Инклюзивті білім беру - жалпы білім берудің даму үдерісіндегі барлық адамдарды оқыту, сонымен қатар әр түрлі қажеттіліктерге ие балаларға қарай бейімдеу арқылы ерекше мұқтаждықтары бар балалардың білім алуына қол жеткізу.
Инклюзивті білім беруортасы –дамуында ерекшелігі бар балалардың әлеуметтенуге және білім, біліктер мен дағдыларды игеруге деген дербес қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылатын құндылықты-бағдарланған орта.
Интеграция–бұл негізгі мақсаты біріктіру, қалпына келтіру, қосу, яғни тұтастық болып табылатын үдеріс немесе іс-шаралар кешені.
Білімберудіақпараттандыру- бұл мақсатқа бағдарланып ұйымдастырылған білім беру сферасын әдіснамалық, технологиялық жәнеғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік бағдарламалық-технологиялық әзірлемелерді дайындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған тәжірибесін тиімді пайдалану үшін қамтамасыздандырылған үдеріс
Ақпараттық технология- ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, таратудағы техникалық құралдар мен әдістердің жиынтығы, яғни әлеуметтік және техникалық басқару мүмкіндігін жетілдіру және адамдардың білімін кеңейтуде ақпаратты ұсыну.
Ақпараттық-коммуникациялықтехнология - қазіргі оқыту технологиясын интерактивті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ететін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары мен әдістерінің жиынтығы
Ақпараттық құзіреттілік- ақпараттарды анықтауда индивидуумға қажет қабілеттердің жиынтығы, яғни түрлі ақпараттарды тиімді қолдану мен бағалау, оларды таңдау қабілеттілігі