Әдебиет теориясы


Ақ сақалдар мен қара сақалдар



бет7/10
Дата04.04.2024
өлшемі31,04 Kb.
#200511
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдебиет теориясы

Ақ сақалдар мен қара сақалдар тегіс жиналды. Дудар бас шауып келді. Шегір көз әлі отыр екен. «Ақ сақал,қара сақал, дудар бас, шегір көз» деген сөздер сипатына қарай адамды меңзейді.
«Сәкенді оқыдым» дегенде «Сәкеннің кітаптарын оқыдым» деген ой айғақ болып тұр.
Кейіптеу – жансыз заттарды, табиғат құбылыстарын адамға теңеп суреттеу.
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай
Азалы ақ көрпесін сілке тастап.
Жер күлімдер өзіне беріп шырай.
(Абай)
Гипербола – затты, нәрсені өз шамасынан ұлғайтып, асыра суреттеу.
Келбетіне қараса,
Омырауы даладай,
Жолбарыстай жон түзген
Аш күзендей бүгілген,
Ор киіктей жүгірген,
От басы орны отаудай,
Қабырғасы жонсаудай
Ор қояндай қабақты,
Қиғаш қамыс құлақты,

Тарланды мінер ме екенбіз?
( Ақтамберді )
Литота - затты, нәрсені өз шамасынан төмендетіп, кішірейте суреттеу.
Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты
Етектейін еріннің,
Екі елісі қалыпты
Қиған қамыс құлақтан,
Жалбыраған жалыннан
Жалғыз қарыс қалыпты.

(«Ер Тарғын» жырынан)
Ирония - келеңсіз жайттарды, ұнамағанды жеңіл, астарлы кекесінмен айту.
Дедім мен: «Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз!
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз»

(С.Торайғыров)
Сарказм - ащы мысқылмен, мазақ ете суреттеу.
Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың!
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын!

(Махамбет)
Шендестіру – екі нәрсені не екі құбылысты екі жағдайда бір біріне қарама-қарсы қойып суреттеу.
Сен алтынсың – мен пұлмын,
Сен жібексің – мен жүнмін,
Сен сұлтансың – мен құлмын,
Сен сұңқарсың – мен қумын.

(Шалкиіз)
Аллегория – дерексіз нәрселерді деректі түрінде суреттеу, яғни көзге көрінбейтінді бейнелер арқылы беру. Мысалы, «Түлкі мен ешкі» ертегісінде түлкі қулық, зорлық; ешкі - аңқаулық бейнелерінде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет