Әділханова жанна сайынқызы



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)
2.
 
С. Сейітов және туысқан халықтар әдебиеті. 
 
Әдебиеттің дамуында ерекше орын алатын құбылыс, ол – басқа
халықтар әдебиетімен байланыс орнату. Бір-бірінен үйрену, біріндегі
жақсы үлгіні бір-біріне үйрету. «Жалпы мағынасында алып қарағанда
әдеби байланыстар бір әдебиеттің екінші әдебиеттің әлеміне кірігуі
болып табылады. Мұндай кірігудің пішіні әр қилы. ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан бері әдеби байланыстар жалпыәлемдік ауқымға
ауысты да, әр халықтың әдебиетіндегі өзіндік белгіге, сонымен бірге
әлемдік әдебиеттің өзіндік фактісіне де айналды», – дейді Н.И. Конрад 
[64.319-б]. Басқа халықтың жан әлемін, оның мәдениетін, рухани
дүниесін танып-білу арқылы өз мәдениетің мен өнеріңнің деңгейін
парықтайсың. Әдебиет зерттеуші И.Г. Неупокоева халықтар арасындағы
әдеби байланыстың мынандай түрлерін атап көрсетеді: Тарихи
тағдырлары бойынша өзара жақын халықтар әдебиетінің (славян, 
скандинав, латын-американ әдебиеттерінің, Азия, Африка елдеріндегі


63 
халықтар әдебиеттерінің) өзара байланысы. Бір-біріне ұқсас тарихи
жағдайда дамып жатқан әдебиеттердің (Кеңестік кезеңдегі одақтас елдер
әдебиеті)байланысы. Тілдері жақын немесе әдеби тілі ортақ әртүрлі
әдебиеттердің (ағылшын және американ, ағылшын және австралиялық,
австралиялық және немістік, т.б. әдебиеттердің) өзара байланысы. Әртүрлі
тарихи жағдайда және әртүрлі ұлттық көркемдік дәстүрлер негізінде
дамығанымен, идеялық-эстетикалық мақсаты бойынша жақын әдеби
бағыттардың ( кеңес әдебиеті мен социалистік елдердегі социалистік
реализм әдістерінің) өзара байланысы. Тарихи бастау-тегі ортақ
әдебиеттердің (тәжік және парсы әдебиеттері) байланысы. Тарихи
тұрғыдан бір-бірімен аралас-құралас болған мәдениеттердің әлемдік
тарихи үдеріске қатысын көрсететін өңірлік байланыстар [65]. Осының
бәрі айналып келгенде біртұтас әлем әдебиетін құрайды. Әдеби
байланыстар рухани саланың әлемдік деңгейін танытатыны ақиқат.
«Әлем әдебиеті» деген ұғымды алғаш Гете енгізген екен. 1827 жылы
15 қаңтарда ұлы ақын күнделігіне «Француз және әлем әдебиеті туралы
айтып жаздырдым» деген қолтаңба қалдырады. Зерттеушілер ол күнді
әдебиет үшін жаңа ұғымның туған күні санайды. Неміс ақынының тағы:
«Поэзия – бүкіл адамзаттың ортақ игілігі, қай елде де, қай кезде де жыр
жазылмай қоймайды. Егер біз өзімізге тақау ортаның шеңберінен
шығып, сыртқа көз тастамайтын болсақ, онда тақуалық соқыр сенімге
түсіп кетуіміз оп-оңай. Сондықтан да мен өзге ұлттардың не жасап
жатқанымен ықылас қоя танысып отырамын. Ендігі жерде әлем
әдебиетінің дәуірі келе жатыр, әр қаламгер сол дәуірдің таңы атуын
тездетуге септесуге тиіс »,– деген сөзін әдебиетші қауым білуге тиіс.
Жер бетін мекендеген жүздеген, мыңдаған халықтардың рухани
қазынасымен танысып, оның игілігін өз халқыңа көрсетуге жарасаң,
ғалым үшін одан асқан бақыт болар ма? Қазақ әдебиетінде осы бағытта
талмай еңбек еткен ғалымдар легі де жетерлік: М. Қаратаев, С. Қирабаев, 
Ә.Жәмішев, Р. Нұрғалиев,Б. Ысқақов, Ш. Сәтбаева, А. Мусин, Т.Ақпамбетов, 
Е. Лизунова, Р. Қайшыбаева, Р. Әбішева т.б. Солардың ішінде
шығармашылық еңбегінің негізгі өзегі етіп, түпкілікті қопара зерттеген
ғалым – С. Сейітов болды. Оның шығармашылығының негізгі мақсаты – 
қазақ әдебиетінің туыстас елдер әдебиетімен тығыз байланыста болып,
өзге елдердегі игілікті істерді игеру, өзімізді басқаға таныту болды. 
Оның бұл бағытта: 
«Тоғысқан толқындар» (1975) «Туысқандық туғызған» 
(1979) /зерттеулер мен мақалалар/, «Пушкин лирикасын қазақ тіліне
аудару дәстүрі» (1985), «Қазақ поэзиясындағы Маяковкий дәстүрі» 
(1966), «Қазақ-түркімен әдебиетінің байланысы» (2010)
деген
монографиялық кітаптары бар. С.Сейітов еңбегінің бір бөлігі – туысқан
елдер әдебиетін зерттеуге себеп те бар: біздің жерімізде жүзден аса ұлт
өкілдері қоян-қолтық араласып, тату-тәтті өмір сүріп жатқаны бүгін ғана
емес. Ол Кеңес кезеңінде «совет адамы» деген атаумен барша адамдар
бір-біріне дос, бауыр, туыс деген гуманды пікірді қалыптастырды.
Адамгершілікті ту еткен осы идея қазақ әдебиетінде жаңа образдардың


64 
дүниеге келіп, ұрпақ тәрбиесіне өзіндік ықпалын тигізгені тарихтан
белгілі. Мұның теңгенің екі жағы сияқты екі түрлі сипаты болды. Бірі –
басқа халықтармен тығыз достықты қалыптастыру арқылы өзгеден
үйрену, даму, өркениетке жол ашу тәрізді жағымды жағы болды. 
Сонымен қатар, бүгінгі көзқарас тұрғысынан келсек, ұлттық
құндылықтарымыздың кейінге ысырылып, басқаға еліктеуге
ұрынғанымызды да жасырып қалуға болмайтын шығар. Дей тұрғанмен,
ол дәуір үшін 60-90 жылдар әдебиетінде туысқан халықтар әдебиетімен
тығыз қарым-қатынас жасау – әдебиеттің өсу тенденциясына оң
ықпалын тигізді деп батыл айтуға болады. Ұлттар әдебиетінің бірін-бірі
байытуы, ұлттық және интернационалдық сипаттардың диалектикалық
бірлігін барған сайын таныта түсті. Кеңес дәуірі әдебиетінде қалыптасқан
«социалистік реализм» терминінің негізі осы халықтар достығын
насихаттаумен ұштасып отырды. Бейбіт еңбек адамының бейнесі, олардың
бойындағы жаңа қасиеттер қалам қайраткерлерін терең мазмұнды, биік
сапалы шығармалар тудыруға құлшындырды. Сонымен қатар, ол
кезеңдегі әдебиет жазушылар мен ақындардың алдына жоғары талап пен
талғам қоя білді. Көркемдік шеберліктің сырларын меңгеру, орыс және
дүние жүзілік классикалық әдебиетті меңгеру, дамыту аса маңызды
міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта туысқан халықтар әдебиетімен
қарым-қатынас жасау, олардың тәжірибесінен үйрену қазақ қаламгерлері
үшін тың бағыт еді. Туысқан халықтар әдебиеті, әсіресе, орыс әдебиеті
арқылы дүниежүзілік әдебиетті меңгеру жолы – үлкен мектеп болғаны
да рас. Көркем шығармада жаңа адамның әлеуметтік қалыптасуы, дамуы, 
интернационалдық принциптердің орнығып, өзіндік проблемаларын
зерттеу, тану, образдар жүйесі арқылы ашып көрсету процестері жүріп
жатты. Ресей мен Украина, Белорус пен Өзбекстан, Түркіменстан мен
Тәжікстан, Әзербайжан мен Қырғызстан сияқты туысқан елдердің мәдени
өмірі, олардың ақын-жазушыларының шығармашылығы туралы мақалалар
мен ғылыми зерттеу еңбектер, аудармалар жарық көрді. Қазақ
әдебиетіндегі интернационалдық әуен-ағындар, халықтардың мызғымас
достығы мен айнымас туысқандығын ардақтау сарындары Кеңес
өкіметінің орнаған алғашқы жылдарында-ақ Сәкен Сейфуллиннің, Сәбит
Мұқановтың, Ілияс Жансүгіровтың революцияшыл рухтағы
поэзияларында белгі берген болатын («Жолдастар», «Қазақ
марсельезасы», «Иван мен Мырзабекке», «Бостандық», «Ресей жері» т.б.). 
Сонан бергі дәуірлерде осынау сарын жалғаса, дами келіп, 60-90
жылдардағы әдебиеттің негізгі тақырыбына, іргелі дәстүріне айналды.
Оның өз өсу жолы, тарихы, эволюциясы, ерекшеліктері бар. Басқа да
бауырлас әдебиетшілер сияқты, қазақ ақын-жазушыларының ішінде
халықтар достығы тақырыбына қалам тартпағаны аз . Әсіресе, поэзия
жанрында, оқиғаларға шапшаң үн қататын белсенді де жауынгер жанрда
да көп іс тындырылды. Өзге ұлт өкілдерінің шығармаларын қазақ
оқырмандарына танытуда Қ. Аманжолов, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Мырзалиев, І. 
Жансүгіров т.б. талмай көз майын тауысты. Сол шығармалардың бәріне


65 
ортақ қасиет: оларда сүйіспеншілік сезім, бір-біріне деген құрмет, Отанға
деген мадақ, бір ананың ұлдары екендігін мақтан тұту ең басты орында
тұрды.
Әдебиеттер байланысының жоғарыда атап өткен түрлері тарихи
дамуы жағынан да, тілдік ұқсастығы жағынан да одақтас елдер
арасында рухани кең өріс алды. Әсіресе, 60-70 жылдарда соңғы
байланыстың мазмұн жағынан байып, ұлғая түскенін байқаймыз. Көп
ұлтты әдебиетімізде тұтас бір идеялық-тақырыптық арна – комплексті
байланыс ( шартты түрде осылай аталып жүрген) түрі орнығып, қанат
жайды. Бұл арада әңгіме суреткердің шығармашылығымен контактылы
байланыс жөнінде емес, бір ұлттың өкілінің – қаламгердің екінші бір
өлкемен, елмен шығармашылық қатынасында болып отыр. Осы
бағытта әдебиетіміз көптеген жаңа шығармалармен толықты. Прозада
Ғ.Мүсіреповтың, Т.Ахтановтың, Ә.Нұрпейісовтің, Ә.Әлімжановтың,
З.Қабдоловтың, Ш.Мұртазаның, Ә.Кекілбаевтың, т.б. романдары мен
повестері, поэзия жанрында Ғ.Ормановтың, А.Тоқмағамбетовтың, 
Х.Ерғалиевтің, С.Мәуленовтың, Қ.Бекхожиннің, Ж.Молдағалиевтің басқа
да ақындардың жаңа жыр жинақтары, поэмалары қалың жұртшылықтың
қолына тиді. Бұл шығармаларды сын тұрғысынан талдап, ғылыми
негізде сараптау бағытында Сағынғали Сейітов көп еңбек етті. Ол осы
бағытқа жоғарыда атап өткен «Туысқандық туғызған»(1979), «Тоғысқан
толқындар» (1975), «Сөз сұрайды солдаттар» (1970), «СССР Одағы
халықтарының достығы» (1965), «Қазақ поэзиясындағы Маяковский
дәстүрі» (1966), “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі” (1985) 
деп аталатын кең көлемді, көтерер жүгі салмақты көптеген кітаптары
мен жүзге тарта мақалалары мен поэзиялық шығармаларын арнады.
Бұл қазақ әдебиеттануына қосылған үлкен еңбек еді. Өйткені, әр
кітапқа енген мақалалардың өзі ауқымды, мазмұнды. Бір ғана
«Туысқандық туғызған» деп аталатын еңбектің өзіне 34 ғылыми
мақала қамтылған. Олардың әрбірін кіші-гірім ғылыми жұмыс деп
тануға болады. Жалаң баяндаулардан немесе эссе бағытындағы
естеліктерден тұрмайды, әрқайсысы тиянақты талданып, құнды-құнды
пікірлерге негізделген. Атап айтар болсақ, «Сөз өнерінің салиқалы
саласы», «Соғыс.Адам.Әдебиет», «Туысы бір, туы ортақ», «Днепрдей
арналы, Көкшедей көрікті достық», «Тарас тұлғасы», «Арарат пен
Алатау ағайынды», «Таулы аймақтың поэзиясы», «Өзбек өлеңінің
өрені», «Қырғыз әуендері», «Алысты жақындатқан асыл сөз», «Азия, 
Африка ақындары», «Он жылдарға созылған достық», т.б. деген
мақалаларда әр елдің әдебиеті, тұрмыс-тіршілігі, халқы туралы толық
мәліметтер қамтылған. Атының өзінен-ақ аңғарылып тұрғандай, әр
мақала бір елдің, бір ұлттың өмірін, әдебиет саласындағы бағытын, 
көрнекті тұлғасын танытатын мәні терең, берер тағылымы жоғары
рухани дүниелер. Бұл дегеніңіз көп ізденісті, талмай еңбектенуді, өз
ісіне деген зор сүйіспеншілікті қажет ететін жұмыс екені белгілі. Осы
мақалалар арқылы 60-90 жылдардағы қазақ әдебиетінің басқа


66 
ұлттармен өзара тығыз байланысын, шығармашылығын анық аңғаруға
болады.
Қазақ ақын-жазушылары – С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Мүсірепов, 
М.Әуезов, С.Мұқанов тағы басқа қаламгерлер М.Гоькийден бастап 
М.Шолохов, А.Фадеев, Л.Соболев, А.Твардовкий, Мирзо Тұрсын-Заде, 
Ғ.Тоқай, Расул Ғамзатов, Шыңғыс Айтматов, Эдуард Межелайтспен тағы
басқа көптеген туысқан халықтар әдебиеті өкілдерімен шығармашылық
байланыста болып, ұлттық әдебиетіміздің кең өркен жаюына дәнекер
болды. Әсіресе, орыс әдебиетінің Абайдан бастау алған достық
байланысы Кеңес дәуірінде шарықтау шегіне жетіп, нәтижесінде ұлттық
әдебиетіміздің құлашын кеңге жайған ауқымды шығармалар әкелгені
рас. Оны ғалым да жақсы байқаған, өз зерттеулерінде жан-жақты
тәптіштеп талдап көрсеткен.
«Қазақ өмірімен азды-көпті таныстығы ертеректе басталған 
М.Горькийдің кейінірек қазақ фольклоры, қазақтың ән-күйі туралы
айтқан аса құнды пікірлері сол әріректен келе жатқан достық пейілдің
бастауы тәрізді. «Міне, менің алдымда «Қазақ-қырғыздардың мың бір
әні» деген жинақ жатыр. Нотаға түсірілген әндер жинағы. Олардың
асқан сұлу мелодиялары – болашақ дәуірдің Моцарттары мен
Бетховендері, Шопендері мен Мусоргскийлері, Григтері үшін мол
материал деген ол «Сіздер алтын қазыналы сандықтың үстінде отыр
екенсіңдер» деген ол біздің қазақтың бай әдебиеті туралы»,– деген
мәліметтері арқылы [66. 36,37-б.]. С.Сейітов С.Сейфуллиннің, 
І.Жансүгіровтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің М.Горький үлгісін оқып, 
танып, өз шығармаларына арқау еткенін талдап көрсетеді. Сәбит
Мұқанов пен Ілияс Жансүгіровтың М.Горькиймен бірнеше рет
жолыққанын, онымен әңгімелесіп, ақыл-кеңес сұрағанын айта келе, 1933 
жылғы бір кездесуде М.Горькийдің қазақ әдебиеті туралы қызыға
сұрағанын жазады. Ұлы суреткердің бай тәжірибесіне үңілгенде қазақ
жазушылары оның үлгілерін қаз-қалпында қабылдай салушы емес, өзінің
шығармашылық бағытын сақтай отырып, үйрену үстінде өсуші, әдебиетте
жаңа сөз айтушы, жаңалық әкелуші, бағыт көрсетуші тұлға боп
қалуында. Оны өздері де айтады. С.Сейфуллин: «1917 жылы жазылған 
«Мүслима» («Жұбату») деген әңгімемде Горькийдің романтикалық
әңгімелерінің әсері күшті болды»,– десе, [67]. М.Әуезов « …Менің
ертеректегі «Қараш-қараш» повесімнің жазылуына Горькийдің 
«Челкашының» зор әсерінің болғаны күмәнсіз» деген [68, 37-б.] Ал әйел-
ананың адамгершілік қасиетін қастерлеу, ардақтау тақырыбындағы
гуманды сипаты бар шығармалар сериясын жазған Ғ.Мүсіреповтің де
осы дәстүрден тәрбие алғаны баршаға аян. 
Біз орыс сөз өнерінің қазақ жазба әдебиетінің дамуына зор
ықпалы болғанын жасыра алмаймыз. Бұл – тарихи шындық.
М.Горький мен Белинскийден басқа М.Шолоховтың, А.Фадеевтің, 
Л.Соболевтың, Д.Фурмановтың, Н.Островскийдің т.б. поэзия саласында 
В.Маяковскийдің, А.Твардовскийдің, Д.Бедныйдың, Н.Тихоновты т.б. орыс


67 
әдебиетшілері мен көптеген ақындардың ықпалы да аз болмағаны
белгілі. 
С.Мұқанов: «Менің «Сырдариямды» Александр Александрович екі-
үш күнде оқып шығып, ауызша да, жазбаша да көп бағалы пікірлер
айтты. Қолжазба күйінде болсын, қолына тиген көркем шығарманы тез
оқу, ұққан пікірін адал айту Горькийден соң, Фадеевтің бойынан көбірек
табылатын қасиет еді. Одан жолдастық адал ақылын естімеген жазушы
аз болған жоқ. Жазушылардың съездерінде, пленумдарында,
мәслихаттарында, жиналыстарныда ол әдебиетіміздің ұлттық
кадрларымен көп кеңесіп, көп сырласатын»,– дейді [69, 566-б.]. Сол
кездегі СССР Жазушылар одағына бірнеше жыл бойы басшылық еткен
аса көрнекті жазушы А.Фадеев туысқан әдебиеттердің өсіп-өркендеуіне
көп көмек көрсетіп, ұлттық әдебиеттанудың алдында тұрған өзекті
мәселелердің тезірек және дұрыс шешілуіне назар аударып отырды. Ол
қазақ әдебиетінің ең абзал достарының әрі насихатшыларының бірі болды
деуге болады. А. Фадеев қазақ әдебиетіне «профессионалдық үлкен
әдебиет болып, Бүкілодақтық әдебиеттің дәрежесіне көтерілді және сол
арқылы дүние жүзілік мәні бар әдебиет болып отыр» деп алғаш жоғары
баға берген-ді. 1949 жылы Парижде сөйлеген сөзінде ол М.Әуезовтің 
«Абайы» мен Ғ.Мұстафиннің «Миллионері» жөнінде оң пікір айтып, 
ерекше ықылас танытты. Бұл дегеніңіз қазақ әдебиетінің дамуындағы зор
жетістік болатын.. Осы дамудың қандай деңгейде болғанын, жетістіктерге
қалай қол жеткізгенімізді сараптап, оны сын көзімен таразылау
барысында С.Сейітов көп еңбек сіңірді. Әдебиетші Мамытбек
Қалдыбаев ғалымның 60-жылдығына арналған мақаласында: «С.Сейітов
қай бір ақынның творчествосын талдаса да, олардың өзіне ғана тән
ерекшелігіне тоқталмай өтпейді. Бұған ғалымның, әсіресе, А.Фадеевтің, 
Н.Тихоновтың, 
Ғ.Тоқайдың, 
Ш.Руставелидің, 
Т.Шевченконың
творчествосына арналған зерттеулері дәлел. Туысқан халықтар әдебиетінің
өзара салыстырылып, жан-жақты зерттелуі игілікті іс»,– деп бағалайды 
[70] . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет