Дипломдық ЖҰмыс мамандығы 050104 «Бастапқы әскери дайындық»



бет16/22
Дата02.05.2020
өлшемі1,05 Mb.
#65452
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Дипломная. Казак батырлардын ерлиги

Есет батыр(1667 - қайтыс болған жылы белгісіз). Ту ұстап, тарлан мінген, ел намысы үшін күрескен Есет батыр өз заманында кіші жүзге белгілі тархан болған. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда аса бір шытырманды, ел керегесі солқылдап, шаңырағы шайқалған заман еді. Дәлірек айтсақ, 1710-1711 жылдары Тәуке хан әскерімен бірге Есет батыр да жауға тойтарыс береді. Батырдың ерлігіне риза болған Тәуке хан: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын!» – деп бата берген. 1727 жылы Бұланты өзенінің бойында ойрат-қалмақтарға ойсырата соққы береді. Қазір ол жер «Қалмақ қырылған» деген атпен белгілі. Есет батырдың ерлігі жайлы:

«Ор мен Елек бойынан,

Жылжымаған кіші жүз,

Қоныстарын қорғады,

Қол шығарып талай жүз.

Ойыл өзен бойларын,

Қалмақты одан тазартып,

Бет қаратпай дұшпанды,

Жұрт жағдайын жақсартты», - деп, Керей Жанкісі жырау айтқан болатын. Ерлігінің арқасында дүйім қазақ жұрты аңызға, жырға қосты. Халық батырын ардақтап, 1992 жылы 325 жылдық мерейтойын атап өтті. Ел аузында «Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – Бекет» деген сөз бекерге айтылмаса керек.

Сырым батыр (1730-1797). Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Халық Сырымды әділ би, батыр, қоғам қайраткері ретінде қастерлейді. Ол хан, сұлтандардың тепкісі мен патша өкіметінің, орыс байлары мен казактарының озбырлығына қарсы бас көтерген шаруалардың 1783-1797 жылдардағы қозғалысына басшылық жасады. Кіші жүздің сол кездегі саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы өте ауыр, шытырман халде еді. Ондаған жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығы салдарынан өзінің ежелгі мекенін тастап, босып кеткен халық қалыпты тұрмыстан, үйреншікті кәсіптен, байырғы өндіріс пен өнердің көбінен айрылып қалған-ды. Елдің еңсесін көтеруіне кедергі келтірген өте ауыр қасірет – отаршылдық езгінің күшеюі еді. Міне, осындай ішкі, сыртқы қайшылықтардың салдарынан Сырым Датұлының басқаруымен халықтың азаттығы үшін 1763 жылы көтеріліс болды. Сырым Датұлының ел аузында қалған елдік, ерлік жолындағы аңыз әңгімелері, өлеңдері, ел бірлігі жайындағы өсиеттері сақталып қалды. Сырым батыр елден сырғып Хиуа хандығында жүргенде, бір той үстінде Хиуа ханы мақтанып, Сырым батырдан:

- Қазақта ас-мас, жігіт-мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не? - деп сұрайды.

- Сұрағыңызға тойдан кейін жауап берейін, - дейді Сырым батыр.

Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді, жолдасы балуан күресіне шығып, бәйге алады. Тойдың ойын-қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның сұрауларына:

- Бізде той жасағанда, жұртқа қой сойып - құйрық, жылқы сойып – қазы таратады. Сусынға қымыз береді. Соны қазақ «ас» дейді. Ал, мынадай тас табаққа салып тартқан шөп-шалам мен сусынға берген шайды «мас» дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста озып келген жүйрікті «ат» дейді, артында қалған тұғырды «мат» дейді. Алқа топтың алдында күреске түсіп алып ұрған ерді «жігіт» дейді, жер қауып қалған еркекті «мігіт» дейді. Қазақтың «ас-мас», «жігіт-мігіт» дейтін «жалғама» сөздерінің мағынасы осы еді, деп жауап қайтарыпты.

Көтібар батыр (1757-1833) – ел қорғаны болған халық батыры. Елінің, жерінің ұлт-азаттығы үшін күресті ұйымдастырушысы, Сырым Датұлымен бірге кіші жүз қазақтарын біріктіріп, патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күрес жүргізген. Бұл ұлт-азаттық көтерілістің тәсілдері әр түрлі болғанымен түпкілікті көздеген мақсаты өз елінің тәуелсіздігі еді. Шөбі шүйгін, жайлауы мен басыбайлы қыстауынан айрылған ру басшыларының жасақтары орыс бекінісі қамалдарына шабуыл жасап, ата қонысын азат ету үшін күрескен болатын. Оның тарих бетіндегі соғысқан жерлері Шошқакөлдегі Ақбұлақ, Жем, Ақ Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше дүркін шабуылдап, талқандайды. Жоғарыдағы оқиғаны кезінде жазушы Ғ.Ахметов өзінің «Жем бойында» деген еңбегінде айтқан болатын. Сегіз Сері өзінің «Қашқын» деген дастанында:

«Аралас Шекті, Табын қонған екен,

Олар да патшаға өшті болған екен,

Көтібар заманында ту көтеріп,

Халқына қал-қадірі болған екен», - дейді.

Мінеки Көтібар батырдың «өзі өлсе де, оның ерлігі өлмейді». Бұл туралы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі А.Беркінбаевтың 1999 жылғы 2 желтоқсандағы №304 шешімінде былай делінген:

Халық батыры, тарихи тұлға Көтібар Бәсенұлын мәңгілік есте сақтау шаралары туралы.

1 Ақкемер селолық округіндегі Шевченко ауылы маңындағы (халық жадында – Көтібар төбе, Көтібар саты) Көтібар Бәсенұлы жерленген жері анықталуына байланысты 2000 жылғы 24-26 тамыз аралығында ауданда Көтібар батыр мерейтойы аталып өтсін.

Сайып келгенде, Көтібар батырдың ерлігін әрқшанда жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеудің негізі болмақ. Ел аузынан алынған аңызға сүйенсек, Көтібар батыр туылғанда баланың денесі ірі, жаурынының ортасында бармақтай түкті қалы бар, қасы қалың, көзі ашық, сол жақ уысында бір талшық қылдай қан уыстап туған екен. Осыған қарап, Саңырақ әулие былай депті: «Жаурынында қалы болса, дұшпаны қарсы келмес көкжал батыр болады екен, қабағы қалың, көзі ашық болса, дүниенің төрт бұрышын тегіс көремін, өзім билеймін деп туған екен. Ал уысында бір тамшы қан болса, заманында қан төгіс көп болатын шығар, мен бата берсем, қанішер, қатігез, мейірімсіз болар, баламыз, құтты болсын, аты Көтібар болсын», - деп аяқтапты. Сол Саңырақ әулиенің айтқандарының барлығы Көтібар батырдың өмірі мен жасаған іс-әрекетінде толығынан кездескен деседі.

Көтібар батырдың ерлігін Кете Жаскелең ақын:

«Біздің мынау Әлімде,

Көтібар мен Арыстан,

Батырлығын сұрасаң,

Қарсы біткен қайыңдай,

Мергендігін сұрасаң,

Құланды қақтан қайырған,

Егесіп барып батырым

Ханды тақтан тайдырған.

Биіктігін сұрасаң,

Асқардың ала тауындай», - деп жырлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет