- Екі аяғымның басы сыздап шыдатпай жатыр, - деді Аспан. Хирург жігіт ұлын құшақтап отырған әйелге жалт қарады. - Жүз жасайсыз,- деді де тез-тез басып шыға жөнелді. Әйелі солқылдап жылауын одан әрі үдете түсті. Жанындағы он жасар ұлы кәперсіз, беті қабартып, үсіктің таңбалары мүлдем өзгертіп жіберген әкесін танымай қалды ма, үрке қарайды.» Монолог екіге бөлінеді.
Ішкі монолог - кейіпкердің іштей өз-өзімен сөйлесуі. Айталық, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романында Итбай Тұрлығұлдың адамдары қызын айттыруға келгенде іштей қиялға беріліп, өз-өзімен ой түрінде сөйлеседі.
«...Егер Ғайшажанды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен. Қой,ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда, құдай бұйырса, жүзге тарта жылқы болмай ма? Жазғы қызығының өзі қандай, үйдің сыртына ұзын желіні құрып, құлындарды шыңғыртып байлап жатқан қандай?... Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем!» Сыртқы монолог – шығармадағы кейіпкердің біреуге не көпшілікке арнап,сөзін бөлмей ойын жеткізуі. Орта жүздің биі болған Қазыбек қалмақ ханы Қоңтажыға елшілікке барғанда былай дейді: «Біз-қазақ деген елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен - қалмақ, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен - қабылан болсаң, мен -а рыстан, алысқалы келгенбіз...» Бұл – сыртқы монолог
Диалог - екі немесе бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі. Диалог сөздерде ой толық жеткізілмейді, сөйлем толық айтылмайды. Диалог түріне ашық сабақтан келтірілген үзінді.
- Балалар, мына сөз дұрыс жазылған ба?
- Дұрыс емес.
- Қалай жазылу керек?
- Сызықша арқылы
- Не себепті?
- Қос сөз
- Сәкен дұрыс айтты ма?
- Иә
Теңеу - заттың, я құбылыстың сыр-сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін, сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы танытып, айырықша мән-мағына беру.
Академик Қажым Жұмалиев теңеулердің жасалу жолын мынадай түрлерге бөледі:
1. -дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін жұрнақтары арқылы;
2. -ша, -ше жұрнақтары арқылы;
3. секілді, сияқты, тәрізді сөздерінің көмегімен;
4. бейне сөзінің көмегімен;
5. тең сөзінің көмегімен;
6. ұқсас сөзінің көмегімен.
«...Ожымбай қияда қомданған алып бүркітше екі иығын қозғап қойып сөз бастады.Сыбығыны енді асықпай бозторғайдың үніндей шырылдата бастап, жан-сезімді қытықтағандай әдемі бұлбұл үніне ауысты.» (Сәкен Жүнісовтың «Ақан сері» романынан )
Жүрегіңде бар жалын,
Жыры бейне кең дала
... Тегеште тез көпірген сүтке теңбіз.
( Қ.Бекхожин )