Еңбек шарты алматы қ. 2022ж



бет4/15
Дата22.06.2022
өлшемі53,55 Kb.
#146960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
trudovoy-dogovor-rk-obrazets-na-kazahskom-i-russkom
1 вопрос
6.3. Жұмыс берушінің құқығы:
6.3.1. Осы Шартты ҚР еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіпте Жұмыскермен жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
6.3.2. жұмысқа қабылдаған кезде Жұмыскерден ҚР еңбек заңнамасына сәйкес құжаттардың ұсынылуын талап етуге;
6.3.3. Өз құзыретінің шегінде Жұмыс берушінің актілерін (бұйрықтар, жарлықтар, нұсқаулар, ішкі еңбек тәртібі) т.б. шығаруға;
6.3.4. ҚР еңбек заңнамасы мен өзге де нормативтік актілерімен белгіленген тәртіпте Жұмыскерді материалдық және тәртіптік жазаға тарту және көтермелеуге;
6.3.5. зияндықты бағалау актісіне сәйкес Жұмыскермен келтірілген зияндықты өтеттіруге;
6.3.6. Жұмыскерге үш ай мерзімге дейін сынақ мерзімін белгілеуге;
6.3.7. ҚР еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыскерді оқытуға жұмсалған шығындардың орнын толтыруға;
6.3.8. Өкілдігін және өз құқығы мен қызығушылығын қоргау үшін бірлестік кұрып және оған кіру.
6.3.9. Жұмысшыдан осы келісім шарттың, еңбек тәртібінің ережесі мен Жұмыс берушінің басқа да актылерінің орындалуын талап ету.
6.3.10. Еңбек заңнамасына сай жұмыс тәртібі мен демалыс уақыты белгіленеді.
6.3.11. Жұмсшыны жылына бір реттен кем емес аттестациядан өткізу.
6.3.12. Жұмысшының квалификациясы мен кәсіпкерлік деңгейін көтеруге барлық мүмкіндіктерді істеу. Жұмысшының квалификациясын көтеруде, оқытуда және қайта дайындықты өту осы шартқа қосымша келісім шарт жасау арқылы бекітіледі.


6.4. Жұмыс беруші міндетті:
6.4.1. ҚР еңбек заңнамасына сәйкес Жұмыскерге еңбек жағдайын қамтамысыз етуге;
6.4.2. Өз қаражаты есебінен Жұмыскерді еңбек қызметін атқаруға қажет қаражат пен материалдармен қамтамасыз етуге;
6.4.3. Жұмыскерді жұмысқа қабылдау кезінде еңбек шартын жасасуға, Жұмыскерді компаниядағы тәртіп пен ағымдар, Жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға;
6.4.4. Жұмыскерге ҚР нормативтік-құқықтық актілермен көзделген уақтылы және толық мөлшердегі жалақы мен өзге де төлемдерді төлеуге;
6.4.5. Жұмыскерге жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын ұсынуға;
6.4.6. ҚР еңбек заңнамасының талаптарын, еңбек қауІпсіздігі мен сақтығын ұстануға;
6.4.7. ҚР заңнамасына сәйкес Жұмыскердің өміріне келтірілген зияндықты өтеуге;
6.4.8. Егер Жұмыскердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрса, жұмысты тоқтата тұруға;
6.4.9. Жұмыскерді зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) еңбек жағдайы туралы ескертуге;
6.4.10. Жұмыскердің еңбек қызметін дәлелдейтін құжаттар мен ақшасының зейнеткерлік қамсыздандыруға ұсталып қалуы туралы мәліметтердің сақталу мен мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
6.4.11. Жұмыс орындары мен технологиялық үрдістер кезіндегі қауіпті болдырмайтын шараларды қолданған, өндірістік және ғылыми-техникалық дамуды ескере отырып, алдын ала жұмыстарын жүргізуін;
6.4.12. Қ Р еңбек заңдылықтарының талаптарын, осы Келісім шартпен олардың шығарған актылерін қадағаласын.
6.4.13. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың ішкі бақылауын іске асыру.
6.4.14. Осы Келісім шартта қаралған жұмыс Жумысшыға ұсынылсын.
6.4.15. Жұмысшыны Жумыс берушінің актілерімен, ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен және қызметтік нұскаулармен таныстырсын.
6.4.16. Мемлекеттік еңбек инспекторының ұйғарымдарын орындасын.
6.4.17.Қызметтік міндеттерін орындау барысында Жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілігін сақтандырсын.
6.4.18.Жұмыс уақытына толық есеп жүргізсін, соның ішінде артық жұмыс істеген уақыттары, әрбір жұмысшының атқаратың еңбектің кауіпті шарттары, зиянды (өте зиянды), қиын жұмыстары.
6.4.19. Осы келісім шартқа және Еңбек Кодексына сәйкес Жұмысшыны мамандығы бойынша дайындықпен және біліктілігін көтерумен қамтамасыз етіп отырсын.
6.4.20. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында бюджетке, зейнетақы қорына және басқа да міндетті төлемдерді бөліп шығарады.
6.4.21. Жұмысшының ауыр физмкалық жұмысы үшін, зиян немесе қауіпті еңбек жағдайлары бар болса еңбек заңы аясында компенсация төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет