Ассоциация және гирлянда әдісі Тура ұқсастықтың әр түрін дамытып және құрмалау арқылы Буш Г.Я. ассоциация және гирлянда әдісін ұсынды.
Ұқсастық гирляндасы сөздер тізімі кейпінде қалыптасады. Бұл барлық тіл бөлімдері және сөз тіркестері болуы мүмкін. Бастапқы сөзден талпынып, тізбек құрастырылады (әрбір жаңа ұқсастық бірінші сөзден емес, соңғы сөзден табылады). Сөз тізбегі еркінше немесе гирлянданы «тартақан» сөзден аяқталуы мүмкін. Мысалы: жол – бұралаң – тікшіл – жұмыртқа – жылтыр – төбешік – қар – шөл – қант – дәмді – компот – жеміс – басқа – аурухана – дәрі – ащы – пияз – жүйек – бақша – жол.
Ұқсастық тізбегі ұзын немесе қысқа болуы мүмкін, маңызы жоқ. Әрбіреу өз мінез-құлқына, көңіл-күйіне, жігерлігіне жақын ұқсастықты табады. Мысалы: біреудің күлкісі – қоңыраудың сыңғырындай, екіншісінікі – жылға сылдыры тәріздес, үшіншісінікі – аттың кісінеуі сияқты.
Ассоциация және гирлянда әдісін қолдану арқылы балалар мерекеде, серуенде, балабақшада, демалыс күндері, т.б. өздеріне ұнағандарын, естерінде қандай жағдайлардың қалғаны туралы білуге болады. Тек бұл жағдайда баламен жеке ойнап немесе екі-үш баламен ойнау қажет, өйткені үлкен топшаларда балалар бір-бірінің айтқандарын қағып алуға бейімделеді, сондықтан өз ассоциацияларынан алаңдап қалады.
Мектепалды даярлық топ балаларына «Ассоциация» ойынын ұсынуға болады.
Бұл ойынды бір-бірін жақсы білетін ұжымда ойнайды. Жүргізуші не жайында әңгіме болатынын естімеу үшін, бір ойыншыға есіктің әр жағына шығуды ұсынады. Қалғандары ойыншының жасыратынымен келіседі (сонымен қатар жорушыны да). Жасыратын ойыншы анықталғаннан кейін, жорушыны шақырады. Ол мынадай сұрақтар қояды: «Егер де бұл ыдыс болса – ол қандай?»; «Егер де бұл жиһаз болса – ол қандай?»; «Егер де бұл жануар болса – ол қандай?» т.б. Қалған ойыншылар сұрақтарға жауап бергенде, «сырлы» адамның мәнін ашатын заттарды, табиғат құбылысына сәйкес анықтамаларды атайды.
Мысалы: «Иілген аяқтарымен элегантты орындық»; «Чех хрусталінен жасалған гүлсауыт...», т.б. Жорушы жауаптарды талдап өтуі керек, заңдылықты айқындап, атап өткен анықтамалар кімге сәйкес келетінін тауып, жасырынған адамды табуға әрекет жасауы қажет. Ойын ұзаққа созылып кетпеуі үшін уақытты шектеу керек.
Мектепке дейінгі балалармен көркем әдебиет кейіпкерін, сүйікті ойыншықтарын ойлап табуға болады.