Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет6/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Оқушылардың білімін бағалау.

Үй жұмысы: §10. «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс» тақырыбын оқып келу, «Кенесары хан – елін сүйген қаһарман» тақырыбында эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: Қобыланды батыр.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға тақырып мазмұнын аша отырып, көркем сөйлеу мен білімін жетілдіру.

2 Оқушыларға Қобыланды батырдың қаһармандық бейнесін сомдай отырып, отансүйгіштік тәрбие беру.

3 Оқушылардың отансүйгіштік ой-өрісін, батырлар образын қиялдауға дамыту.

Сыныбы: 6

Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы, этнография, ән, өлкетану.

Сабақтың барысы:Оқушылармен амандасып, түгендеп, олардың назарын дәріске аударамыз.

«Қабағынан қар жауып,

Кірпігіне мұз қатып,

Жауырыны жазық, мойны ұзын,

Атарына қолы ұзын,

Құланды қақтан қайырған,

Егескен жауды елімен

Алтын тақтан айырған», - деп жыр мазмұнында айтылғандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі – Қобыланды. Батыр тұлғасының қаһармандық бейнесін сомдағанда:








сұсты




аңғал




батыл





















адал




ҚОБЫЛАНДЫ




кекшіл





















айлалы




қаһарман




батыр

Осыған сәйкес сыныпты сегізге бөліп, әр топқа Қобыланды бейнесін талдау тапсырмалары беріледі. Біз осы қасиеттер турасында пікірлесе отырып, жырдағы кейіпкерлерді екі топқа бөліп қарастырамыз:


Дос

Дұшпан

Құртқа

Естеміс ер

Қараман

Қарлығаш


Қарлыға

Тайбурыл


Орақ

Қызыл ер

Қазан


Көбікті

Алшағыр хан


Осы топтастыру бойынша оқушыларға өз ойынша жырдағы кейіпкерлер есімінен сөздер құрауға жазбаша жұмыс беріледі. Ал, Қобыланды батыр есімінің өзі:

Қ – қаһарман

О – ойлы


Б – батыл

Ы - ынсапты

Л - лапылдаған

А – арлы


Н – намысты

Д – дара


Ы – ырысты - деген батыр тұлғасын сомдауға көмектеседі.

Біз осы мағыналы сөздерден Қобыланды батырдың қаһармандық бейнесін айқын байқаймыз. Олай болса, батырлыққа тән отансүйгіштік қасиеттер біздің, яғни Қазақстан жастарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады.



Қорытынды.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Ерлердің ісі бітер ме? – деп Махамбет батыр айтқандай, елімізді, жерімізді қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін қандай қиыншылық болса да, жауға қарсы тұрып, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен кең байтақ Отанымызды қорғаған.



Үйге тапсырма: «Ат – ердің қанаты» тақырыбына ой-толғау жазу.

Сабақтың тақырыбы: Тактикалық дайындық.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік – тақырыптың мазмұнын аша отырып, теориялық тұрғыдан білімін кеңейту;

ә) тәрбиелік – оқушыларға қазақ батырларының қаһармандығы, ерлігі негізінде отансүйгіштік тәрбие беру;

б) дамытушылық – оқушылардың тактикалық дайындығы туралы білім-білік дағдыларын дамыту.

Сыныбы: 10

Сабақтың түрі: Лекция.

Сабақтың жабдығы: Қазақ қолбасшыларының суреттері, портреттері, деректі құжаттары, буклет, бейнетаспа, т.б.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен саптық рәсіммен сәлемдесіп, олардың кабинетке кіруіне рұқсат беріледі. Алдымен оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беріледі. Тактика – әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол бөлімшелер мен бөлімдердің ұрысқа дайындығы мен жүргізуінің теориясы мен тактикасын қамтиды. Тактика оперативтік өнер мен стратегиялық ережелерін басшылыққа алып, олармен диалектикалық өзара байланыста болады. Тактика армиялардың дүниеге келуімен бірге пайда болған. Оның дамуы қаруды жетілдірумен, қарулы күрестің жаңа құралдарының пайда болуымен, ұрыстың міндеттерін орындау үшін қолданылатын ұрыс техникасы санының көбеюімен, әскерлердің жеке құрамының сапалық өзгеруімен байланысты болады. Тактиканың тарихи дамуы барысында Томирис, Бейбарыс сұлтан, Жалаңтөс баһадүр, Есет батыр, Әбілқайыр баһадүр хан, Қабанбай батыр, Кенесары хан, Бауыржан Момышұлы, т.б. көптеген әскербасылар мен қолбасшылардың соғыс шежіресінде алтын әріптермен жазылған болатын. Бұл ретте аталған батырлардың тактикалық шеберлігі туралы нақты мәліметтер береміз. Қазақ халқы өз ұрпағына тактикалық білімді терең меңгерте білген:

1) Тактикалық маңызына қарай: тік ату, қапталдан ату, айқастыра ату;

2) Оқ жиілігіне қарай: біртіндеп ату, үздіксіз ату, бастырмалата ату;

3) Атыстың жүргізілуіне қарай: ашық және жабық позициядан ату және нысананы ату, шоғырландыра ату әдістері қолданылған.

Қазақтың батырлары қолданған тактикалық соғыс түрлерін «жекпе-жек», «қаптама», «аламан», «дода», «аша», «қоян қолтық», «шұбыртпалы», «ай қораланды», «үш тоғыз», «жүре», т.б. атап айтуға болады. Дәлірек түсінік беретін болсақ, Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романындағы Қабанбай батырдың: «Ойым қаптама соғысқа жол бермей, алдымен қалайда Арсалаңмен жекпе-жекке шығу... Себебі дұшпанның бас сардарын жеңу аз әскерді жеңіске алып барумен бірдей», - деген ойын келтіруге болады. Мұнан шығатын пікір батырлардың басты мақсаты қалайда шығынсыз соққы беру болып табылады.

Ал, қамалды алу үшін қазақ батырлары бес түрлі тактикалық әдісті қолданған, олар:

Күтпеген жерден бас салу;

Ашық күшпен шабуылдау;

Талқандау;

Қоршау;

Біртіндеп шабуылдау.

Сондай-ақ соғыс барысында қолданылатын тактикалық айла-тәсілдерге мыналар жатады:

1 Жансыздар жіберу;

2 Әскери күштерін әлсірету;

3 Бекіністі шынжыр бұғаулармен иемдену.

Атақты Бабыр: «Самарқандағы су тоғанымен келгенде шыққан арықты ешбір жерден көрмейсіз», - деп, әскери өнердің құпиялығын түсіндіреді.

Әскери соғыс өнері ережелерінен туындаған жауға аттану, шабуылдау, қорғану қағидалары бар. Қазақ әскерінің соғыс тәсілдері шеп құру, шабуылдау, қоршау не тұтқынға алу, қорғаныс құру, ұрысқа қамдану, соғыс түрлері және жүргізу тәсілдері, соғыста байланыс орнату, қарауыл құру, барлау ұйымдастыру, жасырыну, сақтық, жауға ескертпе тәсілдері, соғыс аумағын таңдау дайындығы, ату позициясы, қорған құру немесе әскери-инженерлік фортификациялар, табиғи кедергілерді пайдалану, бекініс қамалдар соғу және оны алу жолдары секілді 14 тармақтан тұрады.

Хан бас қолбасшы ретінде, өзінің басқару тобымен, айқасты бақылап, басқарып отыру үшін «әскердің артын ала» орналасады. Әскердің классикалық байланыстылық схемасы мынадай: ондық – елулік – жүздік – мыңдық – түмен. Әр ондық, жүздіктің тулары болған, олар үстінен қарайтын қолбасшыға санауға, бақылауға оңай мүмкіндік берген.

Соғыс ісінде қолбасшы:

1) ойлылық, ұқыптылық, үнемділік;

2) ақылдылықпен тез арада шешім қабылдау;

3) байсалды табандылық, ығыспаушылық;

4) құнттылық, сақтық секілді 4 принципті жетік білуі керек болса, ұрыстың өтетін өз «жер аймағы» сайланғанда қолбасшы келесі төрт қағидаға сүйенуі керек:

1 Су жақындығы;

2 Бар әскердің сиятындай ыңғайлы болуы;

3 Жау әскеріне тойтарыс беру үшін тиімді жағдайда болуы. Әскердің көзін шағылыстырмау үшін күн бетке тура түспейтіндей жерге орналастыру.

4 Ұрыс айлағының кең және тегіс болуы.

Сонымен тактикалық дайындық дегеніміз – бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету. Ол мыналарды қамтиды: өз бөлімшелері мен шетел армиясы бөлімшелерінің ұрыс теориясын, қару мен ұрыс мүмкіндіктерін, жеке құрамалардың әртүрлі өңірлерде күрделі жағдайға, күндіз де, түнде де қару мен әскери техниканы шебер пайдалануға үйрету; жеке құраманы соғыстың моральдық-психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу. Тактикалық дайындық барысында бөлімшелердің тактикалық ережелерін, ұйымдастырылуын және қару мен әскери техниканың үлгілерін қолдану амалдарын меңгеруді үйретеді. Қорыта айтқанда, тактикалық дайындықтың басты критериі соғыста жеңіске жету болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет