Дипломдық ЖҰмыс тақырып: «Қазақ ұлттық әйелдер костюмі заманауи интерпритацияда»



бет8/17
Дата18.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#143672
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Торехож

Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық , экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы , сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тон дар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген. Менің таңдаған костьюмде яғни қазақи койлек жане чапан кіріктірілген. Оның ішінде біз көбінесе қол жұмыстары жүргізілді.Заманауи бөлімді ұстана отырып біріктірдім. Қазақ халқынық ұлттық киімдері өте көп десем қаталеспеймін. Себебі біздің түрлі оюларды кіріктіре отырып көп жаңа заманауи киімдерді жасай аламыз. Ұлттық киімдеріміз өте көп. Оның ішінде бас киімді былайша топтастыруға болады:
1) ерлер бас киімі: шыт, кепеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), үшкүлдір, жекей, жапетер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, күлапара, қырпу (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, күндік, желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады.
Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады.
Құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік, күзен ішік болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын шұға, мәуіті, үш топ барқыт, атлас, көк берен, манат, қырмызы, торғын, ләмбек сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Қамзол 18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген.
– Біздің киімімізді Қазақстанда ғана емес, АҚШ, Дубай, Россия, Қытай, Франкфурт , Италия сияқты елдерден адамдар келіп тапсырыс береді. Тіпті гардеробтағы киімдерінің 70 пайызын тек біздің сән үйіміздің киімдері құрайтын әйелдер бар. – Киімге салынатын өрнектің жөн-жосығы, өзіндік дәстүрі барын үлкендерден көріп, құлағыма құйып өстім, жұқанасын ұстап қалдым. Анық білетінім, біздің халық еш уақытта киіміне текеметтің оюын салмаған. Киімнің өзіндік өрнегі болған. Оған қарап адамның әлеуметтік мәртебесін, жас ерекшелігін айтпай тануға болатынын айтып отыратын анам. Тіпті киім матасының түсін де осы ерекшеліктерге лайықтаған. Қыстық, жаздық киімдердің өрнегінің өз ерекшелігі болған. Өрнектер қазіргідей алабажақ, шақырайған контраста емес, матаның түсімен үйлесіп, білінер-білінбес, ары кеткенде сәл (онда да салтанат кімдерінде) қанықтау болған.Жалпы ғалымдар бүгінгі күнге дейін оюдың 200-ге тарта түрін анықтаған. Соның ішінде мүйіз тектес ою көп тараған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Ал ыдыстарға көбіне геометриялық оюлар салынған.Әр оюдың өзіндік тарихы бар. Мысалы, қошқар мүйіз – молшылықты, байлықты, ал құсқанаты – еркіндікті, бейбітшілікті білдірген. Сонымен қатар оюлардың ішінде арқар мүйіз, таңдай, гүл тағы да басқа оюларды көбіне киімнің жағасына, жеңіне, қалтасына салатын болған. «Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.
Қамзол – әйелдердің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға, мауыты т.б.маталардан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңіржиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қапсырмалы, түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі. Шапан – қазақтың ежелгі кәделі киімі. Ол – арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты мақтамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» тәртіп бұзған адамдарға ат немесе шапан айып тарттырып жазалауда қазақтың тұрмысында шапанның зор маңызы бар екен дәлелдейді. Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем баскиім. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылған қыздарға ғана киігізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет