Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»


З.Ахметов Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты



бет31/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

З.Ахметов
Ақын тұлғасы, адамгершілік мақсат-мұраты

... Лириканы түсіну-пайымдауындағы үлкен және жиі кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанның бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатынды да, өзіне ғана емес, өзгегег де тән көңіл күйін сезіне, айта алатынын ескермеушілік. Асылында, лирикалық шығармада ақын өмірде болатын жай-жағдайды, адамның сезім күйін қалайда жинақтап сипаттауға ұмтылады. Абай да сыршылдық өлеңдерінде өз көңіл күйін бейнелеп отырса да, ешқандай нақтылы деректер келтіруге әуестенбейтіні тегін емес.


Абайдың өлеңдері туралы айтқанда, лирикалық поэзияның өзгешелігін естен шығармауымыз керек. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын – алғыр оймен суарылған жалынды сезім. Өмір, дүние, адам тағдыры жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік поэзияны жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін – көркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің оттылығы, нәзіктігі. Лириканың басқа жанрлардан, айталық, сан алуан адамдардың қарым-қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын көлемді, оқиғалы шығармадан айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне, осында.
Егер эпостық шығарманың ең басты ерекшелігі уақиғаның қалай баяндалып, суреттелетініне байланысты болатын болса, лирикалық шығарманың күші, қуаттылығы алдымен адамның көңіл-күйін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасып жатады. Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше сыршылдықпен суреттеп, айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын айрықша сергектік, сезімталдықпен қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады...
...Поэзиялық шығармада ойдың, сезімнің мағыналығымен қоса бейнелілігінің көркемділігінің мәні зор. Әр сөздің мазмұн-мағынасымен бірге ырғақ-әуезділігі де оқушыға үлкен әсер етеді. Сөз өнеріне, әдеби шығармаларға тән ойдан шығару, әсірелеу, көркемдік шарттылық та поэзияда өзінше сипат алады. Ақын өзінің ой-сезімін барлық өлеңде біркелкі өз атынан тура айтпай, кейде кейіпкердің, яғни, өзі сипаттап отырған басқа біреудің сөйлеуі – монологы арқылы, немесе, біреуді мінездеу арқылы жеткізуі де кездесіп отырады. Ақын, автор ойын өз атынан айтқанның өзінде де, әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдерін қолдана алады. Ақынның бейнесі сөздің мән-мағынасы арқылы да өлеңнің көркемдік тәсілдері арқылы нақтылы көрініс табады. Поэлады.
Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзияда ақын тұлғасы көбінесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. Үйткені ақын өлеңінде үнемі басынан кешкенді, өзі көрген, немесе, өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болуы мүмкін жайларды да айтады. Сондықтан өлеңдегі лирикалық тұлға автордың, ақынның бейнесін танытады дей отырып, ол оның поэзиядағы көркемдік көрінісі екенін ұмытпау қажет. Екеуінің түпкі негізі бір, мүлде ажыратып, бөліп алуға келе бермейді десек те, осыларды екі түрлі ұғым деп түсінген жөн. Бұл жерде басқаны былай, қойып, лирикалық тұлға әсіресе сыршылдық сипаттағы және ой-толғаныс түріндегі өлеңдерде айқын бой көрсетсе, ал ақынның, автордың бейнесі лирикалық тұлға арқылы да, сонымен бірге қандай да бір басқа адамды мінездеу, соның өзін сөйлету, ал сюжетті поэзиялық шығармада уақиғаны баяндау арқылы да танылатынын айтсақ та жеткілікті. Осындай лирикалық тұлғаны зерттеу еңбектерде лирикалық қаһарман деп те атайды. Лирикалық қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын ақынның қоғамдық, эстетикалық мұраттары, идеялары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше түсініп-сезінуі. Сүйтіп, лирикалық қаһарман деген ұғым ақынның көптеген шығармаларында ой-сезім дүниесінің, мақсат-мұраттардың бірлік-тұтастығын танытады. Кейбір шығармалар оның жан дүниесін бір-қырынан, ой-сезімдерінің, толғаныстарының белгілі бір кезеңін көрсететіні айқындала түседі. Жекеленген шығармада лирикалық қаһарман бейнесі бір қырынан көрінетініне табиғат лирикасының кейбір үлгілері мысал бола алады. Біз бұлардан лирикалық қаһарманның табиғат сұлулығын қалай сезінетінін қаһарманның табиғат сұлулығын қалай сезінетінін әсіресе айқын байқаймыз. Бұл айтылған пікірді табиғатты, немесе, махабатты жырлайтын шығармада лирикалық қаһарман үнемі бір жақты, тар көлемде көрінеді деп түсіну дұрыс болмайды. Лирикалық шығармада көбіне – көп күрделі қоғамдық ой-пікірлер ақынның жеке адамға деген жылы сезімі, не болмаса назары түскен табиғаттың бір көрінісін сезінуі – бәрі тығыз байланысып жатады. Мәселе тек қай шығармада қай жағы басым келетінін ескеруде. Сонымен бірге лирикалық қаһарманның бейнесі мейлінше толық, жан-жақты қалпында ақынның бір ғана емес, көптеген туындылары арқылы бой көрсететінін әр уақытта есте сақтау керек...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет