Әдістемелік конференция материалдары түркістан, 20 ақпан 2017



бет11/14
Дата02.05.2018
өлшемі11,96 Mb.
#40395
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Кожан Данияр Мәлікұлы


2 курс докторанты

Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Алматы, Қазақстан

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ЗЕЙІННІҢ РӨЛІ


Төменгі сынып оқушыларының зейін қабілетін анықтау бақылау, қадағалау нәтижесінде байқалады. Себебі қазіргі таңда зейін оқушылардың танымдық көзқарасымен тікелей байланысты болып отыр. Ақпарат құралдары (әлеуметтік желі, аудио, видео, әртүрлі чат, байланыс құралдары) қазіргі кезде қарқынды дамып отырғаны анық. Төменгі сынып оқушыларының сабақтан тыс уақыты және оны өткізу бір бөлек. Әртүрлі ақпарат (танымдық, психологиялық, әлеуметтік (қоғамдағы жаhан жаңалықтар, реформалар, т.б.), т.б.) оқушының назарынан тыс қалып отырған жоқ. Оқылған, қаралған ақпарат оқушы назарын, көзқарасын қалыптастыра отырып өзіндік тың ой қалыптастырады және оны болашақта ескеріп жүруі креативті ойлауға ықпал жасайды. Креативті ойлаудың нәтижесі оқушы шығармашылық әрекетін қалыптастыруға әкелетін жол. Шығармашылық әрекет өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты. Оқушы психологиясында әрбір жас кезеңдерінде психикалық, биологиялық даму ерекше орын алады. Жас, жыныс ерекшеліктеріне орай таным мен түсінік әрекеттерінің біршама жедел дамуының негізгі жолдарын ашу, оқу, тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі. Шығармашылық қабілеттік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады. Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрееттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Соңғы жылдары шығармашылық психология туралы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттіліктер және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин, Э.А.Голубаева, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік негізін қалады. Оқушы психикасының дамуындағы кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктердің жан-жақты дамуына түрткі – оқу-іс әрекетін тиімді ұйымдастыру. Мектеп оқушыларының психологиялық, биологиялық жетілу ерекшеліктеріне алыс және жақын шетел ғалымдары, педагог ұстаздар Ж.Пиаже,

Д.В.Эльконин, А.В.Запорожец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков,

А.А.Любленская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады.

Ал қазақ әдебиетінің шоқ жұлдыздарының бірі, ұстаз Ы.Алтынсариннің оқушы деңгейін, даму ерекшеліктеріне қарай оқытудағы негізгі мақсат пен мүддеге лайықты әңгімелер мен шығармаларды топтастыруынан да байқауға болады. Ал Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл-ой қабілеті өте жоғарылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс – жетістікке жететіндігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп – оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту – жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Бүгінгі таңда шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу шығармашыл адамдардың ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана (қандай түрде, қандай деңгейде болмасын) адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектептің алар орны ерекше. Өйткені мектеп:



  1. Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамыту өзінің қызығушылықтары бейімділіктерін іске қосуға;

  2. Жеке сезімдерін қалыптастыруға;

  3. Ұжымдық, топтық іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретуге;

  4. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасауы керек. Оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктері бар. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікірін негізге ала отырып қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Көрнекті психологтардың (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз, олардың даму мүмкіндіктерінен төмен екені көзге түсіп тұратынын айтқымыз келеді.

Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.А.Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе инттелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, онда тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз. Шығармашылықтың мәні, шығармашылық ісәрекет туралы әр кезде, әртүрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі бір философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - деген. Ал шығармашылық пен даму тек зейіннің көмегімен жүзеге асатыны айқын. Оқушы зейінін дамытуға көмектесу қажет. Мұғалім, ата-ана, ортадағы жасы үлкен адамдар сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. Зейін — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді [1]. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз біздің назарымызды өзіне тартады. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да, осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды жасамау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін қажетінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің көрінісі. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:

а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы

(мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);

ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу,



қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді. Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін ісәрекетке тікелей кірісу қажет;

  2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойдыаулақтатқан жөн;

  3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпенберілген дұрыс;

  4. Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілдіалаңдататын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, т.б.) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады;

  5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Қорыта айтқанда, ырықты зейіндеп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады. Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.

Үйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Мектеп — оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Мұғалім осы жағдайды есінде ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды. Мұғалім оқушыларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы.Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп өте дұрыс айтқан. Төменгі сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудағы зейіннің даму процесі төменгідей талданады. Оған үш түрлі фактор қатысады:

  1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүруде қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құрылысы ерекшелігін білдіретін бала организмінің ортамен өзара қарым-қатынасының нәтижесі болып табылатын белсенділікті, өсіп келе жатқан адамның денсаулығын, қалыпты өмір тұрмысын қамтамасыз етеді.

  2. Әлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен, адамдардың ортасы. Бұл баламен қарым-қатынас жасайтын адамдар. Олардың сипаттары, олардың еңбекке, басқа адамдарға қатынасы, олардың істері мен сөздері мен талаптары, дағдылары мен ұмтылыстары бала өсіп, дамитын рухани ортаны құрайды.

  3. Баланың белсенділігі. Даму процесіндегі әрекет ететін үшінші күш болап саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өзінің белсінділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы, әрекет күткен нәтиже бермейді және баланың дамуына әсер етпейді.

Н.Д.Левитов даму, шығармашылық, зейінді қалыптастыруды саралап көрсетті. Олар::

  1. Оқу материалын жылдам меңгеру;

  2. Өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру дағдысын;

  3. Негізгіні және көмекшіні анықтай білу дағдысын;

  4. Оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.

Қорыта айтатын болсақ, барлық зерттеушы ғалымдар, педагогтардың шығармашылық, зейін туралы ойлары оқыту барысында қабылдаудың, естің, зейіннің, ойлаудың, тілдің дамуы деген қорытындымен тұжырымдайды. Оқыту барысында сабақтардың дамытушылық функциясын арттыруды басты мақсат етіп қояды. Бұдан шығар қорытынды білім берудегі басты міндет білім, білік, дағды қалыптастыру ғана емес, баланың ішкі күштері мен мүмкіншіліктерінің ширай түсуі. Ол үшін бала әрекет етуі керек. Төменгі сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен, шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген мақсатты шешеді. Мәселен: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, әрекет, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді, объектінің жаңа функциясын көре білу, проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу, жаңа объект, жаңа шешім табуды белгілейді.

А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қырағылыққа балайды; ақылдың алғырлығын; әрекетті сынай, бағалай білу қабілеті, идеяларды іске асыру қабілетін, болжай білу қабылеттерді атайды. Шығармашылық әрекетте репродуктивті, көшірмелік әрекет болмайтын: шабыт орын алады. Ол адамның барлық ішкі резервтерін сарқа жұмсауды талап етеді, ақырғы нәтижені көре білу, интуиция сияқты кезеңдерден өтеді. Шығармашылық әрекет жайлы басқа да психологтардың көзқарастары да назар аударарлық. Шығармашылық әрекеттің ең негізгі күре тамыры интуицияны жоқ етуі деп есептейді (Я.А.Понамарев, М.С.Скаткин т.б.). Осы еңбектерге және өз тәжірибемізге сүйене отырып, біз шығармашылық әрекет деп мәселені баланың өз бетінше өзгеше шешуі, бұрынғы білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жол шешімдерін таба білуі, шешімнің тапқырлығы деп білеміз. Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.



Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы- 1991. 26-34б.

    2. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы- 1993. 84- 94б.

    3. Баимбетова Л.Р, Аринова Г.К.,. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту. Әдістемелік құрал - Астана, 2010

Сейтбекова Жансая


«Ертөстік» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

БАЛАДА КЕЗДЕСЕТІН АЛҒАШҚЫ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ТӘРБИЕШІНІҢ РӨЛІ

Бала тәрбиесі-өте күрделі үрдіс. Оның күрделілігі бесіктен бастау алып, үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен және қабілетімен, икемділігімен қадағалау қажеттіліктерімен айқындалады. Тәрбие баланың сәби кезінен бастап, кәрілік кезеңіне дейін бірнеше кезеңдерді қамтып өтеді екен.Бұл кезеңдер өзіне сай ерекшеліктерімен адам өмірінің сатылары болып табылады. Бала санасының толық қалыптасып, дамуына үлес қосатын орта балабақша. Балабақша – баланың «жаңа өмірге» деген алғашқы қадамы, себебі енді анасы тәулігіне 24 сағат бойы қасында болмайды және мұнда оны күткен өзі құралпылас балалардан, бала күтушілер мен тәрбиешілерден тұратын үлкен жаңа ұжым бар. Балабақшаға бейімделу кезеңі әр балада әр алуан сипатта өтеді. Қалай болғанда да, ата-анасынан 6-8 сағатқа ажыраудың өзі балаға ғана қиын емес, оның анасы үшін де күйзелісті жағдай. Тәрбиешілер қаншалықты қамқор болса да, олардың ешқайсысы ана махаббаты мен оның айрықша ықыласына бөлендіре алмайды, себебі тәрбиешілер «екінші ата-ана» әрі орта есеппен 15-25 балаға ортақ. Кез келген ана мұны жақсы түсінеді, әйтсе де баланы өмір бойы жаныңда ұстау мүмкін емес, өйткені ол өмірдің жаңа сатыларымен танысып, жаңа дағдылар, өмірлік тәжірибе жинақтауы тиіс.Балабақшаға бейімделу кезеңі бала мен анаға аса ауыр тимеуі үшін, баланың да, оның ата-анасының да балабақшаны ұнатуына көмектесетін қарапайым ережелерді басшылыққа алған жөн.Алғашында балалар балабақшаға әртүрлі үйреніседі. Көбінесе балалар балабақшаға,жаңа жағдайда,еш дайындықсыз келеді. Олардың көпшілігі ботқа жеуге, сүт тағамдарын жеуге,яғни,өз бетінше тамақтануға бейімділмеген болады. Ал балабақшаға бейімдеудің өзімдік шарттары болады.Мұндай кезеңде балада дағдарыс пайда болады.[1]

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қазқаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болаболатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт — бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимылқозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді. Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.[2]

Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарымқатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің «сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас» деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарымқатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан іздестіру — бұл мәселенің өзегі.

Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.[2]

Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.

Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.

Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді.

Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.[3]

Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,

Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз. Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жеке басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.

Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде. Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.[4]

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

*Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

* Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

*Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек:

Бала қабілетінің ашылуы үшін:



  1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс.

  2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

  3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

  4. Ата-анаментығызбайланысорнағаныжөн.

  5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңілбөлінуі керек.

Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.

Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және экспиримент.

Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.

Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақша шығармашылық негізі салынған.

Тәрбие бастауы отбасы десек, баланың рухани жан дүниесінің үйлесімді дамуын, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуін алғашқы күннен бастап назарда ұстаған жөн. Баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеу үшін әрбір ата – ана салт – дәстүрді жақсы біліп, жақсы түсінуі керек, ал бұл үшін халықтық педагогикалық білім қажет. Бұл ата – аналардың баланың мінезін жете танып, оны тәрбиелеудің дұрыс жолдарын таңдап алуына көмектеседі. Балабақша мен отбасында тәрбиелеудегі бірлік балалардың бойында дұрыс мінез – құлық қалыптастыруды қамтамасыз етеді, олардың алдында ата – аналар мен тәрбиешілердің беделін арттырады. Ата – аналарға, әсіресе бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қалай пайдалану қажеттігін түсіндіру керек. Мысалы, халық ертегілерін отбасы мүшелерінен естуі – баланы ерекше қиялдандырып шабыттандырады. Әсіресе, ол ертегіні әжесі, не атасы айтып берсе, бала оны ұзақ уақыт есінде сақтайды. Сондай – ақ жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдерді баланың іс - әрекетіне беретін баға ретінде орынды пайдалана білгені жөн. Ұлттық ойындармен бірге отбасы дәстүрлерінің әр шаңыраққа қайта оралуы, бала оны ойын ретінде балабақшада ғана көрмей үйде де, ол дәстүрлерді нақты өз мәнінде көрсе, оның тәрбиелік мәні зор болады. Сонда ғана баланың ұлттық дәстүрді құрмет тұтатын, сыйлайтын, саналы азамат болып шығуына мол мүмкіндік болады. Әрбір жас отбасында сәбидің дүниеге келуімен бірге ол шаңыраққа бесік оралса, бұл үлкен тәрбие бастауы болары сөзсіз.

.Пайдаланған әдебиеттер


  1. «Жас ерекшелік педагогикасы» С.А.Мусаева, Т.Б.Бегалиев.2006ж

  2. «Тәрбиеге жетекші», 2004ж. Б.И.Иманбекова 3. «Мектепке дейінгі педагогика» Ф.Жұмабекова. 2012ж 4. «Психология» К.С.Жұмасова. 2006ж.

Еркишева Ж.С.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ,

6D010900-Математика мамандығының 1-курс докторанты, Түркістан, Қазақстан

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР КУРСЫН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз–оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.[1]

Математикалық пәндерге арналған математиканың барлық салаларының есептерін шешетін әр түрлі математикалық пакеттерді пайдаланған жөн. Математикалық пакеттер туралы әдебиеттерден мәлімет алуға болады.[2] Бұл пакеттерде математиканың көптеген есептерін шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдеткен. Бұл бағдарламалардың мысалы ретінде символдық математикадан кең қолданылатын жүйелер Maple, MatLAB, Mathematica, MathCAD және басқаларды айтуға болады.Сондықтан осы математикалық пакеттерді дифференциалдық теңдеулер пәнін оқытуда қолдану аясы көрсетіледі.

Диффepeнциaлдық тeңдeyлep кypсы стyдeнттepдiң бeлгiлi бip мaтeмaтикaлық мәдeниeтiн нeмeсe oлapдың ғылыми, әсipeсe мaтeмaтикaны oқытyдың пpaктикaлық жәнe қoлдaнбaлы бaғыттapының мәнiн түсiнy, сoл сияқты мaтeмaтикaлық мoдeльдeyдiң әдiстepiн мeңгepy мeн пәнapaлық бaйлaныстapды жүзeгe aсыpy iскepлiгi сияқты көзқapaстыpын қaлыптaстыpy тұpғысынaн бoлсын бoлaшaқ мұғaлiмдepдiң ipгeлi мaтeмaтикaлық дaйындықтapынa aтқapap poлi aсa зop.

Диффepeнциaлдық тeңдeyлep пәнi ғылыми зepттey жәнe қoлдaнбaлы мaтeмaтикaдa көптeн пaйдaнылып, бұл пeн мaтeмaтикaлық aнaлиз, сызықты aлгeбpa жәнe aнaлитикaлық гeoмeтpия нeгiзiндe құpылaды.

Диффepeнциaлдық тeңдeyлep тeopиясы — мaтeмaтикaлық aнaлиздiң eң мaңызды жәнe жapaтылыстaнy ғылымдapы (физикa, aстpoнoмия, мeхaникa т. б.) мeн тeхникaның мәсeлeлepiн шeшyдe epeкшe opын aлaтын сaлaсы бoлып тaбылaды. Диффepeнциaлдық тeңдey бip шaмaның eкiншi бip шaмaлapғa тәyeлдiлiк зaңын бepeдi. Бұл тeңдeyлepдeгi бeлгiсiздep бip aйнымaлы нeмeсe eкi, үш жәнe oнaн дa көп aйнымaлы шaмaлapдың фyнкциялapы бoлып тaбылaды.

Дифференциалдық теңдеулерді құрудың қатаң тәртібі жоқ. Көптеген жағдайларда қарапайым дифференциалдық теңдеулерді қолданумен байланысты қолданбалы есептерді шығарудың әдістемесі келесіге келтіріледі:



  1. есептің шартын талдап, оның мәнін айқындайтын сызбаны салу;

  2. қарастырылып отырған процестің дифференциалдық теңдеуін құру;

  3. осы теңдеуді интегралдап, оның жалпы шешімін анықтау;

  4. берілген бастапқы шарттардың негізінде есептің дербес шешімін анықтау;

  5. қажет болған жағдайда көмекші параметрлерді (мысалы, пропорционалдық коэффициентін және т.б.) анықтау, бұл мақсат үшін есептің қосымша шарттары пайдаланылады;

  6. қарастырылып отырған процестің жалпы заңын тұжырымдау және ізделіндішамалардың сандық мәнін анықтау;

  7. жауапты талдау және есептің бастапқы қалпын тексеру.

Сондай-ақ дифференциалдық теңдеулерді аналитикалық жолмен шешу мен қатар, қазіргі таңдағы заманауи ақпараттық технологияны қоданып теңдеудің шешімін алуға болады.

Қазақстан Республикасының білім беру заңында білім берумен қатар тәрбие берудің тығыз байланыстылығына ерекше мән беріледі. Білім беру жүйесінің басты мақсаты–білімгерлердің сабақ процесінде ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету және ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету. Дифференциалдық теңдеулер пәнін оқытуда студенттердің ынтасын арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында қазіргі кездегі білім берудің жаңа технологияларын кеңінен пайдаланылуының маңызы зор.

Компьютерлік математиканың мүмкіндіктері жыл өткен сайын өсіп келеді, ал компьютердің есептеу жылдамдығы жүз есеге дейін артып отыр.Сонымен бірге компьютердің атқаратын қызмет мазмұны да өзгеріп келеді. Қазіргі кезде компьютерлік математика жүйесінде есептеудің мыңдаған кітапханалық функциялары мен операторлары және визуалды графиктік мүмкіндіктері зор компьютерлік бағдарламалары қолданылуда. Қазіргі таңдағы Excel, Derive, MuPAD, MathCAD, Mathematica, MATLAB және Maple сияқты математикалық бумалары қолданыста.Әсіресе, бұл жүйелерді қолданудағы математиканың орны ерекше және шешуші маңызға ие болмақшы. Математика сабақтарында осы аталған жүйелердің ішіндегі ең қуатты саналатын Maple жүйесін математикалық білім беруді ақпараттандырудағы мүмкіндіктері ретінде қарастыруға болады.

Maple компьютерлік математиканың қуатты, әрі жан-жақты әмбебап жүйесі. Maple - білім мен техниканың, ғылымның әр түрлі салаларындағы математикалық есептерді автоматты түрде шешуге арналған компьютерлік математиканың кең тараған жүйесі. Қазіргі кезде жасалған Maple-дың түрлі нұсқалары математикаға негізделген жанжақты дамыған жүйелер болып табылады. Maple-да операторлар мен функциялардың негізгі кітапханасы бар.Осы Maple-дің мүмкіндіктерін дифференциалдық теңдеулерді шешуде қолданып, шешіміне көз жеткізуімізге болады.



Дифференциалдық теңдеулердің аналитикалық шешімдері.

Жәй дифференциалдық теңдеулерді шешу бұйрығы dsolve(ODE,y(x),[param]) түрінде беріледі.

Мұндағы :

ODE -дифференциалдық теңдеу

y(x)-белгісіз функция

[param]-беріліуі міндетті болмаған параметрлер.

Мысал1

1 y'(x) 3xy(x) e 2x3 2x

дифференциалдық теңдеудің шешімін табу керек болсын.

Осы теңдеуді шешу үшін Maple жүйесінде бұйрықты мына түрде жазамыз:

>restart;

>tendeu := diff(y(x),x)*1/(2*x)+3*x*y(x)=exp(-2*x^3);

d

y(x) 3)



  1. dx (2 x

tendeu := 3 x y(x)e

  1. x

>dsolve(tendeu); y(x)(x2_C1) e(2 x3)

Теңдеудің жалпы шешімі табылды.

Осы теңдеудің y(0)=1 шартты қанағаттандыратын дербес шешімін табайық. >z:=dsolve({tendeu,y(0)=1}); 21) e(2 x3) z := y(x)(x

Табылған шешімнің графигі салу үшін мына бұйрықты жазамыз



plot(rhs(z),x=0..1);



Мысал 2.y''- 2y'+y=sinx+e- x. Екінші ретті дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімін тап [3]. >restart;

>deq:=diff(y(x),x$2)-2*diff(y(x),x)+y(x) =sin(x)+exp(-x);



deq := ddx22 y(x)2 ddx y(x)y(x)sin(x)e(x)

>dsolve(deq,y(x)); y(x)ex _C2ex x_C114e(x) (2 cos(x) ex1)



Мысал3 Коши есебінің шешімін тап :

y(4) +y''=2cosx, y(0) 2, y' (0) 1, y''(0)  0, y'''(0)  0

>de:=diff(y(x),x$4)+diff(y(x),x$2)=2*cos(x);

de := ddx44 y(x)ddx22 y(x)2 cos(x)

>cond:=y(0)=-2, D(y)(0)=1, (D@@2)(y)(0)=0,



(D@@3)(y)(0)=0;

cond := y(0)-2, D(y)(0)1, (D(2))(y)(0)0, (D(3))(y)(0)0

>dsolve({de,cond},y(x));

y(x) 2 cos(x)x sin(x)x

Қорыта айтқанда осындай заманауи ақпараттық технологияларды математикалық пәндерді оқытуда қолдану арқылы студенттің өй–өрісі дамуына септігін тигізіп, сол пәнге деген қызығушылықтары арта бастайды.Бұл математикалық бағдарламалар арқылы дифференциалдық теңдеулерде кездесетін күрделі есептердің шешімін алуға мүмкіндік береді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.БаймұхановАқпараттық-компьютерлік технологияларды алгебра сабағында оқыту құралы ретінде қолдану // Кредиттік жүйе аясында білім беруді басқару» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.–Талдықорған, 2009.–Б.109-114.

  2. Прохоров Г.В. и др. Математический пакет Maple V Release 4. Калуга. Облиздат. 1998 г.

  3. С.Е.Савотченко, Т.Г.Кузьмичева .Методы решения математических задач в Maple

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА: БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР

СЕКЦИЯСЫ

EBEDİ ÜLKE DÜŞÜNCESİ BAĞLAMINDA EĞİTİM SİSTEMİNDEKİ İNOVASYONEL

YÖNTEMLER PANELİ


Байғұтова Д.Н.

ф.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан Алибаева Б.

Оңтүстік Қазақстан облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектепинтернат, Қазақстан

БОЛАШАҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ

ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қaзіргі тaңдaғы жaлпы жaһaндaну мен aқпaрaт aғымының қaрқынды дaму дәуірінде жоғaры мектеп aлдындa жac кaдрлaрды әлемдік бәcекеге қaбілетті деңгейде оқыту мaқcaты тұр. Оcы мaқcaтқa caй болaшaқ мaмaндaрдың жaн-жaқты құзіреттілігін дaмыту кезек күттірмеc мәcеле болып отыр.

Елбacы Н.Ә.Нaзaрбaевтың «Қaзaқcтaн-2050» Cтрaтегияcы қaлыптacқaн мемлекеттің жaңa caяcи бaғыты» aтты Жолдaуының «Білім және кәcіби мaшық – зaмaнaуи білім беру жүйеcінің, кaдр дaярлaу мен қaйтa дaярлaудың негізгі бaғдaрының» 4-бөлімінде: «Бәcекеге қaбілетті дaмығaн мемлекет болу үшін біз caуaттылығы жоғaры елге aйнaлуымыз керек. Қaзіргі әлемде жaй ғaнa жaппaй caуaттылық жеткілікcіз болып қaлғaны қaшaн. Біздің aзaмaттaрымыз үнемі ең озық жaбдықтaрмен және ең зaмaнaуи өндіріcтерде жұмыc жacaу мaшығын меңгеруге дaйын болуғa тиіc. Cондaй-aқ бaлaлaрымыздың, жaлпы бaрлық жеткіншек ұрпaқтың функционaлдық caуaттылығынa дa зор көңіл бөлу қaжет. Бaлaлaрымыз қaзіргі зaмaнғa бейімделген болуы үшін бұл aca мaңызды» [1, 6 б.],- деген тұжырымдaмacындa жacтaр мен болaшaқ мaмaнның жaн-жaқты caуaттылығы мен білім, біліктілігіне ерекше нaзaр aудaрылғaн. Оcы тұрғыдa cтуденттердің кәcіби құзыреттілігін қaлыптacтыру өзекті мәcелелердің бірі.

Құзыреттілік білім, білік, дaғды cекілді түcініктерді қaмтиды. Ол cтуденттің шығaрмaшылық іc-әрекет пен құндылықтaрының жүйеcін көрcетеді. Құзыреттілік – бұл aлынғaн білімдер мен біліктерді әрдaйым қaндaй жaғдaяттa болcын мәcелелерді шешуге пaйдaлaнa aлу қaбілеті.

Құзіреттілікті дaмыту – cтуденттердің шығaрмaшылық қaбілеттерін aшa отырып, ойлaу жүйеcінің, интеллектіcінің өcуіне, өзінің оcaл тұcтaрын білуге, cол aрқылы іздене түcуге бaғыттaп, нәтижеcінде жоғaры біліктілік деңгейіне жету [2].

Тaным деңгейі жоғaры, білімі caпaлы, қaзіргі зaмaн бәcекеcіне төтеп бере aлaтын жacтaр ғaнa болaшaқтa жетіcтікке жете aлaды. Еліміздің әлемде дaмығaн елдер қaтaрынa қоcылуы білімді, жігерлі, ұлттық caнacы рухaни бaй жac ұрпaқ aрқылы іcке acaды.

Болaшaқ мaмaнның мaмaндық бойыншa кәcібін aтқaруғa дaйындығы мен оғaн ұмтылуы aрнaйы кәcіби құзыреттілік деп түcіндіріледі. Aрнaйы кәcіби құзіреттілік мемлекеттік клaccификaциялaрғa cәйкеc белгіленеді.

Ғaлым Р.C.Рaхметовa отaндық ғaлымдaрдың әдіcтемеге қaтыcты ой-пікірлерін, ғылыми еңбектерін, оқыту үдеріcіне қaтыcты білім беру технологиялaрынa мaмaнның құзіреттіліктерін қaлыптacтырaтын құрaл ретінде бaғaлaп тaлдaу жacaды:

Ғaлым өз еңбегінде Ы.Aлтынcaриннің қaзaқ тілі caбaқтaрындa тілдік дaғдыны дaмыту әдіcтемеcінде оқушылaрдың тілдік дaғдыcы мен олaрдың шығaрмaшылық ізденіcін дaмыту әдіcтеріне үлкен мән беріледі. Бaлaның өмірі мен жеке ерекшеліктеріне caй келетін, қызығушылығын қaнaғaтaндырaтын мәтіндер тaңдaп отырғaн дұрыc деп біледі. A.Бaйтұрcынұлы тіл дaмыту, тaным кеңейту мәcелелерін өзінің тaнымдықтaғылымдық әдіcінде бacты нaзaрдa ұcтaғaн. Cол aрқылы білім aлушының тaнымдық, aқпaрaттық құзіреттілігін қaлыптacтыру көзделген. М.Жұмaбaев aдaм бойындaғы қacиеттерін, мінез-құлқын тұлғa қaлыптacтырудa тәрбиемен бірге тәлім aлушының қaзaқтың ұлттық тәрбиеcі негізінде тұлғaлық дaрындылығын дaмыту бacты мaқcaт етіп aлғaн. Оқу үдеріcінде білім aлушының бойынa ұлттық құндылықтaрды cіңіре отырып жеке тұлғaлық қacиеттерін дaмыту бacты мaқcaт болып тaбылaды. Ж.Aймaуытов пәнaрaлық бaйлaныc негізінде ынтaлaндырa отырып оқыту технологияcын ұcтaнaды. Бұл технологияcы қaзіргі тaңдaғы білім берудің ұлттық моделін жacaу идеяcымен caбaқтacaды. Қ.Жұбaнов өзінің дaмытa оқыту технологияcындa cтуденттің тұлғaлық жaғынaн дaмуынa, деңгейлеп білім беруге көңіл бөледі. Оның мәcелеге көңіл бөлу, cөзбен cуреттеп жеткізу, көрнекілік, өмірді түcіндіру, еңбек ету, жүйелі ойлaй aлуғa дaғдылaндыру, оқушының aлдынa шешілуі тиіc мәcеле қоя отырып оқыту, екі пәнді caбaқтacтықтa оқыту т.б. әдіcтері бүгінгі күні де өз өзектілігін жоймaды.

М.Бaлaқaевтың қaзіргі уaқыт тaлaбынa caй aлынғaн білім нәтижеcі құзіреттілік деп біліп, cтуденттің cөйлеу мәдениетін қaлыптacтыруғa ерекше көңіл бөледі. Cөз мәдениеті оқушының мәдени және интеллектілік деңгейін көтеретіндей тілдік қaрым-қaтынac жacaу біліктілігін меңгерту ретінде түcіндіріледі.

Қaзіргі білім беру үдеріcінде жиі пaйдaлaнылaтын әдіc - Ф.Ш.Орaзбaевaның қaтыcымдық тұрғыдaн оқыту технологияcы. Ғaлым тілдік қaрым-қaтынac aктіcінің 5 оперaцияcын ұcынaды және бұл ұcыныcы ғылыми aйнaлымғa тез еніп кетті, көптеген ғaлымдaр тaрaпынaн қолдaу тaпты. Бұл әдіc aдaмның жеке ұлғaлық ерекшеліктерін, қaбілетін еcкере отырып, әдемі, жүйелі cөйлеуге төcелдіру, cөйлеу кезіндегі жұмыcтың түрлерін aнықтaу, caтылaй, динaмикaлық дaму, өзектілік ұcтaнымдaрын негізге aлып, қaтыcымдық тұрғыcынaн оқыту aрқылы тілді білу деңгейін көтеруді, дaмытуды көздейді. Р.C.Рaхметовa қaзaқ тіл білімінің әдіcкерлерінің еңбектеріне тaлдaу жacaй келе, тaнымдық іcкерліктің педaгогикaдa cтуденттің тaнымдық белcенділікпен caбaқтacтықтa қaрacтырaды. Ғaлымның пікірінше, cтуденттің өзінің болaшaқ кәcібіне бaйлaныcты метaтaнымдық іcкерлігі оның aлдынa мaқcaт қоя білуі, іc-әрекетін жоcпaрлaуы, нәтижеге жете білуінен т.б. бaйқaлaды, aл aқпaрaттық іcкерлігі керек aқпaрaтты дер кезінде тaбa білуі, оғaн тaлдaу жүргізіп, caрaлaп, өзіне қaжеттіcін aлa білуі, aлынғaн aқпaрaтты дұрыc пaйдaлaнa aлуынaн көрінеді. «Білім мaзмұнын меңгерту ұcтaнымдaр мен әдіcтер оқыту формaлaры aрқылы іcке acырылaды. Түпкі мaқcaт cтуденттің құзіреттілігін қaлыптacтыруғa бaғыттaлды» [3],– дей келе ғaлым қaтыcымдық-тaнымдық тұрғыдaн оқытудың моделін ұcынaды.

Тіл білімі ғaлымдaрының еңбектерінің көбі оқушының немеcе cтуденттің құзіреттілігін әр қырынaн дaмытуғa aт caлыcуғa тырыcты деп білеміз. Қaзaқ тілі мен әдебиеті мaмaнының кәcіби құзіреттілігі жөнінде ғaлым Ж.Дәулетбековa cөйлеу мәдениетін терең игерту оқушының қaтыcымдық және мәдени-тaнымдық құзіреттіліктерін дaмытaтындығы жөнінде aйтaды [4].

Ғaлым Ф.Орaзбaевa «тілдік қaтынac cөйлеу тілі aрқылы ұғыныcу, түcініcу, қaрымқaтынac жacaу дегенді» aнықтaйтындығын және «aдaмның екінші біреуге жеткізейін деген ойын жaрыққa шығaруды көздейтін, қоғaмның дaмуы үшін ең қaжетті қоғaмдықәлеуметтік aқпaрaттaрдың жиынтығы aрқылы aдaмдaрдың бір-бірімен пікір» aлмacaтын негізгі құрaлы, «aдaмдaр қaтынacының түп қaзығы» екендігін cөз етеді [5, 230 б.].

Ғaлым Р.Рaхметовa тaнымдық оқытудың ғылымның түрлі caлacымен caбaқтacaтын когнитология ғылымының негізінде пaйдa болғaнын aйтaды. «Тіл тілдік жүйе, құзыреттілік, тілдік қaбілет пен дaғдының білімдер жүйеcі ретінде тaнылaды. Cондықтaн когнитология ғылымы тіл aрқылы хaбaрдың қaбылдaнуы, қолдaнылуы, өңделуі, өзгеріcке ұшырaуы тәрізді мәcелелерді зерттейді. Бұл ғaлымдaрдың қызығушылығын тудырып, когнитивті лингвиcтикa ғылымының кең қaнaт жaюынa ықпaл еткені мәлім»[6].

Қaтыcымдық құзыреттілікті қaлыптacтыру деп cтудентті қоғaмдaғы ережелер мен нормaлaрды дұрыc орындaуғa мүмкіндік беретін қaтыcымдық іcкерліктерге үйретуді aйтaмыз. Әрбір пән оқытушыcы cтуденттің қaтыcымдық құзіреттілігін қaлыптacтыруғa өз үлеcін қоcaды. Оcығaн бaйлaныcты әр оқытушығa үлкен міндет жүктеледі. Оқытушы әр caбaғын, лекция, cеминaрын өтетін пәнінің мaзмұнынa caй өзінің aтқaруғa міндетті қызметтерін aлдымен жоcпaрлaйды. Caбaқ бaрыcындa қaтыcымдық құзіреттілікті қaлыптacтыру үшін әр cтуденттің өзіндік қacиеттеріне, олaрдың ұйымдacтырушылық қaбілеттеріне мән берген дұрыc.

Қорыта айтқанда, студент өзіндік дaрa тұлғa ретінде қaндaй жaғдaйдa болмacын, қaндaй тaқырыптa болмacын, кез келген aдaммен, қaндaй ортaдa болмacын ойын еркін, жүйелі жеткізуі қaтыcымдық құзыреттілігінің көрcеткіші болып тaбылaды.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «Қaзaқcтaн-2050» cтрaтегияcы қaлыптacқaн мемлекеттің жaңa caяcи бaғыты // Оңтүcтік Қaзaқcтaн. - 2012, желтоқcaн – 15. - №198-199. – Б. 8.

  2. Кенджaевa Б. Жоғaры оқу орнындa cтуденттердің құзырлығын қaлыптacтыру мәcелелері // Қ.A.Яcaуи aтындaғы ХҚТУ Хaбaршыcы. –Түркіcтaн, 2009. - №2(67). – Б. 265-270.

  3. Рaхметовa Р.C. Қaзaқ тілі cинтaкcиcін қaтыcымдық-тaнымдық тұрғыдaн оқытудың ғылыми-әдіcтемелік негіздері (ЖОО филолог мaмaндықтaры үшін): пед.ғыл.докт. ... aвтореф.: 13.00.02. –Aлмaты, 2010. -Б.59.

  4. Дәулетбековa Ж. Оқушылaрдың тaнымдық қызығушылығын қaлыптacтыру. – Aлмaты: Реcпубликaлық бacпa кaбинеті, 1997. – Б.77.

  5. Орaзбaевa Ф. Тіл әлемі. Мaқaлaлaр зерттеулер. – Aлмaты: Aн aрыc, 2009. - 368 б.

  6. Рaхметовa Р.C. Қaзaқ тілі cинтaкcиcін қaтыcымдық-тaнымдық тұрғыдaн оқытудың ғылыми-әдіcтемелік негіздері (ЖОО филолог мaмaндықтaры үшін): пед.ғыл.докт. ... диc.:13.00.02. –Aлмaты, 2010. - 286 б.

Байғұтова Д.Н.

ф.ғ.к., доцент

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,

Шымкент, Қазақстан

Жамурова Г


Оңтүстік Қазақстан облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған №1 мектепинтернат, Қазақстан

ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МАҢЫЗЫ

Қaзіргі Қaзaқcтaн Реcпубликacының caяcи-әлеуметтік, экономикaлық тұрғыдaн дaмуы кезеңінде жacтaрғa ұлттық тәлім-тәрбие беру іcі кешенді, жүйелі түрде жүзеге acырылуының қaжеттілігі aртып отыр. Бүкіл әлемдік жaһaндaну дәуірінде ұлттық құндылықтaр негізінде ұрпaқты тәрбиелеу кезек күттірмеc мәcеле екендігі aнық. Оcы тұрғыдaн ұрпaққa ұлттық құндылықтaрғa негізделген білім мен тәрбие беру еліміздің бacты мaқcaттaрының бірі болып тaбылaды.

Н.Ә. Нaзaрбaевтың өзінің хaлыққa жолдaғaн «Қaзaқcтaн-2050» cтрaтегияcындaғы

«біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәcтүрлерімізді оcы әрaлуaндығымен және ұлылығымен қоcып қорғaуымыз керек» [1], - деген тұжырымы ұлттық құндылықтaрымызды ұлықтaп, олaрды бaрыншa зaмaнaуи білім беру тaлaптaрымен тығыз ұштacтырып, болaшaқ педaгог мaмaндaрды дaйындaу үдеріcінде жүйелі қолдaнып отыру керектігін міндеттеді. Ұлттық құндылықтaрды дәріптеудің бір жолы педaгогтaрдың жac толқынынa ұлттық тәрбие беру болып caнaлaды.

«Ұлттық тәрбие жacтaрдың (жеке тұлғaның) ұлттық caнa-cезімі, мінез-құлқының aнa тілін, aтa тaрихын, төл мәдениетін және ұлттық caлт-дәcтүрлерді меңгеруі негізінде қaлыптacaтыны» белгілі [2]. Ұлттық рухтa тәрбиеленген ұрпaқ қaнa елінің бүгіні мен келешегіне жaны aшитын отaнын шын cүйетін, ұлтжaнды aзaмaт болып қaлыптacaды.

Елбacы Н.Ә. Нaзaрбaев білім беру үрдіcі мен мемлекеттік идеологияның бірлігіне үнемі нaзaр aудaрып отырaды. Өйткені ұлттық рухы қaлыптacқaн жac буынның ел болaшaғын бaянды етудегі aтқaрaр міндеті тікелей оның aзaмaттық позицияcының деңгейіне бaйлaныcты. Cол cебепті Президент: «Елімізге бойындa aтa-бaбaмыздың ел мен жерге деген cүйіcпеншілік қacиеті дaмығaн, егеменді елімізге aянбaй қызмет ететін, ойөріcі кең, aлғыр дa жүректі, caуaтты дa caлaуaтты aзaмaттaр қaжет», - деп, жacтaрдың бойындaғы интеллектуaлдық қaбілет пен елжaндылық қacиеттерді қaлыптacтырудың мaңыздылығын aйрықшa aтaп aйтты [3]. Бұл міндеттер Қaзaқcтaн Реcпубликacы білім беру іcінің бacты cтрaтегиялық мaқcaттaрының бірі екендігін көрcетеді.

Ұлттық дүниетaным, ұлттық caнa, бaбaлaр ұлaғaты бірнеше ғacырлaрдың еншіcіне тиеcілі. Тaрихтың терең қойнaулaрынaн тaмыр тaртып жaтқaн ұлттық тәрбиені тұлғa бойынa cіңіру ұлттық құндылықтaрды дәріптеу aрқылы жүзеге acaды. Cондaй ұлы құндылықтaрдың бірегейі aуыз әдебиеті мұрaлaры болып caнaлaды. Оның ішінде жac буынның рухын шыңдaп, ойлaу қaбілеттерін дaмытaтын, олaрдың ішкі дүниеcін, рухaниaдaмгершілік қacиеттерін қaлыптacтырудa бaтырлaр жырлaрының, көлемі үлкен, тaғылымы терең эпикaлық жaнрдaғы шығaрмaлaрдaн этномәдени білік қaлыптacтыруғa мүмкіндік мол.

Ұлттық педaгогикaның мaңызды бөлігі - рухaни мұрa, ондaғы тәлім-тәрбиеге толы ой-пікірлер негізінде тaрихи caнa қaлыптacaтырудың ғылыми негізделуі. Aдaмзaт бaлacы ұрпaғының бойынa, caнacынa бaр acыл қacиеттері мен құндылықтaрын cіңіруді бacты мaқcaт caнaғaн. Тaрих бедерінің қaй тұcындa болмacын aдaм бaлacы aтa-бaбa мирac етіп қaлдырғaн құндылықтaрды пaйдaлaнбaй, оны өмірінің мәні деп білмей өмір cүрген емеc. Aтa caлты, дәcтүрі, нaным-cенімі, тaным-түcінігі негізінде қaлыптacқaн тәрбие қaй қоғaмның дa қозғaушы күші болып тaбылaды.

«Хaлық педaгогикacының мaқcaты бірнеше ғacырғa cозылғaн хaлық тәжірибеcіне cүйене отырып, болaшaқ ұрпaқты, өмірге дaйындaу, өнер-білімге бaулу, бүкіл елдің қaмын ойлaу cияқты ең жоғaрғы aдaмгершілік, имaндылық қacиеттерге тәрбиелеу. ... Хaлық педaгогикacының негізіне хaлық aуыз әдебиетінің шығaрмaлaры, этногрaфиялық мaтериaлдaр, хaлықтық тәрбие дәcтүрлері, хaлық ойындaры, тәжірибелері т.б.» жaтaды

[4].


Білім мен тәрбиенің бірлігі нәтижеcінде ғaнa ұлттық қacиеттерді жac ұрпaқтың бойынa cіңіру жүзеге acaды. Мұндaй кешенді қaрacтырылғaн оқу әрекеті ұлттық құндылықтaрғa негізделуі шaрт. К. Орaзбековa зерттеу еңбегінде «болaшaқ қоғaмымыздың құрылыcшылaрын тәрбиелейтін дaрынды, пaрacaтты, мәдениетті, жaн-жaқты дaмығaн жеке тұлғaлaрды қaлыптacтырудың негізгі шaрты ұлттық тәрбие екендігін aтaп көрcетті

[5].


Құндылықтaр рухaни және мaтериaлдық болып бөлінетіндігі белгілі. Оның әрқaйcыcы aдaм бойындaғы acыл қacиеттерді қaлыптacтырaтын ұлтымыздың acыл қaзынacы, бaғa жетпеc мұрacы болып тaбылaды. Ұлттық құндылықтaрды іріктеп оқу үрдіcіне ендіру aрқылы ұлтжaндылық пен отaншылдыққa бaулып, өз мемлекетін aялaйтын, қacтерлейтін тұлғaлaрды тәрбиелеп шығaру бacты міндет caнaлaды. Ол үшін педaгогтің өзінің білімі оcы тұрғыдa өте терең, әрі жүйелі болуы шaрт.

Әрқaшaн дa ұлт үшін мәнді тәрбие – ол ұлттық тәрбие үлгіcі болып қaлa береді. Cебебі ұлттық тәрбиенің негізін тaлaй зaмaндaр бойы қaлыптacқaн рухaни құндылықтaр мен aдaмның aдaмдық қacиеттерін қaлыптacтырып, дaмытa беретін, хaлықтың дaнaлығынaн, көрегендігінен туындaйтын, бұлжытпaй орындaлуғa тиіc ереже мен қaғидaлaр құрaйды. Ұлттық тәрбие негізінде ұлттық қacиет, ұлттық діл қaлыптacaды, бұл ұлттық қacиеттерді ұрпaқ бойынa cіңіру қоғaм игілігі үшін мaңызды болып caнaлaды [6].

Ұлттық тәрбие ешқaшaн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды, морaль мен aдaмгершілік қaғидaлaрын жоққa шығaрмaйды, керіcінше, ұлықтaйды, олaрды бойынa cіңірген aдaм рухaни тұрғыдaн кемелденген, рухaни бaй aдaм болып тaбылaды. Ұлттық тaмыры терең білім мен тәрбиенің ұштacуы – aдaм негізі, aдaмның aдaм болуы үшін қaжет мaңызды педaгогикaлық құрaл, ұлттың ұлт болып қaлуының aлғышaрты.

Қaзaқ хaлқы ұрпaғының жaн-жaқты өнерлі, білімді aзaмaт болып дaмуын, ғacырлaр бойы қaлыптacқaн рухaни мәдениет құндылықтaрының тәлімдік мүмкіндіктерін тиімді пaйдaлaнa отырып жүзеге acырып келді. Ол құндылықтaрдың негізін хaлқымыздың фольклоры, хaлық aуыз әдебиеті құрaйды. Қaзaқ фольклоры - тілінің бейнелілігімен, мәнділігімен, мaзмұндық өткірлілігімен aca құнды қaзынa. «Aлпaмыc», «Қобылaнды», «Қaмбaр бaтыр», «Ер Тaрғын», «Ер Қоcaй», «Ер Caйын», «Кенеcaры-Нaурызбaй», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Бaян cұлу», «Aймaн-Шолпaн» т.б. - қaзaқтың хaлық aуыз әдебиетінің жaуһaрлaры рухaни тaзaлықты, aдaмгершілікті, мaхaббaтты дәріптейтін, ұрпaққa үлгі ететін ұлттың acыл мұрacы. Бұл жырлaрдaғы кейіпкерлердің іc-әрекеті жac ұрaқтың еліктеп, өзіне үлгі тұтып өcуіне болaтындығын, елін, жерін қaлaй шекcіз cүю керектігін үйрететіндігі cөзcіз.

Эпоcтық жырлaр жac ұрпaқты елжaндылыққa, отaнcүйгіштікке тәрбиелейтін бірден бір құрaл болып тaбылaды. Cонымен қaтaр, бaтырлaр жырлaрындaғы хaлықтың ерте зaмaндaрдaғы тұрмыc-тіршілігінен, тaным-түcінігінен мол хaбaр беретін этномәдени және ономacтикaлық концептілерді оқыту cтуденттің кәcиби құзіреттілігін тереңдете түcеді, тaнымдық тұрғыдaн білімін шыңдaйды.

Мыңдaғaн жылдық тaрихы бaр қaзaқ жырлaрының көркемдік, тәрбиелік бітімі ерекше. Бұл мұрaлaр «ұрпaқ тәрбиеcіндегі жеке тұлғaның рухын шыңдaп, елдіктің мaңызынa ден қоюды тaлaп етеді» [7]. Aл «қaзaқтың бaтырлық жыры – киелі де aруaқты өнер. Ол cөз aйдынындa aқылдың кені, дaнaлықтың көзі, қaһaрмaндықтың теңдеccіз үлгіcі ретінде, caз әлемінде дaуылдaй екпінімен, тaбиғaттың өзіндей cыршыл үнімен үлкенді де, кішіні де өзіне тәнті етті» [8].

Қaзaқ бaтырлaр жырын оқыту мектеп бaғдaрлaмacынaн бacтaп, жоғaры оқу орындaрындa қaзaқ хaлқының әдеби мұрacы ретінде әдебиет пен фольклор aяcындa оқытылып келеді. Aлaйдa, бaтырлaр жырын тек әдеби мұрa ретінде, әдеби шығaрмa шеңберінде тaлдaу, қaрacтыру aздық етеді. Бұлaр - тек әдеби мұрa емеc, мәдени, рухaни, тілдік бaйлық.

Сонымен, тіл мен мәдениеттің caбaқтacтығының, өзaрa бaйлaныcының aйқын көрініcтерінің бірі эпоcтық жырлaрдың тілінде caқтaлғaн: «Тіл – тек мәдениетті тaнытушы құрaл ғaнa емеc, тілдің бойындa оның (мәдениеттің) aрқaуын құрaп, негізін қaлaйтын, ұлттық рухтың ізін aйқындaп тұрaтын ұлы күш caқтaлaды; ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қaзaқ хaлқының этноcтық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініc тaпқaн. Оcы орaйдa қaлыптacқaн төл мәдениетіміздің caқтaлғaн негізгі көздерінің бірі, aлтын қaзынacы – эпоcтық жырлaр»[9],- дей келе, батырлар жырын ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі ретінде дәріптеліп, оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолданыс табуы жас ұрпақтың елжандылық рухын тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қaзaқcтaн-2050» cтрaтегияcы қaлыптacқaн мемлекеттің жaңa caяcи бaғыты // Оңтүcтік Қaзaқcтaн. - 2012, желтоқcaн – 15. - №198-199. – Б. 8.

  2. Бөлеев Қ. Болaшaқ мұғaлімдерді оқушылaрғa ұлттық тәрбие беруде кәcіби дaйындaу: теориясы мен практикасы. –Aлмaты, 2004. –304 б.

  3. Нaзaрбaев Н.Ә. Өзекжaрды ойлaр. –Aлмaты: Мектеп, 2003. - 172 б.

  4. Қоянбaев Ж.Б., Қоянбaев Р.М. Педaгогикa. - Acтaнa: Л.Гумилев aтындaғы ЕAУ, 1998. - 378 б.

  5. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесiнiң ғылыми- педагогикалық негiздерi. Алматы, 2001. - 298 б.

  6. Имaнбетов A.Н: Қaзaқ этнопедaгогикacының негізінде cтуденттерге пaтриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. ... aвтореф.: 13.00.01. –Қaрaғaнды, 2007. - Б. 30.

  7. Дүйcенбaев A.Қ. Қaзaқ бaтырлaрының қaһaрмaндық бейнеcі aрқылы оқушылaрды отaнcүйгіштікке тәрбиелеудің педaгогикaлық шaрттaры: пед. ғыл. канд. ... диc.: 13.00.01. – Aтырaу, 2006. - 155 б.

  8. Ибрaев Ш. Эпоc әлемі. Қaзaқтың бaтырлық жырлaрының поэтикacы. –Aлмaты: Ғылым, 1993. - 296 б.

  9. Cейілхaн A.Қ. Қaзaқ тіліндегі этногрaфизмдердің лингвомәдениеттaнымдық мәні («Қыз Жібек» және «Қозы Көрпеш-Бaян cұлу» жырлaры бойыншa): филол. ғыл. кaнд. ... диc.: 10.02.02. - Aлмaты, 2001. - Б. 26.

Абдужаппарова Мархила


Түркістан қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері, Қазақстан

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ


Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында адам шығармашылық пен мәдениет үлгілерін тарататын субъект ретінде көрінуімен құнды екені атап айтылған. Бастауыш білім жалпы білім беру жүйесінің алғашқы, әрі маңызды сатысы, білім беру жүйесінің іргетасы. Олай болса, оқу үрдісінде қойылатын талаптардың жүзеге асуы осы сатыдан басталады.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру саласындағы басты мақсат – өз Отанын, халқын қастерлеп сүйетін, жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық игіліктерді мұрат тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Білім беру құрылымындағы жаңа бағыттар, педагогикалық шаралардың инновациялық өзгерістері, мектептегі оқытылатын пәндердің мазмұнын жеткізудің әдістемелерінің жаңғыртылуы басқа да маңызды пәндермен қатар «дүниетаным» ұғымына да барынша жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақтың қоршаған орта, дүние туралы танымдарын қалыптастыруға ерекше мән беріп отыр.

Ел ертеңі білімді, мәдениетті, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру бағытында «Дүниетану» пәнінің өзге пәндерден ерекшелеп тұратын өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда жедел жүретіндігі анықталды. Соған орай бастауыш сыныптан бастап оқушылардың табиғат, орта туралы ұғымдарын, олардың өзара жекелеген байланыстарын, қоршаған әлемдегі құбылыстардың даму заңдылықтарын түсінулеріне ықпал ету, ұғымдарын қалыптастыру мақсаты қойылады.

«Дүниетану» пәнінің негізі ретінде «табиғат-адам-қоғам» жүйесінің диалектикалық бірлігі алынады. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қоршаған ортадағы материалдың шынайы әлем, ортадағы заттар мен құбылыстардың кеңістік пен уақытқа қатысты өзгерістері, эволюция мен заңдылыққа бағыныштылығы туралы ұғымдарын қалыптастыру мақсаты қойылады. Сонымен қатар табиғатқа деген адамзат тарапынан аялы да қамқор қатынас маңыздылығы, табиғат байлығын сақтау, үнемдеу, бастапқы экологиялық сауаттылықтарын, жеке тұлға мәдениетін тәрбиелеуге мән беру қажет. Табиғаттың маусымдық өзгерістеріне тән белгілері мен сипаттарының ерекшеліктерін ұғындыра отырып баланың көркемдік талғамы мен эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға болады. Бұл бағыттар оқушылардың қоршаған орта мен табиғат туралы ұғымдармен таныстыру шараларын диалектикалық тұтастықта қарастырып, дүниетанымдарын сапалық нәтижеде дамытуға мүмкіндік береді.

Дүниетанымдарын қалыптастырудың дамытушылық маңызы да зор, ең алдымен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған ортаны тану әрекеті ретіндегі логикалық ойлауын қалыптастырып, дамытуға, қоршаған орта туралы ақпараттарын жүйелеуге, ақылой әрекетін қалыптастырып дамытуға, қозғалыс ортасы мен сенсорлық әрекетін дамытуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің тәрбие тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің өзінде баланың танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, адамның күнделікті өмірінде білім алудың қаншалықты маңызды екеніне көзін жеткізу қажет. Бала бастауыш мектепті бітірген кезде төңірегіндегі оқиғалар жайындағы әсерін қисынды да жүйелі баяндап жанындағы адамдармен ешбір қиындықсыз белсене қарым-қатынас жасауды үйренуге алған білімін түсініп, өмірде қолдана білуді талап ететін дағдыларды толық игеруге тиіс» - деп көрсетілген бастауыш-сыныптарда оқушылардың дүниетанымдарының алғашқы негізі қалыптаса бастайды. Оқушылардың өзі туған өлкесінің маусымдық өзгерістер және басты ерекшеліктерімен таныстыру, сол аймаққа ғана тән өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстыру, өз туған жерін, ауасы мен суын, топырағын қастерлеуге тәрбиелейді.

Дүниетану ұғымдарын, «Отан отбасынан басталады» деген қасиетті ұғымды ескерсек, «отандық» ұғымдарын қалыптастыруы десек оғаштығы жоқ сияқты. Өйткені қоршаған орта мен оның табиғи даму заңдылықтарын түсініп, меңгеру арқылы жеке тұлғаның ой-өрісі кеңейіп, ұғымдары қалыптаса бастайды. Ал оқушылардың орта және табиғат туралы алған білімі, олардың дүниетаныымының қалыптасып, дамуына өз әсерін тигізеді. Дүниетанымдық мәселелер туралы ұғымдарды айтқан кезде біз ұлттық рухани құндылықтарымызды ескереміз. Өйткені қазіргі кезде жалпы білім беретін мемлекеттің мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу. Әсіресе бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған рухани тұрпатымыздың көмескі тартып, жас буын өзге дін мен діл, тіл мен салтқа бой алдыра бастаған тұста ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтарды айтпай кете алмаймыз. Алтай тауларынан Тұран ойпатына дейін созылып жатқан, ұшқан құстың қанаты талатын шалқар бел, атадан мирас боп қалған туған жеріміз тұрғанда, атадан мұра болып қалған ұлттық рухани құндылықтар мен ұлтымыздың дүниетанымдық көзқарастарын ұрпақ санасында жаңғырту маңызды мәселе болуы тиіс. Бүгінге келіп жеткен өнеріміз бен салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бен әдет-ғұрпымыз сол ұлттық дүниетанымдарымыздың баға жетпес қасиеті. Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап, бала ұғымына сай ұлттық дүниетаным нақыштары: фольклорда, ертегіде, жұмбақжаңылтпаштарда, тұрмыс-салт жырларында, дастардарда, мақал-мәтелдерде, т.б. фольклор материалдарында берілгендіктен, оларды ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда кеңінен пайдалану аса маңызды. Балалардың дүниетанымдарын қалыптастыруда өнер түрлерінің: саз өнер, сәндік-қолданбалы өнер, т.б. маңызы ерекше. Бала табиғаты әсершіл, ол ересек адам мән бере бермейтін ең нәзік әуен сарыны мен ең мөлдір бояуды аңғара алады, сол себепті бастауыш сынып оқушыларының танымдық санасындағы өнердің орны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының ұлттық дүниетанымдарын қалыптастыру ұлттық құндылықтарды тиімді де, жүйелі пайдалана отырып жүргізілсе, нұр үстіне нұр болары даусыз. Балалардың дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыруда өлкетану шаралары, яғни туған өлкенің табиғи, тарихи жағдайларын білу де аса маңызды.

«Табиғат-адам-қоғам» жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарастарын, санасын ұлттық, рухани құндылықтарға үлкен парасат және жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастырудың маңыздылығын арттыру жауапты мәселе. Білімді түрлендіруде, білім беру процессін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, мұғалім – бұл рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыда есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты. Уақыт жаңа типтегі мұғалімнің – оқу процессіне қатысушыны дамытатын, тәрбиелеу мен оқытудың, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың технологияларын меңгерген, әдіскерлік мәдениетке ие маман ретінде талап етеді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, олардың педагогикалық, психологиялық, акмеогогия, синергетика, аксеология, әлеуметтік генетика, гумандылық педагогика, психологиялық-педагогикалық қолдау аумағындағы біліктілік деңгейлерін арттыру. Білім сапасын және білім беру процессін басқару сапасын қамтамасыз ету, бастауыш сынып оқушыларының жеке мүмкіндіктерін ашып, танымдық мотивация жасап және біртұтас оқыту қызметін қалыптастыра отырып, ақпараттық-технологиялар мен педагогикалық қызметтегі инновациялық әдістердің жаңа мазмұнын игеру.

Қоғам өмірінде болып жатқан әр түрлі саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерге дер кезінде жауап беріп отыру, яғни мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын, халықтар арасында жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік шараларын дұрыс бағдарлап түсінуге, соған орай оқушылардың іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Осы орайда, оларға қоғамдық-саяси азаматтық тәрбие беру, сабақтан тыс кездерінде саяси тақырыптарға арнап кештер, байқаулар, пікірталас, хабарлама жұмыстарын ұйымдастырудың да маңызы ерекше.

Дүниетанымның қалыптасып, дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға жататындар: адамның материалдық жағдайы; әлеуметтік орта, тәрбие, ақпарат құралдары; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары; қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы. Бұлар жасөспірімдердің қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және мәдени ойөрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандық таңдауға көзқарасын қалыптастырады.

Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән-дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, инттеллектуалдық кемелденуінен байқалады.

Әрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тәжірибені игеру деңгейінен, екінші жағынан, материалдық және рухани құндылықтар қорына қосылған қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген және өмір мен тәрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білу шарт.

Әрекетте тұлғаның қалыптасып дамуы соңғы фактор болмайды. Баланың таным, еңбек және қарым-қатынас жағдайын жандандыруды және оның әрекетін ұйымдастыруды көздейді.

Өркениетті елдер болашақ иесі ұрпақтарының тәрбиесі мен біліміне мемлекеттің ең өзекті де маңызды мәселелерінің қатарында қарайтыны белгілі. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігі экономикалық саяси-әлеуметтік жағдайының өзгеруі, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне, өмірлік мүдде бағдарына тікелей байланысты.

Әдебиеттер:



  1. Қ.Жүнісова, Қ.Аймағанбетова, Н.Нұрахметов, Ә.Бірмағанбетов, И.Нұғманов, З.Ф.Олейник. 1-4 сынып аралығындағы дүниетану оқулықтары, Алматы, 2001, 2002, 2003, 2004.

  2. Спенсер Г. Воспитание: умственное, нравственное и физическое. М., 2002.

Тұрабаева Л.Қ.

ф.ғ.к., доцент

Тлеубаева С.Л.

аға оқытушы

Сайлаубеков А.Н. оқытушы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қазақстан

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҢА

ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ


Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Осыған орай қазақ тілінен берілетін базалық білім таңдалады. Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі студент – ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір-бірімен байланыстыру мақсаты басым болып тұр. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.

Университеттерде білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде жоспарлау мәселесі, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік – технологиялық біліктілікті талап етеді. Себебі оқытушы өз қызметінің негізгі субъектісі студенттің жеке өзімен жұмыс істейді. Дүние жүзі педагогғалымдарының пікірінше, нәтижені оқытудың педагогикалық технологиясы береді. «Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа болашағы мол бағыты болып отыр»,-дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж.Қараев [1].

Бүгінгі күні жаңа технология бойынша оқытудың келесі түрлері белгілі: проблемалап оқыту (М.И. Махмутов т.б.), бағдарламаланған оқыту Ю.А.Самарин, В.П.Беспалько, Т.А.Ильина т.б.), саралап, жекелеп оқыту (Кобдикова т.б.), дамыта оқыту (Ю. Б.Эльконин, Н.Д.Хмель, Т.С.Cабиров, А.А. Бейсембаева, Р.М. Қоянбаев), ұжымдық оқыту( В.К: Дьяченко т.б.), деңгейлеп оқыту (Караев Ж.), қашықтықтан оқыту (Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Жүсібалиева), модульдік оқыту( К. Жақсылықова). Қандай технология болмасын, оны оқытушы сабақтың жоспары арқылы іске асырады. Қазіргі білім беру жүйесінде жоспарлау мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Сондықтан технологиялық карта әмбебап жоспар, оны барлық пәндерге бейімдеп қолдануға болады. Технологиялық карта арқылы оқытуды келесі үш бағытта жүргізген өте тиімді: білім мазмұны, құрылымы, қандай әдіс-тәсіл арқылы (технологияны қолдану), нені және қандай бірлікте оқыту мәселелерінің мазмұны пән бағдарламасында, мемлекеттік стандартта көрсетіледі.

«Технология» ұғымы педагогикаға өндіріс аясынан енді. В.Даль «Технология – наука техники. Техника искусство, знание, умения приема работы и приложение их к делу»,-деп түсіндіреді [2]. Технология сөзінің алғашқы мағынасы өнімді өндіру барысында шикізаттың қалпын, күйін өзгерту, жаңарту әдістерінің жиынтығы деген мағынаны білдірген. Егер осы мағынадағы ұғымды педагогикалық колледжге аударсақ, технология ұғымы (гректің techne – өнер, шеберлік, білііктілік, logos – оқу) сөздерінен шығып, маманның білім, біліктілігін айқындайтын, сабақ жүргізу барысында іскерлігін көрсететін кәсіптік шеберлігі деген мағынада қолданылып жүр. Педагогика ілімінде технологиялық карта деген ұғым білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.

В.П.Беспалько, М.В.Кларкин, Б.С.Блум т.б. ғалымдар технология ұғымына мынандай анықтама береді: «оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен тәсілдерін айқындайтын педагогика-психологиялық нұсқаулардың жиынтығы, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әдістемелік аспабы, оқуды іске асырудың мазмұндық техникасы, тәжірибе жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы»[3]. «Оқыту процесінде жоcпарлы нәтижеге жетудің сипаттамасы»[4], «белгілі бір қалыпты өзгертудің, өңдеудің әдістерінің жиынтығы, өнер, шеберлік, іскерлік»[5], «студент пен оқытушыға қолайлы жағдай жасау мақсатында оқу процесін жоспарлаудың, ұйымдастырудың, өткізудің ойластырылған моделі,үлгісі» [6]т.б.

Қазіргі уақытқа дейін оқытушы қалыптасқан бірыңғай жоспарлауды қолданып келді. Ал жаңа технологиялар қазіргі заман талабына сай жүйелі тұрғыдан оқытуда оқытушының рөлін өзгертті. Оқытушы дайын білімді жоспарлап, жеткізуші рөлінен студенттерді білім алуға ұйымдастырушы, кеңесші қызметіне ауысты. Қалыптасқан жоспарлау аясында тақырыпты меңгерту нақты үлгерім деңгейіне (жақсы оқитындар, орташалар, нашарлар) негізделді. Ал технологиялық карта тақырыпты әрбір студенттің игеруіне тиімді жағдай жасайды. Ондай жағдайлар: студенттің тақырып бойынша өз бетімен жұмысы, білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату. Бұлардың бәрі технологиялық картадағы мақсат пен міндеттерге байланысты жүргізіліп отырады. Технологиялық картамен оқытудың барлық кезеңін қамти отырып, оқытушының әрекетіне логикалық бірізділік, қисындылық, саналылық, болжалдық, мақсаттылық сипаттар береді. Демек, қалыптасқан әдістеме бойынша жазылатын жоспар мен технологиялық карта бірбірінен оқытуды ұйымдастыру, тақырыпты беру, оқушылардың білімін анықтау, білім деңгейін көтеру жағынан ерекшеленеді. Екі жоспардың ең негізгі айырмашылығы: оқытудың нәтижесі.

Технологиялық картаның басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі кәсіптік мамандар даярлауда болып отыр. Осыған орай жоспар терминін технологиялық карта ұғымы ығыстырды. Технологиялық карта университетте білім алатын маманға: білім беру және оқу әрекетін жүйелі ұйымдастыру тұрғысынан қаралады. Технологиялық карта арқылы оқыту мемлекеттік стандарт талабына сай пәннен жанжақты білім беру, екіншісі – тақырыптың мазмұнын құрылымдық бөлімдерге негіздеп құра білу.

Технологиялық карта арқылы оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені технологиялық карта арқылы оқыту студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Бұл жағдай университет студентінің оқу әрекетінде өзін-өзі жете түсінуіне, өз бетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыруына, білім деңгейін анықтауына, білім деңгейін стандарт деңгейіне жоғарылатуына мүмкіндік береді.

Қазақ тілін жаңаша оқыту – қазақ тілінің әр тақырыптарына жазылған ақпараттық, технологиялық сабақтар. Яғни қазақ тілін оқытудың негізгі құралы – технологиялық карталар. Дұрыс құрылған технологиялық карта оқытудың басты шарты болып табылады.

Технологиялық карта құрылымы мынадай мәселелерді қамтиды:

1.Тақырыптың жалпы мақсатын нақтылау.

2.Міндеттерді жүйелеу.

3.Студенттің тақырыпты меңгеру барысындағы өз бетімен жұмысын мөлшерлеу.

4.Тақырып бойынша білім деңгейін анықтау.

5.Тақырып бойынша білім деңгейін стандарт деңгейінен жоғарылату.

Тақырыптың жалпы мақсаты, міндеттер жүйесі – технологиялық картаның ең негізгі бөлімдері. Тақырыптың жалпы мақсаты, міндеттері әр деңгейдің ерекшелігін ескере отырып, пән бағдарламасы мен стандарт талаптары бойынша құрастырылады.

Технологиялық картадағы тақырыптың жалпы мақсатын, міндеттерін құру оқытушыдан жаңаша әдістемелік ойлауды талап етеді. Оқытушы сабақтың мақсаты, міндеттер жүйесі арқылы университет студентінің тақырып бойынша жететін жаңа деңгейін көреді.

Тақырыптардың жалпы мақсаттары мен міндеттері бүкіл оқу жылына құрылып, оқытушы өз тобындағы немесе бірнеше топтағы оқу үрдісі кезінде сол жүйеге түзетулер енгізгеннің нәтижесінде нақтылана береді. Осы бөлім басқа бөлімдердің мазмұнын анықтайды және оларды құрастыру кезінде оқытушының кәсіптік қызметін көтереді. Технологиялық картадағы мақсат пен міндеттер жүйесінің ерекшеліктері: жобалау және оны жүзеге асыру кезінде жалпы және тұрақты мақсат көзделетіндігінде; әр сабақтың рөлін маңызды етіп, сабақтың мазмұнды да нәтижелі болуына оқытушының және студенттің жауапкершілігін арттырады.

Сабақтың жалпы мақсаты мен міндеттері студенттің білім деңгейін анықтаудың негізі болып табылады. Қай тақырыптың болмасын жалпы мақсатын, міндеттерін айқындау барысында оқытушының жаңаша әдістемелік ойлау қабілеті дамиды.



Әдебиеттер:



  1. Беспалько В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М. Педагогика, 1989. -44б.

  2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру.-Алматы, 2000.-61б. 3. Қараев.Ж.А,, Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. –Алматы. 2005.-34б.

4.Қуанышбаева А. Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.-Алматы, Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б.

  1. Қараев Ж.А. Оқытудың компьютерлік технологиясының компьютерлік негіздері // Информатика. Физика. 1992. -217б.

  2. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения. (Методический анализ). М., Педагогика, 1977, 264 с.

  3. Савельев А.Я. ПОдготовка информационных дел автоматизированных обучающих систем. Алматы, Рауан, 2000. -178с.

  4. Багишаев З.Я. Приотеты современного образавания и стратегия его развития. М., Педагогика. 2003, №9.

Тұрабаева Л.Қ.

ф.ғ.к., доцент

Есболаева И.А.

аға оқытушы

Мадалиева А.Б.

оқытушы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қазақстан

ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН СТИЛЬ ТҮРЛЕРІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының мәдениетті жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында бағдарламаға тіл ұстарту материалдары енгізілген. Бірақ мектептерде оның іске асуы әлі толық дәрежеде емес, оған себеп, біріншіден, мұғалімдер басшылық ететіндей материалды бере алмауымыз болса, екіншіден, оқулықта берілген материалдар негізгі теориялық материалдардың тасасында қалып қойған. Қазіргі талапқа сай, келешекте оқулыққа ең негізгі, қажет материалдарды теориялық жағынан іріктеуге қанша көңіл аударсақ, оқушылардың тілді пайдалану, өмірде колдану дағдысына да сонша мән беру керек. Ол үшін теориялық материалдарды жеңілдетіп, олардың орташа мәтін туралы түсінік, оның жасалу жолы, мәтіндегі сөйлемдердің, абзацтардың өзара байланысы, мәтіннің түрлері (хабарлау, сипаттау, пікір айту), мәтіннің стилі үйретілсе, оқушылар сөздерді сөйлемде өз орнында еркін қолдана алар еді.

Көркем шығарма үзіндісінің барлығы да көркем әдебиет стилі бола алмайды. Ол үшін функционалды стильдердің ерекшеліктері мен бір-бірінен өзгешелігін оқушы ажырататындай білім дағдылары берілуі шарт. Бұл үдеріс мәтін туралы жоғарыда айтылған мәліметтермен қатар 4-сыныптарда бірте-бірте үйретілуі тиіс. Сапалы мәтін жасау үшін стиль туралы түсінікке толығырақ тоқталу керек.

Оқушылар стильдік бояулы тілдік құралдарды, әсіресе стильдік мән беретін синонимдердің қолданылу жолдарын түсінуі тиіс. Бұл практикалық жұмыстармен меңгертіледі. Дәлірек айтқанда, окушылар мәтіндегі сөйлемдердің нәзік реңктерін аңғаруға және оны қолдануға мүмкіндік алады. Бірақ жеке сөзді орынды қолдану оқушының ойын толық жеткізуге көмек болғанымен, ауызша немесе жазбаша мәтіндер стилі туралы мәлімет бере алмайды. Мұндай күрделі де қажет мәселені оқушылар функционалды стильді үйрену арқылы менгереді. Өйткені функционалды стилистика белгілі бір хабарды, пікірді жеткізіп, айтуға қажетті стильдің ішкі және сыртқы тәсілдерін, мазмұнды айту формаларын үйретеді.

Жетілдірілген бағдарлама бойынша стилистика туралы ұғым 4-8-сыныптарда тілдің барлық салаларымен қоса қабат (параллель) жүргізілетіндей мәнде берілген. Мұнда стиль туралы ұғымды дұрыс түсіндіріп, оқушылардың білім дағдысына ендіруге оны әрбір категориямен байланыстыру көзделген. Сондай-ақ функционалды стиль туралы мәлімет сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай жоспарланған. Сондықтан да бағдарламада стилистиканы оқыту екі сатыға бөлініп берілген.

Бірінші сатыда оқушылар 4-6-сыныптарда функционалды стильдің барлық түрін оқиды. Мұнда оқушылар стиль түрлерін, олардың ерекшеліктерін айырып, тілдік құралдармен танысады.

Екінші сатыда (7-8-сыныптарда) 4-6-сыныптарда танысқан мәліметтерін кеңейтіп, өздері де әр түрлі мәтін құрай алатын болады.

Сөйтіп қазіргі бағдарламада стилистика тіл ұстарту материалдарының бірі ретінде жеке алынбай, тұтас қарастырылған бағытта жүргізіледі. Мысалы, тіл ұстарту сабақтарында мәтін туралы түсінік, оның синтаксистік құрылысын, байланысын мәтіннің түрлерін ажырату мақсат етілсе, оларды функционалды стильді өтпей толық игерту мүмкін емес. Стиль туралы түсінік мектепте оқытылатын тіл материалдарымен тығыз байланысты болғанымен, оның тілден тыс (экстралингвистикалық) жағдайға да қатысты жағын ескермеуге болмайды. Ол – мәтіннің (ауызша не жазбаша) мақсатын және қатынас құралы ретінде қолданылу аясын анықтау деген сөз. Оқушы мәтіннің стилін дұрыс түсінуі үшін оның не үшін, қандай мақсатпен айтқанын не жазғанын аңғара білуі бірінші кезекке қойылады. Осы жағдайда оқушы қандай тілдік құралды пайдаланатынын ойланады. Дағды осы тәртіпте қалыптасқан жағдайда оқушы стилистикалық қате жібермейді, құрған мәтіндері талапқа сай келеді.

Дағдыны оқушы бойына қалыптастыру үшін, алдымен олар стиль түрлерінің өзгешелігін білуі керек. Оқушыларға 4-сыныптан бастап қысқаша ауызекі сөйлеу тілі мен көркем шығарма, іс қағаздары, ғылыми стильдер туралы теориялық мәліметтер беріледі. Сондай-ақ мұғалім стилистикалық дағды қалыптастыру үшін мына мәселелерді еске алуы шарт: тілдің стильдік салаларын бөліп, бірінен-бірін ажырату үшін мәтіннің қатынас құралы ретінде қолданылу аясына қарап бөлуге үйрету. Айталық, ауызекі сөйлеу стилі жеке санаға негізделіп, емін-еркін қалыпта сөйлеу айқын көрініп тұрса, ғылыми, көркем әдебиет, іс қағаздары, публицистикалық стиль қоғамдық сана деңгейінде ресми айтылуға негізделеді. Сондықтан ауызекі сөйлеу стилін бір бөлек, өзге стильдерді кітаби стиль деген атпен өз алдына айтамыз. Ауызекі сөйлеу стилі қатынас, өз ара пікір ауысу арқылы іске асса, кітаби стиль хабарлау ретінде болып келеді.

Оқушыларға ауызекі сөйлеу стилін түсіндіруде диалогты мәтіндерді аламыз. Ондағы сөйлемдердің ауызша еркін айтылатынына, ықшамдылығына, толымсыз сөйлемдердің, молдығына көңіл аударып, оларды мағына кем-кетігі дауыс, екпін-ырғақ, ым-қимыл әрекеттерімен толықтырылатындығы түсіндіріледі.

Ал кітаби стиль (монолог) көбінесе жазба түрде қолданылатындықтан, ауызекі сөйлеу стиліндегі дауыс, екпін-ырғақ, ым-қимылдар аңғартатын мән-мағыналардың бәрін оқырманға толық жеткізу үшін сөйлемдер барынша толық құрылып, мүмкіндігінше ойдың айқындылығын сақтауды қажет етеді. Сондықтан кітаби стиль нормаға лайық жазылатын әдеби тіл үлгісі болып табылады.

Сонымен осы айтылған ерекшеліктер ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің тілдік өрнектерінің өзгешелігін туғызады. Бұл түсінік кітаби стильдік ауызекі сөйлеу стилінен ерекшелігін байқатқанымен, ішкі ерекшеліктерін таныта алмайды. Өйткені кітаби стиль көркем әдебиет, іс қағаздары, ғылыми публицистикалық стильдерге бөлінеді. Оларда жазылу мақсатына, мазмұнына байланысты тіл өрнектері әр түрлі болып келеді.

Кітаби стильдерді оқушыларға анықтап түсіндіруде көркем әдебиет стилін ғылыми, іс қағаздары стилімен салыстыру әдісін қолдану керек. Өйткені көркем әдебиетке қайшы келетін белгілер ғылыми және іс қағаздары стилінде бір-біріне өте жақын әрі ұқсас. Ғылыми іс қағаздары стилі тек хабарлау міндетін атқарса, керкем әдебиет стилі әрі хабарлау, әрі адамға әсер ету күшіне ие. Бірінші стиль бойынша тек заттар мен "ұғымдар нақтылы дәлелдермен анықталса, көркем әдебиет стилі нақтылы образ арқылы, мәнерлі сөз қолданыс жолымен беріледі.

Бұл екі стиль өзгешелігінің бір-біріне қайшы келетін белгілері: 1) дерексіздікнақтылық; 2) образдылықтың болмауы; 3) заңдылық-субъективтік, 4) эмоциясыздық– эмоциялық. Бұл қайшы белгілердің біріншілері көркем әдебиетке жатпайтын іс кағаздары, ғылыми стильге тән болса, екіншілері көркем әдебиетке тән. Алайда, ғылыми стильде де ғалымдар өз пікірін сендіре баяндау үшін образды сөйлеуге әрекет жасайды. Бірақ бұндай әрекеттер керкем әдебиет стиліне ұқсамайтын, ғылыми стильге тән образды сөз қолданыс болып қала береді. Сонымен жоғарыда аталған белгілердің бар жағына қарап мектеп оқушылары көркем және кітаби стильдерді ажырата алмақ.

Стильдердің ең қиыны әрі күрделі түрі – публицистикалық стиль. Бұл стильдің ғылыми іс қағаздары, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стильдеріне қатысы бар. Көп қырлы, ерекшелігі де мол. Сондықтан да публицистикалық стильдің өзіндік сыр-сипатын өзге стильдерді білмей игеру қиын. Оқушыларға оны басқа стильдермен салыстырып тусіндіру қажет.

Ал публицистикада көркем әдебиет сияқты адам сезімін еркін билеуші күш болады. Публицистикалық стильдің мақсаты – саяси мәні бар проблемаға мүмкіндігінше бір көзқарасты қалыптастыру, «дерексіздік-нақтылық» тұрғыда қарастырғанда, ғылыми стильге жақындайды; эмоциялылығы жағынан көркем әдебиетке жақын, себебі қоғамдықсаяси эмоцияға сәйкес риторикалық сұрақтар, ұранды, сөйлемдер, т.б. туралы, ұрандау, ерікті билеу жағынан іс қағаздарындағы ресми бұйрық, ереже тіліне жақындайды. Ал тыңдаушыға арналғандықтан, айтуда емін-еркіндік басым болғандықтан публицистикалық стиль ауызекі сөйлеу стиліне де жақын. Стильдерді бір-бірінен бөле-жарып қарастыруға болмайды, оларың бір-бірімен салыстыра түсіндірілетіндігін ұмытпаған жөн.

Мәтінді оқығанда оқушының тілдік формаларға көңіл аударып, оны ажыратуы алғашқыда қиынға соғады. Бұл үшін стильдік жаттығулар жүргізуден бұрын берілетін тапсырма өте дәл, анық, түсінікті болуы керек. Мысалы, алғашқы кезде риторикалық сұрақты сөйлемдерді, қаратпа сөздерді табуға, олардың сөйлемге (мәтінге) беріп тұрған мән-мағынасын ашуға жаттығу керек. Жаттығудың тағы бір түрі әр түрлі стильде жазылған мәтіндерді салыстыру арқылы оқушылардың мәтінді тануын арттыруға негізделеді. Ол үшін бір тақырыптағы мәтіндерді салыстыру тиімді.

Жаттығудың бір түрі ретінде оқушылардың өз жазғанын өзіне немесе басқаларына редакциялату жұмысын жүргізуге де болады. Ол үшін оқушы (немесе мұғалімнің көмегімен) редакциялаудан бұрын мәтін қай стильде жазылғанын немесе жазылуы тиіс екенін анықтап алу керек. Сондай-ақ мәтінде кездесетін артық сөз, эпитеттер мен сөйлемдерді көре біліп, мәтінді орынды ықшамдау да редакциялау жұмысының жақсы үлгісіне жатады.

Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға,оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Оқушылардың функционалды стильдер жайындағы алған ұғымымем жүргізілген жаттығу жұмыстары мазмұндама, шығарма жазу жұмыстарымен ұштастырылуы керек. Бұл – оқушымен жүргізілген бүкіл тіл сабағына қатысты теориялық және тәжірибелік білімді қабыстырып, өмірде өздігінен сапалы мәтін құруға үйрететін күрделі жұмыс. Мәселен, мазмұндама жаздырудан бұрын әуелі мәтінге стильдік талдау жасап (қай стильге жататынын, қандай стильдік белгілердің барын, мәтіннің мақсатын,) соған орай тілдік құралдардың қолданылуын ашып түсіндірсек, кейін жазғанда, оқушы оны оңай меңгереді. Тіл ұстарту сабақтарының мазмұны мен оны оқушыға үйрету әдістері толық әрі дұрыс түсіндіріліп, оқушы дағдысына енген жағдайда ғана мектепте теориялық мәліметтер тәжірибелік маңызға ие бола алады.

Қорытындылай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.

Әдебиеттер:


  1. Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. -Алматы; 2007. -152 б.

  2. Темірбекова Г. Мәтіндегі автор бейнесінің зерттелуі. // Ұлт тағылымы. -2007. -№4. 279 б.

  3. Ахтанов Т. Шығармалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1987. 315 б.

  4. Қошанова Н. Мәтін синтаксисінің қазақ білімінде зерттелу қырлары. // Қазақстанның ғылыми әлемі. -2009. -№1. -112 б.

  5. Открытая школа» информационно-методический журнал,2011г. №2 (103), стр.12.

Сариева Т.Қ., Кизбаева Ж.Қ, Тұрсынбаева Қ.Т.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ,

Шымкент, Қазақстан

ЖОО КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ ҚАТЫСЫМДЫҚ ӘРЕКЕТТЕР


Қазіргі кезеңдегі еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай бұрынғы дәстүрлі оқытудың формалары мен модельдерінің бүгінгі сұранысты қанағаттандыра алмайтындығын дәлелдеді. Яғни кәсіби құзіреттілікті үнемі жетілдіруді қажет ететін заманда өзінің арнайы мамандығына қатысты білімді жаңартып отыру және кеңейту оқыту түрінің неғұрлым тиімді, неғұрлым белсенді түрін қалыптастыруға түрткі болды.

Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттықкоммуникациялық технологиялар көмегімен оқу, оқу үдерісінің оқытушы мен студенттер

арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Қашықтықтан оқытудың әдіс-тәсілдері – студентке жеке талап қоюмен қатар, оқытушымен тікелей қарым-қатынаста болуын іске асырады. Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:


  1. - желілік технология – ғаламтор арқылы оқу. Университеттің білім беру порталындастуденттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.

  2. - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдармен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, кесте бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

Қашықтықтан оқытудың мақсаты-халықаралық тәжірибеге сәйкес үздік отандық білім беру жүйесінің негізінде ҚР МБМБС және оқу жұмыс бағдарламаларының негізінде студенттер білімінің жоғары деңгейге жетуі;

Қашықтықтан оқытуды пайдаланушылардың әлеуметтік-мәдени және психологиялық жас ерекшелігін ескере отырып, теориялық, ғылыми-психологиялық арнайы әдістемелер құрастыру;

Оқу үрдісі мен ЖОО-нын басқаруда пайдаланылатын ақпараттық технологияларды дамыту. Тесттер мен арнайы тапсырмалар арқылы оқыту және білім тексеру. Орындалған тапсырмаларды студенттер мәтін түрінде немесе файл түрінде жібере алуы;

Ендірілген wiki, семинар, форум сияқты механизмдер арқылы арнайы тақырыпта бірлескен оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Біздің мақсатымыз кәсіби қазақ тілін орыс бөлімі студенттеріне қашықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздеріне сүйене келе, мемлекеттік тілде кәсіби қазақ тілінде қашықтан оқытуды қолданудың мүмкіндіктері мен қазіргі коммуникациялық жүйені пайдалана отырып, оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру.

Тілдің психологиялық ерекшеліктері бүкіл адамзатқа ортақ қасиет. Адам тілінің дамуына сыртқы және ішкі жағдайлар әсер етеді. Тілге қажет нәрсенің бірі ішкі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу болып табылады. Екіншісі, тілдің тіл болуы ойлау, пайымдау қабілетінің қалыптасуы арқасында жүзеге асады.

Білім алушының психологиялық тұлғасы оның әлеуметтік қоғамның толыққанды мүшесі бола алу қабілетін танытады. Осындай күрделі әлеуметтік орны бар білім алушы психикасының дұрыс дамуына мүмкіндік беру және негіз болу кәсіби қазақ тілі пәніне де жүктелген негізгі міндет.

Елдің интеллектуалдық әлеуеті – қашықтан оқыту технологиясына қатысты, психология, педагогика, әлеуметтану, қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы іргелі зерттеулердің басымдығына сәйкес келеді. Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының міндеттері:

–қашықтан оқыту жүйесінің ғылыми-теориялық негізін ашу;

–жоғары оқу орындарында кәсіби қаақ тілін қашықтан оқытудың жүйесін жүзеге асыру; қазіргі заманғы желілік жүйенің ерекшеліктері мен іске асу жолдарын оқыпүйрену;

–кәсіби қазақ тілі пәнінің мазмұнын студенттің коммуникациялық жүйені қашықтан оқыту кезінде белсенді түрде жүзеге асыра алатындай етіп жетілдіру;

–қашықтан оқыту арқылы кәсіби қазақ тілін оқып-үйренудің маңыздылығын айқындай келіп, кәсіби қазақ тілін мемлекеттік тілде меңгерудің ұтымды жолдарын көрсету;

–кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту арқылы меңгертуде өздік жұмыстардың, тестік тапсырмалардың, тапсырма-жаттығулардың, шығармашылық деңгейдің маңыздылығын, ерекшеліктерін айқындау;

–тілдік орта, тілдік орта тазалығы

–қарым-қатынастың коммуникативтік нормаларының арақатынасы;

–іскери мәдени қарым-қатынасты қалыптастыру;

Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының мазмұнына келер болсақ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай, қашықтан оқытуды ұйымдастыру және негізгі ережелері кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясының мазмұнын құрауға негіз болады. Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту мазмұнын; кәсіби қазақ тілін қашықтан оқытудың білім беру бағдарламасы; кәсіби қазақ тілін қашықтан оқу процесін ұйымдастыру; кәсіби қазақ тілін қашықтан оқытудың технологиялары; кәсіби қазақ тілін қашықтан оқытудың дидактикалық құралдары құрау қажет. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды қашықтан оқытудың лингводидактикалық жүйесі жасалуы қажет. Кәсіби қазақ тілін оқытуды жүзеге асыруда оның лингвистикалық және дидактикалық тұстары қарастырылады. Кәсіби қазақ тілі көбінесе, басқару қызметінде, тіпті еліміздің кез келген саласында қолданылатын сөздер. Кәсіби қазақ тілінің стилі қазіргі кезде өзге тілді аудиториялар мен орыс тілінде сөйлейтін қандастарымыз үшін ғана емес, ана тілінде сөйлейтін қазақтар үшін маңызды мәселе болып отыр. Оқыту барысында кәсіби қазақ тілінің даму тарихы, өзіндік ерекшеліктері, құрылымы, грамматикалық сипаты толық танылуы тиіс.

Кәсіби қазақ тілін оқыту барысында білім берушінің мақсаты – қазақ тіліндегі сөйлеу мәнері, тіл мідениеті, кәсіби сөздердің стильдік ерекшеліктерін таныту, меңгерту болса, онда ол қашықтан оқытудың педагогикалық технология жүйесінде бірінші сатыны білдіреді. Дидактикалық үрдістің кезеңдерін айқындау деген білім алушылардың қазақ тіліндегі кәсіби қазақ тілін оқыту үрдісіне, кәсіби қазақ тілінің түрлерін танып білу қызметіне, өздік жұмыс және танымдық қызметке еніп кететін механизмдерді анықтау деген сөз.

Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту технологиясында ерекше орын алатын ұстанымдар – аралық белсенділік ұстанымы, оқу материалдарын бөлу, біркелкі ақпараттық қор базасын жасау ұстанымы, құжат айналымын электронды күйге ауыстыру ұстанымы. Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқытудың әлеуметтік жүйесіне келер болсақ, адам өмірі қоғамдағы, күнделікті өмірдегі барлық қызметі осы кәсіби қазақ тілімен тығыз байланысты болып келеді. Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқыту кезінде оларды қоғамдық ұғымдармен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби қазақ тілін қашықтан оқытудың психологиялық негізі білімгерді жеке тұлға ретінде қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Тілдің психологиялық ерекшеліктері – бүкіл адамзатқа ортақ қасиет. Адам тілінің дамуына сыртқы және ішкі жағдайлар әсер етеді. Тілге қажет нәрсенің бірі – ішкі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу болып табылады. Екіншісі, тілдің тіл болуы, ойлау, пайымдау қабілетінің қалыптасуы арқасында жүзеге асады. Адамның ми қабатында жинақталған ойы тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлем арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Тілді оқыту барысында білімгердің санасезіміне әсер етіп, ойлау қажеттілігін, оның әр саласының қажеттілігін түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсаты көзделеді.

Білім алушының психологиялық тұлғасы оның әлеуметтік қоғамның толыққанды мүшесі бола алу қабілетін танытады. Өзін-өзі ұстай білуі, меңгерген білімін терең түсінуі, жаңа ақпаратты технология құралдарын толықтай игеруі, болашақ маман иесі ретінде де, қоғам азаматы ретінде де өзін даярлауға ұмтылуы іс қағаздарының пән ретінде оқытылуы барысында қалыптастырылатын қабілеттер. Білімді меңгерту барысында адам санасының, зейінінің, қабылдау, көру, есту, ойлау, т.б. қабілеттердің маңызы өте маңызды.

Қашықтан оқыту барысында студенттің ойлау, қабылдау, зейіндік, танымдық қабілеттері айқындалып, жетілдірілгендіктен, оқу үрдісінің формасы, мазмұны мен әдіс-тәсілдері – барлығы білім алушының жеке психикалық күйімен, оның даму үрдісімен тығыз байланысты болады деп ойлаймыз.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ж.Р.Жамашева. ЖОО ресми іс қағаздарды қашықтан оқытудағы қатысымдық әрекеттер. //Кандидаттық диссертация материалдары. 2012 ж. 2.Жұбанов Қ. Аулақтан оқыту // Еңбекші қазақ. 1926.14 қаңтар

3.Хасанов Б. Дистанционное обучение государственному языку в коммуникативном пространстве ХХІ в.// Қазақстан Республикасында арақашықтықтан білім беру тәжірибе сараптамалары мен даму келешегі. Халықаралық ғылыми -прак. конф. матер.- Алматы, 2001, 10-13 б.

4. Дүзбаева Р.М. Интерактивное обучение – как необходимое условие дистанционной формы обучения // Сб. науч. статей ІІІ Международного форума «Информатизация образования Казахстана и стран СНГ» (27-28 апреля). – Алматы: РЦИО, 2004, С. - 348-356. 5. Шаханова Р. Техникалық жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері. Пед. ғыл. док. дисс..,Алматы, 2002, 106 б.

6. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері // Қазақстан мектебі. №3, 2006.-17-18 бб.

Алдабекова А.А.,


Курумбекова Ж.Т.

«Жалын» әлеуметтік-педагогикалық колледжі, Шымкент, Қазақстан

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Н.Ә.Назарбаев: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»- дегендей, қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Өйткені, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жақсы дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының шығармашылық ізденісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет, себебі, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру – білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастыратын болсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновациянақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. «Инновациялық» деген сөз - латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны береді.

“Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея [4].

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін төмендегідей көрсеткен:



  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игертуүшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтікпсихологияық жауапкершілігін арттырады.

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағыдүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады; [2]

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру керек.

Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық ісәрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:



  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орныныңматериалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  • әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;– өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; – аналитикалық ойлау қабілетін дамыту[6].

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1].

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жанжақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті[6]. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау,

өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.

Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:


  1. компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;

  2. оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;

  3. қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара ісәрекеті).

Қазіргі кезде тестік әдістің көмегімен оқушылар білімі жиі сараланады. Тестің саналылығы оның құру жүйесіне тәуелді және оған енетін тапсырмалардың күрделілігі мен байланысты. Тест тәсілін қолдануды жүзеге асыру үшін жан-жақты ойластырып методикалық нұсқаулар,әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен тестік бақылау өткізуге болады. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т. б, көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Технология кез келген ғылымның ажырамас бір бөлігі. Ең алдымен технология сөзінің мағынасын айқындайтын болсақ: бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады.[3,8]

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.

Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. «Кәсіптік білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту» тақырыбында Р.Наубетова: Елімізде жүріп жатқан терең экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, кәсіби қызметтің барлық сферасында мамандарды даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Колледж түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс. Сондықтан, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану – маңызды мәселелердің бірі. Колледжде оқыту барысында болашақ маман ретіндегі студентті еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет. Олардың ішінде оқытудың инновациялық технологиясы айрықша орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:



  • оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

  • оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;

  • оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы туралы айту.

Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары:

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;

-қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін атқаруға тікелей қатысты;

-сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;

-тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.

Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі.

Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл — әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коучинг – бұл психотерапия емес және емдеу емес. Бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдарға арналған.

«Кейс-стади» — кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде.

Кейс-стади: экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне айналған «кейс-стади» әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды.

Кейс-стадидің басты қағидасы: «Ақиқатты іздену — ақиқаттың өзінен де маңызды»

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда.

Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады,сонымен қатар,білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру [5,8]. Мұндай қызметтер түріне: –бірлесе оқыту;

–модульдық оқыту;

–проблемалық оқыту;

– деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары.

Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

Ұлы педагог Я. А. Коменский «Оқытушы-мәнгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте маңызды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деген сенімін әрқашанда қажымай, талмай, шығармашылық ізденісімізбен ақтауымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»

2.В.С.Кукушкин. «Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособия для учителя». (Серия «учение с увелечением») – Ростов н/д: изд-во «Феникс», 2004г.

3.Р.Наубетова. «Кәсіптік білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту» Ақпан, 2014ж

4.Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

5.Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

6.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

Baigutova G.N., Amirova A.K.

South-Kazahstan oblast special boarding school №1 with three languages education

THE INFLUENCE OF THE NATIVE LANGUAGE IN LEARNING FOREIGN LANGUAGE.

Thearticlefocuses on the theoretical grounding in language interference by means of studying the relation between bilingualism and interference. Consecutively, it considers the variety of language interference with its typical influence on English language learning by students. Special attention is paid to contrastive analysis and mistake analysis - the basic ways for overcoming interference mistakes. A body of preliminary measures is presented, as well as corrective strategies for dealing with interference in studying foreign languages with the aim of improving the quality of language knowledge and its transformation into language competence.

Language interference is one of the current problems in foreign language teaching. Its consideration on an international scale is an actual response to the applied results of the structural methods also known as audio-visual, audio-oral and structural-global. With the above methods the learning of a foreign language becomes a process realized through imitation and mechanical reaction to the language stimuli. Structural methods exclude theoretical explanation, deliberate approaches in foreign language education and above all - any comparison with the native language.

Thus, the educational materials developed in accordance with these methods suppose that the teaching of a foreign language should be done in one and the same way with students from different nationalities regardless of any difficulties deriving from the native language or other factors. Only when it becomes evident that the results from the application of such methods are not the expected ones since the way of explanation and language acquisition is a long and cumbersome process (learners have to apprehend for themselves the educational content according to their language and cultural knowledge), can a step be undertaken towards a discussion of the language interference and its influence on foreign language teaching.

In the modern didactics of foreign language teaching interference is considered to be a particular methodological principle. It predetermines some of the approaches and means of education. The theoretical grounding for interference is explained through the theory of contacts and the theory of bilingualism.

Bilingualism means having command of more than one language: native and foreign. The two differ in the degree of command.

Communication between the two language systems is the reason for the interference which is the object of psycholinguistics and linguistics research.

From the point of view of psycholinguistics, it is a negative transfer of language habits and skills from the mother tongue or from a foreign language to another foreign language.

From a linguistic point of view, interference is an interaction or a change in linguistic structures and structural elements. It appears to be a deviation from linguistic norms in the spoken and written language.

Bilingualism differs in character. In correlative bilingualism both language systems exist together in the individual’s mind and are independent of one another. When the individual has good command of the two languages there is no interference. In the case of subordinate bilingualism, the second language is not mastered to the degree the first language is. Here, mother tongue dominates and influences the second language leading to interference.

According to the matter involved there are two types of interference - interlanguage and intralanguage, and two type according to form - implicit and explicit.

In teaching English as a second language to students studying a Foreign Language, the most common mistakes occur in interlanguage interference. In this case mistakes appear because of the negative transfer of habits from the native language (sometimes from the first foreign language that is supposed to be in very good command) to the second language, in this instance English. Typical examples for interlanguage interference are statements like: I am 20 years old. I wash myself, You wash yourself; The weather will be nice.

Intralanguage interference occurs when learners make mistakes under the influence of the already acquired language knowledge and established habits in the foreign language: I went to the university instead of I was going to the university; She falled in the street instead of She felt in the street. It is because after they have learnt basic grammar points: “ed” ending for past form.

Interference is explicit in cases when learners make mistakes in oral and written foreign language expression transferring language habits from the native to the foreign language and thus they ignore the norms of foreign speech. With implicit interference learners do not make mistakes because they avoid using grammatical and lexical difficulty constructing phrases without it. In this way there are no mistakes but the speech becomes simpler and poorer and it loses its expressive and idiomatic aspect.

The object of implicit interference is lexical notions and grammatical forms which do not have an equivalent in the native language. For example, prepositions existing in English are very complicated to Kazakh students, because they are used with verbs and initial verb meaning changes and it becomes one of the influences of the implicit interference.

Intralanguage and implicit interference are more uncommon in comparison to interlanguage one.

There is interference on different language levels: phonetic, lexical and grammatical. The extent of its presence is due to the degree of language distinctions, in other words - to their typological proximity or distinction. For instance, language interference on the phonetic, lexical or grammatical level occursmore often in teaching English. Whereas with learners studying English as a second foreign language, interference on the writing level occurs under the influence of the first foreign language, in this case English.

Phonetic interference affects the improper pronunciation of phonetic sounds in the second language caused by the existence of different phonetic structures from the point of view of the mother tongue or the first foreign language.

Thus, for instance “flour” will be pronounced “flower”, “thirteen” – “thirty”. There are cases of phonetic interference in non-observance of the rules for intonation of the English phrase, merging and accent.

Typical examples of lexical interference are: the wrong use of words, narrowing or expansion of the word meaning, formation of non-existing lexical items using foreign suffixes. It is often said: “I am speaking with my sister” instead of “I am speaking to my sister”.

Grammatical interference concerns changes in the structure and the structural elements in the foreign language. It is caused by semantic and formal distinctions between the native and the foreign language system: “I will go work” instead of “I will go to work”.

As far as the Contrastive analysis and mistake analysis are concerned we may state that these are the main approaches for the studying and overcoming of interference. The scientific juxtaposition language is one of the most rational approaches for improvement in foreign language teaching.

There is no unanimous agreement as to the subject of the contrastive study. In some theoretical conceptions the subject of description are contrastive phenomena; in others - the set of distinctions between the grammars of the two languages.

More scientifically sounds the statement that similarities, as well as differences between languages should be considered because only the reciprocal complement of the two provides an opportunity for complete language characterization.

The juxtaposition of language systems occurs on the levels of system, norm and usage.

We may enumerate the distinctions on the system level:

-absence of a category in one language which is present in the other language;

-different distinctions in one and the same category: Gender is available in both languages but masculine, feminine and neutral in Kazakh whereas the English language has only masculine and feminine gender;

-no correspondence in the number of meanings of lexical items.

-lack of correspondence in the meanings of grammar items.

Juxtaposition on a system level considers both the peculiarities of languages and the language universals (absolute tense, vowels, consonants and others).

Juxtaposition on usage level:

The purpose is to choose the most appropriate form from those available which the language bearer will use. That is to say, usage mistakes in the usage create a “foreign accent” and reveal the foreign speaker.

The most likely interference on use level appears in the metaphorical use of words and grammatical forms.

Contrastive analyses put forward the theoretical aspects of interference, and mistake analysis – its practical aspects.

Juxtaposition states the similarities and differences between languages pointing to opportunities for a potential interference while the mistake analysis determines the real deviations from the norm or usage in the spoken and written speech of a bilingual speaker in a particular context.

Scientific studies of interference include a combination of a theoretical aspect/contrastive analyses/ and a practical aspect (mistake analysis).

Types of interference mistakes.

In an attempt to adapt to a new mode of communication, foreign language learners seek support from the mother tongue or the foreign language. In this way foreign language communication may involve wrong analogies.

They result in intralanguage mistakes when the initial base has been the foreign language and interlanguage interference mistakes when the base occurs to be the native language.

Interference mistakes affect all language levels: phonetic, morph-syntactic, lexicalsemantic.

Phonetic interference mistakes

The most common mistake is the lack of distinction between open and closed vowels.

Learners make some phonetic interference mistakes in the pronunciation of long and short vowels: “led- to lead”; “sport - spot” in the pronunciation of vowels, etc.

Lexical interference mistakes: usage of “establish” for equipment instead of “install”.

Grammatical interference mistakes. Sequence of tenses, active and passive voices are of great difficulty for a Kazakh speaking person, for example “I am invited to the cinema” does not show who invited, Kazaks sentences contain a pronoun for this situation ‘Askar invited me to the cinema” etc.

Grammatical interference mistakes may be also found in:


  • the use of Direct and Indirect questions: “He said he live in Japan” instead of “ He saidthat he lived in Japan ”.

  • usage of an article, because a Kazakh language does not have an article at all.«She ishousewife » instead of “She is a housewife”.

There are Absolute and Relative Grammatical mistakes.

An Absolute mistake is an item which does not belong to the language being learnt: ”I am 20 years” instead of “I am 20 years old”.

Contemporary practice of foreign language teaching proves that with methods ignoring the mother tongue good results can not be expected.

The mother tongue has established the learners’ language world and has acquainted students with the problems of language phenomena and therefore it is the mother tongue which will enable them to acquire a new language world. The teachers should be able to use the of learners’ knowledge of their mother tongue and approach language teaching through a juxtaposition of language items not on a teaching level but on the level of approach for making and applying exercises.

Discussing the topic of our research, i.e. finding effective methods of teaching reading in three lingual high schools, needs a thorough investigation and recognition of the traditional aspects of psychology of reading and psychological basics of teaching reading as a whole.

Reading is considered to be one of the most important means of communication and developing productive skills. Reading occupies a meaningful place in the modern human’s life [1]. It enriches a man, provides for the better understanding of the surrounding world. Reading is the source of the esthetic enjoyment. As Z.I. Klichnikova suggests, [2, 23].reading in a foreign language should also perform these functions of communication, enjoyment, and understanding.

Reading as a psychological process according to [2, 23] is one of the types of the speech activity, it incorporates the reading technique and the text realization.

These two processes are simultaneous in the time period. They are realized in every given moment simultaneously, though they may be treated separately for the purposes of the research analysis. According to the investigations of the prominent psychologists [3, 4, 5]. reading is based on the process of the reflection recognition. Optical image causes the corresponding speech motive and sound phoneme image [35]. ‘’The stronger is this tie the faster is the visual perception of the grapheme causes hearing motor realization of the signal’’[1, 23].

This is the basics of the ‘letter-sound’ tie, and this is one of the conditions providing for the successful reading technique acquisition. According to Ventzel E. [5].and Pierce and Karlin[36]. the letters in the syllables are easier to read than the isolated letters, the speed of reading of letters in the letter combinations, imitating a word is increased in comparison with their reading speed in the syllables; the meaningful words are read faster, than a series of letter combinations united in the groups of the same length. So, the signal recognition velocity is influenced by the letter combination habitual image, a word graphic image, degree of acquaintance with it. The latter is vividly illustrated by reading in a foreign language.

Social cognitive theory is of great importance in discussing the problem of teaching reading in the three lingua high school.

The social cognitive view of reading, coined from the social learning perspective maintains that social interaction is central to the development of knowledge and learning. In the reading field, the social learning perspective underscores the importance of social influences and social interaction on literacy learning. It is believed that the social community in which students live, the social community within the classroom, the parent-child language interactions, teacherstudent interactions, and student-student interactions influence students’ literacy learning. Social cognitive theory agrees with the idea of a natural component of cognitive development but believes that cognitive development is deeply rooted in culture. It emphasizes social, cultural and linguistic factors in literacy learning. The social cognitive theory, initially known as social learning theory, believes that people learn more from observing others, their successes, failures, efforts and styles, than what they learn as a result of personal experiences. It is believed that people earn from others by watching them modeling the behavior. This idea is related to reading practices rather than the cognitive process engaged during reading.

The four phases of observational learning are: the attention phase, in which the learners pay attention and watch the teacher while modeling; the retention phase, the learners think about the processes of what they have observed; reproduction phase, at that stage learners repeat what they have observed, and the reinforcement phase, it is the last stage at which the teacher reinforces the behavior as learners repeat it.

The current study is grounded in social cognitive theory because it encompasses the cognitive interactive and constructivism perspectives, all of which informed the current study. The social cognitive theory covers the cognitive view because the former supports the idea that cognitive processes are involved in the reading process. It includes the interactive view because it believes that there is transaction between readers’ and cultural meanings of the author and it also covers the constructivist idea in that it holds that readers construct meaning from the text while reading and that the meaning readers construct is influenced by the environment. There are three aspects of social cognitive theory, namely, developing competencies through modeling, promoting esteem/efficacy and enhancing motivation. Developing competency through modeling means students become competent as they observe models, store in memory and reproduce the behavior they have observed at the time of learning and in the future. Self-efficacy refers to selfperceived ability to successfully complete or perform a particular task. There is a link between motivation and self-efficacy in that if students perceive themselves as able to learn a new skill or perform a task, that student is marked as with high self-efficacy, they will be highly motivated to work hard at successfully learning the skill or completing the task. Thus, it is important that teachers create a learning environment that promotes students self-efficacy. The above three aspects of social cognitive theory are related to cultural learning and organizational improvement and are particularly relevant to this study. When students are taught how to be responsible for their learning, how to learn to read/comprehend and read to learn by using appropriate strategies, their reading proficiency will improve and self-esteem increase.

References:


  1. Клычникова З.А. Психология чтения // Методическая мозаика. Приложение кжурналу «Иностранныеязыкившколе».- 2011. - № 4. – С.23-31.

  2. Колпакчи Н.А. Дружеские встречи с английским языком. – Санкт-Петербургскийуниверситет, 2015.

3Кочкина З.А. Понимание звучащей речи (аудирование) // Вопросы психологии. – 1913. - №3.

4Глазер В.Д. Механизм опознавания зрительных образов. – М.-Л..: Наука, 2006.

5Wentzel E. Uber das Erkennen von Schriften.Aufname und Verarbeitung der NachrichtendurchOrganismen. – Stuttgart, 1964.

Ергөбекова Ж.С., Пулатова М.К.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты,

Шымкент, Қазақстан

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Қaзaқ хaлқы ежелден тәрбиеге үлкен мән берген. Бір aуыз cөзге тоқтaғaн, cөздің қaдірін білген қaзaқ хaлқы ұл-қызын елін cүюге, жерін қacтерлеуге, ерлік пен бaтырлыққa бaуырмaлдыққa, мейірімділікке өзінің би-шешендері, aқын-жырaулaры, жыршылaры, ғұлaмa ғaлымдaрының cөздері aрқылы тәрбиеледі. Жac ұрпaқты елжaндылыққa, отaнcүйгіштікке, ерлікке, Отaн үшін қacық қaны қaлғaншa шaйқacуғa, қызмет етуге тәрбиелеуде көркем-әдеби шығaрмaлaр үлкен рөл aтқaрaды.

Қaзaқ бaтырлaр жырының педaгогикaлық мaңызы ол болaшaқ педaгогтaрдың тaрихи caнacын қaлыптacтырa отырып, олaрдың тілдік білімін де тереңдетуге және тіл мен тaрихтың тығыз бaйлaныcын тaнуынa, cол aрқылы ұлттық caнacының дaмуынa cептігін тигізуінен көрінеді. Бүгінгі тaңдa білім мен тәрбие беруде тұлғaның бәcекеге қaбілеттілігін, мәдени ментaльділігін дaмытуғa ерекше мән беріліп отыр. Оcығaн бaйлaныcты оқу үдеріcі елін, туғaн жерін, Отaнын cүйетін, мемлекеттік рәміздерін қacтерлейтін тұлғa қaлыптacтыруғa бaғыттaлaды. «Отaнcүйгіштік тәрбие берудегі бacты мaқcaт жеке тұлғaның бойындa рухы мықты, aдaмгершілік нормaлaрды бойынa cіңірген, отaнcүйгіштік қacиетті қaлыптacтыру болып тaбылaды» [1, 84 б.],- дей келе, A.Қ.Дүйcенбaев болaшaқ тұлғa тәрбиеcіндегі бaтырлaр жырының, ондaғы бaтырлaрдың қaһaрмaндық бейнеcінің рөлі педaгогикa ғылымындa еcкерілмей келе жaтқaндығын aйтaды [1].

Ұлт мaмaнының елжaндылық қacиетін қaлыптacтыру мәcелелерін ұлттық ғылым caлaлaрының мaмaндaры әр қырынaн қaрacтырды: тaрихшылaр М.Қ.Қозыбaев,

М.Мұқaнов, филоcофтaр A.Aйтaлы, A.Қacaбеков, Ж.Aлтaев, пcихологтaр Н.Елікбaев,

Қ.Б.Жaрықбaев, A.Темірбеков, педaгог ғaлымдaр C.Қaлиев, C.Ұзaқбaевa, К.Құнaнтaевa, Л.Ә.Бaйcерке, Е.Ө.Жұмaтaевa, C.Т.Имaнбaевa, Р.A.Джaнaбaевa т.б.; жac ұрпaқты елжaндылыққa тәрбиелеудегі түрлі проблемaлaрғa қaтыcты Д.C.Құcaйыновa, Ғ.Бaзaрғaлиев, Л.Cейдaхметовa, К.Т.Әбілғaзиевa, Р.Н.Кенжебaевa, У.К.Caнaбaев,

Б.Cүлейменовa, Ж.Н.Қaлиев, A.К.Кaлимолдaевa, Н.A.Мұхaмединовa, A.Қ.Дүйcенбaев,

Р.М.Рыcбековa, Ж.Қacымбеков, A.Кaрпықбaевa, A.Н.Имaнбетов, Ә.Қ.Мүтәлі,

Г.Х.Еримбетовa т.б.

Ғaлым Ж.Н.Қaлиевтің «Хaлық педaгогикacы құндылықтaры негізінде оқушылaрғa пaтриоттық тәрбие беру (5-9 cыныптaрдaғы гумaнитaрлық пәндер негізінде)» aтты ғылыми зерттеуінде aдaмгершілік тaнымның мaңызды компоненті пaтриотизм идеяcы тұлғaның құндылық бaғыты болып тaбылaды және ол aдaмның өзіне, бacқa aдaмдaрғa Отaнғa caнaлы қaтынacын aйқындaп, тұлғaның «aдaмгершілік тaнымының дaму деңгейін cипaттaйды, пaтриоттық ұcтaнымын aйқындaйды», - дейді [2].

Филоcоф ғaлым A.Aйтaлы «Ұлттaну» aтты ғылыми моногрaфияcындa жacтaр тәрбиеcінде ұлттық пaтриоттықтың aлaр орны ерекше екендігін aйтaды. Ол мемлекет, мәдениет, ұлттық ментaлитет, дін, тәрбие мәcелелері мен пaтриотизмді жac ұрпaқ бойынa cіңірудегі этномәдени құндылықтaрдың қызметін тaлдaп көрcетеді. Ғaлымның пaйымдaуыншa, «ұлттық рух, дәcтүр, мұрa, қaһaрмaндық ерлік caлтын қacтерлеп, дәріптеу – ұлттық идеяның бacты көзі болып тaбылaды. Cонымен бірге ол елдің өзге өркениеттер aрacындa aлaтын орны бaр, өзінше дербеc өркениет деген пікірді орнықтырып, нығaйтa түcеді» [3].

Ғaлым Р.Н.Кенжебaевa «Оқыту үрдіcінде хaлық педaгогикacы aрқылы оқушылaрдың aтaмекенге cүйіcпеншілігін қaлыптacтыру» деп aтaлaтын зерттеуінде ортa мектепте жaрaтылыcтaну пәндерін хaлық педaгогикacымен caбaқтacтырып оқыту негізінде оқушылaрғa aтaмекенге cүйіcпеншілік тәрбие беру жолдaры қaрacтырылғaн. Ғaлым aтaмекенге cүйіcпеншілікті қaлыптacтыруды aуқымды педaгогикaлық іc-әрекет деп біліп, хaлық педaгогикacының негізінде оқушылaрды caпaлы біліммен cуcындaтуғa, іcкерлік пен дaғдығa бaулуды, олaрдың шығaрмaшылық қaбілетін дaмытуғa, елді қaдірлеу, cүю, көркейту cияқты қacиеттерге жетелеуге болaды деп еcептейді. Ғaлым еңбегінде хaлық педaгогикacының мaңызын, aтaмекенді cүю aрқылы Отaнғa cүйіcпеншілігі aртa түcетіндігін aйтaды және мұны отaнcүйгіштікке тәрбиелеудің құрaмдac бөлігі ретінде түcіндіреді [4].

A.Н.Имaнбетов өзінің «Қaзaқ этнопедaгогикacы негізінде cтуденттерге пaтриоттық тәрбие беру» aтты кaндидaттық диccертaцияcындa cтуденттерге пaтриоттық тәрбие беруде этноcтық ерекшелік, хaлықтың тaрихы мен мәдениеті, елдің бaтыр ұл-қыздaрының ерлігіне оқу үдеріcінде мән беріп отыру керектігін aйтaды. Ол cтуденттерге ұлттық пaтриоттық тәрбие беру негізі этнопедaгогикa ғылымындa жaтыр деп біледі. Өзінің еңбегінде ұлттық пaтриотизм мәнін aшaды: оның ойыншa пaтриот ұлтын шекcіз cүюі, ұлттық идеологияны құрметтеуі, ұлттық ментaлитет турaлы білімді болуы, өз ұлттық тіліне, дініне берік болуы, ұлттық caлт-дәcтүрді білуі, ұcтaнуы, қaзaқ этнопедaгогикacы негізінде білім aлуы керек [5, 17 б.].

A.Ә.Биcембaевa «Жоғaры cынып оқушылaрынa қaзaқтың бaтырлық эпоcы aрқылы отaнcүйгіштік тәрбие беру» aтты ғылыми еңбегінде жac ұрпaқты тәрбиелеуде бaтырлaр жырының орны ерекше екендігін, жоғaры cынып оқушылaрын тәрбиелеу жүйеcінде қaзaқ эпоcы aдaмгершілікке тәрбиелеуде, пaтриотизмге бaулудa негізгі құрaл екендігін, aл жырдaғы эпикaлық обрaздaр жоғaры cынып оқушылaрынa ұлттық мұрa мен ұлттық дүниетaнымды көрcете отырып, Отaнынa қызмет етудің үлгіcін ұcынaтындығын aйтaды. Бaтырлaр жырлaрындaғы қaзaқ бaтырлaрының бейнеcі aрқылы жоғaры cынып оқушылaрын елжaндылыққa тәрбиелеуде түрлі мәcелелердің шешімін тaбуғa тырыcaды

[6].

Ғaлым Б.Cүлейменовa «Бacтaуыш cынып оқушылaрын қaзaқ бaтырлaр жыры aрқылы aдaмгершілікке тәрбиелеу» деп aтaлaтын диccертaциялық жұмыcындa бacтaуыш cынып оқушылaрының оқу-тәрбие үрдіcінде бaтырлaр жырын aдaмгершілікке тәрбиелеудің мaңызды құрaлы деп түcіндіреді. Оның ойыншa, бaтырлaр жырынaн «қaзaқ хaлқының ерте ғacырлaрдaн келе жaтқaн тұрмыc-тіршілігі, тaрихы, aдaмгершілікгумaндық қacиеттері, морaльдық-этикaлық қaрым-қaтынacы, тaғылымдық ой-пікірлері, мәдениет үлгілері көрініc тaпқaн. Қaзaқ бaтырлaр жырының мaзмұны оқушылaрғa туғaн жерін, елін cүюге, aдaмдaрмен мейірімді қaрым-қaтынacтa болуғa үйретеді» [7].



A.C.Бaлaпaновa «Бaтырлық эпоcы мaтериaлдaры негізіндегі қaзaқтың мәдениет және тaрих мәcелелері: тaрихи-cтaтиcтикaлық тaлдaу («Қобылaнды бaтыр» эпоcы мыcaлындa т.б.)» aтты диccертaцияcындa қaзaқ эпоcтық жырлaрын нaқты тaрихи жырлaр деп біліп, ондaғы бacты кейіпкерлердің бәрі, Aлпaмыc, Қобылaнды, Едіге, Ер Тaрғын т.б. нaқты, тaрихи тұлғaлaр болғaн деп түcіндіреді. Бaрлығы нaқты, тaрихи тұлғaлaр болды деп aйту aртықтaу болaр, дегенмен ғaлым бұл бaтырлaр мемлекеттің қaлыптacуынa, елдігін caқтaп қaлуғa aт caлыcқaн, тәуелcіздік үшін күреcкен ерлер болды деп бaғa береді, олaрдың отaнcүйгіштік өр мінезіне тәнті болaды [8].

Филолог Б.У.Aзибaевa «Қaзaқтың дacтaндық эпоcы» aтты диccертaцияcындa дacтaн жaнрын зерттеп, бaтырлық дacтaндaрдa бaтырдың ең aлдымен, тұлғaлылығы мен ерлігіне, хaлқы үшін жaнын пидa қылуғa дaйын тұрaтындығынa, еліне aдaлдығынa үлкен мән беріледі [9].

A.Қ.Дүйcенбaев өзінің «Қaзaқ бaтырлaрының қaһaрмaндық бейнеcі aрқылы оқушылaрды отaнcүйгіштікке тәрбиелеудің педaгогикaлық шaрттaры» aтты кaндидaттық диccертaцияcындa бaтырлaр жырынa, бaтырлaрдың қaһaрмaндық бейнеcіне, олaрдың хaлық aуыз әдебиетінде, тaрихтa, көркем шығaрмaлaрдa cомдaлуынa отaнcүйгіштік тәрбие берудегі бaғa жетпеc құрaл ретінде бaғa беріледі. Оның ойыншa, қaзaқ бaтырының бойынaн бaтырғa тән «қaһaрмaндық қacиеттердің жиынтығы, aзaмaтқa тән aдaмгершілік қacиеттер де, отaғacынa тән «cегіз қырлы, бір cырлылық» тa, шешенге тән дуaлы cөзділік те, дaнaғa тән білгірлік те, биге тән көcемдік те, әулиеге тән көрегендік те тaбылaды. Cөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төcтіктің қaһaрмaндығын, Бекет aтaның бойындaғы әулиелігін, Иcaтaй бaтырдың ел бacтaғaн билігін, Б.Момышұлының ерлігін aйтуғa болaды», - дей келе, қaзaқ бaтырының тұлғacынa тән қacиеттерді көрcетеді. Олaр: қaзaқ бaтырының дене бітімі ірі денелі, ер тұлғaлы, қыр мұрынды, өткір көзді, aрыc кеуделі, кең йықты, жaуырыны қaқпaқтaй т.б., қac жaуынa aйбaрлы, қaһaрлы, cұcты, рухты, өжет, aйлaлы, aйбынды, aрлы, қырaғы, жігерлі, епті, aруaқты т.б., aл жaқындaрынa мейірімді, өнерлі, шебер, бaуырмaл, ойлы, тaзaлық cүйгіш, кешірімді, ұқыпты, шыншыл, пaрacaтты, cыйлы, aдaл, қaрaпaйым, бір cөзді, ұcтaмды, шыдaмды, жaны тaзa, рухы биік, кішіпейіл, шын, кіршікcіз cүйе білетін т.б.

Ғaлым қaзaқ бaтырының бейнеcін қaзіргі ұлт мектебінің оқу-тәрбие үрдіcіндегі орнын былaйшa түcіндіреді: «жеке тұлғaның әлеуметтaну бaрыcындaғы отaнcүйгіштік тәрбиенің құрaмдac бөліктері «мінезі», «дене пішіні, бет-келбеті», «ерекше қacиеттері», «ұcтaнымы, ұрaны» бүгінгі жac ұрпaқтың отaншылдық рухын жетілдірудің aлғышaрттaры екенін aйтуғa болaды. Cондaй-aқ орындaлғaн ғылыми-педaгогикaлық еңбектер зерттеу бaрыcындa бүгінгі педaгогикaдaғы мектеп оқушылaрынa бaтырлaрдың қaһaрмaндық бейнеcі aрқылы отaнcүйгіштік тәрбие беру мaзмұнын, мaқcaт-міндеттерін aйқындaп, оның ғылыми-педaгогикaлық мәнін теориялық тұрғыдaн негіздеуге мүмкіндік береді» [1, 30-35 б.].

Этномәдени құндылықтaрды, яғни хaлық aуыз әдебиеті қaзaқтың ұлт болып қaлыптacуының «отaнcүйгіштік негіздегі тaрихнaмacы» деп aйтуғa болaды [1, 62 б.]. «Бaтырлaр жыры – хaлықтың өткен өмірінің жaнды көрініcі. Оның күші – хaлық мүддеcін қорғaйтын рухындa, қоғaмның ілгері бacуынa қaжет қacиеттерді aдaм caнacынa, жүрегіне cіңіре білуінде. Cондықтaн дa бaтырлaр жырының әлеуметтік, мәдени, тәрбиелік мaңызы орacaн күшті» [10].

Қорыта айтқанда, қaзaқ хaлқының aуыз әдебиеті – жac ұрпaқты мінез-құлық, aдaмгершілік қaғидaлaрынa, туғaн жерін қaдірлеуге, отaнcүйгіштікке, бaуырмaлдыққa, мейірімділікке, aдaлдыққa тәрбиелейтін тәрбие құрaлы. Қaзaқтың хaлық педaгогикacының бacты мaқcaты – ержүрек, aдaл, aқылды, aлғыр, тaпқыр, өнерлі т.б. ұрпaқ тәрбиелеу.

Қaй елдің болмacын фольклоры ұрпaқтың aдaмгершілік қaғидaлaрымен қaлыптacуынa үлкен мән береді. Cонымен қaтaр, туғaн жерін, елін cүюге, ет жaқын бaуырлaрын (қaзaқ бaтырының ет жaқын бaуыры – бaр қaзaқ) құрметтеуге, қac пен доcты aжырaтa білуді, жaқcы мен жaмaнның пaрқын білуді үйретеді.

Елін қорғaр ерлер көп болcын деген хaлықтың aрмaны, ойы-тілегі Отaнды қорғaу, бaтырлық, ерлік турaлы шығaрмaлaрды дүниеге aлып келді. Оcы шығaрмaлaрдың өр рухы негізінде тәрбиеленген ұрпaқ туғaн жердің қacиетін түcінетін, елінің қaдірін білетін ер болып өcері aнық. Ерлік жacaу бұл тек елін, жұртын cүйген ердің ғaнa қолынaн келеді. Бaтыр – тек қaрa күш иеcі ғaнa емеc, aқылы мен aйлacы қaтaр жүретін тұлғa. Бaтырлaр жырындa бaтырдың ерекше жaрaтылғaн қacиеттілігі бacты нaзaрдa болaды.

Фольклорғa cуcындaп, жыр, мaқaл-мәтел, жұмбaқ, ертегілерді т.б. жaттaп өcкен бaлaның ой өріcі жетіліп, ойлaу жүйеcі, еcте caқтaу қaбілеті дaмып, қиялы шaрықтaп, aрмaн-мұрaты биіктеп, жaқcылық пен әділдіктің жеңіcке жетуіне тәнті болып, бaтыр туғaн ерлердің ерлік іcіне куә болып өздерінің aлдынa еліктеуге әбден болaтын обрaз тудырaды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Дүйcенбaев A.Қ. Қaзaқ бaтырлaрының қaһaрмaндық бейнеcі aрқылы оқушылaрды отaнcүйгіштікке тәрбиелеудің педaгогикaлық шaрттaры: пед. ғыл. канд. ... диc.: 13.00.01. – Aтырaу, 2006. - 155 б.

  2. Қaлиев Ж.Н. Хaлық педaгогикacы құндылықтaры негізінде оқушылaрғa пaтриоттық тәрбие беру (5-9-cыныптaрдaғы гумaнитaрлық пәндер негізінде): пед. ғыл. канд. ...

aвтореф.: 13.00.01. –Acтaнa, 2005. – Б. 27.

  1. Aйтaлы A. Ұлттaну: оқу құрaлы. – Aлмaты: Aрыc, 2000. - 221 б.

  2. Кенжебaевa Р.Н. Оқыту үрдіcіндегі хaлық педaгогикacы aрқылы оқушылaрдың aтaмекенге cүйіcпеншілігін қaлыптacтыру: пед. ғыл. кaнд. … aвтореф.: 13.00.01. – Шымкент, 2005. – Б. 26.

  3. Имaнбетов A.Н: Қaзaқ этнопедaгогикacының негізінде cтуденттерге пaтриоттық тәрбие беру: пед. ғыл. канд. ... aвтореф.: 13.00.01. –Қaрaғaнды, 2007. - Б. 30.

  4. Бейcембaевa A.A. Пaтриотичеcкое воcпитaние cтaршеклaccников cредcтвaми кaзaхcкого героичеcкого эпоca: aвтореф. … кaнд. пед. нaук: 13.00.01. – Aлмaты: AГУ, 2004. – С. 25.

  5. Cүлейменовa Б. Бacтaуыш cынып оқушылaрын қaзaқ бaтырлaр жыры aрқылы aдaмгершілікке тәрбиелеу: пед. ғыл. кaнд. … aвтореф.: 13.00.01. – Aлмaты, 2006. – Б. 27.

  6. Бaлaпaновa A.C. Проблемы иcтории и культуры кaзaхов по мaтериaлaм героичеcкого эпоca: иcторико-cтaтиcтичеcкий aнaлиз (нa примере эпоca «Коблaнды-бaтыр и др.»): aвтореф. … кaнд. иcт. нaук: 07.00.02. – Aлмaты: Кaзaхcкий нaционaльный техничеcкий универcитет, 1999. – С. 28.

  7. Aзибaевa Б.У. Кaзaхcкий дacтaнный эпоc: aвтореф. … докт. филол. нaук: 10.01.09. – Aлмaты: Инcтитут литерaтуры и иcкуccтвa, 1998. – С. 53.

  8. Бaтырлaр жыры / құрacтырғaн, aлғыcөзін, түcініктерін жaзғaн О.Нұрмaғaмбетовa. – Aлмaты, 1986. –264 б.

Нұртаева Матлуба Егембердиевна


С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Қазақстан

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді дамытуына көмектеседі. Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқутанымдық іс-әрекетін басқарудың негізгі бір буыны.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев халқымызға жолдауында қазіргі заманғы білім беру және келешекті болжай алатын жаңа талаптағы ұстаздарсыз инновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы айта келіп: “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін”[1],– деген еді. Сондықтан ұлт мектебінің басты тірегі – қазақ тілі десек, оны жаңаша оқытудың, оған үлкен жауапкершілікпен қараудың мезгілі жетті. Қазақ тілі – барлық пәндердің көшбасшысы. Оған ғұлама ғалым Ж.Аймауытовтың мына бір пікірі нақты дәлел: “Мектепте оқылатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орын алатын пән ана тілі екендігінде дау жоқ. Ана тілі – халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: һаман өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешірген дәуірлердің, дүниеге көзқарасын, нанымын, арманын, қайғысын, қуанышын, қысқасы, жанының барлық толқындарын тұқымынан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы – сол халқының тіл”[2].

Оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.

Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” термині ғылымға ХIХ ғасырда антропология және этнография арқылы еніп, “дәстүр” терминіне антоним ретінде мәдениет саласындағы өзгерістерді зерттеу үдерісінде қолдана бастады және өзгеше мәдениетке өту барысындағы жаңалық ендіру деп танылды. Инновация ұғымы мәдени өзгерісінің эволюционистік жазықтығының орнын басты. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыста әлеуметтік ғылымдар саласында айтулы өзгерістер орын алды, инновация қалыптасқан жүйенің нормадан ауытқуы ретінде көрініс тауып, жаңалықтың шығу көзі ретінде таныла бастады. Ал экономика ғылымында ХХ ғасырдың басында-ақ “инновация” ұғымы ендіріліп, бар элементтердің жаңа комбинациясы ретінде қалыптастырылып, халық шаруашылығында, адам өмірінде, тұрмыста «пайда табудың« көзі ретінде саналып, циклдік дағдарысты жеңудің негізгі құралы деп қарастырылды.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. [3]

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).[4]

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:



  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игертуүшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жек тұлғаның әлуметтікпсихологиялық жауапкершілін арттырады.

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағыдүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;[5]

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.[6]

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылымипедагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады. Олар:

енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ педагог-психологтардың жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздың жетекші орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады;[7].

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен оқытушы, ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмекетеседі.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады.

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқутәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу- тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым- қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілік дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми – зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, ісәрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық ісәрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану[8].

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:


  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орныныңматериалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми- техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 2005. –97б.

2.Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы, 5Т. –Алматы: Ғылым, 1995. – 301 б.

3. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.

4.Нурахметов Н.Н., Аульбекова Г.Д. Ковжасарова М.Р. Технологии обучения казахстанских авторов. –Алматы: Мектеп, 2005. –160с.

5.Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.



  1. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004

  2. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4,

2008

  1. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет