Негізгі бағыттары: «Бес қару», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Туған жер – алтын бесік», «Шежіре» деп аталады (Кесте 9).
Кесте 9 - «Айбын» патриоттық клубының құрылымдық бағыттары
|
«АЙБЫН» ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫ
|
|
|
|
|
6-7-8 сыныптар үшін
|
|
9-10-11 сыныптар үшін
|
|
|
|
“Туған жер – алтын бесік”
|
|
“Шежіре” бағдарламасы
|
|
“Бес қару” бағдарламасы
|
|
“Сегіз қырлы, бір сырлы” бағдарламасы
|
|
|
|
|
“Менің отбасым, бауырларым” атты фотокөрме, шығарма жазу, қаланың көрікті орындарына саяхат
|
“Шежіре – халық діңгегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу, семинарлар өткізу, пікірталас ұйымдастыру
|
Қару-жарақ түрлері, олардың атаулары туралы мағлұмат алу
|
“Жігіт сұлтаны” сайысы, КТК, дебаттар, интеллектуалды ойындар, “Қаһарман” әскери-спорттық ойындары
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйымдастырып, өткізілетін орны
|
|
Өлкетану мұражайы
|
|
Мектептің акт залы, спортзалы, кітапхана
|
|
Дәрісхана, табиғат аясы, мектеп мұражайы
|
|
Кітапхана, дәрісханалар
|
«Айбын» патриоттық клубы туралы нақты түсінік берер болсақ:
- «Бес қару» бағытында, қазақ батырларының әр дәуірдегі ұстап-тұтқан қару-жарақтарынан мағлұмат беріледі. Сондай-ақ әрбір сұрапыл соғыстардағы қару-жарақтың дамуы, оның түрлерін, атауларын түсіндіруге арналады;
- «Сегіз қырлы, бір сырлы» бағыты бойынша оқушылардың ой-өрісін, іс-әрекеті барысында қалыптастыруға арналған «Қаһарман» әскери-спорттық ойынын, «Жігіт сұлтаны», «Бүгінгі күннің патриоттары» атты көңілді тапқырлар клубы, дебат ойындары жатады;
- «Туған жер – алтын бесік» айдарымен отбасы туралы фотоальбом жасау, туған қаламызға саяхат жасау және қаланың көрікті орындарының суретін салу, т.б. тапсырмалар беріледі;
- «Шежіре» барысында жеке тұлғаның «жеті атасын білуге» арналған «отбасы шежіресі», «ру шежіресі», «жүздің шежіресі», «ұлт шежіресі», т.б. мағлұматарды алудан тұрады. Сондай-ақ шежіре туралы ғалымдармен кездесу, семинарлар өткізу, пікірталас ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Демек зерттеу мақсатымызға сай қазақ батырларының қаһармандық бейнесін оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беру құралы ретінде ұтымды пайдалануда құрылған арнайы оқу бағдарламасын тәжірибеге сынақтан өткізіп, бағдарлама мәліметтеріне қарай оқушылардың білім, іскерлігі «қазақстандық патриотизм» туралы таным-түсінігі тексерілді.
Арнайы тәжірибелік топты құрайтын 10-сынып оқушыларына 34 сағат көлеміндегі оқу бағдарламасы негізінде «Отантану» курсы бойынша туған жері, елі, Республика рәміздері, Қазақстанның елордасы Астана туралы, қазақ жыраулары, билері, батырлары және халқымыздың ерлік дәстүрлері, қасиетті жерлер, шежіре туралы мағлұмат берілді.
Біз ұсынып отырған курстың мақсаты – оқушыларға туған өлкесінің табиғатын, ата-бабаларының асыл мұраларын үйрету және Отанын сүюге, оны қорғауға бағытталған отансүйгіштік тәрбие беру .
Достарыңызбен бөлісу: |