5 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІ (XV ғ. – XVIII ғ. басы)
5.1 Қазақ Хандығының құрылуы
Қазақ Хандығының құрылуының тарихи алғышарттарын Алтын Орда
тағындағы Бердібек ханның дәуірімен байланыстырған жөн болар. Ал оның
бастауы - Жошы әулетінен тараған ұрпақтардың билік үстіндегі тартыс еді.
1359 жылы Ұлық Ұлыстың (Алтын Орда) билеушісі Бердібек қайтыс
болғаннан кейін, Жошы ұлы Батый әулетінен ұрпақ қалмады. Осының
салдарынан ҰлықҰлыстың
тағы
үшін ішкі тартыс басталды. Билік
тағына
күрес ішінде Орда Еженнің ұрпақтары да қатысты. Осы бағытты ұстанып
Ұлық Ұлысты біріктіру ниетімен қозғалған Орыс ханның мақсатын,
Тоқтамыс қана жүзеге асырды. Ұлық Ұлыстағы аласапыран оқиғасын
пайдаланған Рязань және Литов кінәздіктері шекара дауын шешпек болып,
екеуі келісіп, Ұлық Ұлыстың территориясын бөліске салуға ұмтылады.
Мәскеу - Литовтардың қарамағында қалса, Коломна, Владимир және Муром
- Рязаньның қоластында қалады деп серттеседі. Мақсаттарын жүзеге асыру
үшін Ұлық Ұлыстың түменбасы Мамайды көмекке шақырады. Келіскен
саяси жағдай, «найзаның ұшымен» ғана шешілетін соғыс әрекетін тудырды.
Ол соғыс тарихта «Куликово шайқасы» атымен мәлім болды. Ал тарихта
қалыптасқан ой-пікір, оны «орыстар мен татарлар» арасындағы соғыс деп
баяндап, затындағы оқиғаны бұрмалап жіберді (
көптеген себептермен
кеңестік тарихнама Еуразия кеңістігіндегі түркі-моңғол дәуіріндегі
гегемониялық рөлін бұрмалады және ХХ ғасырдың басында пайда болған
«пантюркизм» теориясына қарсы жан-жақты
идеямен
қаруланған күрес
жүргізді
). Шыныңда, бұл соғыс орыс пен татар арасындағы қайшылық емес
еді. Деректер мен оқиғаны талдаудан өткізген көрнекті ғалым
Л.Н.Гумилевтің сараптауы бойынша: «
Мәскеу - Алтын Орданың заңды
мұрагерлері хандарына серттескен адалдығын бұзбады, Тоқтамыс
бастаған легі ішінде орыс әскерлері, еділ және сібір татарлары болды.
Мамайдың әскері поляктардан, қырымдықтардан және одақтасы Литва
кінәзі Ягайлодан тұрды. «Куликово шайқасын» - татарлар мен орыс
арасындағы қанды шайқас болды деп санауға болмайды»,-
деген түйін
келтіреді. Шындығында, Литов кінәздігі стратегиясын Ұлық Ұлысқа
бағыттады, оны бөліске салып гегемониялық рөлін тартып алу еді. Куликово
77
шайқасы – Дмитрий Донской бастаған Сібір және Еділ казактары мен Мамай
басқарған Поляк және Литов әскерлері арасындағы шекара дауын шешудегі
соғыс болып табылады. Бөліске салған коалиция арасындағы шайқастың
орны болып Мәскеуді таңдап алады. Бұл шайқаста Мамай ұтылып, Тоқтамыс
жеңеді. Ал құрметтің бәрін тарих ресейге тақты. Бұл кәдуілгі Алтын Орда
ішіндегі тартыс еді. Алтын Орданы біріктірген Тоқтамыстың іс-әрекеті
ұзаққа созылмады. Темірдің жасаған үш жорығы Жошы ұлысын (Алтын
Орданы) түбегейлі шайқалтып жіберді. Қалалар қиратылды, керуен жолы
бағытын өзгертті (оңтүстіктегі Темірдің иеліктері арқылы өтетін болды),
экономикалық дағдарыс басталды. Осы соққыдан Алтын Орда айыға алмады,
ХV ғасырдың бірінші жартысында жеке-жеке хандықтарға ыдырап бөлініп
кетті. Алтын Орданың мұрагерлері ретінде – Қырым, Қазан, Астрахан және
Өзбек хандықтары құралса, ал оның соңында - Ноғай Ордасы, Қазақ, Сібір,
Хиуа хандықтары және Мәскеу (Орыс) мемлекеті құрылды.
Қазақстан тарихы - көшпелі өркениет тип ретіндегі мәдениет ошағы
болды десек, төрт мың жыл ішінде төрт кезеңнен өтті. Біріншісінде –
доминанта мен лидерлік рөлін атқарды; екінші кезеңіне – жүйелілікті
ұйымдастырушы күш пен процестің катализатор рөлін атқаратын сапалық
тән болды; үшінші кезеңі (Алтын Орданың ыдырап бөлшектенетін уақытына
сәйкес келіп тұр) – дағдарыс пен перифирия заманын кешті; төртінші
кезеңінде – көшпелі өркениет мәдениет ретінде ыдырап, модернизация
жолына түсті, индустриалды қоғамға бет бұрды.
Үшінші кезеңіне байланысты алтынордалық (кейінгі) аумақта басталған
күйзеліс пен сергелдең заманы екі түстік (два полюса) орталықтарын
жаратты: солтүстік орталығы Мәскеу болса, оңтүстіктегі орталық Қырым
Хандығы болды. Пайда болған екі түстіктің күш - қуатына байланысты
магнит тәрізді өзге хандықтардың әулеттілерін қызметке шақырып отырды.
Алтын Орданың өкілдеріне Мәскеу мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород,
Юрьев-Подольский қалаларын үлестірсе, Ноғай Ордасынан шыққандарға
Романов, ал Қазақ, Сібір және Қырым хандықтарынан шыққандарға
Мещерский, Касимов қалаларын сыйға тартты. Ал Мәскеу мемлекеті
міндетті түрде олардан әскери қызметті өтеу талабын қойды. Орыс
мемлекетінің құрылымында атақты түрік мигранттары (қоныс аударғандар)
жоғары «чин» лауазымын алып отырды. Әскерімен келген сұлтандардың
қосыны «қазақ» деп аталды. Аталған жаппай қозғалыс – осы кезеңге тән
құбылыстың бірі еді.
Ұрым және т.б. әлемдік империялар сияқты түрік әлемі уақыт сынағынан
өтcе де, оның соңғы шарықтауы - Жошы әулеті құрған Ұлық Ұлыс (Алтын
Орда) болды. Мәдени өрісте этникалық тұтастанудың қалпын сақтай алмай,
қоршап тұрған отырықшы империялардың қарсы шабуылынан торға түсіп,
«бой көтеру» дәрменінен айырылып қалды. Айтылған себеп пен салдар бір
елдің түрлі халықтарға айырылып бөлшектеніп кетуіне ықпал жасады.
Осының нәтижесінде қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, қырым
татарлары, түрікмендер, қарақалпақтар, ал 1881 жылы қытайға қосылуға
мәжбүр болған ұйғырлар мен т.б. түрік тектес халықтар пайда болса да,
78
құндылықтарын толық сақтап қалған дәстүрлі түсініктер
ыдырау өрісіне
төтеп бере алды. Ортақ түріктік мұра дәстүрлері әрбір түркі тектес халықтың
дүниетанымында осы күнге дейін бейнеленеді. Сол себепті, ХV-XVI ғғ.
дейінгі қалыптасқан дәстүрлер «
Достарыңызбен бөлісу: |