Ахмет Яссауи (1094-1166 жж.) – халық арасында Әзірет Сұлтан ретінде танымал сопылық ақын және уағызшы болған. Қожа Ахмет Яссауи Сайрамда шейх Ибрахимнің отбасында дүниеге келген. Осыдан кейін көп ұзамай оның отбасы Яссыға (Түркістан) қоныс аударды. Мұнда Ахметтің алғашқы ұстазы аты аңызға айналған рухани қайратқер Арыстан-Баб болды. Арыстан баб қайтыс болғаннан кейін, Ахмет Яссауи Бұхара қаласына барып, белгілі теолог Жүсіп Хамаданидің шәкірті болады. Оны тәмәмдаған соң Яссы қаласына оралып, Ахмет жаңа ілім Ясавия тарикат құрды. Ол «Диуани хикмет» (Даңалық кітабы) атты өлеңдер шығармасының авторы болып табылады. . Ахмет Яссауидің ілімдері Орталық Азиядан тыс жерлерде тарала бастады, ал Яссы-Түркістан қаласы аймақтың ірі рухани және мәдени орталығына айналды. Ал 63 жасында Яссауи өзін Мұхаммед Пайғамдардың жасына жеткендігін айтып, одан артық жер бетінде өмір сүре алмаймын деп, жер астында, яғни қылуетте қалған өмірін өткізді. Ол қайтыс болғаннан кейін Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістанда Ахмет Яссауидің қабірінің үстіне ортағасырлық сәулет өнерінің жауһарына айналған "Әзірет Сұлтан" кесенесі салынды. салынды. Оның есімімен Түркістан қаласындағы Халықаралық университет, Қазақстан қалаларындағы мектептер, көшелер аталған.