


Мен қыпшақпын.

Хан:


Сен қыпшақ болсаң, біздің жұртқа неге келдің?

Тарғын:


Мен ханымыздың бір жақсы бегін шаһид еттім. Онан соң жұрт менің тынышымды ала бастады. Сол себепті сіздің қол астыңызға қашып келдім.

Хан:


Сен кешегі жауды бұзған қайратыңды сенің тынышыңды алған жұртыңа көрсетпедің бе?

Тарғын:


Жо-оқ! Нақақтан өз жұртымды жылатуға дәтім бармады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет