Қорытынды Қазіргі кезде ізденіп өндірілген 70% тен 75% дейін мұнай ҚМБА
процестері үшін маңызды мақсаты болып саналады. ҚМБА технологияларын
кен орындарда қолдану әлемде дәлелденген қорларды өсіруі мүмкін. Бірақ,
үшінші ретті процестер кең қолдануға дейін бір қатар техникалық
жетілдірулер жасалу қажет. Экономикалық тұрғыдан тиімді болу қаже, себебі
көптеген процестерде олар экономикалық маңыздығы аз немесе жалпы
экономикалық орынсыз болып келеді. Қабатқа бу айдау және полимерлі
процестер қазіргі кезде экономикалық тиімді. СО
2
процесі басқаларына
қарағанда қымбат, дегенмен танымалы болуда. Ал мицеллярлы - полимерлі
процесс одан қымбат.
АҚШ экономика министрлігінің баяндауы бойынша Құрама Штатарда
қабаттың мұнай бергіштігін арттыру технологиясынан 40% өндірілген мұнай
жылу процестерімен байланысты екенін айтты. Ал қалған бөліктер газ айдау
процестері немесе араласу су айдау процестерімен байланысты. Химиялық су
айдау 1980 жылдары жоғары зерттелген болса да процестердегі шығындарға
байланысты көп әрекетте емес. ҚМБА технологияларын кен орынды
пайдалану кезеңінің басында қарастырған дұрыс. Көп процестер оңтайлы болу
үшін жылжымалы мұнай аймағын құрудан тәуелді. Мұнайға қанығушылық
жоғары болған кезде жылжымалы мұнай аймағы жеңіл құрылады. ҚМБА
потенциалын білу үшін бұл инженерлерге маңызды шешім және осы ҚМБА
тәсілі белгілі кен орындарға қолдынылады. Қабаттың мұнай бергіштігін
арттыру, сонымен қатар екінші реттік және үшінші реттік әдістердің
потенциалын анықтау үшін инженерге ең маңызды болатыны компьютерлік
модельдеу немесе қабаттарды модельдеу.