Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет13/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Курс бойынша оқушылардың өз бетімен орындайтын практикалық жұмыстарының (мәнжазба) тақырыптары

Егеменді елімнің ертеңі – мен.

Қазақстан: кеше, бүгін, болашақта.

Еліміздің рәміздерінің шығу тарихы.

Ақтөбе – туған жерім, алтын бесігім.

Ақтөбе облысындағы жер-су аттарының топонимикалық зерттелуі.

Есет ата – халық батыры.

Әбілқайыр ханның өмірі.

Ақтөбе топырағындағы халық батырларының ерлігі.

Батыс Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер.

Ақтөбе облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары.

Әлия ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Өзендер өрнектеген жерім – Ақтөбе.

Ақтөбе қаласындағы өнеркәсіп орындары.

Исатай Тайманұлының ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи мәні.

Ер бабам – Асау Барақ.

Бекет атаның сәулеттілік өнері.

Қайдауыл батыр – елімнің қалқаны.

Батыс Қазақстанның біртуар қоғам қайраткерлері, олардың өмірлері.

Абат-Байтақ – сәулет өнерінің ескерткіші.

Ақтөбе облысының халық ағарту ісінің тарихы.

101-ші ұлттық дербес атқыштар бригадасының ерлік жолдары.

312-ші қазақ атқыштар дивизиясының ерлік жорықтары.

Сарышолақ Боранбайұлы жырларындағы отаншылдық идеялар.

Әбубәкір Кердерінің туған жер туралы толғаулары.
Оқушыларға «Отантану» арнаулы курсы жүргізілгеннен кейін оқу жылының әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша оқушылардың білімділік деңгейлері қорытындыланып, тексерілді. Педагогикалық тәжірибе жұмысы барысында оқушылармен жүргізілген жұмыстар (лекция, машықтану сабақтары, топсеруен, музейге саяхат, пікірсайыс, диспуттар, т.б.) оқушылардың қазақ батырларының қаһармандық бейнесі негізіндегі отансүйгіштік қасиеті бойынша ұғым-түсініктері, танымы, іскерлік дағды деңгейі мен «қазақстандық патриотизм» ұғымы туралы білімдерінің артқандығын байқатты.

Тәрбие үрдісінде сынып жетекшілері мен оқушылардың бірлескен жұмыстарын тереңдете түсу мақсатында қазақ батырларының бейнесі негізінде тәрбие жұмыстары, олардың тақырыптары мен формалары (тәрбие сағаттары, кездесулер, тақырыптық кештер, музейге саяхат, пікірсайыстар, драмалық үйірмелер мен апталықтар) белгіленіп, жүйелі, жоспарлы түрде іске асырылды. Атқарылған тәрбие жұмысының барысы мен нәтижесі бізге бүгінгі ұлт мектептеріндегі сыныптар ерекшелігіне қарай тәрбие жұмысының формаларының жүйесін белгілеуге мүмкіндік берді.

Педагогикалық тәжірибе жұмысы барысында біздің жасаған тәрбие жұмыстарының жоспары бойынша тәрбие үрдісіне оқушылармен бірге ата-аналар да өздерінің белсенділігін танытты. Оқушылардың өздерінің белсенді атсалысуымен көптеген жұмыстар атқарылды.


Тақырыбы: Қаһарман қыз Хиуаз

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай қазақтың батыр қыздарының бірі, ұшқыш Хиуаз Доспанованың бейнесін сомдаған шығармалар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Сыныбы: 7

Өтетін орны: Мектептің акт залы

Құрал-жабдықтар: Х.Доспанованың портреті, стенд, «Қазақтың батыр қыздары» атты фотомонтаж, ерлік туралы қанатты сөздер жазылған плакаттар, жеңіс туралы әндер жазылған музыкалық үнтаспа, т.б.

Тәрбие сағатының барысы:

Сахна алдына екі жүргізуші шығып, музыка сазына үйлестіре сөз сөйлейді.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді халық қаһарманы, алғаш рет қазақтан шыққан жалғыз ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың өмір жолын, отансүйгіштік сезімін, Отаны үшін жанқияр ерліктерін паш етуге арналған әдеби-сазды монтажды тамашалауға шақырамыз!

2-жүргізуші:

Ерлікті бағалайтындарды шығыс әлеміне жалт қаратқан қос жұлдызымыз - Әлия мен Мәншүкті Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында жиі еске алып жүрген жайымыз бар еді. Екі қыз қазақ қаһармандарының ешқашан тот баспайтын екі белгісі еді. Тәуелсіздік күні қарсаңында тағы бір қаһарман қызымызды таныдық.


1-оқушы:

Авиация тарихында әйелдер авиаполкі 1942 жылдың көктемінде жасақталды. Осы полктің құрамында қазақ қызы Хиуаз Доспанова да болған еді. Ол сол кезде бар болғаны 20-ақ жаста екен. Сол 20 жасында ол адам таңқаларлық ерліктер жасады. Жау шебіне 300 мәрте ұшып барып, неміс фашистерін зор шығынға ұшыратады. Сол үшін “Қызыл Жұлдыз”, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Бүгінде Хиуаз әжей 82 жаста. Көзі тірі. Алматы қаласында тұрып жатыр.

2-оқушы:

1930-жылдардың соңында “жастарға қайда барса да жол ашық” деген ұранның буы жастарды шыр айналдырып, ерлікке, батырлыққа бастап, жан таптырмайтын еді.

3-оқушы:

Мысалы, кеңестік ұшқыш Валерий Чкалов Еуропадан Америкаға Солтүстік полюс арқылы барып, оның ерлігі зор дәріптелгені сондай, бала атаулы Чкалов боламыз деп еліруші еді...

4-оқушы:

Осындай ерліктердің жастарды ерлікке, қаһармандыққа жігерлендіргені рас. Солардың бірі Орал қаласындағы №1 мектепте оқитын Хиуаз Доспанова еді. Жақсы оқитын, жігерлі де белсенді қазақ қызына сол кезде алынбайтын қамал жоқ секілді көрінген. Ол да өзінше ұшқыш болуды армандады. Бірақ Чкалов секілді бола алмаймын-ау, ол ер адам ғой деп өкініп жүргенінде, Валентина Гризодубова, Полина Осипенко және Марина Раскова үшеуі Мәскеуден Қиыр Шығысқа дейін қонбай ұшып, өзі де желкілдеп жүрген қызды одан бетер таң қалдырды. Сол екпінмен Хиуаз қаладағы аэроклубқа жазылды.

5-оқушы:

Сонымен алған бетінен қайтпайтын қаһарман қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқумен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысады, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады. Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады.

2-бастаушы:

Осы мезетте талай жастың өмірін қиған, талай ананың өзегін өртеген, талай балаға жетімдік көрсетен соғыс басталды. 1941 жыл...

1-бастаушы:

Бұл соғыс жаны таза, жігері мықты қазақ қызының отансүйгіштік сезімін өршіте түсті.

6-оқушы:

Бойында отансүйгіштік қасиеті жоғары Хиуаз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей, Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі “Метрострой” жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады.

7-оқушы:

1941 жылдың қыркүйегінде Мәскеудің оқу орындарында жаңа оқу жылы басталады. Жан-дүниесі белсенді іске жанығып тұратын Хиуаз бүкіл ел соғысқа аттанып жатқанда өзінің ақырын жүріп сабақ оқи алмасын біледі. Майданға сұранып, медбике, тым болмаса санитар болып кеткісі келіп жүргенде бір күні атақты Марина Раскованың қыз-келіншектер авиаполкін құрғалы жатқанын естиді. Көктен іздегені жерден табылған Хиуаз алдыңғылардың бірі болып, атақты М.Расковаға келеді. Жасыратыны жоқ, қараторы қызға мұнда да сенімсіздікпен қарайды. Бірақ соғыс кезіндегі жаны жанығып, жалындап тұрған қызды полкқа қабылдайды.

8-оқушы:

Сөйтіп Хиуазды Саратовтың әскери-әуе училищесіне жібереді. Мұнда штурмандар дайындайтын сыныпты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде авиация тарихында тұңғыш рет құрылған түнгі мезгілде жау позицияларын бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

9-оқушы:

Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысады. ПО-2 деп аталатын бомбалаушы ұшақтардың міндеті алдын-ала белгіленген жау құрамалары шоғырланған жерлерді бомбалап қайту еді. Штурман ретінде Хиуаздың жұмысы ұшақты нысана үстін дәл әкелу, сосын жарқырауық бомбаны тастау, егер нысана көрініп тұрса оның үстіне басқа бомбаларды да төгіп өту еді. Сонымен бірге ұшаққа жау истребителі шабуыл жасаса, пулеметтен оқ боратуы керек. Ал егер ұшқыш командир жараланса, не оққа ұшса, өз кабинасындағы штурвалмен ұшақты да басқарып кете беру болатын. Міне, сондықтан да штурманның рөлі ерекше болатын.

10-оқушы:

Хиуаздың партиялық жеке ісінде майданға алғашқы рет ұшқалы тұрған жас қыздың асығыс жазған: “Ең алғашқы әскери тапсырмамды орындауға ұшқалы тұрып, мені ВКП(б)-ның қатарына алуларыңызды өтінемін. Егер өліп кетсем, мені коммунист деп санаңыздар. Х.Доспанова”, деген өтініші бар...

11-оқушы:

Хиуаз күні бүгінге дейін өзімен бірге ұшқан қарулас достарын еске алып отырады. Қиын кезде бірге болып, ажалдың аузына қайтқан сол кездегі жас ұшқыштар Полина Белкина, Мария Смирнова, Дуся Носаль, Юлия Пашкова, Ирина Себрова сияқты құрбылары еді. Солардың бірі Кеңес Одағының Батыры атағын алған, эскадрилья командирі Марина Чечнева “Менің қарулас достарым” атты кітабында Хиуаз Доспановаға он бес бет арнапты. Соның бір жерінде қазақ қызының штурман ретіндегі шеберлігіне былай тоқталады: “Доспанова әрдайым өзінің ұшағын нысанаға дәл бағыттап және өзінің әуежайына да дәл шығып отыратын еді”.

12-оқушы:

Кавказ, Қырым майдандарындағы шайқастардың өзінде де қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк үкіметтің жоғарғы наградаларын алып жатты. Алдымен оған “гвардиялық” деген атақ берілді, сосын “Тамань”, артынан оның туына “Қызыл Ту”, Суворов ордендері қадалды.

13-оқушы:

Кеңес әскерлері 1945 жылы Берлинді алған күндердің бірінде Мемлекеттік қорғаныс комитеті қыз-келіншектер авиаполкін алғашқы болып таратып, оларды әскер қатарынан босатады.

2-бастаушы:

Соғыстағы ерліктері үшін Хиуазға “Қызыл Жұлдыз”, “ІІ дәрежелі Отан соғысы” ордендері, “Кавказды азат еткені үшін” медалі беріледі. Әскери атағы да аға лейтенант шеніне өседі.

1-бастаушы:

2004 жылы 15 желтоқсанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні қарсаңында өзінің Жарлығымен елімізге сіңірген айтарлықтай еңбектері, республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлестері үшін марапатталған Қазақстанның бір топ азаматтарына мемлекетіміздің жоғары наградаларын тапсырды.

14-оқушы:

Елбасы Ұлы Отан соғысына ұшқыш болып қатысқан Хиуаз Доспанова туралы айрықша айтып өтті. Кешегі қан майданда қазақ халқының мерейін асырған, оның ішінде қазақ қыздарының рухани қуатын, жоғары адами қасиеттерін көрсете білген Доспанованың есімі ежелден еліміздің аузында. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында бұл кісіге “Халық Қаһарманы” жоғары атағының берілуі кейінгі ұрпақ жүрегінде халқымыздың рух қуатын мәңгіге сақтауда, жастарды тәуелсіз еліміздің лайықты патриоттары етіп тәрбиелеуде нағыз үлгі болмақ.

15-оқушы:

Алматы қалалық әкімдігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов Хиуаз Доспановаға “Халық Қаһарманы” атағының айрықша белгілері – «Алтын Жұлдыз» бен “Отан” орденін тапсырды. Елімізге ерлігі белгілі қызымыздың ерлігі осылай бағаланып, мерейі тасыды!

2-бастаушы:

Хиуаздың есімін қазақ жұртшылығына алғаш танытып, мақала жазған сол кездегі майдандық газеттің тілшісі, ақын Сағынғали Сейітов екен.

1-бастаушы:

Сонымен қатар Хиуаз Доспанова туралы батыр қыздың досы Раиса Аронованың естелік кітабында, соғыс кезінде әскери ұшқыш болған П.Батлуктың “Гвардиялық полктің штурманы”, эскадрилья командирі Марина Чечневаның “Менің қарулас достарым” атты кітаптарында атап өтілген.

2-бастаушы:

Хиуаз Доспанованың 1960 жылы жарық көрген «Под командованием Расковой», 1963 жылы шыққан «Халқым үшін» атты кітаптары бар. Батыр қыздың ерлікке толы жылдары туралы мағлұматтар осы кітаптарда берілген.

1-бастаушы:

Соғысты екінші топтағы мүгедек болып аяқтаған Хиуаз мединститутқа қайтып келіп, оқуын жалғастырмақ болады. Бірақ тағдыр оған басқа жолды жазыпты. Майданнан жаңа қайтқан жаралы қарындаспен әңгімелесіп отырып, оның бойындағы белсенділігі мен қажырын байқап қалған сол кездегі Орал обкомының бірінші хатшысы Мінайдар Салин оны қоғамдық қызметке шақырады. Сөйтіп, өзі туған облыста нұсқаушы болып жүрген Хиуазды обком келесі жылы Алматыдағы жоғары партия мектебіне оқуға жібереді.

2-бастаушы:

Бұл Хиуаздың бойындағы дарынын ашуға серпін берген қадам болды. Аталмыш оқу орнын үздік бітірген ұшқыш қызды үкімет Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне сайлайды.

1-бастаушы:

Осындай қызметте жүрген батыр қыздың ұйымдастырушылық қабілетімен қоса шындыққа шырылдап ара түсетін, принципшіл, алған бетінен қайтпайтын, табанды қырлары да көрінеді.

2-бастаушы:

Батыр қызымыз Хиуаз Доспанованы Бауыржан Момышұлы, Сағынғали Сейітов секілді ел азаматтары құрмет тұтып, жоғары бағалаған. Хиуаз батыр ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, жоғары адамгершілік қасиетімен елеулі. Ол өз халқының адал перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат!

1-бастаушы:

Хиуаз әжеміз – халқының сүйіктісі, сол себептен де оның ерлігін елі ұмытпай, елеп өтуде. Батыр әжеміздің ғажайып тұлғасын аңызға айналдыру жоғары отаншылдықтың белгісі, жас ұрпақтың жетуге талпынатын мұраты.

Орта мектепте оқушылардың театр үйірмесінің жұмысын жетілдіру де педагогикалық тәжірибе жұмысының басты шараларының бірі ретінде мектеп оқушыларының қазақ батырларының қаһармандық бейнесін насихаттау, олардың туған жері мен халқының бостандығы үшін күрескен отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру барысында жүргізілген сахналық көріністердің үлгілерін ұсынамыз. Сахналық көріністердің мазмұнында ерлік, қаһармандық туралы баяндалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет