Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет4/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Мазмұны:

- Оқу үрдісінде: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, Алғашқы әскери дайындық пәндері, «Ерлік дәстүрлері» факультативтік курсы.

- Тәрбие үрдісінде: «Отантану» арнайы курсы, «Айбын» патриоттық клубы, «Қаһарман» әскери оқу жаттығу лагері, «Жігіт сұлтаны», КТК, т.б.

Құралдары: батырлық жырлары, шежірелер, көркем шығармалар, тарихи әдебиеттер.



Әдістері: тест, сауалнама, рольдік ойындар, жаттығулар, т.б.

Түрлері, формалары: факультативтік сабақ, семинар сабақ, топсеруен, ғылыми конференция, т.б.



Нәтижесі: бүгінгі күннің талаптарына жауап беретін, Отанын сүйетін, оның құндылықтарын сақтайтын, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын, білім мен ғылымды толық меңгерген, отансүйгіштік қасиеттері қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу.

Демек, жоғарыда келтірілген теориялық моделімізді негізге ала отырып, қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы мектеп оқушыларының отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру өлшемдері:

1 Оқушылардың «отансүйгіштік», «қазақ патриотизмі», «қазақстандық патриотизм», т.б. ұғымдарын игеруі;

2 Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді өз бойында қалыптастыру қажеттілігін түсінуі;

3 Оқушылардың қазақ батырларының қаһармандық қасиеттеріне еліктеуі және өздерінің отансүйгіштік қасиеттерін іс-әрекеттері арқылы дамытуы.

Біз анықтама берген өлшемдердің мазмұнында отансүйгіштік қасиеттер жеке тұлғаның өмір сүру ортасындағы іскерлігін, белсенділігін, дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Сондай-ақ, біздің өлшемімізге алынған қазақ батырларының қаhармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде жүргізуге мүмкіндігі зор болып табылады.



Негізгі міндеттері:

- Орта мектептің оқушыларының отансүйгіштік қасиеті іс жүзінде, практикалық тұрғыдан көрініс береді.

- Оқушы – ұстаз – ата-ана – достары, т.б. қарым-қатынасы барысында отансүйгіштік қасиеттердің алатын орны.

Оқушының бойындағы негізгі отансүйгіштік қасиеттері:

- Бір сөзді

- Батыл


- Сабырлы

- Қайсар


- Бауырмал

- Рухы биік

- Төзімді

- Достыққа адал

- Отан алдындағы борышына жауапкершілікпен қарайды

- Шығармашылық бейімділігі жоғары

- Намысшыл

- Тез шешім қабылдай біледі.

Сондай-ақ, өнерге деген көзқарасына байланысты, шеберлік үйрену, білу барысында қалыптасатын ептілік болып табылады. Халқымыз «жігітке жеті өнер де аз» деп айтады. Оқу-білім үйретуде маңызды қасиеттерге зеректілік, алғырлық, тапқырлық, т.б. жатады. Зеректік табиғат берген дарындылықтың білім үйрену барысындағы көрінісі деп айтамыз. Ал, алғырлық дегеніміз – ерекше белсенділіктің, іс-әрекеттің жемісі. Мұндай қасиеттердің өзі тұлғаның құрамдас бөлігіне сипаттама береді.

Сонымен, қазақ батырларының қаhармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдары, өлшемдері мен көрсеткіштері №6 кестеде берілген.


Кесте 6 - Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері

р/с

Өлшемдері



Оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру көрсеткіштері

Жоғары деңгейі

Жеткілікті деңгейі

Төмен деңгейі

1

Оқушылардың «отансүйгіштік», «қазақ патриотизмі», «қазақстандық патриотизм», т.б. ұғымдарын игеруі

Әлеуметтік ортадағы жағдайлар мен құбылыстарға немқұрайлы қарамайды, батырлық, ерлік істерінен өзіндік әсер алады сонымен қатар бойында намысты, рухты, табанды, т.б. қасиеттер тұрақты орын алады

Орта жағдайларында және қарым-қатынасында ерлік, намысшылдық, т.б. қасиеттер тұрақсыз және табандылық, батылдық әрекеттер кезектесіп кездесуі байқалады, өзінің ерлік, батырлық мүмкіндігіне толық сенбейді, оны қалыптастыруда жауапкершілік танытпайды

Қоғамдық ортадағы жағдайлар мен әсерлерге үнемі немқұрайлы қарайтын, бойында намысы жоқ, босбелбеу қасиеттер бойынан табылады, Отан, ел, жер, т.б. отансүйгіштік ұғымдарды бағалай алмайды

2

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді өз бойында қалыптастыру қажеттілігін түсінуі

Қазақ батырлары, олардың бітім-тұлғасы және қаһармандығы туралы түсінігі бар, отансүйгіштік қасиет және ерлікке қызығушылығы, ынтасы жоғары, батыл, қайсар, естіген-көргенін саналы қабылдайды, тез шешім таба біледі

Батырлардың ерлігі, қаһармандық, отансүйгіштік қасиеттер жайында түсінігі әркелкі, білуге ынтасы болғанымен, қаһармандық рух, отансүйгіштік қасиеттерді өзіне қабылдауда немқұрайлылық танытады, болашақ азамат ретінде Отан алдындағы борышын толық өтеуді білмейді

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі, отансүйгіштік қасиеттер туралы түсінігі төмен, тәрбие туралы естіген, оқығандарын саналы қабылдамайды, оған зейін аудармайды

3

Оқушылардың қазақ батырларының қаһармандық қасиеттеріне еліктеуі және өздерінің іс-әрекеттері арқылы отансүйгіштік қасиеттерін дамытуы

Қоғамдық ортада жігерлілік, ептілік, батырлық, қырағы, өткір, сақ, т.б. қасиеттерімен ерекшеленеді және іс-әрекетінде отансүйгіштік қасиеттер тұрақты байқалады, ар-намысты қастерлеуге арналған іс-әрекеттерге талпынады

Қоғамдық ортада, іс-әрекетінде ұқыптылық, төзімділік, т.б. қасиеттер әртүрлі жағдайға байланысты кездеседі (тұрақты емес), ар-намысты қастерлеуге арналған іс-әрекетті міндет деп есептейді, ұғымдардың мағынасына мән бермейді

Іс-әрекетінде, жүріс-тұрысында отансүйгіштік қасиеттерге қайшы (жігерсіз, ұқыпсыз, т.б.) болып келетін ұнамсыз қылықтар көрсетеді, ерлік дәстүрлерін, жеті атасын білмейді, ар-намыстың ара жігін ажырата алмайды

Көзқарасымызша, жоғарыда келтірілген кестедегі оқушылардың бойында табылуы қажет қасиеттерді ескере отырып, түсінік беретін болсақ, философ Г.Ж.Нұрышева өзінің ғылыми еңбегінде: «Намысты болу – өз бойына сан қырлы биік мағыналар мен асыл құндылықтарды жинақтау», - деп анықтама береді.

Сонымен қатар, КСРО батыры Б.Момышұлы: «Жігерлену дегеніміз – рухани күш беру, күш-қуаттың тасуы, сергектік күй», - дейді. Яғни, жігерлі тұлғаға отансүйгіштік тұрғыдан сипаттама береді. Ол қоғамдық ортада өзінің мейірімділігімен, бауырмалдығымен ерекшеленеді. Мейірімділік дегеніміз – ол адамгершілік сезім, жеке тұлғаның бойында тәрбие негізінде қалыптасады. Ал, бауырмалдық дегеніміз – ана сүтімен дарыған асыл қасиет. Жалпы адам баласына тән қасиеттердің бірі руханилық (рухты, иманды, адал, т.б.) болып табылады. Рухы мықты дегеніміз тылсым күштердің әсерінен болатын сезім. Кейбір ғылыми еңбектерде рухты аруақпен қатар түсіндіреді. Нақты деректерге сүйенсек, «Аруақ, күш, қуат, т.б.» деген сөздердің ауыспалы мағынасы деп сипатталады.

Сондай-ақ дүние жүзі халықтарында өз елін, жерін, Отанын сүюге бағытталған саяси-идеологиялық талаптар-міндеттерінен де мысал келтіруге тура келеді. Ағылшын ағартушысы Д.Локк өзінің педагогикалық ойларында өз заманындағы джентельмендер тәрбиесін насихаттай отырып: «Ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. Әрине ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат – джентельмен болуы тиіс», - деп көрсетеді.

Ал профессор А.Айталының «Аптықпағанның асығы алшысынан» атты еңбегінде неміс патриотизмінің он өсиетінде «ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отаныңның және ел азаматтарының мүдделерімен есептесу, шетелдің тауарын сатып алғанда, өз еліңе зиян келтіретініңді ұмытпау, сенің ақшаңның тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуін ойлау, шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорламау, дастарханыңа шет елдің етін, майын, т.б. қоймау, себебі ол неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруашылығына зиян келтіретінін ойлау, әр уақытта неміс қағазына, неміс сиясына малып, неміс қағазымен жазып, неміс сорғышымен сорғызу, неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайтынын білу, тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді кию, егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені ішу және балаларың мен әйеліңе де отар елінің какаосын ішкізіп, шоколадын жеуге әмір ету, еш уақытта шет елдің тауарына қызықпау және Германия азаматының керегін тек Германия шығара алатынын есіңде берік сақтау» туралы баса айтылады. Демек, жоғарыда айтылған неміс-герман патриотизімінің он өсиетінің біздің қазақстандықтар үшін де қажетті тұстары байқалып отыр, яғни отандық тауар өндіруге септігін тигізетін мемлекеттік деңгейдегі осындай ұлттық негіздегі ереже, өсиеттердің маңызы зор деп түсінген жөн.

Сонымен қатар қытай патриотизмiнде: «қытайдың баласы қай жерді аяғымен басса, сол – қытай елі», - деп түсінік беріледі. Демек әрбір елдің өзіндік менталитетіне сәйкес осындай ұғымдар бар.

Бүгінгі қазақ патриотизмі туралы айтар болсақ, ол мынадай принциптерге сүйенуі тиіс:

- өз ұлтын, ана тілін, мұсылман дінін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін;

- өз ұлтын әлемге танытатын;

- өз халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары;

- отандық өнімдерді, ұлттық тағамдарды әрқашан тұтынатын;

- өз елінің ырымдары мен тиымдарын берік ұстанатын;

- өз елінің салт-дәстүрлерін қастерлейтін және үнемі насихаттайтын;

- өз елінің отансүйгіштік тақырыптағы әндерін тыңдайтын;

- мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын және қорғай білетін;

- отансүйгіштік ой-санасы жетілген, ары таза;

- қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өсиетін өнеге тұтатын болуы керек.

Сөзімізді түйіндей отырып, қазақ батырларының қаhармандық бейнесі арқылы оқушыларда отансүйгіштік тәрбиені қалыптастыру мәселесіне арналған орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне негізделген педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижесі туралы келесі тарауда түсінік береміз.

Бүгінгі таңда ұлт мектебінің оқушыларына қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие беруде ғылыми-практикалық ой-пікірлерді жүйелі, жан-жақты талдау негізінде зерттеу нысанамыздың проблемалық тұстары сараланып, ғылыми-теориялық бағыттары анықталды. Яғни «патриоттық тәрбие» ұғымының даму генезисі тарихи-дерекнамалық тұрғыдан (философ, тарихшы, филолог, қоғамтанушы, әлеуметтанушы, психолог, т.б.) ғалымдардың ой-пікірлері жүйеленіп, педагогикалық тұрғыдан «отансүйгіштік», «қазақ патриотизмі», «советтік патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарының қалыптасу кезеңдері нақтыланды.

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің қазақ әдебиетіндегі ауызекі шығармалардағы (ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, батырлық жырлары, шежірелер, бата сөздері), көркем шығармалардағы (повестер, романдар, т.б.), Қазақстан тарихындағы (ежелгі дәуір, орта ғасырлар, қазіргі заман тарихы) маңызы мен мүмкіндіктері реттеліп, оқушыларға отансүйгіштік тәрбие берудегі қазақ батырларының қаһармандық бейнесінің арнайы танымдық-тәрбиелік мүмкіндіктері нақтыланып, соның негізінде оқу-тәрбие үрдісіндегі жаратылыстану, гуманитарлық пәндердің бағдарламалары мен оқулықтарындағы отансүйгіштік тәрбие беру жағдайлары ғылыми тұрғыдан талданып, ондағы қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиетті қалыптастырудың оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі бағыттары мен қазіргі жағдайын анықтау бүгінгі орта мектептің оқу бағдарламасындағы жаратылыстану, гуманитарлық пәндер циклін құрайтын «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы», «Алғашқы әскери дайындық» пәндерінің оқу бағдарламаларын жетілдіру қажет екендігі анықталды.

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру үрдісінің теориялық моделін жасау барысында шетелдік және қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу бағытындағы ой-пікірлері (саяси, этнопедагогикалық, қазақ әскери тарихы, т.б.) деректеріне сүйеніп, қазақ батырының қаһармандық бейнесінің өлшемдері, біртұтас білім мен тәрбие үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отаншылдық рухы биік азамат тәрбиелеудің моделі құрастырылды.

Орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау ұлт мектебінің оқу-әрбие үрдісінде ұлттық рухани мұра негізіндегі отансүйгіштік тәрбие берудің педагогикалық алғышарттарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесін оқушыларға тұтас педагогикалық үрдісте отансүйгіштік тәрбие беру құралы ретінде пайдаланудың тиімді шарттары болып:

- білім мазмұнын құрайтын жаратылыстану, гуманитарлық пәндердің оқу бағдарламасына қазақ батырларының қаһармандық бейнесін енгізу;

- оқу үрдісін жетілдіру мақсатында арнайы «Отантану» және «Ерлік дәстүрлері» курстарының бағдарламаларын жасап, практикада тексеруден өткізу;

- тәрбие үрдісін ұйымдастыруда түрлі жұмыс формалары мен әдістерін, қазақ батырларының қаһармандық бейнесін ұтымды пайдалану болып табылады.

Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы жас ұрпақтың бойында елдік, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік, жоғарғы отансүйгіштік, моральдық, еріктік қасиеттерді, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеп, ұлттық тарихи, ерлік мұраларына деген сүйіспеншілік сезімдерін, танымдық қызығушылығын дамытады.

2. Қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар
2.1. Оқу үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрлері арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық құралы ретінде
Орта мектептің оқу бағдарламасындағы жаратылыстану, гуманитарлық пәндер жүйесін құрайтын «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы», «Алғашқы әскери дайындық» пәндерінің оқу бағдарламаларын талдау барысында отансүйгіштік тәрбие беру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлініп отырғаны байқалды. Осы орайда біз талдаған орта мектептегі жаратылыстану, гуманитарлық пәндердің бағдарламасына қазақ батырларының ерлік дәстүрлері арқылы отансүйгіштік тәрбие беру міндеттерін шешуге бағытталған тақырыптарға қосымша толықтырулар ұсынған болатынбыз.

Міне, сондықтан мектеп оқушыларына қазақ батырларының қаһармандық бейнесін кешенді, терең, ұтымды пайдалану арқылы отансүйгіштік тәрбие беруде, оны жүзеге асыруда осындай болжамды бағыттарды ұстандық.

Осы орайда «Қазақстан тарихы» пәнінен 9-сыныпқа арналған «Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс», «Қазақ әдебиеті» пәнінен 6-сыныпқа арналған «Қобыланды батыр», «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен «Тактикалық дайындық» атты ашық сабақтар жүргізілген болатын. Осы сабақтардың жоспарларын беріп отырмыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет