Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет59/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
М.Ж.Жолдасбеков
Орхон ескерткіштерінің жанрлық сипаты

...Түркі қағанатының тарихын Күлтегін мен Тоныкөкке арналған жазулармен салыстырудың нәтижесі ескерткіш авторының алдында әдеттегідей тарихи жүйелеуден гөрі әлде қайда бөлек, әлде қайда биік міндет тұрғандығын көрсетеді. Басқаша айтқанда, Орхон жазуларының авторларын жалаң тарихи фактілер емес, белгілі бір идеяға арқау бола алатын тарихи оқиғалар қызықтырған тәрізді.


Тюрколог – тарихшылардың біразы: (С.Кляшторный, Л.Гумилев) “Тарихи оқиғалар дәл, алайда жеткіліксіз” деген пікірді айтқанда, руналық жазулардың әдебиет үлгісіне жататындығынан ғана халық тарихын егжей-тегжей баяндамай, оның ең қажетті, тартымды деген сәттерін ғана сұрыптап алып суреттейтіндігін ескермеген.
Екіншіден, егер біз Орхон жазулары сөз етіп отырған фактілер жайында ертеректе жазылған мәліметтерден бұрын-соңды оқып білмеген болсақ, онда ескерткіштердегі там-тұмдап қана берілген сараң тарихи деректерден жарытып ештеңе түсінбеген болар едік.
Сол себепті Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи фактілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын, кескілескен соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен жыр еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне жатқызу орынды.
Сондықтан да бір кездерде эпостық дәстүрі айрықша дамыған қазақ халқының бай мұрасы мен Орхон ескерткіштерін салыстыра зерттеудің ерекше мәні бар. Өйткені, Орхон жырларын зерттеу проблемасын жалпы әдеби процесімізден бөліп қарауға болмайды. Қайта біз халқымыздың тарихи өткенінен, рухани өсуінен мол мағлұмат беретін шығарманы терең зерттей түссек, онда бұл шығармалар эпикалық мәдениетіміздің көп сырларын ашуға мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда, эпостарымыздың жасалу процесін, оған қоса ғасырлар құрдымынан бүгінге дейін үзілмей, жалғасып келе жатқан жанды дәстүрді дәлелдей алатын боламыз. Қазақтың ұшан-теңіз эпикалық жыр дәстүрінің қайнар бұлағын, оның сарқылмас көзін ендігі жерде біз солардан іздеуге тиіспіз. Осы уақытқа дейін қазақ эпосының тууы жайындағы қорытындылар тұспалдап қана айтылып келсе, Тоныкөк, Күлтегінге арналған жырлардың зерттелуімен байланысты, бұл мәселені нақты дәлелдермен топшылауға мүмкіндік алатын боламыз...
... Халқымыздың ең көне эпикалық мұрасы – Күлтегін мен Тоныкөк жырларын ерлік жырына жатқызудың тағы бір себебі мынада: қазақтың батырлар жырына тән бұлжымас ортақ қасиеттердің денін біз Орхон жырларынан да табамыз.
Ол ортақ қасиеттер қандай еді?1
Біріншіден, Орхон ескерткіштерінің де, қазақ эпостарының да негізгі идеясы бір. Ол - өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы.
Екіншіден, солардың қай-қайсысында да әлеуметтік сарын басым. Ат жалын тартып, қолына қару алған жас батыр елінің намысы үшін сыртқы жауға қарсы аттанып, есепсіз қиындықтардан өтіп, ақыры жеңіспен оралады. Батырдың ерлігі қырғын қантөгісте көрінеді.
Біздіңше, батырға ер атағын – лақап атын осындай жауапты айқастарда көрсеткен ерлігі үшін беретін болу керек.
Үшіншіден, эпикалық жырларда жеңілуді білмейтін ежелгі батырлардың жас шағынан өмірінің ақырына дейін ерлік әрекеттері түгел, тұтас жырланады: Қобыланды мен Алпамыс батырлардың дүниеге келуінен бастап суреттелсе, Орхон жырларында Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өміріндегі ерлік істері баяндалады.
Мұның себебі неде? Біріншіден, біз алдыңғы екі жырдың әуелде қандай үлгіде туғандығын білмейміз. Бізге олардың талай жыраулардың қолынан өтіп, талай ғасырларды аттап, алғашқы нұсқасынан өзгеріп, толығып жетіп отырғандығы белгілі.
Екіншіден, “Күлтегін” тасқа басылған жыр десек, М.Әуезов айтпақшы, оның ауызша одан да толық варианттарының халық арасында таралмауы мүмкін бе?
Тіпті Күлтегіннің мол жорықтарының өзі қазақтың төл жырларының кейбіреулеріне арқау болмады ма екен?
Келешекте бұл мәселені де айқындау қажет.
Төртіншіден, эпостарда батырлардың астындағы ұшса – қанат, сенімді, қанатты тұлпар серіктеріне ерекше мән беріледі. Олар: Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы.
Ал Орхон жырларында бір Күлтегіннің астынан мұндай сәйгүлік, желаяқ аттардың талайын көреміз. Бір өзгешелігі, батырдың жойқын айқастарына шыдай алмай, олардың біразы оққа да ұшып жатады. Әйткенмен, солардың ішінен Күлтегінге шыдағандай, оған айнымас серік болғандай: Алып Шалшы ақ айғыр, Азман ақ, Қара-кер, Жетімек тәрізді батырдың даңқына сай тұлпарлар бөлек көрінеді.
Қазақ жырларының басқа халықтар эпосынан бір айырмашылығы да осы ер қанатын аса бір махаббатпен, эпикалық деңгейде, ерекше ықыласпен суреттеуінде.
Бесіншіден, Орхон жырларында да, қазақ эпостарында да дәстүрлі қайталаулар жиі ұшырасып отырады...
... Бір ғана бұл айтқандар емес, Күлтегін, Тоныкөк жырлары мен қазақ эпостарының арасында басқа да толып жатқан сәйкестіктер бар. Сондай-ақ, эпостағы көне элементтің бірі – ұлан-ғайыр жорықтар, айбынды айқастар суреті десек, олар-дағы жоғарыда аталған жырлардың күллісінде ерекше шабытпен әрі өте ұқсас жырланады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет