Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет49/117
Дата31.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#155933
түріДоклад
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117
Байланысты:
KAO-3-2020
2018-12-12-Краткий отчет по АПН-Туркестанская обл. 0
 
 
 


155 
ӘОЖ 373.2+37.035.6 
 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ 
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
А. ОҚАЙ 
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, 
Еуразия гуманитарлық институты
Аннотация
Мақалада мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тәрбие 
берудің педагогикалық негіздері айқындалып, ерекшеліктеріне 
тоқталып, балабақшадағы білім берудің әр саласында тиімді жүзеге 
асырылу жолдары қарастырылған. Қазіргі таңдағы патриоттық тәрбие 
берудің отбасындағы, мектепке дейінгі ұйымдардағы мүмкіндіктері 
қамтылған.
Түйін сөздер
: «Мәңгілік ел», тәуелсіздік, ұлт, атамекен, мектепке 
дейінгі білім беру, тәрбие, патриотизм, патриоттық тәрбие, 
елжандылық, патриоттық сезім, патриот ұрпақ, азаматтық.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «Білім беру 
жүйесінің міндеттері ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – 
Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу» десе, орта 
білімді 
дамыту 
тұжырымдамасында 
«тәрбиелік 
жұмыстарды 
қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікті интернационализм 
негізінде құру» керек екендігі атап көрсетілген [1, 3 б.] 
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін бүкіл әлемге 
дәлелдеп, Отанымыздың территориясының бүтіндігін сақтауды, ата-
бабамыздан қалған байтақ жерді қорғауды өзінің борышы санады. 
Қазіргі қоғамның ұстанған бағыты халықтың тыныштығын басты 
мақсат етіп қойып, жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеуге аса көңіл 
бөліп отыр. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мәселесі – адамзат 
тарихындағы 
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып 
келе 
жатқан 
ұлы 
мақсаттардың бірі. Балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік 
қасиетін дарыту отбасы, балабақшадан бастау алуы керек.
Адамзат дәуіріндегі патриотизм идеясының дамуы ерте кезден 
басталып, ғылым мен білімнің іргетасын қалаушы ғұламалар 
Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен тығыз байланысты. Цицерон 


156 
Отанға деген қатынасты, ұлттық рухты, елін-жерін сүюді, патриоттық 
сезімді адам санасынан іздестірді. «Мемлекет туралы диалог» атты 
еңбегінде: «Ең мәртебелі ой-толғамдар Отанның игілігі жайында 
болмақ», – деген тұжырым жасаған. 
Қазақ халқының ғұламалары Жүсіп Баласағүн, Қожа Ахмет 
Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. патриотизм, 
Отанды сүю, жас ұрпақтың елді, жерді сүю мәселесі жайлы 
еңбектерінде келелі пікірлер айтылған. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар 
жырау, Махамбет Өтемісұлының шығармаларынан туған жердің қадірі, 
туған жерге деген құрмет, жер үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен 
қайсар рухты азаматтардың өмірі суреттеледі. Ақын-жыраулардың 
шығармаларында еліміздің табиғатының көріктілігі, табиғатты 
пайдаланудың ерекшеліктері, өлі және тірі табиғатқа қатысты ырым-
тыйымдардың маңызы атап көрсетілген. Солардың бірі Махамбет 
Өтемісұлының рухты өлеңдері. Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы 
елдің бірлігі, жердің тұтастығына арналады. Бұл өлеңдер балалар мен 
үлкендерге бірдей ортақ мұра болып, күні бүгінге дейін маңызын 
жойған жоқ. 
Патриоттық сезімді бала бойына кішкентай кезінен дарытуды 
қазақ ағартушылары А.Құнанбайұлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 
М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов 
сынды 
ағартушы-ғалымдардың 
шығармаларынан да байқауға болады. 
Ерте кезден бастап қазақ халқының хандары Жәнібек, Қасым, 
Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай елі мен жері үшін күресіп, 
қасық хандары қалғанша ат үстінен түспегенін тарихтан білеміз. Олар 
өз ұлтының азаттығын, оның өркениетті ел болуын көксеп, жастарды 
елін сүюге, ұлтын қадірлеуге, Отанын қастерлеуге шақырған. 
Майдангер 
ақын-жазушылар 
Б.Момышұлы, 
Ә.Нұршайықов, 
Қ.Аманжолов, Қ.Қайсенов Ж.Молдағалиевтың шығармалары Ұлы Отан 
соғысындағы өшпес үлгілерін жастарға өнеге етіп көрсетсе, 
«патриотизм» ұғымының мәні мен мазмұнын ой толғауларында 
жеткізген.
Еліміздің егемендігін баянды ету, елдіктің ертеңі – бүгінгі жас 
ұрпақтың білімінің тереңдігімен, патриоттық сезімінің мықтылығымен, 
рухани байлығымен, мәдениетімен өлшенеді. Зерттеулерге сүйенсек, 
адамзат бойындағы отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. 
Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын дамитын 
психологиялық, патриоттық сезімімен астасып жататын саяси-
әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, 
жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке 


157 
қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын 
сезім көрсеткіші болып табылады. 
Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеудегі отбасынан 
кейінгі тәрбие мен білім беру мекемесі балабақша. Мектепке дейінгі 
кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. 
Балабақшадағы алған тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған 
өмір бойы өшпестей із қалдырары сөзсіз. Білім саласында атқарылып 
жатқан істер оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардағы патриоттық 
тәрбие берудің жай-күйі, қоғам дамуына жауап беруді талап етеді. Осы 
орайда, мектеп жасына дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, 
патриоттық тәрбие беру баланың өз Отанына деген сүйіспеншілік 
сезімін оятып, өзі тұрған жерінің табиғатын танып білу, оны қорғауға 
баулумен сипатталады. Бұл туған ел тарихы және өз халқы мен басқа да 
ұлыстардың мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу 
қатынасын қалыптастыру ұғымымен сай келеді. Патриоттық тәрбиенің 
маңыздылығы әрбір азаматтың құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан 
қорғалған толық кепілдігімен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін 
қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар еліміздегі әрбір 
азаматтың 
конституциялық 
еркіндігімен, 
мемлекетіміздің 
экономикалық дамыған күш-қуатының да Отаншылдық сезіммен тығыз 
байланысы бар. Бұл әр елдің әлеуметтік тұрақты экономикалық, 
өркениетті дамуымен, демократиялық мемлекет құру бойынша болып 
жатқан процестермен қабылданған маңызды шешімдерді жаңа 
міндеттерді нақтылаған жағдайда беки түседі. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім 
беру стандартында: «Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен 
тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің бірі – өз Отаны мен туған өлкесіне 
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, 
отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу» - деп 
көрсетілген [2, 9 б.] 
Бұл мектеп жасына дейінгі балаларға бүлдіршін кезінен бастап, 
оқу-тәрбие үрдісінде өз Отаны жайлы білім беріп, оны сүюге тәрбиелеу 
деген ұғымдарды қалыптастыруды көздейді. Еліміздің рәміздерінің 
маңызын білу, оны құрметтеу, шығу тарихын білудің де мәні зор. Бірақ 
патриоттық сезім адам бойында өзінен өзі не болмаса туа пайда 
болмайды. Ол ерте жастан отбасынан басталып, адамға әсер ететін, 
мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм 
отбасындағы тәрбиенің, мектепке дейінгі мекеменің, мектептің, 
қоршаған ортаның, және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен 
қалыптасады.


158 
«Патриотизм» – дейді ұлтымыздың батыры Б. Момышұлы 
«Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, 
қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, 
өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз 
– мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені 
мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді»-, деген 
пікір айтады [3, 7 б.]. 
Патриот ұрпақ – ол өз елін, жерін сүйетін, ұлтының дәстүрін 
құрметтейтін, елімізді қорғайтын болашақ мұрагерлер. Заман талабына 
сай тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру оқу 
қызметінде 
жаңа 
технологияларды, 
жаңашыл 
идеялар 
мен 
шығармашылықты, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Қазақ 
халқы өз ұрпағына патриоттық тәрбие беруді бесікте жатқан кезінен-ақ 
бесік жырынан бастап, өлең-жырларымен, әңгіме, ертегілермен 
тәрбиелеп отырған. Бала жан дүниесі кішкентай кезінде сезімге бай, 
әсерленгіш келеді. Психологтардың пікірінше, тұлға болып толық 
қалыптасып жетілуі салыстырмалы түрде кеш байқалғанымен, адамның 
қоғамдық мәнін сипаттайтын қасиеттер ерте сәбилік кезеңнен-ақ біліне 
бастайды деген пікір білдіреді. Міне, сондықтан да отбасынан, мектепке 
дейінгі кезден бала психологиясында жақсы көру, сезіну, жақсылыққа 
ұмтылу, Отаншылдық, патриоттық сезім, ұлттық сана сияқты маңызды 
қасиеттер орын алуы қажет. Бұл қасиеттерді бала тәрбиесінде өз 
орнымен, жүйелі түрде жүргізе алуымыз керек. Сондықтан 
балабақшадағы 
бағдарламалардың 
мазмұны 
жұмыс 
жоспары 
мемлекеттік стандартқа сай, балалардың жас және физиологиялық
ерекшеліктерін ескеріп жүзеге асырылады. 
Мектеп жасына дейінгі баланың патриоттық сезімін ояту, өз елінің 
патриоты етіп тәрбиелеуде төмендегі ерекшеліктерді қамтыдық:
- Отанды сүюге, қарапайым заңдарды білу, адамгершілік 
қағидаларын сақтау; 
- жас ерекшелігіне сай білім алуға қызығушылықтарын арттыру; 
- еңбек етуге баулу, қарапайым еңбек дағдыларын игеру; 
- үлкендерді құрметтеуді үйрету; 
- әдеби-мәдени құндылықтардың маңызын түсіну; 
- өнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын 
қалыптастыру; 
- адами құндылықтарды бойына сіңіру; 
- айнала ортаға жанашырлықпен қарау; 
- өзге ұлт өкілдерін құрметтеу, олардың тіліне құрметпен қараудан 
басталатын патриоттық тәрбиенің негіздерін қалыптастырдық. 


159 
Мектеп жасына дейінгі балаларға «Мәңгілік Ел» идеясын 
түсіндерудің маңызы зор. Бұл балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіндегі 
бағдарламалардың мазмұнынан көрініс табуы қажет. Тарих көшінде 
«Мәңгілік Ел» болып қалуымыз, тарихтағы алтын әріппен жазылатын 
тарихи сәттерді балалардың ұғымына лайықтап жеткізе білу 
педагогтардың біліктілігіне байланысты. Бала әр сабақта түсінгенін, 
қабылдағанын, естігенін, көргенін ой-қимылын тіл арқылы жеткізеді. 
Сондықтан баланың өз ана тілінде сөйлеуі, ойлауы патриоттық сезімінің 
дамуымен тікелей байланысты. Әр ұлттың тұтастығы, мемлекеттің 
ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанымы, елін, жерін қорғауы, тәуелсіздігінің 
беріктігі, мемлекеттің өркендеуі үшін де ана тілі ауадай қажет. Әр 
ұлттың ана тілі оның бет-бейнесі, рухани баға жетпес байлығы, ар-
намысы мен мақтанышы ғана болып қоймай, патриоттық сезімінің де 
өлшемі болып табылады. Бала өткен тарихын, салт-дәстүрін, ауыз 
әдебиетінің үлгілерін білмей, бүгінгі күннің азаттығын, ата-бабасының 
төккен терінің қадірін түсіне алмайды. 
«Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие 
берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
туралы» ҚР Президентінің Жарлығында: Елбасымыз Нұрсұлтан 
Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің 
мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі 
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. 
Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – 
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы», - деген еді 
[4, 2 б.]. 
Білім беру жүйесі заман талабына лайық патриоттық тәрбие мен 
білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды 
пайдалануды, идеялар мен шығармашылықты ұштастыруды, әдіс-
тәсілдердің тиімділігін арттыруды, инновациялық жаңашылдықты 
қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан балалармен күнделікті әртүрлі іс-
әрекеттерді, ойындарды өткізудің маңызы зор. Олар:
-
Отанды, жерді қорғауға бағытталған ойындар; 
-
тарихи мұражайларға саяхат жасау, ұлы тұлғаларға қойылған 
ескерткіштердің маңызын білу; 
-
тақырыптық ертеңгіліктер өткізіп, өлең-тақпақтар жаттау; 
-
видеослайдтар көру, балалармен бірге талдау, пікірлерін тыңдау; 
-
патриоттық тәрбиеге байланысты ауыз әдебиетінің үлгілерін 
(ертегілер, аңыз әңгімелер, жұмбақ, жаңылтпаш т.б.) оқу қызметінен 
тыс уақытта жиі пайдалану;


160 
-
музыка оқу қызметтерінде шағын сахналық қойылымдар қойып, 
батырлардың образын сомдап, ерліктерімен танысу. 
Балабақша – отбасынан басталатын тәрбиенің бастамасы, әрі жан-
жақты тәрбие мен білім беруді дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын 
орын болып табылады. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен 
мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып патриоттық 
сезімінің қалыптасуына балабақшадағы оқу үрдісінің әсері зор. Баланың 
бойында жастайынан патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдарын 
төмендегідей топтадық:
1. Баланы отбасында ізгілікке, руханилыққа, мейірімділікке 
тәрбиелеу. Бұл әр адамның өз отбасына, айналасындағы адамдарға, 
қоршаған ортаға, сүйіспеншілік пен қамқорлық таныту; 
2. Ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Өз тілін 
құрметтеу, тілдің адамзат үшін маңызын түсіну, өз тілінің ерекшелігін 
білу, сөйлеу;
3. Халқымыздың салт-дәстүрін білу, құрметтеу, маңызын түсіну. 
Өзге ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау.
4. Мемлекеттік рәміздердің маңызын білу, олардың мән-
мағынасын түсіну.
5. Еліміздің табиғатының көркемдігін, тірі және өлі табиғаттың 
маңызын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын білу. 
6. Үлкендердің еңбегін бағалай білу, еңбек адамына құрмет 
көрсету. Өзі еңбек ету арқылы, өзгенің еңбегін бағалауды үйрену, 
еңбексүйгіштікке тәрбиелеумен сипатталады.
Қорыта келе, патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, 
жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке 
қатынасын білдіреді. Бұл жоғарыда аталған көрсеткіштерді қолдау мен 
түйсінуден, бағалаудан, қуаттап қолдаудан көрініс береді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі патриоттық тәрбие, ұлттық 
намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықпен сипатталады. Олай болса, 
рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, 
әдебиетіміз бен мәдениетімізді жатқызамыз. Тіл – қазақ болуымыз, өз 
тілімізде ойлауымыз, сөйлеуіміз, ұлттық рухты сақтап қалуымыз үшін, 
дін – адам болуымыз үшін, ислам дінінің өркендеуі, мұсылмандық 
парызымызды орындауда қажет екені анық. Ал, салт-дәстүр – ұлттық 
құндылықтарымызды ұмытпай, қастерлеу, күнделікті өмірде қолдану
әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өткені мен бүгінін саралап, оның ең 
озық үлгілерін ұрпақ санасына сіңірудің маңызы ерекше. Бұл әр сәбидің 
бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген 
сезімнен оны жақсы көруден, мақтан тұтудан басталады. Бала ес біліп, 


161 
есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне 
көтеріле беретін бұл сезімнің қалыптасып дамуына аса зор көңіл бөлу 
қажет. Адамның бүкіл ғұмырына жетіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып 
жататын патриоттық сезім – дәл қазіргі қоғамға, тәуелсіздікті 
нығайтуға, сақтап қалуға, қазіргі жас ұрпаққа ауадай қажет. 
Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан білім беру саласындағы 
өзгерістер тәрбиешілерге үлкен міндеттер жүктейді: білімді, жаңа 
заманға тез бейімделетін, бойында патриоттық сезімі бар, саналы, жан-
жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу. Заман талабына сай тәуелсіз еліміздің 
болашақ ұрпақтарының бойына Отанын, жерін сүю қасиеттерін 
қалыптастыру күрделі мәселе, бұл тақырып әлі де жан-жақты зерттеуді 
қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет