«Құтты білік» дастанының әлем тілдеріне аударылып жариялануы
Баспадан шыққан елі
|
Алмания
|
Алмания
|
Түркия
|
Ресей
|
Ресей
|
Өзбекстан
|
Қытай
|
Ресей
|
Қазақстан
|
Кітаптың жазылу тілі
|
Неміс тілі
|
Неміс тілі
|
Түрік тілі
|
Орыс тілі (Наука быть счастливым)
|
Орыс тілі (Наука быть счастливым)
|
Өзбек тілі
|
Ұйғыр тілі
|
Орыс тілі (Благодатное знание)
|
Қазақ тілі
|
Аудармашының аты-жөні
|
Г.Вамбери
|
В.В.Радлов
|
Р.Р.Арат
|
Н.Н.Гребнев
|
Н.Н. Гребнев
|
К.Кәрімов
|
Бір топ аудармашылар
|
С.Н.Иванов
|
А.Егеубаев
|
Кітаптың жариялану уақыты
|
1870
|
1890
|
1947
|
1963
|
1971
|
1972
|
1977
|
1983
|
1986
|
Р/с
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар-мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.Ғұлама ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет-от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарса шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім-даналық, денсаулық және жан толысуы. «Құтты білікте» білім өмір мәні және қоғамның мәдени, рухани деңгейінің өлшемі ретінде көрсетіледі. Ойшылдың пікірінше, білім мен парасат адам мен қоғам өмірінде кездесетін зұлымдықтардың алдын алу үшін қажет. Білім-адамның өз блмысын танып білуге, иманын жетілдіруге,өмірдегі өз орнын табуға және қайырымды болуға жол ашатын жарқын жол. [15.14]
Жүсіп Баласағұн «Құтты білікте» ең алдымен даналық, яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі,таным процесінде ақиқатқа ұмтылу т.б. мәселелерді қарастырады. «Ойлау қызметі- тек адамға ғана тән,жануарларда жоқ қасиет» деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты біліктің»негізгі айтар ойы- адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам –өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан.
Жүсіп Баласағұн-түркілік ислам әдебиетіндегі мадақ жанрының негізін қалаушы. Ол өз шығармасында Аллаға иман, пайғамбарға сенім, сахабаларға құрмет, елін ойлаған қағанға ізет көрсетіп, ортағасырлық түркі әдебиетінде мадақ жанрының төрт түрін қалыптастырды. Адамзат қоғамына ең басты керегі-Аллаға иман және оның пайғамбарына сенім, сахабаларына құрмет, әрі Алланың жолын ұстанатын хан-қоғам бақытының іргесі екендігін шегелеп берді. Ойшыл ақын елдің бұл өмірде бақытының бастауы хан екендігін шығармасына таңдаған төрт кейіпкердің бейнелері арқылы ұқтырады. Онда қоғамға қажет әділдік (патша), бақ-дәулет (патша уәзірі), ақыл-парасат (патша уәзірінің баласы), қанағат-ынсап (патша уәзірінің туысы)-бәрінің бастау –қайнары-хан.
«Құтты білік» дастаны энциклопедиялық шығарма болғанымен саяси бағыты өн бойынан байқалып тұрады. Ол Қарахан мемлекетінің саяси-қоғамдық нұсқаушысы болып рөл атқарады. «Құтты білік» түркі тілінде жазылған тұңғыш саяси әдебиет. Өйткені бұл еңбектен кейін саяси-әдеби еңбектер түркі халықтары арасында ғасырлар бойы «үнсіз» қалды. Тек қазақ әдебиеті хандық дәуір мен Алаш әдебиет дәуірінде, одан кейін де әдеби туындыларында халық тағдырын қимылдардан бөле-жара қарамады. [15.14] «Құтты білік» сияқты шоқтығы биік шығарма, тақыр жерге шөп шықпайтындығындай, әдеби дәстүрі жоқ құнарсыз топырақта дүниеге келуі мүмкін емес еді. Бұл дастанның қазақ мәдениетіндегі алар орны ерекше: «Жүсіп Баласағұнсыз қазақ мәдениеті туралы айтудың өзі болмайтын іс» [16.63].
Жүсіп Баласағұнның ғаламдық ғылым мен мәдениетте, соның ішінде мұсылман философиясында алар орны ерекше. Орта ғасырларда ислам діні біріктіруші арна ретінде қалыптасып, әскери және мәдени экспансия қуатты қағанат құруға мүмкіндік берді. Ауыз әдебиетінің шебері саналатын Орта Азия да өз философиясын жоғары деңгейде дамытып, әсіресе, біздің өңіріміздің оңтүстік аймақтары ғылым мен мәдениеттің тоғысқан нүктесіне айналды, Шығыс Ренессансы туының астында дамып, көптеген көрнекті тұлғаларды тудырды.
Ғұлама ислам әлеміне «мейірім», «ақиқат», «сұлулық», «ғылым», «адам» ұғымдарын бірлікте қарастыратын күрделі тұжырымдаманы енгізді. Данышпан ғалымның философиялық мұрасында оқымысты адам этикасы, оның қоғамдағы мінез-құлқы, маңайындағы адамдар тағдырына жауапкершілігі, алауыздықты, қантөгісті және басқа да әлеуметтік қарама-қарсы күштердің немесе мүдделердің қақтығысуын қақпайлау мәселесі негізгі тақырып болып алынады. Оның ойынша, егер кімде кім өнегелі қасиет пен қайырымдылыққа, оған қоса игілікке қабілетті болмаса, ғылымды елеулі жетістікке жете алмайды.
Жалпы, Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік ілімі философия мен этикаға негізделген. Ойшыл өз еңбегінде адамдардың қызметіне мән бере отырып, олардың саналы ұйымдасқан түрде әрекет жасайтындығына қуанады, не болмаса соған жол көрсетеді. Дегенмен, кемеңгер қоғамдағы адамдардың әртүрлілігіне, әсіресе, екі жағдайға- мінез-құлық пен табиғи-жағрапиялық шарттылықтың маңыздылығына ерекше мән береді. Осы екеуін салыстыра отырып, мінез-құлықтық қағидаларды бірінші кезекке шығарады.
Өйткені халықтың мінез-құлық тазалығы мәдениеттің гүлденуі мен саяси тұрақтылыққа жетелейді. Соның нәтижесінде өзара көмек беруге деген ұмтылыс, қайырымсыздықты жоятын сана-сезім пайда болады.[17.35-36]
Түркі дастанын қазақ тіліне бірінші аударған белгілі ғалым Асқар Егеубаев та Жүсіп Баласағұнның шығармашылығындағы халықтық тәрбиесінің көптеген көрінісін айтады: «Халықтық сипаттың, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерінің қайнар көзі осы дастаннан айқын аңғарылады. Бұл аса күрделі, баяу қалыптасып, баянды боп қалатын қиын процесс. Халықтың ұлттық ерекшелігінің көріністері наным-сенім, сана, салт-дәстүр белгілері... көрініп, бір-біріне ұласа-өріліп отырады.» [18.34]
Халық тәлім-тәрбиесінің «Құтты біліктегі» көріністерін Т. Қоңыратбаев [19.2], М. Фомкин [20.182], өзбек зерттеушілері Б. Тулиев [21.50], З. Содиқовтар [22.24] да қарастырған. М. Фомкин: «Ежелгі шығыс педагогикасының принципі бала тәрбиелеу кезінде негізгі бағыт болып табылып, олардың мәні сан ғасырлар елегінен өткен» [23.16-21] десе, Халық педагогикасына қатысты еңбектердің ішінде С. Қалиевтің, Қ. Жарықбаевтың, Ә.Көшербаеваның, Г. Молотованың, Ж. Амребаеваның зерттеулерін атауға болады. Г. Молотова «Құтты білікте» Жүсіп Баласағұнның халық педагогикасының інжу-маржандарын орынды пайдаланғаны туралы айтса [24.35], Ж.Амребаева «Құтты біліктегі» шығыс салт-дәстүрлері жайында сөз қозғайды. [25.88]
Ал Ә. Көшербаева Жүсіп Балсағұнның дастаны халықтық тәлім-тәрбиенің жиынтығы деп қорытындылайды: «Жүсіп Балсағұнның мұрасында халықтық педагогика идеялары айтарлықтай орын алады... Ойшыл өзінің педагогикалық ой-пікірі жайдан –жай пайда болмай, оның іргетасы алдыңғы әлеуметтік және рухани-адмгершілік тәжірибеге сүйенгендігін бірнеше рет ескертеді».
Ә.Көшербаева «Құтты біліктегі» халық педагогикасының көріністерін іздестіре отырып, «халық ері» деген ұғымына ерекше тоқталады.Сондай-ақ: «Жүсіп Баласағұн шығармасында халық педагогикасының идеялары ерекше орын алады. Ойшыл өзінің педагогикасы өткендердің әлеуметтік және рухани-адамгершілік тәжірибелерінен негіз алатындығын бірнеше рет ескертеді. «Құтты біліктегі» «ақылды жігіт», деп аталатын халық атаған мәнді сөздерге орын берген. Халық сөздерінің тәрбиелік мақсаты өте тереңде жатыр. Даналардың бейнесі әр қырлы, сан алуан: бай жігіт, көп тәжірибелі жігіт, ер, елбасы, ер батыр. Баласағұнның гуманистік көзқарасы ер жігітінің идеалы болып табылған. Егер қазақ халқының педагогикасында жас жігіттің нағыз бейнесі «сегіз қырлы, бір сырлы» формуласында берілсе, Жүсіп оны өмір тәжірибесі бар, ақылды адам бейнесі арқылы береді» [26.23-28]
Халықтық педагогиканы Жүсіп Баласағұнның дүниетанымының рухани бастаулары ретінде қарастырған ізденушілер Т. Ахметов пен Л. Асқар бұл бағыттағы ойларын былай түйіндейді: «Жүсіп Баласағұнидің қаламынан түзілген көптеген мақал-мәтелдер бүгінгі күнге дейін сол күйінде немесе сәл өзгерген түрінде қырғыз, қазақ, өзбек, ұйғыр, түркі тілдес халықтардың ауызекі сөздерінде кеңінен қолданылады. «Құтты білікте» келтірілген ой-орамдарының қазақ халқында мақал күйінде сақталған түрлерінен көптеген мысалдар келтіруге болады: «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді», «Ананың сүтімен сіңбеген қасиет тананың сүтімен сіңбейді», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Не ексең, соны орасың», «Жақсыдан-шарапат, жаманнан -кесапат». Осындай етек-жеңі жинақы,аз сөзбен көп мағынаны аңғартатын мақал-мәтелдерге дастанда сұранып тұрған сөз тіркестерін әрі қарай жалғастыра беруге болады. Зерттеушілер өз ойын жалғастыруда дастанда өлең құрылысының мақал-мәтелдерге ұқсап, етек-жеңі жинақы қос жолдан тұруы да авторға халық ауыз әдебиетінің, оның ішінде тәрбиелік тағлымдарының зор ықпал еткендігін айғақтайды... «Ақынның тәлім-тәрбиелік көзқарастарының бірінші қайнар көзі-түркі халқының педагогикалық ой-пікірлерін, Екіншіден, ақын дастанның өн бойында өз ойларын ғұлама ғалымдар мен білімдар адамдардан қалған асыл сөздермен мағыналы толықтырып отырады» [27.23-28]
Ғұлама ілімінде білім мәселесі қай деңгейде көрініс тапқан?
Жүсіп Баласағұн өз еңбегінде «Адамзат жетістігінің биік шыңы-білімде» дегенді әркез айтып отырады. «Білім қадірін біліктілер біледі. Гауһардың қадірін оны өңдеп, зерлейтін зергерлер білер. Адамның қадірін ақылды ұғар», «Білімді жанға тіл қату үшін де ес керек», «Есті жан білікті сөйлеуге де именер, кешірім өтініп, басын иіп, кішілік күйге енер. Кішілікке кісілік бар», «Есті сөзді есер алмас, есті алар»,-дейді ол.
Білімді адам ғана асқақ,оның аты мәңгілік:
Білім ал.Өзіңе төрден орын дайында,
Білім алсаң жаның кеудеңде берік сақталады.
Білімсіз кеудең мен тілің неге жарайды?
Біліммен таза су сияқты барша халықтың кәдесіне жара!-деп те жазады.
Ғұламаның ойынша,нағыз байлық-жан тазалығы,өйткені рухың таза болса,сен аспандай бересің. Материалдық жетістік,байлыққа құмарлық азып-тозуына жол ашады.Сондықтан да ойшыл опасыз өткінші ғұмырда байлық қумай,білімге ұмтылыңдар деп үндейді.
Мәселен:
Бақсаң,білім-бұл парақтың нарқы дөп.
Мен сөзімді білімдіге арнадым,
Білімсіздің тілін ұға алмадым!
Білімсізбен ешбір сөзім жоқ менің,
Ай,білікті ер,қызметшіңмін мен сенің!
немесе:
Біліксіздер өзі нағыз басырдың,
Білім үйрен,надан,көзің ашылсын!
Жалпы,Жүсіп Баласағұн бәйіттері арқылы «білім мен ақыл-адам болудың нағыз кемел жолы» деген ой түйесіз.[17. 35-36]
Достарыңызбен бөлісу: |