Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


-деңгей. Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптарды атаңыз



бет15/51
Дата02.06.2024
өлшемі179,19 Kb.
#203092
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
қазақ тілі сессия 2023Ж

2-деңгей.

  1. Сауат ашу барысында жазуға қойылатын талаптарды атаңыз.

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:
а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
ә) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы етпей, тегіс, бірдей жазу;
б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете (45) жазу;
в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің, арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір-бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс) отыру;
г) бірте-бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс.

  1. Әліппеде суреттер берудегі мақсатты анықтаңыз.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.

  1. Кеспе әліппенің қажеттілігін сипаттаңыз.

Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал — «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар. Әліппеге қосымша көрнекі құрал — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатынзаттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады.

  1. Жазу үлгісін” пайдалану туралы сипаттаңыз.

1-сыныптағы жазу. "Жазу дәптерін" пайдалану тәртібі 1. Жазу дәптеріне қаламмен жаздырту. 2. Дәптердің сыртын толтыру. 3. Әр жазу жұмысының аралығына күн, ай аттарын жазбау. 4. Әр жазу сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көлемі не жұмыс мөлшері дәптердің жиек сызығына созылған қызыл дөңгелек /о/ белгілерінің аралығы екенін аңғарту. 5. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме құрастырып және оның дыбыстың, буынның құрамын көрсететін сызбамен жұмыс жүргізу. 6. Әр әріптің жазба түрінің кіші және бас әріптерімен толық таныстыру барысында олардың өзара байланысына, жалғасуына назар аудару. Әріптің құрамы қанша элементтен тұратыны көрсетілген жолға жазғызбау, ашық қалдырту. 7. Тік төртбұрыш ішінде берілген заттар үлгісінің үстінен жүргізу. 8. Жазу жолының басында қара түспен әріптің жазу үлгісі көрсетілгенін, ал қызыл түспен берілген үлгілер, бастырып жазуға арналғанын ескерту. Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны көп



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет