Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндеттті»- делінген. [1]
Бәсекеге қабілетті жетілген тұлғаны қалыптастыру үшін оқушыны ізденушілікке, өз бетінше жұмыс жасауға, бақылау мен зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жинақтап,қорытынды жасай білуге үйрету қажет.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы мектеп оқушыларының жан – жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу – ізденушілік жұмыстарды мектептен бастау қажет.[2]
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.
Қазіргі мұғалімнің басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар тақырыптың ерекшіліктерін, өзектілігін, маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік, ізденушілік белсенділік – баланың табиғи жағдайы; ол әлемді танығысы, білгісі келеді. Баланың бұл табиғи белсенділігі зерттеушілік мінез-құлықтың мәні.
Балаларды оқытуда зерттеушілік әдісті қолдану қажеттілігі балалардың табиғатынан көп білгісі келетіндігімен, қоршаған ортаны түсіну қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері олардың жеке-дара қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, өзіндік зерттеулер интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.Өз бетінше зерттеудің көмегімен оқушылар қоршаған әлемді тани отырып, өздеріне жаңа білімді дайын күйде алмай, ашады.
Оқушының зерттеу жұмысының процесін төмендегідей көрсетуге болады.
1.Проблеманы өзектендіру (проблеманы табу және болашақ жобаның бағытын белгілеу).
2.Зерттеу тақырыбын таңдау және саласын белгілеу (зерттеу шекараларын белгілеу).
3.Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар болуы мүмкін емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін).
4.Зерттеу әдістемесін таңдау.
5.Ақпаратты жинау және өңдеу.
6.Зерттеу жүргізу.
7.Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер мен тәсілдерді пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау).
8.Шешімдер. Есеп дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама дайындау және т.б.).
9.Көптің алдында таныстыру (құрбыларының, ересектердің алдында қорғау, сұрақтарына жауап беру).
10.Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия.
Әр баланың өзіндік ерекшеліктері, құндылықтары және қалаулары болады. Әр уақытта сыртқы факторлардың әсерінен олардың қызығушылықтары бір құбылыстан екінші біреуіне бағытталуы мүмкін. Бір білімді әр бала әр түрлі қабылдайды. Оларда зерттеулік ізденістің әр түрлі біліктері мен дағдылары көрініс тауып, қалыптасуы мүмкін. Сондықтан педагог балалардың әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргізуге дайын болуы тиіс. Зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін субъектіге өзіндік жеке білім – зерттеулік қабілет қажет. Зерттеу қызметінің әдістері мен тәсілдері ретінде кез-келген зерттеушіге қажет дағдыны түсінген жөн: проблеманы көру, болжам жасау, бақылау, эксперименттер жүргізу, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, ұғымдарға анықтама беру және тағы басқа [3]
«Зерттеу» түсінігі үлкен кеңес энциклопедиясында «Жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқушы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. [4].
Қорыта айтқанда, ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін қалыптастыру әдістері, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын, дүниетанымы терең, жан — жақты дамыған шәкірттер тәрбиелеуді көздейді.
Мектепте балаларды ғылыми — ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету ісі оны — әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы тұлғаны дамыту аймағына кіргізу мақсатындағы бір қадам деп есептеуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы –Астана ,2004.
2.ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана,2005.
3.Мұсабеков М.Ө. Оқушылардың зерттеушілік қызметі. Ш., 2003.
4.ЖексенбаеваУ.12 жылдық білім беру кезінде педагог менеджерге айналады: Республикалық 12 жылдық білім беру проблемалары ғыл.-практ. Орталығының директорымен сұхбат /әңг. Б.Омарұлы// Айқын-2006.-1қыркүйек (№-161)-3 б
Ажибаева А.И., Амиралиева И.У.
магистр техники и технологии Ажибаева Р.Е.
магистр педагогических наук
Таразский инновационно-гуманитарный университет,
г. Тараз, Казахстан
ЗАЩИТА ПРАВ ПОТРЕБИТЕЛЯ И ПРОБЛЕМЫ В ДАННОЙ СФЕРЕ
Вся мировая экономика построена на том принципе, что конечным звеном в цепочке деньги – товар, как правило является именно рядовой потребитель, поскольку именно на его удовлетворение естественных нужд и потребностей работают все отрасли промышленности, индустрии услуг и развлечений всего мира [1, 12-13 с.].
Потребительское право – комплексная отрасль права, состоящая из норм различных отраслей (гражданского, административного, уголовного...), регулирующих отношение по удовлетворению материальных, культурных и иных потребностей граждан. Экономика любой республики должна строиться на реальных потребностях человека. Именно в удовлетворении потребностей человека суть экономики. Потребность – желание или необходимость обладать, пользоваться данным товаром, услугой, нужными для самого воспроизводства жизни и поддержания уровня жизни.
Потребитель – это самое главное звено любой отрасли экономики. Любой производитель, лишившийся потребителя, обречен на банкротство. На основании этого, можно считать, что защита законных прав и интересов потребителя является одним из приоритетных направлений деятельности республики. Главное требование потребителя – высокое качество товаров и услуг от товаропроизводителей или организаций, предлагающих услуги, независимо от форм собственности [2, 58-60 с.].
Эволюция защиты прав потребителей (consumerism) берет свое начало в Соединенных Штатах Америки. Впервые в мировой истории в защиту прав потребителей выступил глава государства – президент США Джон Фицджеральд Кеннади в 1961 г. в своем «Послании к Конгрессу». «Потребители – это все мы» такую характеристику этому понятию дал 35-й президент США в конгрессе. Позднее эта речь стала основанием для создания Всемирного дня защиты прав потребителя.
Джон Кеннади охарактеризовал понятие «потребитель» и назвал шесть основных прав потребителя:
Право на информацию;
Право на безопасность;
Право на выбор;
Право быть услышанным;
Право на возмещение ущерба;
Права на потребительское образование [1, 41-45 с.].
Все мирная организция союзов потребителей (CONSUMER INTERNATIONAL CI) дополнила список прав потребителей дополнительными двумя пунктами: 7. Право на удовлетворение базовых потребностей;
8. Право на здоровую окуружающую среду.
Защита прав потребителей - комплекс мер, реализуемых республикой и общественными движениями, направленных на регулирование отношений, возникающих между потребителем (физическим лицом, приобретающий или использующий товары (работы, услуги) исключительно для личных, семейных, домашних и иных нужд, не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности) и субъектом предпринимательской деятельности – изготовителем, исполнителем, продавцом и включающих в себя: установление конкретных прав потребителей; формы возможных нарушений прав и механизм их защиты; ответственность за нарушение прав потребителей
[5, 35-38 с.].
По мнению зарубежных ученых, определить точную дату возникновение как термина, так и самого понятия «потребительское право» очень сложно. Ключевое понятие «защита прав потребителя» возникло в сознании общественности вследствие увелечения случаев негативных явлений в потребительских отношениях, а потом появилось понятие «потребительское право». Термин «потребительское право» начал употребляться в правоведении экономически развитых зарубежных стран – Бельгии, Инспании, Нидерландов, Соединенного Королевства, США, ФРГ, Финляндии, Франции и других примерно в 1950-1960-е гг. Его появление было связано с возникновением так называемых «общество изобилия» и продуктивано прежде всего необходимостью усиления правовой защиты потребителей во взаимоотношениях с производителями, ослабления диктата последних, соблюдения по мере возможности баланса интересов производителей и потребителей. Затем термин получил и законодательное закрепление, например, в нормативных правовых актах, на базе которых создавался американский унифицированный коммерческий кодекс во всемирно известном толковом «Словаре юридических терминов» под ред. Брайена Гарнера. Постепенно содержание понятия расширялось, и в настоящее время в нем прослеживаются две основные составляющие термина «потребительское право»:
Совокупность правил, применяемых в связи с приобретением, использованиемпотребителем товара или оказанием ему услуг;
Совокупность правил, имеющих целью его (потребителя) защиту [3, 78-80 с.].
Постепенно соответствующие законы о защите прав потребителей были приняты в большом количестве стран и в том числе и в Республики Казахстан. Законодательство Республики Казахстан о защите прав потребителей основывается на Конститутции Республики Казахстан и состоит из Гражданского кодекса Республика Казахстан, настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан. Права потребителей в сферах финансовых, социальных, медицинских, туристских и иных услуг, а также вопросы их защиты устанавливаются законами Республики Казахстан. Государственное регулирование в сфере защиты прав потребителей осуществляется в соответствии с настоящими законами, иными законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан. По статье 7 закона Республики Казахстан «О защите прав потребителей» от 4 мая 2010 года потребители имеют право на:
Свободное заключение договоров на приобретение товаров (выполнение работ и оказание услуг);
Доступ к информации в сфере защиты прав потребителей;
3.Получение информации о товаре (работе, услуге), а также о продавце
(изготовителе, исполнителе);
Приобретение безопасного товара (работы, услуги);
Свободный выбор товара (работы, услуги);
Надлежащее качество товара (работы, услуги);
Обмен или возврат товара как надлежащего, так и ненадлежащего качества;
Возмещение в полном объеме убытков (вреда), причиненных их жизни, здоровью и (или) имуществу вследствие недостатков товара (работы, услуги);
Получение у продавца (изготовителя, исполнителя) документа, подтверждающего факт приобретения товара (выполнение работы, оказания услуг);
Предъявление претензии к инициатору (организатору) игр по качеству товара
(работы, услуги), переданного (выполненного, оказанного) в виде выигрыша;
Создание в общественных объединений потребителей;
Возмещение морального вреда;
Защиту прав и законных интересов;
Осуществление иных прав, предусмотренных настоящим законам и инымизаконами Республики Казахстан [4].
Одним из существенных факторов развития экономики, как это ни парадоксально, является законодательная, т.е административная, уголовная, гражданская защита прав потребителей.
Защита прав потребителей преследует две основные цели:
Первая – информировать потребителей об имеющихся на рынке товарах и услугах с тем, чтобы правильный выбор способствовал успешному формированию потребительского рынка;
Вторая – защищать потребителя в том случае, если его положение как слабой стороны ущемляется.
В наших условиях, когда идут процессы либерализации экономики, создан свободный рынок, конкуренция уже зародилась, а продавцы заинтересованы в полном удовлетворении запросов граждан, вопросы защиты прав потребителей, а также организация надлежащей работы торговых предприятий и предприятий общественного питания независимо от форм собственности на основе специальных нормативных актов приобретают актуальное значение.
Но, в данное время на мой взгляд, сейчас можно выделить такие проблемы, как:
Проблемы в сфере защиты прав потребителей;
Малое количество специалистов в этой области;
Отсутствие муниципальных образований межведомственных комиссий по защитеправ потребителей;
Мало действующихобщественных организаций;
Не знание потребителей своих прав, гарантий и способ защиты;
Рассматривая данную тему можно сделать вывод о неграмотности населения в сфере защиты своих прав. Нужно больше освещать эти проблемы в СМИ и разъяснять права потребителям. Необходимо, чтобы покупатель получал достоверную информацию о качестве товара. Предотвратить большую часть конфликтов, и грамотно построить работу с покупателями, можно только создав целостную систему. Системный подход вегда дает лучший результат, чем решение отдельных проблемных вопросов.
Также защита прав потребителей заключается в информировании о товарах и услугах, имеющихся на рынке, об их изготовителях, исполнителях, продавцах. Кроме того, законодательство предусматривает имущественную, административную и уголовную ответственность за нарушение прав потребителей.
Наиболее эффективным методом борьбы с правонарушениями на потребительском рынке, в большой степени отвечающим интересам жителей, является не защита уже нарушенных прав, а их предупреждение и профилактика.
Закон о защите прав потребителей имеет прямое отношение к переобразованию экономики. Таким образом, он имеет важное значения для развития всей системы РК.
Список использованной литературы
Ашурков О.А. Актуальное проблемы защиты прав потребителей. Учебное пособие. 2011 г.
Антонов В.В., Антонова Н.А., Толпыгин Г.А. Потребительское право и защита прав потребителей. Учебное пособие. М.: «Книга - сервис», 2003 г.
Цехер Г.Я. Потребительский экстремизим. Природа, формы проявления и меры противодействия// 2003г.
Закон РК «О защите прав потребителей» от 4 мая 2010 г. Глава 1 Статья 7.
Горлов А. Учитесь! Вас обманывают. Права потребителей надо знать с детства
2015 г.
Қошанова Майра Дәнебекқызы техника ғылымдарының кандидаты, доцент,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ,
Түркістан, Қазақстан
БІЛІМ БЕРУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК БЕЙІМДЕЛУ ТЕСТІЛЕУІН
ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Компьютерлік оқытудың (КО) оқу сапасын арттыру мақсатында тиісінше пайдаланған жағдайда мүмкіндігі зор. Алайда, мұндай сапа компьютерлік тестілеуді (КТ), нақтырақ айтқанда компьютерлік бейімделу тестілеуді (КБТ) пайдалану арқылы жоғарылауы мүмкін. Аталмыш жұмыстың мақсатында автор компьютерлік бейімделу тестілеудің механизмі мен артықшылығын, сондай-ақ оның пәндік ғылым саласында оқыту үдерісін қалай жақсарта алатынын сипаттайды.
Компьютерлік оқыту көптеген салалар мен пәндер бойынша, атап айтқанда пәндік ғылым саласында оқытуды жақсарту үшін мүмкіндігі ерекше. Дегенмен, компьютерлік оқыту оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін әрдайым бақылануы тиіс. Бұл өте дұрыс, себебі кейбір алдын- ала зерттеулер көрсеткендей, компьютерді пайдалану математика және ғылым саласында жетістіктерге кері байланыс орнатады. Демек, бұл қатынастар компьютерді пайдалану-міндетті түрде «панацея» емес, және де ол жауапсыз пайдаланылмауы және студенттердің зейінін жаулап алуы тиіс емес екенін педагог ескеруі қажет. Сондай-ақ компьютерді пайдалану мен нәтижелер жетістігі арасындағы осы кері байланыс ғылымдағы үздіксіз жасампаз және қорытынды бағалаудағы айтарлықтай қажеттіліктің болуын педагогтардың есіне салуы тиіс. Дұрыс бағалаудың көмегі арқылы оқу кезінде пайда болатын мәселелер анықталуы және де оларды ертерек байқаса түзетілуі ықтимал. Алайда, бағалаудың өзі оқу үдерісін толықтырып тұра алатындай ақылмен пайдаланылуы абзал. Аталмыш жұмыстың мақсаты - компьютерлік бейімделу тестілеуді сипаттау үшін қарапайым компьютерлік оқытудың шеңберінен шығу және оның салдарын, артықшылықтарын, және де оның аталмыш ғылым саласында компьютерлік оқытуды қалай тиімді толықтыра алатынын талқылау.
Компьютерлік тестілеу (КТ) бағалаудың компьютер арқылы жүзеге асатын кез келген түрі сияқты нақтылануы тиіс. Алайда, компьютерлік тестілеу тестің қаншалықты бейімделгеніне қарай түрлі формаларды қабылдай алады. Мысалы, белгіленген компьютерленген сынақтар деп аталатын кейбір компьютерлік тестер нағыз сызықтық болып табылады. Бұлар тестілеудің парағы мен қаламын барынша еске түсіреді, өйткені олардың формасы белгіленген, ұзақтығы белгіленген, және тестік тапсырмалары алдын ала белгілі тәртіппен қойылған. Белгіленген компьютерленген сынақтарға қарағанда компьютерлік бейімделу тестілеуі барынша бейімделу дәрежесіне ие компьютерлік тест болып саналады, себебі олар жалпы күрделілік пен тәртіпке негізделе келе әр студентке бейімделуі мүмкін, онда сыналушыға сұрақтар ұсынылады. Сондықтан компьютерлік бейімделу тестілеуі (КБТ) тестіленушінің қабілетін бағалау негізінде және бастапқы кездегі жауаптарға сүйене отырып, әр сыналушыға арнайы жасалып, бейімделуі тиіс.
Компьютерлік бейімделу тестілеудің негізгі басымдықтары олар уақыт, сондай-ақ пайдаланатын ресурстар тұрғысынан тиімді болып табылады. Бұл басымдықтар келесі бөлімде сыналушылар тарапынан, студенттің білім деңгейін анықтағысы келетін педагогтың тарапынан, сонымен қатар тест дайындаушының тарапынан талқыланатын болады.
Бейімделу тестілері сыналушының қабілетін қағаз жүзіндегі тестерге қарағанда, мейлінше нақты және шығынсыз бағалауға мүмкіндік береді. Типтік қағаз тестілер жаппай тестілеу үшін, яғни тест қабілеті әр түрлі студенттердің үлкен тобына пайдаланатындай етіп жасалады. Мұны жасау үшін бұл тестің сұрақтарының көбісінің күрделілігі орташа деңгейде болу керек (себебі студенттердің көбісінің үлгерімі орта). Нәтижесінде мұндай мазмұндағы тест үлгерімі жоғары және үлгерімі төмен студенттер үшін қиындық тудырады. Білім деңгейі төмен сыналушы жеңіл сұрақтарға қатысты алғашқы бірнешеуіне ғана жауап беруге қабілетті. Ал күрделілігі орташа және жоғары деңгейдегі сұрақтарға жауап беру студентке оңай соқпайды. Демек, сайып келгенде, сыналушы бұл сұрақтардың жауабын болжап табуы немесе бос орын қалдырып кетуі мүмкін. Бұлай болған жағдайда, оның білімі мен мүмкіндігін нақты бағалау қиын, себебі қандай-да тұжырымдар студенттің белгілеген алғашқы бірнеше сұрақтарының жауабына ғана негізделуі тиіс.
Осындай тәжірибелерді қарастырған кезде, математика пәнінен терең білімі бар білім алушының көзқарасымен алғанда, жағдай біршама дұрыс, алайда ол бұрынғыдай іске асырылмай тұр. Бұл білім алушы үшін сұрақтардың көпшілігі өте жеңіл болып келеді. Бейімделу тестілері әр сыналушының белгілі білім деңгейіне арнайы арналған сұрақтарды тиімді таңдауға себепші болады. Барлық сұрақтар әр студенттің қабілетіне қарай нақты бағытталған жағдайда, педагог студенттің анық білімі туралы едәуір сенімді және шүбәсіз тұжырымдарға қол жеткізе алады.
Тұтастай компьютерлік тестілеудің, оның ішінде компьютерлік бейімделу тестілеу басымдықтарының тағы бірі сол, олар студент пен оқытушының тура және тікелей кері байланысын басқара алатындығында. Жалпы бағалауға қосымша, бағалаудың мұндай түрі әр студенттің материалды толық меңгергенін көрсетеді, сондай-ақ әр студентте кездескен сұрақтардың пәндері мен саласының тізімін, осының негізінде бейімдік тестілеудің көрсеткіштерін ұсыну мүмкін. Алайда, үздіксіз тестілеу кезінде оқытушыда кейбір студенттер тест сұрақтарын жаттап алып, ол туралы басқа студенттерге айтуы мүмкін деген мәселе туындайды. Бірақ, егер бейімделу тестілеуі сұрақтарды барынша молынан қамтыса, мұндай мәселе орын алмайды, әсіресе, әр түрлі студенттер өздерінің жеке қабілеттерінің деңгейіне негізделген түрлі тапсырмаларды алуы тиіс болады.
Тест дайындаушылардың тұрғысынан бейімделу тестін жасау көп уақыт алады, бірақ педагогтың тұрғысынан уақытты үнемдеуде өте тиімді болып табылады. Негізінде, студенттер бейімделу тестілеу кезінде қарапайым тестілеу кезіндегіге қарағанда сұрақтардың аз мөлшеріне жауап беруі тиіс. Сонымен қатар, қарапайым тестілеу, ережеге сай, бүкіл топпен өткізіліп, уақыттың белгілі мөлшері кейбір студенттердің көңілінен шықпауы мүмкін. Оқытушы мен бүкіл топ қызметтің басқа түріне өтпес бұрын, бүкіл студенттердің тестілеуді аяқтауларын күтулеріне тура келетін еді. Студенттер компьютерлік бейімделу тестілеуімен дайын болған кездерінде емтихан тапсыра алады, жалғыз шарты компьютердің қолжетімділігі болып табылады, және де олар бүкіл топтың тестілеуге өтуіне дайын болғанын немесе бүкіл топ оны аяқтағанын күтіп тұрмайды. Оқытушының ойынша, бейімделу тестілеу уақыт жағынан үнемді болып саналады, сонымен қатар КБТ оқыған материалды қамтығанша топтар үшін тест дайындау жайлы алаңдамайды. Және де оқытушы жұмысты тексеруден уақыт үнемдейді, өйткені студенттің үлгерімін компьютерлік тест бағалайды.
Компьютерлік бейімделу тестілеудің тағы да кейбір қосымша басымдықтары бар. Компьютерлік бейімделу тестілеудің қауіпсіздігі жоғары, себебі сұрақтар тізімі енді қолды болмайды және көршілерден көшіруге де келмейді, өйткені тест сұрақтарының көбісі әр қайсысына бөлек дайындалған. Сонымен қатар, КБТ көмегімен тест өту кезінде студенттер үшін жасалған өзгерістердің мөлшері немесе әр сұрақтың жауабына жұмсалған уақыт мөлшері сияқты мәліметтердің басқа типтері мәліметтер қорында жинақталады.
Тестілеу мен бағалау саласында қазіргі зерттеулер компьютерлік бейімделу тестілеулердің мүмкіндігі артқанын көрсетеді. Компьютерлік бейімделу тестілеудің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері одан әрі қадам жасауға мүмкіндік береді. Бұл бейімделген және бейімделіп келе жатқан ірі ауқымды тестілеудің санынан (мысалы, GRE, TOEFL, ASVAB) байқалады. Оның үстіне бағалаудың мұндай процедурасы, оның барынша тиімділігін қамтамасыз етуіне оқу үдерісінде жақсы ықпал ету үшін мұндай қадамға әрдайым ақылмен бару қажет екендігін көрсетеді.
Әдебиеттер:
1.Семёнова Е.П. Компьютерное адаптивное тестирование в образовании
2.Bennett, R. E. (1999). Using new technology to improve assessment. RR99-6. Princeton, NJ: Educational Testing Service.
Lord, F. M. (1980). Applications of item response theory to practical testing problems. Hillsdale, NJ: Lawrence Erlbaum associates.
Meijer, R. R. & Nerling, M. L. (1999). Computerized adaptive testing: Overview and introduction. Applied psychological measurement, 23(3), 187-194.
O’Neill, K. (1995). Performance of examinees with disabilities on computer-based academic skills tests. Paper presented at the American educational research association, San Francisco, April, 1995.
Papanastasiou, E. (2002a). A ‘rearrangement procedure’ for scoring adaptive tests with review options. Paper presented at the National Council of Measurement in Education, New Orleans, LA.
Papanastasiou, E. (2002b). Factors that differentiate mathematics students in Cyprus, Hong Kong, and the USA. Educational Research and Evaluation, 8 (1), 129-146.
Исхакова Динара Хасановна
В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі, Қазақстан
ОРГАНОМИНЕРАЛЬДЫ ҚҰРАМЫНДА ВЕРМИКУЛИТІ БАР КЕШЕНДІ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ (КВОУ) КАПСУЛАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Аннотация. В данной статье рассматривается возможность капсулирования в процессе получения комплексного минерального удобрения на основе техногенных отходов, т.е. фосфорного шлама (бывшего Шымкентского фосфорного завода).
Ключевые слова: удобрение, суперфосфат, процесс капсулирование, структурообразование, полиэлектролиты, статистическая прочность, псевдоожиженный слой, температура высушивания.
Annotation. This article discusses the possibility of encapsulation in the preparation of complex mineral fertilizers on the basis of technological waste, ie phosphorus sludge (Shymkent former phosphate plant).
Keywords: fertilizer, superphosphate, the encapsulation process, structure, polyelectrolytes, statistical strength, fluid bed drying temperature.
Құрамында органоминералды тыңайтқыштар бар кешенді вермикулит алудың әдісі ойлап табылды, оны былайша жүргізеді: 98г фосфор шламын 2-4г вермикулитпен араластырады, содан кейін 30мл электробелсенді су мен 10мл КВОУ ерітіндісін қосады да, қоспаны бөлме температурасында біртекті паста алғанға дейін жақсылап араластырады. Әрі қарай пастаны түйіршіктеп, содан соң 100°С тепературада 60 минут бойына кептіреді. Алынған КВОУ суда жақсы еритін ашық-сұр түсті түйіршіктер болып шығады, өлшемі диаметріне 3-5мм, өте берік қасиеті бар, ол пайдалану кезінде керек болады. Вермикулиттің көлемі 2г болған кездегі алынған көрсеткіштер:
Р2О5жалпы=8,5 %, Р2О5 алынған= 8,0 %, Р2О5суерітіндісі= 5,62 %
Вермикулиттің көлемі 4г болған кездегі алынған көрсеткіштер:
Р2О5жалпы=8,7 %, Р2О5 алынған= 8,25 %, Р2О5суерітіндісі= 5,62 %.
Вермикулитті қосқан кезде алынған Р2О5көлемі ылғалдың есебінен азаяды, ол топырақтың құрамында ұзақ уақыт бойына ылғалды ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
Құрамында органоминералды тыңайтқыштар бар полимерлі кешендердің құрамын анықтау үшін олардағы тыңайтқыш компоненттердің өзара әрекеттерін анықтау үшін зерттеулер жүргізілген. Зертеулер рентгендік энергодисперсионды микроанализатор INCAEnergy (OxfordINSTRUМENTS) арқылы жүргізілді, ол ерітіндімен ISM6490LV(IED) электронды микроскопқа салынған.
Фосфорлы шламның механизмін түсіну мақсатымен қосымша ақпараттар алу үшін түз ерітіндісімен ПАН ерітіндісін – суда ерігіш полимерін екілік суперфосфатты дайын өніміне қосамыз.
Құрамында полимерлі кешені бар органоминералды тыңайтқыш – қос суперфосфаттың (фосфоритті ұнның негізінде) микроскопиялық суреттерді және қарапайым талдауын зерттеу нәтижелері сурет 20 және кесте 15 көрсетілген.
Сурет 3.1 және кесте 3.3 қос суперфосфаттың микроскопиялық суреттерді және қарапайым талдауы бейнеленген. Үлгілер, негізінен, құрамында аздаған металлдары бар аморфты құрылымға ие екені көрініп тұр. Сурет 5 қарапайым фосфор бар. Фосфорлы ангидридке P2O5 орт құрамын есептеу – 24,08 % тең болып шықты.
Сурет 3.1 – Құрамында полимерлі кешені бар органоминералды тыңайтқыш – қос суперфосфаттың (фосфоритті ұнның негізінде) микроскопиялық сурет мен қарапайым талдауы
Кесте 3.3 – Құрамында полимерлі кешені бар органоминералды тыңайтқыш – екілік суперфосфаттың (фосфоритті ұнның негізінде) қарапайым талдауы
ПАН және «Нитрон» талшығы қалдығы негізіндегі модифицирленген өндірістік полиэлектролитер қатысында кешенді органоминеральды тыңайтқыштардың 4000600·10-2 м -1 аймағында спектрлерді сіңіруі анықталды, зерттеуге сай, кешенді оргономинеральды тыңайтқыштардан алынған ВРПЭ (карбоксильды, амидті, метильды, сульфо-, метилольды, сульфометилкүкіртті, эфирлы топтары) белсенді бөлшектері функциональды топтары арасында өзара байланыс жүреді.
ПАН және «Нитрон» талшығы қалдығы негізіндегі модифицирленген өндірістік полиэлектролитер қатысында кешенді органоминеральды тыңайтқыштары сынамаларының ИК спектрожұтылу- ында мынаны байқауға болады: спектр әсер еткен кезде зерттелініп отырған облыста айтарлықтай өзгерістер болады. Жұтылудың 845·10-2 м -1 және 1080·10-2 м -1 (С-С) және 1245·10-2 м -1 (СН) кезінде біріккен аймақ байқалады және жұтылу аймағы 845-1480 ·10-2 м -1 болған кездебір ғана кең аймақ болады. Бұл ПЭ белсенді функциональды топтарының және органоминеральды тыңайтқыштардың өзара әсері салдарынан болады. Бұл жолақты - С=С ковалентті байланысына және – СООН тобына жатқызуға болады.
– СООNa тобының жұтылу аймағы бірнеше жиілікті облысқа ие 1500 – 1620
·10-2 м -1 және бұл жиіліктер 1500-1700 ·10-2 м -1 аймағында бір ғана үлкен жолақ пайда – СООNa тобының жұтылу аймағы бірнеше жиілікті облысқа ие 1500 – 1620 ·10-2 м -1 және бұл жиіліктер 1500-1700 ·10-2 м -1 аймағында бір ғана үлкен жолақ пайда болатындықтан да олар жақын орналасқан. Бұл жолақтардың белсенділігінң артуы карбонильды, амидты топтармен аммонилы қосылыстарға тән 1680 и 1570·10-2 м -1 аймағында байқалады.
Кейбір сынамаларда 3200·10-2 м -1 дан 3600·10-2 м -1 –ға дейінгі аймақтарда аймақтарды аралас жұтылу жолағы байқалады және амидты топқа жақын 3700-3900·10-2 м -1 аймақта органоминеральды тыңайқтықтардың белсенді орталығында амид топтармен өзара байланыс байқалады.
Сурет 3.2 – Құрамында полимерлі кешені бар органоминералды тыңайтқыш – қос суперфосфаттың (фосфоритті ұнның негізінде) инфрақызыл спектрі
Сурет 3.3 – КВОУ
Техногенді қалдықтар негізінде кешенді полимерлі органоминеральды тыңайтқыштарды яғни қос суперфосфатты жасауда құрылым түзгіш және капсулалаушы агент ретінде синтезделген полиэлектролиттер апробацияланды.
Модифицирленген өндірістік полиэлектролиттер ПАН, «Нитрон» талшықтары қалдықтары негізінде ИК-спектроскопия мен электронды микроскопта кешенді полимерлі органоминеральды тыңайтқыштардың құрылым түзгішін капсулалау механизмі зерттелген. Сонымен қатар, органоминеральды тыңайтқыштарда құрылым түзілуі инелі құрылымды тығыз байланыстар түрінде жүреді.
Жүргізілген зерттеу негізінде техногенді қалдықтар негізіндегі кешенді полимерлі органоминеральды тыңайтқыштарды капсулалау процесінің оптималды параметрлері анықталды.
Әдебиеттер
1.Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды. Пер. с англ. – М., Мир, 1987. – 512 с.
2. По данным консалтинговой фирмы Deloitte// http://www.deloitte.com 3.«Fuelling the Dilemma», Mark Venables, Engineering & Technology, 10-23 May 2008.
4. Марченко А. П., Семенов В.Г., Семенова Д.У., Лiньков О.Ю. Достиження физико-химических показателей альтернативного биотоплива на основе рапсовoгo масла // Машиностроение: Вестник Харьковского государственного политехнического университета. Сборник научных трудов. Выпуск 101.-Харьков, ХГПУ, 2000. – 215 с.
Достарыңызбен бөлісу: |