Э. М. Мурзаев былай деп жазған: Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, үшақ- тар әуежайда, кемелер аты жоқ кеме токтайтын жерлерде түры



бет22/79
Дата12.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#178676
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79
Байланысты:
treatise53019 (1)

Семанпіикачық модельдер. Эр халықтың өзіне тон атау беру семантикалық модельдері бар. Антропонимдердің жеке түрлері үшін әр түрлі болатын семантикалық модельдер лексика-семантикалық таптастыру арқылы ажы- ратылады.
Кісі аттарын бірнеше түрде таптастырады. Мысалы
В.А. Никонов кісі аттарын үш топқа бөледі:
а) анықгамалы есімдер (дескриптивтер),
ә) тілек-есімдер (дезидеративгер),
б) арнау-есімдер (меморативтер).
Эр топ бірнеше топшалардан түруы мүмкін.
Қазақ антропонимдерін зерттеуші Т. Жанүзақов В.А. Никонов классификациям негізінде есімдердің төртінші тобын — мәдени-тарихи немесе әлеуметтік, негізінен діни наным-сенімдерге, тотем, табу және казақ халқының мәдени дәстүрлеріне байланысты есімдерді бөлу арқылы

57

I mapay. Ономастика - гылыми пои

қазақ кісі аттарының толық лексика-семантикалық тапта- стырылуын жасады.
Орыс, славян, еуропа, түркі, шығыс антропонимдерінің үлкен қабатын галдай отырып, А.В. Суперанская эр ха- лықтың гипологиялық үқсастықтарын анықтайтын, адам- зат пен қоршаған орта қатынасының ортақтығына, ойлау, қабылдау гүрлерінің үқсастықтарына негізделетін тигітік және раритетті антропонимдік негіздерді анықтады. А.В. Сугіеранскаяның классификациясы кез келген халық тілінде адам, оның денесі, туыстық қатынас, табиғат қүбы- лыстары, материалды мәдениетті білдіретін лексемалар бар деген В.Г. Богораз-Тан түжырымына сүйенеді. Бүл төрт топқа А.В. Суперанская антропоним жасайтын келесі лексемаларды қосады: әлеуметтік мәдениет, қарым-қаты- нас және олардың иараметрлері, антропоним қүрамындағы әр түрлі жалқы есімдер [1988, 8-19]. Бүл классификация әр гүрлі белгілі бір разрядка қатысты жалқы есімдсрдің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі модификациялы антропонимдерді таптастыруға негіз болады.
Шығыс халықтарының, мәселен, Вьетнам халкының қазіргі есімдері қүрамында географиялык атау, пайдалы қазбалар агаулары, роміздер атаулары, Вьетнам мәдениегіне тон жыл мезгілдері, өсімдік және қүстар атау­лары, жалпы адамзаттық қүндылықтар, тарихи үрдістер бар. Вьетнам антропонимиясында әкесінің, атасының аты, тарихи оқиғалар, ескергкіштер, саяси қызметкерлердің есімдері берілмейді, оларды өзгертуге болмайды, себебі, кісі есімдері оулие болып есептеледі [Чинь Тхи Ким Нгок, 1999, 310-311].
Әр түрлі тілдік қатынас, ақиарат алу кеңістігінің кеңеюі көптеген халықтардың антропонимдік жүйесінен ана тіл түрғысынан түсіндірілмейтін шет гілді аттарды кездестіруге болады. Олар реципиент (қабылдаушы) тіліне фонетика және морфология түрғысынан бейімделеді, егер өзге халықтардың атаулары бейімделудің барлық сатысы-


Ономастика: зерттеу мәселелері



нан өтсе, онда оларға ана тілінің фактісі ретінде қарауға болады.
Қазақ антропонимдік жүйеге кейбір есімдер ислам дінін қабылдаған кезде енген, сондықтан онда араб-иран есімдері бар, бірақ олар тіл иелері үшін ана тіліне сіңісіп кеткен, өзге есімдер деп саналмайды, себебі, үзақ уақыт бойы қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық жүйесіне бейімделген (Асан,
Ахмет, Иса, Жамал, Әлия, Әсия, Ғалия т.б.). Дегенмен, казақ антропонимиконның негізін түркі және қазақ тілінің есімдері қүрайды.
Орыс антропонимиконындағы орыс есімдерінің көбісі уақыт өтуіне қарай колданушылар үшін ана тілдік болып саналғанымен шығу тегіне қарай грек, латын, көне еврей тілінің сөздері (Лариса, Ксения, Анна, Тамара, Виктор, Александр, Илья т.б.). Ресей тарихынан ономастардың зерттеулерінен орыс есімдерінің сөздігіне көп есімдер христиан дінін кабыл- дау (X ғ.) кезінде енгізілгендігі анықталды. Олар көбіне орыс антропонимдік жүйеде бүлыңғыр ішкі формасымен ерекшелінетін Неждан, Нехлюд, Забава, Пятак, Мешок, Бессон т.б. коне орыс есімдерін толығымен алмастырды.
Т. Жанүзаковтың бақылауы бойынша, қазақ кісі атта- рының семантикасы анық, себебі олардың көбі қазақ хал- қына түсінікті қазіргі лексикалық жүйедегі қолданылып жүрген сөздерден жасалған (Асылжан, Арман, Қайрат, Талгат, Үлпан, Нурсулу, Қамар, Айгул т.б.). Қазіргі кезде балаларына әдемі, сәнді есімдерді беру көрініс алып келеді. Сонымен қатар ата-ана мазмүны жағынан ғана көркем емес, естілуі жағынан да жағымды есімдерді таңдайды. Қазіргі атаулардың интернационалдык тенденциям да кызықты: балаларға ағылшын тіліне оңай өзгертілетін интернационалды есімдерді береді (Дана - Dana, Жанна - Janna, Jane, Жанат - Janet, Эрик - Erik т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет