Кросс– мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.
Менталитет(діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.
Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.
Маргинал тұлға– екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнан негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.