Әдебиет теориясы


Анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы. Отан



бет8/10
Дата04.04.2024
өлшемі31,04 Kb.
#200511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдебиет теориясы

Анафора – айтпақ ойды, ұқтырар сезімді мұқият сіңіру үшін өлең жолдарының басында бір сөздің бірнеше қайталанып айтылуы.
Отан – менің ата-анам,
Отан – досым ,бауырым
Отан - өлкем, астанам,
Отан – туған,ауылым,- деген өлең жолдарында «Отан» сөзі әр шумақ басында қайталанып келіп тұр.
Эпифора - өлеңнің әр тармақтарының соңында немесе әр ой ағымының аяқ жағында бір сөздің қайталанып келуі. Ақындар басты назар аударған нәрсенің не болмыстың басты қасиетін өлең жолы аяғында бірнеше дүркін қайталап, оқиғаны үдете,дамыта көрсетеді. 
Кетеген болса,түйең жау,
Тебеген болса, биең жау,
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
(Үмбетей)
Егіздеу - екі нәрсені, құбылысты не ұғым мен сезімді қатар қойып, ұқсата, салыстыра суреттейтін тәсілдер. Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде егіздеу тәсілі қолданылған.
...Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен
Аспандап ұшқан, қызғыш құс,
Сені көлден айырған-
Лашын құстың екпіні
Мені елден айырған-
Хан Жәңгірдің тепкіні
(Махамбет)
Ассонанс – шумақтың алғашқы дыбыстары бірдей дауысты дыбыстан келіп, ерекше үндес табуы (мазмұнға лайық). Махамбет өлеңіндегі
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?!- деген жолдар бірыңғай «е» дыбысынан басталып, ақынға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап тұр.
Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді.
Көптер көзін тіккендей,
Көп соңына түскендей,
Көптің несін алыппын?!
Көп кісіден анықпын!
(Махамбет)
Ақ өлең – ұйқассыз, екпін мен ырғақ үндесіп келген өлең жолдары. Бұл тәсіл көбінесе жыраулар мен шешендердің тіліне жақын қалыптасқан.
Қатынасы биік көлдерден
Қатар түзеп қу ұшар
Алға сап тез оқ ата көрмеңіз,
Қандыауыздан сыйлы жебе сайламай,
Атаның ұлы ер жігітке
Арту-арту оқ келер,
Оңған қатты сөз келер.
Ақ өлеңнің көркемдік табиғаты Еуропа мен орыс поэтикалық дәстүрі және өлеңтаным құрылымына қатысты бағыттарда жан-жақты қарастырылған. Бұл өлеңнің түрлеріне М.Әуезов пен М.Мақатаев,З.Қабдоловтар да ғылыми пікірлер айтқан.
Шумақ – бірнеше тармақтардан ұйқасқа құралып, ішкі мазмұнын ашатын өлең құрылысы. Өлең шумақтарында суреттеу, оқиға, көңіл-күй, сезім т.б.беріледі. Әр қаламгердің өз тақырыбы мен идеясы болады. Тақырып өздерінің таңдауына байланысты қойылады. Шумақтың тармақтары төрт не одан да көп жолдан,шумақ бірден жоғары саннан тұрады.
Мысалы, Жамбыл Жабаев Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахман өлгенде үш шумақ өлеңмен көңіл айтып, сәлем жазып жібереді.
Сәлем айт, барсаң Абайға,
Кеңесі кеткен талайға
Ауырды жеңген қара жер,
Сабырлы болсын қалайда!
Бір жұтқан судай дүниесін,
Ащысын татып күймесін.
Жапанға біткен бәйтерек,
Жалғызбын деп жүрмесін.
Кемелге келген асыл-ай,
Тасқынды тәңір басуы-ай.
Нар көтерген ауырға
Арқасын тоссын жасымай!
Ұйқас – шумақтың соңғы тармақтарындағы дыбыстардың өзара үндесіп келуі, өлең өнерінің мазмұндық, формалық сипаттарының үйлескен негізгі белгісі, бөлігі.
Мысалы, Ыбырай Алтынсариннің «Өзен»деген өлеңінде
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса,ыстық соқса,бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған,-деген жолдарда «сарқыраған, жарқыраған, арқыраған» сөздерінің буындары ұқсас келіп, өзара үндесіп, ұйқас жасап тұр.
Ұйқастың қара өлең ұйқасы, аралас,шалыс, ерікті, егіз, шұбыртпалы ұйқас т.б.түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет