Ойын «Сөйлемді аяқта!» Тақтада:
Сары шаршы үлкен, ал .........
3. Қорытынды: Сонымен, «Геометрия» елінің тұрғындары кім екен?
Фигураларды атап беріңдерші.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Бүгін біз осы елдің жаңа тұрғындарымен танысамыз, оларды салыстырамыз да
ажыратуға үйренеміз.
2. Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс :
- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық
- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық
- Екі шетін байласақ - жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық
- Байлағанды шешсек - жіппен не болады? - тұйықталмаған сызық
Тақтада жұмыс: түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды оқушылардың
өздеріне салғызу.
3. Қорытынды: «Геометрия» елінің маңызды тұрғындар – сызықтармен таныстық.
- Сызықтар қандай болады?
- Қалай ойлайсыңдар, олардың керегі неде?
- Олардың көмегімен не сызуға болады?
Маркерлік тақтаға фигураларды салғызу: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша.
ІҮ. Білімді тиянақтау.
1.Оқулық бойынша жұмыс.
№ 2 - өздік жұмыс; ойлау, дәлелдеу.
1топ – № 1 2 топ – № 3
Достарыңызбен бөлісу: |