Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет12/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Бағдарлама мазмұны

Кіріспе

«Отантану» курсының мақсаты, зерттеу объектісі, оның басқа пәндермен байланысы. Зерттеу мәселелері.



1- тақырып. Менің Отаным – Қазақстан

Қазақстанның географиялық орны, шекарасы, халқы. Табиғат байлықтары. Еліміздің жетістіктері. Көршілес елдермен қарым-қатынасы. Еліміздің Конституциясы және мемлекетіміздің нышандары туралы түсінік.



2- тақырып. Қазақстан Республикасының рәміздері

Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік. Оның маңызына түсінік бере отырып, тарихи шолу жасау. Тудың маңызы, оның атқаратын қызметі. Елтаңбаның ролі. Еліміздің елтаңбасының маңызы. Республикамыздың әнұраны.



3- тақырып. Сүйікті қалам – Астана

Еліміздің ертедегі және әр кезеңдердегі елордалары туралы оқушылардың түсінігін арттыру. Елорда деген түсінікті қалыптастыру. Қазақстан Республикасының елордасы. Астана қаласы, оның перспективалық даму бағыттары. Астана қаласының сәулеттілік ерекшелігінен мәлімет беру.



4- тақырып. Қазақстанның қасиетті жерлері

Ертедегі шаһарлардың тарихи-географиялық маңызы. Оның отандық мәдениеттегі тәрбиелік мәні. Ертедегі Сауран, Тараз, Сарайшық, Түркістан, т.б. шаһарлар.



5- тақырып. Қазақстан қорықтары

Отанымыздың бай табиғатының біз үшін маңызы. Еліміздің қорықтарындағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау. Қазақстандағы қорықтардың саны, олардың көбеюі туралы мағлұмат беру. Ақтөбе облысындағы сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен мәлімет. Торғай қорықшасы.



6- тақырып. Аталар өсиеті – ақылдың көзі

Қазақтың ырымдары мен тиымдарына талдау жасау, мақал-мәтелдердің мазмұнына түсінік беру. Шешендердің ел бірлігі үшін атқарған қызметтері. Бекет атаның өсиеттері, Сырым Датұлы, Ер Қосай, Махамбет Өтемісұлы, т.б. қаһармандық бейнесіне арналған аңыз әңгімелерден мәлімет беру.



7- тақырып.Үш кемеңгер (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Өмірі мен олардың өскен ортасы. Өнегелі, отансүйгіштік асыл өсиеттеріне тоқталып, оларға талдау жасау. Үш бидің қазақ ұлты үшін сіңірген еңбегінен, ел бірлігі үшін істеген істері туралы мәліметтер. Әйтеке би және халық бірлігі.



8- тақырып. Қазақтың жыраулары

Жыраулар өміріне шолу. Олардың дуалы сөздерінен, өнегелі отансүйгіштік өсиеттерінен мәліметтер. Сарышолақ Боранбайұлының жырлары, оның отаншылдық негіздегі жырларының идеясына шолу. Кердері Әбубәкір жырларының патриоттық мәні.



9- тақырып. Қазақтың ертедегі батырлары

Батырлар туралы мәлімет беру, тарихи шолу жасау. Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты т.б. батырлардың қаһармандық образы, олардың қаһармандық қасиеттері. Әр тарихи кезеңге сәйкес батырлар ерлігіне талдау жасау. Аймақтық батырлар туралы мәліметтер. Өлкеміздің атақты батырлары Асау Барақ, Есет батыр, Қайдауыл батыр, Исатай Тайманұлы, т.б. қаһармандық бейнесі туралы аңыз әңгімелер.



10- тақырып. Шежіремізді білейік

«Жеті атасын білмеген – ер емес» деген өнегелі өсиет пен жеті ата туралы мәлімет. Ру, тайпа шежіресі. Шежіренің қазақ халқы үшін маңызы. Қазақ шежіресінің маңызы. Үш жүз, олардың географиялық орналасу ерекшелігін анықтау.



11- тақырып. Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ сарбаздарының ерліктері. Аты аңызға айналған батырлардың өмірі мен отансүйгіштік өсиеттерін оқып үйрету. 101-ші дербес атқыштар бригадасының батырлары, олардың қаһармандық бейнесі мен отаншылдық қасиеттерінен мағлұмат беру. Жерлестеріміз Ә.Молдағұлова, Қ.Жазықов, т.б. батырлар образы туралы мәлімет.



12- тақырып. Қазақстанның қазіргі кездегі қаһармандары

Бүгінгі күні қазақ елінің қаһармандық мәртебесі. «Халық қаһарманы». Қазақстанның бейбітшілік кездегі қаһармандары С.Нұрмағанбетов, Т.Әубәкіров, Қ.Қайсенов, Т.Мұсабаев, Қ.Рысқұлов, т.б. Олардың ерліктері.



Қорытынды

Курс бойынша алған мәліметтерді, білімдерді жүйелеу, тиянақтау. Өздігінен жинаған мәліметтерді қолдана отырып, Кіші Ғылым Академиясына және «Дарын» орталығына ғылыми жобалар дайындау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет