«Әдебиеттік оқу» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 4-сынып



бет3/16
Дата18.04.2023
өлшемі1,35 Mb.
#174817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Әдебиеттік оқу БЖБ мен ТЖБ

Барлығы

4

18

  1. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгілері

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
  1. тапсырма


Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннің тақырыбына сүйеніп, берілген оқиғаның дамуына болжам жаса. Жасаған болжамыңның себебін түсіндір.


[2]


  1. тапсырма


Суреттерді пайдаланып, тыңдалған мәтінге сәйкес әңгіме құрап айт.






















[4]

Балл қою кестесі





Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Тыңдалы және айтылым

Білім алушының ықтимал жауабы:
Мәтіннің кейіпкері сұхбаттасына өз елінің атақты тұлғалары, халқының ерекшелігі, мемлекеті туралы мақтанышпен әңгімелеп береді. Себебі мәтіннің бастапқы бөлімінде кейіпкердің өз елінің табиғатын сипаттаған тұстары берілген, оның сөзінен еліне деген мақтаныш сезімі байқалады.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауап қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес болжам
жасайды.

1

Өз болжамына дәлелді пікір айтады.

Білім алушының ықтимал жауабы:
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Жерінің үлкендігі жағынан дүниежүзінде 9-орында. Жері шежірелі, кең- байтақ. Жан-жануарлар мен өсімдіктерге өте бай. Елімізде дүние жүзіне танымал адамдар өте көп. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде әр ұлт өкілдеріне өмір сүру үшін жан-жақты жағдай жасалған. Барлық ұлт өкілдері өздерінің салт- дәстүрін, ұлттық тілін, дінін, киімдерін сақтап қалған.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады.
Тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады.

1


Оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, тыңдалған мәтінмен жүйелі байланыстырады.

1

Ойын жүйелі, еркін жеткізеді.

1


Суреттерге/ иллюстрация ларға сәйкес мәліметтерді қамтиды.

Барлығы

6






Оқылым
  1. тапсырма


Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.

    1. Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мақал -мәтелді анықтап, белгіле ().




    1. Мәтінге тақырып қой.




    1. Нұргүлдің шаршамай жұмыс істеуіне не себеп болды?




    1. Төртінші абзацтағы «мерейі тасыды» деген сөз тіркесі қандай мағынаны білдіреді? Жаз.




    1. Мәтін бойынша кейіпкердің мінез-құлқын немесе іс-әрекетін бағалайтын сұрақ құрастыр және жауап бер.

Сұрақ:
Жауап:
[6]

Балл қою кестесі





Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат



Оқылым

Жақсылық еккен алғыс орады

1




Қолғабыс/Көрші әжейге көмектесу/Бата алу/...

1

Тапсырманың

Көрші әжейдің айтқан жылы сөздері көңілін

1

мазмұнына сәйкес

өсірді/ Өзінің әжейге көмекші бола алғанына




баламалы жауаптар

қуанды/...




қабылданады.

Қуанды/қуанышқа бөленді

1




Сен кейіпкер туралы қандай ойдасың?/ Нұргүл

1

Тапсырманың

қандай бала?/ Кейіпкердің іс-әрекеті саған




мазмұнына сәйкес

қандай сезім туғызды?/...




баламалы сұрақтар

Мәтіннің кейіпкері өте адал, еңбекқор, үлкенді




мен жауаптар

сыйлайтын бала/ Нұргүл өзінің шаршағанына,




қабылданады

жасының кішілігіне қарамастан әжейге

1




көмектесіп, оның айтқан жылы сөздеріне







қуанып жүрді.







Барлығы

6




Жазылым
  1. тапсырма


Оқылымға берілген мәтінге жаңа кейіпкер немесе оқиға қосып, мәтінді аяқтап жаз.




[6]

Балл қою кестесі





Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Жазылым

Білім алушының ықтимал жауабы:
Үйіне қуаныштан жүзі бал- бұл жанып жеткен Нұргүлді анасы мен кішкентай бауырлары қарсы алды. Нұргүл қолындағы тостақ толы жидені анасына ұсынды. Бауырлары піскен жидені таласа жеп, мәз -мейрам. Нұргүл болса көрші әжейге жиде теруге көмектескенін, ол кісінің бата бергенін айтып тауыса алмай жатыр.
Анасы қызына мейірлене қарап, басынан сипады.

1


Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады.
Мәтінге жаңа оқиғалар/ кейіпкерлер қосып, жетілдіріп жазады.

1


Оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, берілген мәтінмен жүйелі байланыстырады.

1

Ойын еркін, әсерлі етіп толық жеткізеді.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді.

1

Грамматикалық нормаларды сақтайды.

Барлығы

6







  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет