Жұмысты бастамас бұрын рефрактометрдің дәлдемесін тексеріп алу керек. Дәлдемені тексеруді дистилденген сумен немесе бақылау пластинасының көмегімен жүзеге асыруға болады.
Дәлдемені тексеруді 20ºC температурада жүргізеді.
ИРФ-454 Б2М Г 34.15.051. рефрактометрдің құрылысымен және жұмыс істеу принципімен танысып, рефрактометрдің ноль-пунктке қойылуын тексердім. Ол үшін алдымен өлшеуіш бас тетіктің жоғарғы камерасын ашу керек. Содан кейін дистилленген сумен жоғарғы және төменгі камералардың жазықтықтарын жуу керек және призмалардың беттеріне фильтр қағаздарды төсеп сұйықтың қалдықтарын кетіру қажет (призмалардың беттерін сүртуге болмайды).