Бекіту сұрақтары:
1 Тактика дегеніміз не?
2 Қазақ қолбасшы, әскербасшыларының тактикалық жетістіктері туралы түсінік беріңіз.
3 Қазақ батырлары Есет, Қабанбай, т.б. ерліктері туралы айтыңыз.
4 Тактикалық дайындық дегеніміз не?
5 Тактикалық дайындыққа нелер жатады?
Үйге тапсырма:
1 «Тактикалық дайындық» тақырыбын оқып келу.
2 Жергілікті батырлар туралы мәлімет жинау.
3 Қосымша әдебиеттерден тактикалық дайындық туралы материалдар алып келу.
Оқушылардың білімін бағалау.
«Қаһарман» әскери-патриоттық ойыны.
Түсініктеме: «Қаһарман» әскери-патриоттық ойыны 10-сынып оқушылары арасында оқу жылы аяқталғаннан кейін 1 апта уақыт аралығында өткізіледі. Бұл ер балаларға арналған жазғы демалыс лагері негізінде ұйымдастырылады.
«Қаһарман» әскери-патриоттық ойыныныңмақсаты: Оқушыларды жаппай әскери қасиетке тәрбиелеуге және төзімділікке, ерлікке, қаһармандыққа, өжеттікке баулу, өзін-өзі тануға жетілдіру мен қазақ батырларының қаһармандық бейнесіндегі іскерлік дағдыны дамыту.
Ұйымдастыру рәсімі:
1 Сыныптағы оқушыларды санына қарай бөлімшеге бөлу.
2 Тәртіпті қадағалау үшін дене тәрбиесі мұғалімдерін бекіту.
3 Ойын бағдарламасын әзірлеу.
4 Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
«Қаһарман» әскери-патриоттық ойыныныңбағдарламасы:
1-күн.
Сағат 9.00-де мектептің АӘД саптық алаңында салтанатты шеруге шығу. Оқушылар бірыңғай әскери формада өз бөлімшелерімен саптан өту.
Сағат 11.00-де Әлия мұражайына саяхат.
Сағат 13.00-де түскі ас.
Сағат 14.00-де Ақтөбе қаласының маңында орналасқан әскери бөлімшелерге саяхат.
2-күн.
Сағат 10.00-де қала маңында лагерьде палаткалар құру.
Сағат 13.00-де түскі ас.
Сағат 14.00-де әскери-спорттық ойындар:
1 Противогаз кию.
2 Жүгіру.
3 Арқан тарту.
4 Ату.
3-күн.
Сағат 10.00-де спорттық ойындар.
1 Волейбол.
2 Футбол.
3 Күрес.
4 Әскери жекпе-жек.
4-күн. Әскери-далалық ойындар.
1 Топографиялық ойындар.
2 Барлау ойыны.
3 Мина алаңынан өту ойыны.
4 Қиын кедергілерден өту ойыны.
5 Қоршаудан шығу ойыны.
6 Отты алаңнан өту ойыны.
5-күн. Әскери өмір күнделігі.
1 Әскерилермен кездесу.
2 Әскери әндер сайысы.
3 Әскер күнделігі.
4 Әскери тамақтар әзірлеу.
5 Естелік альбомдар жасау.
6-күн.
Сағат 9.00-де мектеп АӘД алаңы. Салатнатты жиын. Үздік бөлімшелерді марапаттау рәсімі. Ойынның аяқталуы, қоштасу.
Бұл сабақтарға Ақтөбе облысындағы мұғалімдер, тарихшылар, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, оқушыларға қазақ батырларының ел бостандығы мен азаттығы жолындағы ерлік дәстүрлері, олардың ұрыс алаңындағы тактикалық даярлығы туралы айтылып, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамыту мәселелері талқыланды. Жоғарыда аталған пәндердің бағдарламасына қазақ батырларының бейнесіне негізделген материалдарды жүйелі енгізуде оқушыларға ұлттық рухани мұралар негізінде отансүйгіштік тәрбие беруде қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің мүмкіндігі мен отансүйгіштікке тәрбиелеудегі роліне назар аударылды. Сондай-ақ 7-сынып оқушыларына арналған «Ерлік дәстүрі» факультативтік курсын оқу үрдісінде сынақтан өткізген болатынбыз.
Біз ұсынып отырған факультатив курсының мақсаты – оқушыларды өз Отанын сүюге, ата-бабаларының ерлік дәстүрлеріне үйрету, олардың асыл мұраларын қасиет тұтуға негізделген отансүйгіштік тәрбие беру. Факультатив курсының міндеттері: - оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесін түсінуге баулу;
- оқушылардың батырлық қасиеттер мен қазақ батырларының ерліктері туралы ой-өрісін кеңейту;
- оқушылардың ерлік рухын және туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайту; - оқушылардың бойында ерлік, батырлық құндылықтарды қастерлеуге үйрету. Бұл факультатив курсы оқушылардың гуманитарлық бағыттағы тарих, әдебиет пәндері негізіндегі біліміне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |