Дістемелік кешені



бет12/15
Дата18.12.2021
өлшемі222,5 Kb.
#102672
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
8a64ac5b-b3a6-11e4-bd4b-f6d299da70eeТүркітану.материалдар арн. (2)
1 зертхана жум
Бақылау сұрақтары:

1. Жаңа түркі дәуірінің өзіндік ерекшелігі.(ХҮ-ХХғғ.)

2. Ең жаңа дәуір.(Қазан төңкерісінен кейінгі кезең)

3. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі тілдегі өзгерістер.(фонетикалық, грамматикалық, лексикалық)


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ә.Қайдар, М.Оразов.Түркітануға кіріспе.

2. Отар Әлі Бүркіт. Түркітану.


11-дәріс

Тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Орыс, Европа ғалымдарының классификациялары. Жетістік-кемістіктері.


  1. Түркі тілдерін топтасыруды алғаш ұсынушылар

  2. Орыс ғалымдарының классификациясы

  3. Европа ғалымдарының классификациялары

Түркі тілдерін зерттеудің алғашқы қадамы түркі ғалымы М.Қашқари «Диуаннан» басталады. М.Қашқари фонетиклық, морфологиялық, лексикалық та белгісіне сүйеніп түркі тілдерін оғыз, қыпшақ, түркі деп үш түрге бөледі. Классификацияның бүдан кейінгі түрлері XVIII ғасырдан бастап Ресей, Европа ғалымдарының еңбектерінде кездеседі. Батыс Европа ғалымдары ішінде түркі тілдерін классификациялаумен алғаш айналысқан француз ғалымы А.Ремуза. Ол 1820 жылы түркі тілдерін якут группасы(якут тілі), үйғыр группасы (үйғыр, шағатай, түрікмен), ноғай группасы (татарлар) кырғыз группасы деп 5-ке боледі. Бүл әрине, ғылыми дәлелге негізделген беліс бола алмады. Отандық түркологияда бүл мәселемен Березин И.Н, Радлов В.В., Самойлович А.Н., Корш Ф.Е., Богородицкий т.б. айналысты. Березин И.Н. европа ғалымдарының пікірлеріне талдау жасай келіп, түркі тілдерін қоныс ыңғайына қарай Шығыс группасы немесе шағатай тілдері, оңтүстік группасы немесе татар тілдері, Батыс группасы немесе түрік тілдері деп 3 топқа боледі, түркі тілдерін осы үшеуінің айналасына топтайды. Березин топтауы өз уакытында да, кейінгі кезде де біраз сыналады. Түркологияда жіктеудің едәуір жетілген түрі деп Радлов пен Корштың жіктеулерін атайды. Бүл екеуі- бірін-бірі толықтыратын өзара жақын жіктеулер. Орналасу ыңғайына қарай Радлов түркі тілдерін Шығыс, Батыс, Орта Азия, Оңтүстік деп 4-ке болсе, Корш озінің «Классификация турецких племен по языкам» (1910ж) деп аталатын еңбегінде түркі тілдерін солтүстік, батыс, шығыс, аралас группа деп 4 топқа бөледі. Өз жіктеуінде Корш географиялық, морфологиялық ерекшеліктерді де белгі етёді. Радлов жіктеуінде қазақ тілі батыс группа тілдері тобына қосылса, Корш жіктеуінде ол солтүстік группасына қосылған. Түркологияда кең тарап тәуір аға алған жіктеу Александр Николаевич Самойлович жіктеуі. Ол езінің 1922 жылы «Некоторые дополнения к классификации турецких языков» дейтін еңбегінде озіне дейінгі айтылған пікірлерді жинақтай келіп, түркі тілдерін оларда кездесетін фонетикалық, морфологиялық белгілеріне сүйеніп алты топқа боледі. Және ол белгілерді іріктеп алынған тоғыз, аяқ бау, тау, сары, қалған деген сөздердің әр группаға жататын тілдерде қандай дыбыстың қүрамында айтылатындарына қарай Р группасы, Д группасы, ТАУ группасы, ТАҒЛЫ группасы, ОЛ группасы, ТАҒЛЫҚ деп 6 топқа бөледі. Бүл белісте қазақ тілі ТАУ группасы дегенге жатады. С.Е.Малов тілде кене дыбыстың элементтердің кеп сақталғанына, жаңа элементтің кебірек болуына қарай түркі тілдерін: кене, кенерген, жаңа, жаңарған тілдер деп 4 топқа беледі. С.Е.Маловтың бүл жіктеуі СССР(КСРО) Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Серебренниковтың «К проблеме классификации тюркских языков» деп аталатын мақаласында біраз сынаған. Бүл ғалым тілді коне, жаңа қүбылыстар қатар емір сүре береді, бірыңғай жуан немесе бірыңғай кене фактілерге қарап оны кене тіл, жаңа фактіге сүйеніп жаңа тіл деп белу дүрыс емес дейді.

Б.Серебренников тілдерді жіктеуде лексикалық белгілердің де мәні ерекше. Бір группаға жататын тілдерде олардың барлығына ортақ сездер мол кездеседі. Сондықтан ондай ортақ сездердің сандық мелшерін, проценттік шамасын айқындау да тілдерді группаға дүрыс жіктеуге зор септігін тигізеді дейді. Ортақ сездердің сандық мелшеріне қарай түркі тілдерін 4 топқа болуге болады. Олар: 1) түрік, әзербайжан, гагауыз, түрікмен; 2)татар, башқүрт, қүмық, ноғай, балқар, езбек, үйғыр; 3)қазақ, қырғыз,

4) Тува, хакас.якут, чуваш

Туыстық жақындығы жағынан талас туғызбайтын, әбден шешілген тілдік группалар қатарына Б.Серебреннитав мыналарды жатқызады: 1)татар. башқүрт, 2) үйғыр, өзбек, 3)түрікмен, азербайжан, түрік, гагауыз 4) хакас, шор,

5) якут, чуваш

Ал қалғандарының 1) қазақ, ноғай, қарақалпак 2) Алтай, қырғыз 3) қараим, қүмық, қарачай-балқар, қырым татары 4) тува, тофа тілдерінің туыстық шамас өлі де зерттей, айқындай түскен жөн дейді.

Талдағанда классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жаткызылатыны женінде бірізділік жоқ. Мыс, Қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе Қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бельцинг, Г.Менгес еңбектерінде солтүстік батыс тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан.

Түркі тілдерін классификациялауға байланысты соңғы пікір иесі —Туркия ғалымы Т.Текин. 1976 жылы Алматыда откен Бүкілодақтық II түркологиялык конференцияда сойлеген созінде Текин түркі тілдерін топтауға байланысты езіне дейінгі айтылған пікірлердің қай -қайсысында болса да сәтсіздіктің барлығын айта келіп, оның негізгі себебі, зерттеушілердің түркі тілдерінің олі, тірілерін тегіс қамтып жіктегісі келгендіктерінде екендігін сынай келіп, орхон, коне үйғыр, қыпшақ тілдері жазба ескерткіштерін жіктеуге қоспау керек дейді. Екінші кемшілік-фонетикалық критерий берік, жүйе сақталмайды. Осыларды айта келіп түркі тілдерін фонетикалық белгілеріне сүйеніп бөлуді үсынады.

Керсетілген жіктеулер ішінде кепшіліктен қолдау тауып, жиі қолданылып жүргені -түркі тілдерін сол тілдің иесі болып табылатын халықтардың, этникалық татардың даму тарихына, қандай тайпалық бірліктен тығыз да үзақ байланыста болғанына қарай, яғни қалыптасу, даму тарихына қарай жіктеу принципі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет