«Қазақстан-2050» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегия- сында» рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, мемлекет Президенті Н.Ә.Назарбаев бұның бәрі жақын болашақта Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін өркениетті жолмен құрудың қажетті шарты екеніне баса назар аударды. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты [1]. «Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді», - делінеді Қазақстан халқы Ассамблеясының ел азаматтарына Үндеуінде. «Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Президент Қазақстанның «Мәңгілік ел» ретіндегі болашағы туралы сөз қозғағанда, ол ұлттың тарихи санасына қатысты мәселелерді күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде қарастырады.
Осыған орай, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы өткен тарихты қайта жаңғыртуы өзекті мәселе болып отыр. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының аясындағы тарихи ізденіс ретінде Жүсіп Баласағұнның көркем туындысы «Құтты біліктегі адамгершілік идеялары» деп алып отырмыз.Дипломдық жұмысты алудағы екінші мақсатымыз түркі елінің ұмтылмас тұлғасы Жүсіп Баласағұнның биылғы 1000 жылдық мерей тойына тұспа-тұс келді.
«ТҮРІКСОЙ» түркі тілді мемлекеттердің халықаралық ұйымы 2016 жылды «Жүсіп Баласағұн жылы» деп жариялады.
Жүсіп Баласағұн зергер ақын, ойшыл-ғұлама, мемлекет қайраткері, түркі тілінің патриоты, ұрпақ тәлімгері.Қарахандар мемлекеті-түркі еліндегі бірінші мұсылман мемлекеті. Осы аймақтағы мәдениеттің, өнердің, әдебиеттің биік дәрежеде өркендеуінің негізгі айғағы-түркі тіліндегі тұңғыш шығарма Жүсіп Балсағұнидің «Құтты білік» поэмасының дүниеге келуі. «Құтты білік» дастаны-бүкіл түркітілдес халықтарға ортақ, түркі дүниесін адамзат өркениетінің биік дәрежесіне көтерген теңдесі жоқ төл туынды, тәлім-тәрбиелік дастан, халықтық-педагогика тарихының көне бастауы, рухани құндылықтардың қайнар көзі. «Құтты біліктегі» жетекші педагогикалық идеялар-бүкіладамзаттық рухани құндылықтар негізінде түркі дүниесіндегі тәлім-тәрбиелік дәстүрлер мен ислам діні қағидаларының сабақтастығынан туындаған Жүсіп Балсағұнидің тәрбиелік ғибраттары, поэмадағы жырланған перзенттік парыздар, құқықтық тәрбие, ақылды, білімді адам тәрбиесі, адамгершілік қарым-қатынас құндылығы.