Бақылау сұрақтары:
1 Юсуп Баласағунидің «Құдатғу білік» кітабы жайында не білесіңдер?
2 Шағатай жазба әдеби тілінде жазылған ескерткіштерге қандай ескерткіштер жатады?
3 М. Қашқаридың өмірі, «Диуани лұғат-ит түрк» сөздігі тілінің ерекшеліктері?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.
2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.
10-дәріс
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Жаңа түркі дәуірі. Ең жаңа дәуір.
1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.)
2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең)
3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық)
Жаңа түркі дәуірі. Түркі халықтары дамуының бесінші сатысы жаңа түркі дәуірі деп аталады. Бүл дэуір мелшермен XV ғасырдан бастап, XX ғаснрдын 17-жылына дейінгі аралықты камтиды. Жаңа түркі дәуірінде түркілердің ортақ одақтары ыдырап, казіргі түркі халықтары, олардың тілдері бір-бірінен жекеленіп, бөлек-бөлек халықтар, тілдер болып қалыптасты. Мысалы: бүрынғы қыпшақ-бүлғар тайпасы татар, башқүрт деп аталатын екі халыққа бөлінсе, қыпшақ- ноғай тайпасы XV ғасырдың өзінде-ақ қазақ, ноғай, қарақалпақ деген халықтар болып бөлінді,т.б. Бүлардың жеке халық болып қалыптасуымен бірге олардың тілдері де жекеленді. ХУ-ХХ ғасырлар аралығының тілдік жазба ескерткіштері мол, Олардың алдыңғы дәуір ескерткіштерінен айтарлықтай бір-езгешелігі - бүлар ертедегі жазба нүскалар сикты жалпы түркілік ортақ тілде жазылмай, негізінде. казіргі түркі халықтарының әр кайсысының өзіндік сөйлеу тілінде айтылып, жазьыып сақталуында. Аталғандай тілдік нүсқалар қатарына XV ғасырдан бері қарайғы уақыттарда айтылып, ел аузында сақталып келген әр халықтың ақын-жыраулардың ауыз әдебиетіне жататын туындылары, қолжазба түрінде сақталған алуан түрлі жазба нүсқалар, кейінгі ғасырларда баспадан шыққан әр түрлі жанрдағы басылымдар, мерзімді баспасездер жатады. Мүндай материалдар қазіргі түркі халықтары тілдерінің кепшілігінде, солардың ішінде қазақ тілінде де коптеп кездеседі. Қазақ әдебиеті тарихына арналған зерттеулерде XV ғасырда Асанқайғы, Қазтуған XVI ғасырда Шалкез, Доспамбет, XVII ғасырда Жиенбет, Марғасқа, ХУШ-ХІХ ғасырларда Бүқар жырау Қалқаманүлы, Шал Күлекүлы, Дулат Бабатайүлы, Махамбет Өтемісүлы, Шортанбай Қанайүлы, Шернияз Жарылғасүлы сияқты кептеген ақын жыраулар болған. Осылар сияқты ауыз әдебиетіне жататын алуан түрлі көркем әдебиеттік туындылармен қатар Ыбырай, Абай сияқты жазба әдебиет екілдері де, қолжазба түрінде сақталған шежірелер, би-сүлтандардың , хандардың Россия әкімдеріне жазған қатынас қағаздары, XIX ғасырдың соңғы жартысында басылған алуан түрлі тақырыптағы кітапшалар, қиссалар, «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақ» сияқты газеттер болған. Аталғандар сияқты тілдік нүсқалармен бірге бүл дәуірде түркі халықтарын, олардың тілдерін лингвистикалық түрғыда зерттеген кептеген ғылыми еңбектер де жарық корді. Оңдай еңбектер қатарына Европа мен Ресей шығыс зерттеушілерінің сез болып отырған дәуірде: Х^-ХХ ғасырлар арасында, түркі тілдеріне қатысты зерттеулерін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |