Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет15/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

(Осы кезде сахнада ерсілі-қарсылы жүгірген адамдар, айқай-шу, оларға хан балалары қосылады. Тынышталған кезде хан қасында отырған Кендебай көрінеді)

Кендебай:

Мен хан баласы емеспін, адам балысымын. Өз атым Кендебай, ел мен Керқұла атты Кендебай деп атайды. Сіздің еліңізге ерігіп келгенім жоқ, жұмыспен келдім. Екі бірдей жоқ іздеп жүрмін... Намыс іздеп жүрмін, рұқсат болса айтайын.

Хан:


Айт, айт, балам!

Кендебай:

Бұдан бірнеше жыл бұрын сіздің жорықшыларыңыз елімізді шауып кетіпті, малымызды айдап, қолға түскен батырымызды байлап алып кетіпті. Міне, сол батырды босатып әкетпек болып келдім. Бұл - бірінші. Екінші жоғым мынау. Бір күні малда жүргенімде аспандап ұшқан алты аққудың біреуінің алтын кебісі менің қолымда қалды. Сол алтын кебіс сіздің елдікі дейді. Соны табыс еткелі келдім (Ханға кебісті ұсынады).

Хан:


Дұрыс, балам! Сіздің елдің малын айдатып, батырын байлатып алдырғаным рас. Мергенбай батыр әйелімен екеуі біздің қолда. Зынданда жатқан Мергенбайға: “Маған қызмет етсең босатам”, - деп елші жіберіп едім, қасарысқан батыр екен. “Жауыма қызмет етпеймін. Қол-аяғымды босатсаң, содан соң сөйлеймін”, - деді. Босатуға қорықтық. Ондағы мақсат сені қолға түсіру еді. Сені алдырып, құлынымды қоймайтын қара құсқа жұмсамақ едім. Өзім іздеп таба алмаған соң, намысы болса іздеп келер деп едім. Одан кейін де екі жылдай келмедің, содан соң алты қызым сені іздеп барған болатын. Бұл менің кіші қызымның кебісі. Енді сенің алдыңа қояр тағы бір шартым бар.

Кендебай:

Ол қандай шарт?

Хан:


Дүниеде жеті басты дәу бар, ақырған арыстан бар, жалмауыз кемпір бар. Осы үшеуін өлтіріп, бастарын алып кел. Осыны орындасаң, батырыңды босатамын, малыңды өзіңе қайтарамын. Кіші қызымды беріп, күйеу етемін.

Кендебай:

Шартыңызы осы болса, ол орындалды (қоржынынан арыстанның аузын, кемпірдің басын, жеті басты дәудің көздерін ханның алдына төгіп тастайды). Міне, арыстанның аузы, мынау дәудің көздері, анау кемпірдің басы.

Хан (қуанышпен орнынан тұрып):

Рахмет, батыр (сахнаға қарап): Босатыңдар зынданда жатқан Мергенбй батыр мен оның жарын, азат етіңдер қолға түскен басқа да адамдарды. (Екінші жағына қарап): Көрші елдерге хабар беріңдер, хан кіші қызын Кендебай батырға қосады деп. Дайындалыңдар ертеңнен бастап біздің елде отыз күн ойын, қырық күн той болады. Ешкім де шет қалмасын! Бәрі келсін!

(Шымылдық жабылады)
ІҮ көрініс

(Шымылдық ашылады. Сахнада қария мен оның алдында жатқан немересі)

Қария:


Содан ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Кендебай тұрғанда елге ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп бұл ел Керқұла атты Кендебайдың елі болып атаныпты. (Немересіне қарап): Мұрат, сен де өскен соң Кендебай секілді батыр боласың ба? Мұрат, Мұратжан... Ұйықтап қалыпты. Қой, төсегіңе жатқызайын (немересін көтеріп, шығып кетеді).

(Шымылдық жабылады).
Оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын нақты қалыптасуын дамыту мақсатында өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырған болатынбыз.

Тақырыбы:Қобда – батырлар Отаны.

Мақсаты:Оқушыларға экспонаттық материалдар арқылы Қобда өңірі батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру.

Қатысқан оқушылар саны: 20

Сыныбы: 9

Саяхат барысы:

Алдымен оқушыларды түгендеп, өлкетану мұражайының ережелері мен заңдылықтары туралы мәлімет береміз.



Мұражайдың баяндаушысы:

Құрметті оқушылар! Ақтөбе облыстық өлкетану мұражайында қазақ батырларының жорық жолдары, олардың ұстап-тұтқан қару-жарақтарының экспонаттары мен құжаттары сақталған. Сіздерге ретімен түсіндіретін болсақ, Есет батыр, кейде Тама Есет батыр деп те атайды, оның ру атымен аталары, Сырым батыр, Көтібар батыр, Қайдауыл батыр, Жанқожа батыр, Махамбет Өтемісұлы туралы мағлұматтар береміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет