Тұспал (аллюзия) (фр. аllusion – тұспал, ишара деген мағынаны береді) – автордың жалпыға белгілі әдеби немесе тарихи дерекке, сондай-ақ белгілі көркем шығармаға әдейі ишара жасап, тұспалдайтын көркемдік тәсіл.
Гипертекст(гипермәтін) (ағылш. hypertext) – компьютерлік технологияларды енгізумен пайда болған мәтіннің түрі немесе мәтінді ұйымдастырудың әдісі. Г. бір мәтінді оқып отырған оқырманға, экраннан екінші мәтінмен (көбінесе бастапқы мәтінде кездесетін қандай да бір ұғым, яки терминнің мәнін ашатын, түсіндіретін) танысуға және содан кейін негізгі мәтінді оқуды қайта жалғастыруға мүмкіндік береді. Мәтіндер арасындағы байланыс еренсілтемелер (гиперсілтемелер), сілтемелер арқылы жүзеге асады.
Қайтақұрылымдау(деконструкция) (лат. deжәне constructioсөздерініңбірігуіненп.б.қайтақұрылымдау немесе қайта пайымдау деген мағынаны береді) – қазіргі философия мен өнердегі қалыптасқан ұғымдарды, таптаурындарды бұзуды немесе жаңа мәнмәтінге ендіру арқылы түсінуді білдіретін ұғым. Мәтіннің мағынасы оқу үдерісінде құрылымданады, құрастырылады деген алғышарттан тұрады, ал мәтіннің әдеттегі беткі қабатындағы мағынасы тереңдігінен айырылған немесе автордың таңылған жеке пікірі деп есептеледі. Деконструкция Ж.Деррида ұсынған мәтіндерді зерттеу методологиясы және әдіс ретіндегі негізгі қызметі әдеби мәтіндердің ішкі қайшылығын ашу, жасырын мағынасын табу, мәтіндердегі тірек болар негізгі ұғымдарды, метафорлық қабаттарды табу болып табылады.
Дискурс (франц. discours, ағылш. discourse. ) – структуралистер енгізген көп мәнді ұғым. Дискурс түрлі дискурстық тәжірибелерде жүзеге асатын семиотикалық үдеріс. Дискурс жазба немесе ауызша сөйлеу қызметін ұйымдастырудың ерекше тәсілі мен ережесі.
Иерархия (еж. Гр. ἱεραρχία, ἱερός-ден «киелі» және ἀρχή «басқару» деген мағынаны білдіреді) – бүтін, тұтас нәрсенің бөлім, бөлшектерінің жоғарыдан төмен орналасу тәртібі немесе төменгі байланыстарды жоғары деңгейге бағындыру тәртібі, оларды ағаш сияқты құрылымға айналдыру; орталықтандырылған құрылымдардағы басқару қағидасы. Дәлірек айтқанда, бағыныштылық негізде пайда болған басқару жүйесі.
Ирония (гр. eіrоnеіа – келемеж, кекесін) – адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.
Интертекст –бір мәтіннің басқа мәтінмен байланысы, мәтін мағынасын автор белгілегендей етіп өзгертетін мәтіндердің диалогтық қарым-қатынасы. Модернизм мен постмодернизмдегі мәтіннің басқа мәтіндерден алынған дәйексөздерден, реминисценциядан құралатындығына негізделген көркем мәтінді құраудың негізгі тәсілі.