Әдістемелік конференция материалдары түркістан, 20 ақпан 2017


Тажиметов Бахтиер Оринбасарович



бет8/14
Дата02.05.2018
өлшемі11,96 Mb.
#40395
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Тажиметов Бахтиер Оринбасарович


С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан

МИФОЛОГИЯНЫҢ ҰЛТ МЕНТАЛИТЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ


Мифологияның ұлт менталитетін қалыптастырудағы ролін айтпас бұрын, ұлт менталитеті дегеніміз не? Оның мифологиямен байланысы қандай деген сауалдарға жауап іздеп көрейік. Қоғамның даму барысында талай тарихи оқиғаларды басымыздан өткергеніміз жұртшылыққа аян. Қазақ халқының «қазақ» деген этнонимге жетпей тұрған кезеңінен бұрын тамырлары тереңге түсетін көшпелі мәдениеттен басталатыны белгілі. Ерте кезден түркі тайпаларының негізінде қаланған халық болғандықтан, олардың мәдени мұрасының, құндылықтарының ізбасар болып қалуы заңды құбылыс. Көшпелі халықтардың мәдениеті отырықшы елдердің мәдениетіне жалғастырып, өркениетті елдер қатарына жеткенше түрлі мәдени ошақтармен қауышып қоғамның өмір сүру салтының динамикасы ұшан-теңіз. Сондықтан дәстүрлі қоғамның тарихи соқпақтармен дамып, жетілу сатысында ұлттық құндылықтар арқылы ұлт мәдениетін қалыптастырды. Осыған орай көптеген зерттеуші ғалымдарымыз, мейлі олар философтармыз, тарихшылармыз, тілшілерімізбен әдебиетшілеріміз болсын көшпелі заман мәдениетіне соқпай оған терең мағына бермеуі екі талай. Өйткені, халқымыздың көптеген рухани құндылықтарының бастауы сонау ғасырлар қойнауынан нәр алғаны белгілі, соларды халқымыз қадірлеп сақтап дамытуда. Бұл тарихи шындық. Халқымызға діни ағымдардың енбес бұрын кең далада тәңірге сену құбылыс, бір заттың иесіне, рухына сену етек жайған болатын. Осы менің айтқан ойым жайлы: түрік халықтары бұдан бес-алты мың жыл бұрын айды, жұлдызды, күнді тәңір тұтқан. Осы құдіреттердің бәрі аспанды Көк тәңірі деп сыйынған», дейді Нұрғали [1]. Бұдан байқайтынымыз ата- бабамыздың табиғат пен адамның керемет үйлесімділігін көріп, өзінің киіз үйлерін аспан әлеміне сәйкестендіріп ұқсастырып жасағаны белгілі.

Яғни қоғамдық сананың алғашқы немесе мифтік сананың қалыптасу формасы оның халықтың қалыптасуы формасына, оның халықтың қалыптасуына ойлау, салтын, әлемді бейнелеуіне, тану стилін берік сақтап, оны зердесімен жадында қайталанбас құндылық ретінде баяндаған. Демек, қоғамдық сананың алғашқы формасы сана екінін, яғни ұлт менталитетін қалыптастыуда үлкен маңызы бар.

Ұлт менталитеті немесе ұлттық менталитет – қазақ халқының «халықтық ділі» деген ұғымға сәйкес келеді – дейді Нұрматов [2]. Менталитет немесе менталдылық деген ұғым латтының ақыл ой, ойлау тәсіл, пайымдау, жан дүниесі деген түсініктерден туындайды. Менталитет дегеніміз, жеке адамның немесе әлеуметтік топтың (ұлттың) қоршаған әлемді белгілі бір кейіпте, қалыпта түйсіну, білу немесе осы тұрғыдан ісәрекеттер жасау мақсатында қордаланған табиғи-тарихи дайындықтарs мен ыңғайларының жүйесі. Демек, ол қоғамдық санадағы құбылыстарды терең қамтып дүниедегі рухани құбылыстарды бойында ұстайды.

Менталитет ұғымының түптамырына сипаттама берген С.Ақтай оны «миымыздың ерекше түйсігі, ақыл-ойының бейнесі, рухани қыртысы, ад діл иманға, сенімге жeықтау» деген пікір айтады.

Ұлттық ділдің сан қырлы астары бар, ал осы ұғымның өзін ғылымда қолданыла бастағанына көп болған жоқ. Жалпы менталитет (діл) мәселесі ХІХ ғасырда атақты психоаналитиктер З.Фрейд және К.Юнг зерттеген.

К.Юштың айтуынша, ұжымдағы (ұлтты деп түсіну) бейсаналық арқылы адамзат өзінің ертедегі ата тегінің ойлау, өмір сүру тәсілдерімен, әдістермен, салт-дәстүрлерін байланыстырып көрсетуге тырысқан. Адамдардың ете тектерін тарихынан беретін бұл образдарды архетиптер дейді[3].

Қазақ танымында жеті атасын білу, тектіліктің, арғы ата тектерінің тарихын білу болып табылады. Осыған байланысты символдарды ретінде үш, жеті, тоғыз, қырық сияқты сандар көшпелілердің дүниетанымының мифтік жүйесінде алатын орны айрықша. Тіл бірліктеріндегі ғаламның мифтік бейнесін қалыптастыруда ұлт менталитетіне мифтік қабаттар, дүниенің төрт бұрышы, төрт құбласы, төрт көзі түгел т.б. тұрақты сөз тіркестері горизонталдігі көрсететін болса, вертикальдігін ғалам моделін мифтік 3 әлемде: көк, жер, жер асты деген көрсеткіштерде тұратындығын айтады.

Ал жеті санына байланысты жеті ғалам, жеті дүние, жеті қат көк т.б. тұрақты сөз орамдарында ғаламның мифологиялық қабаттары жайындағы халықтың байырғы танымтүсінігі сақталатындығына назар аударады.

Қырық санын кие тұту берісі қазақ, қырғыз, алтай, саха т.б. түріктерінің әдетғұрпынан елеулі із қалдырған. Баланы «қырқынан шығару» наным-сенімі, жаңа туған шарананы тіл көз тимесін деп, жын-шайтандар ауыстырмасын деп шырақ шағып қырық күн күзеткен. Қырық саны киелі болғандықтан қырқын беру, қырық үйден тыйым, қырықтың бірі – қыдыр, отызда орда бұзбаған қырықта қамал алмайды; қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ, эпостық ертегілерде «Қобыландыда»: Қыз құртқаны ұзатқан кезде оған жасау ретінде қырық түйе қазына, қырық құл мен қырық күң беріледі, қалмаққа қарсы аттанатын Қараман батырдың серіктері – қырық, қызыл ердің бойы – қырық бес кез, Қырымның қырық батыры т.б. қырық саны кемелдіктің белгісі.

Демек, менталитет адамдардың ішкі жан дүниесінің тұрақты бейімділігін білдіреді. Оны құрылымдарға (рухани, діни, өркениеттік, ұлттық, ұлыстық т.б.) сараптап айтуға болады.

Ұлт менталитетінің қалыптасуына, өмір сүруіне көптеген әлеуметтік құбылыстардың әсері бар. Солардың қатарына ұлттық мәдениет, дәстүр, салт-сана, бағыт-бағдарлар, құндылықтар жатады. Осы айтылған құндылықтар тек тіл арқылы жетеді. Яғни тіл иесі халық немесе этнс болып табылады. Тілі жоқ халықтың- ділі жоқ. Тарихи уақыттың өн бойында жекелеген халықтың өмір сүру, одан кейіннен ұлттың ұлт болып қалыптасуына ата- бабаларының мұралыққа қалдырған, жерінің, өзінің ел таңбасы мен сыйынатын құдіретті киелерінің табынатын таулары мен өзендерінің, қолдаушыжебеуші аруақтарының болуы, ақиқат болмыстың келбетінің халыққа жетуі тіл арқылы.

Ұлт менталитетін қалыптастырушы ұлттық құндылықтарымыз, яғни оларды бізге жеткізуші шығармалар болып табылады. Осы ойымызға нақтырақты Р.Сағидолдақызы былай дейді[4]: «Тіл арқылы ұсынылған көркем бейне, яғни «тілдік образ» берілуі, бұл жеке сөздер мен бейнелі тіркестер. Тілдік образдар сол тілде сөйлейтін халықтың дүниетанымының көрсеткіші, сондықтан олада ұлттық сипат басымырақ болады» – деп Р.Сыздық тілдік көркем бейнелерге анықтама бере отыра, «тұрмыс-салты», қоршаған ортасы, тілі мен ділі (менталитеті) жақын халықтардың тілдік образдар дүниесінде ұлтаралық ұқсастықтар болуы мүмкін. Ол ұқсастық негізі ауыс-түйістікпен қатар, әр халықтың өз дүниетанымында, тілдік көркемдік өрнектерді жасаудың ұлттық дәстүрінде жатса керек, сондай-ақ оларды тілдік түр қазақтың бірлігінен, генесизтік тұрғысынан іздеуге де болар – деп ой түйеді – дейді Р.Сыздық[5]. Яғни ұлт менталитетін тілдегі көркем шығармалардағы тілдік образдар арқылы саналады. Тіл иесі халықтың дүние-ғаламның түрлі-түсін өзінше жіктеп, мүшелеп, бөлшектеп тануында тілдік образ бейнесін сомдайды. Ұлт менталитетін сомдауда мифологемалар, архетиптер мәдени элементтердің этномәдени із - таңбалардың қалуы аса құнды.

Ұлт менталитетін сомдауда біз жеке халықтың біреуін таңдап оның тіл фактілерін мынау қазақ, мынау түрік деп бөлып жарып қараудан аулақпыз, тек біз олардағы ғаламның тілдік бейнесін қалыптастыруда мифтік-танымдық құрылымдарын салыстыра отырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін көрсетіп, олардың табиғатын ашуға тырысамыз.

Халықтың мәдени ойлау дәрежесі қаншалықты жоғары болса, оның жасаған туындыларының көркемдік дәрежесінің соншалықты жоғары болғандығы, олардың мифтік эелементтер барған сайын кері ысырылып, жаңа элесменттермен алмастырылып, ойлау дәрежесінің рухани сұранысына ыңғайласып отырады.

Демек – әр халықтың мифологиясы – оның тарихи санасы мен тарихи қажеттіліктерінің айнасы. Қазақ халқы – сөз қадірін білген, ақылдысы мен данасын пір тұтқан халық. Қазақ менталитетіндегі сөзге деген құрмет сөйлеу арқылы өзін таныту мен қорғау ұстанымынан ерекшелігі біршама деуге болады. Себебі, сөз қарым-қатынас құралдарынан гөрі, өнер алды деп түсінген. Осыған байланысты «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалымыз айғақ. Міне сондықтан бұл халықтың фольклорлық, поэтикалық тұрғысынан тілде көбірек көрініс тапқан.

Түркі тайпаларының тарих қойнауындағы ірі тұлғаларының бірі Қорқыт ата, Асан қайғы біздің халқымыздың рухани мәдениетінің ділдік дәстүрінің белгілі бір бағытта өрбуіне үлкен мәдениеттің дамуына ықпал еткен ғұламалар. Өмір-өлім, тән мен рух, адам мен өнер арасындағы қатынасты анықтау өте күрделі.Қорқыт үшін Адам әлеміне ең қажетті дүние – Өмір болуы, Асан қайғы Жел маясын мініп, Жерұйықты іздеу, яғни жер жанатын іздеу миф негізінде Жер – Ана мифтік образы қаланады. Мұнда тіпті Асан қайғы бабалырымыздың желмаясы өзгеше бір сипатқа ие. Оны тіпті ат демей желмая дегенде керемет екі қанаты бар пырақты тұлпарды елестетеміз. Бұл біздің елтаңбамызда алтымен безендірілген көк қанатты пырақты бейнелеуінде бір тылсым дүниенің жатқындығының айғағы. Яғни желмая «жел жеккен, қытайша «ма» – жылқы, санскрипше тауа – жылқы, түйе малын білдіреді. Асан қайғы мен грек аңыздарындағы Ясон есімі сабақтастыра қарау кездейсоқ емес. Бұл бір топырақтан тарап, болмаса бір тарихи оқиғаға негіздеуді делелдейді.

Жер ананы аса құрметтеп, оған үлкен мейірім қорыған қазақ халқы, одан ажырау, үлкен трагедияның бірі болған. Бұған мысал ретінде Қазтуған жырау былай дейді:

Алаңда алаң, алаң жер

Атамыз біздің Сүйіндік

Кіндік қаны тамған жер

Анамыз біздің Ұлтуған

Келінді болып түскен жер

Қара бойыл Қазтуған

Сен салмадың, мен салмадым

Қайырлы болсын сіздерге,

Біздерден қалған Еділ жұрт – деп, Жер-Ана архетипімен байланыстырады. «Кіндік қаны тамған жер» деген жыр шумақтарында кіндік пен жер параллель қолданылуы Ана мен бала байланысы кіндік арқылы, яғни Жер-Ана кейпінде сарын жатыр, яғни ғалам қабаттары.

Мифтің бір айқын белестерін қазақ батырларының жаудан қорғауға аттанар кезде өзендерінің бір тылсым күш арқылы жорықтың сәтті болуы, болмауын бағдарлау арқылы танылады. Мәселен, Ер Жәнібек жауға аттанар кезде қапталына қос қабылан еріп жүреді деген аңыз бар; Бөгенбей батыр жауға аттанар кезінде өз туын жерге қадайды екен, егер желсіз жерде ту желбіресе жорық сәтті болып, ал егер ту желбіремесе ат басын қайта бұрып елге қайтады екен. Сондықтан қазіргі кезде, «аруақ, ие» қолдасын деп өз батырларымыздың аттарын ұрандап жарысқа т.б. қатысу айту белең алған.

Сондықтан ұлт менталитетін қалыптастыруда мұраның молдығы ұлт болып қалыптасуға бағыт ұстанған. Батыр, әулие бабаларымыз дың басына сыйыну, садақа беріп сауабын алу, құран оқып бағыштау, этностың санасындағы белестердің дәстүрге айналып қалыптасуы мысалы, Райымбек барып, қазақ ұлтының әр пендесі өзінің ілгері- кейінді болған күнәларын құдай алдында кешіріп, Райымбек бабамның аруағы қолдап-қоршап жүруін тілейді. Берік мемлекет бірлікте ұмтылған халық үшін идея қажет. Біз мифтік сананың әрқашанға әзірлігі, басқаша айтқанда бізде бар, бірақ ұмтылған білім сипатын айтуға тырыстық. Осы білім – миф, мифология түрінде оралып, біз сөз етіп отырған идея қызметін атқарған. Осы кезде батыр – мифтік образ. Бұл сөздің (монғол тілінен енген) түркілер өз тілінде «ер» сөзін оралтсақ, батырлар культінің мәні одан сайын ашыла түспек. Қолы жеті жүзер болыпты,

Жеті жүз ер болып.... деп А.Қыраубаева өз еңбегінде былай дейді. «көне түркі тілінде батыр сөзі ұшыраспайды. Оның орына «алып» сөзін кездестіреміз.». Мәселен, Алпамыс емес, Алып Манаш (сингормонизм заңынан болуы ықтимал). Бірақ қағанға алыптар серік болмаған, олар ерлереді. Демек оның алыптан немесе батырдан өзгеше мәнге ие болған. Ел мұрасындағы бір жақсы іске батыл бел шешіп барған қайратты адам. Ол түркілерде – қаған. Ал оны осы ісінде қолдаушысы ер. Яғни «ер» сөзіне көп мағына берілген. Біріншісі – ер, екіншісі – еркімен әрі сол істің пайдалы, мағыналы екенгдігіне сеніп еру, үшіншісі – батыл, жігерлі, қайрат иесі. Олар жалғыз жүріп Жер – Жаһаннын аралап, өлім аузынан халық аңызы бойынша тірі алып қалып отырған. Яғни «аруақ, пір, ғайып ерен, қырық шілтен т.б. жәрдемге келіп отырған. Мысалы, Алпамыс жырында:

Өлімге қиды нәлетті

Болғансын ақыр дұшпаны

Сол уақыттар болғанда

Ғайып ерен, қырық шілтен,

Баланы жолда ұстады.

Құдыққа салған қауғадай

Ешбір жері ауырмай,

Қандақтың келді түбіне

Әлі жатыр ұйқыда

Ешнәрсе жоқ көңілде – деп, қолдаушысы, қорғаушысы «ғайып ерен, қырық шілтен» құтқарып алғандығын жыр шаумақтарында кездестіреміз.

Мәселен, аңыз желісі бойынша Одиссеядағы Итак аралының патшасы Одиссейдің бейнесімен Алпамыс бейнесін салыстырып алуға болады. Жырдағы түйін өз жұрттарына оралу, дұшпандарының сазайын тарттыру болып табылады. Яғни мифтік негіз жатыр. Пірлерді көмекке шықыру Алпамыс жрында: «сол жерде жеті кәміл пірлері Қаражанның байлаулы қолын шешіп, шұқырдан суырып алады. Бұлар батырлардың тілеуқоры болып отрған халық рухы болып табылады. Яғни ұлт менталитетін қалыптастыруда мифтік шығармалар рөлі өте зор. Олар тек рухани шығармалар емес, ұлт, бір этностың т.б. тарихынан белес беретін туындылар. Мәдени мұраларға халық үшін тіл туған, ұлттық мәдениетті өз ішінде сақтаушы, басқа халықтың, ұлттың түсініп, кіруіне жол бермеуші құрал болып табылады


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Нұрғали А. Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті.–Алматы: Атамұра, 200.-

168б (23)

  1. Нұрмұратов С. Рухани қалыптасуымен дамуы. –Алматы: Қазақстан, 2000. -224 б. (129).

  2. Юнг К.Г. Избранные турды по аналитической психологии.-Цюрих, 1929.-325 с. (201-220).

  3. Сағидолдақызы Г.Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны. – Алматы: Ғылым, 2003.-247 б. (195).

  4. Сыздықова Р. Эпос тілі және лингвистикалық поэтика мәселелері // Тілтаным. –Алматы, 2001.-26б.

  5. Қазақтың мифтік әңгімелері. – Алматы: Ғылым, 2002.–320 б.


Омарова Дилбар Шолбаевна


В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан

ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНЕН КӨРІНЕТІН ЭМОЦИОНАЛДЫЛЫҚ ПЕН ЭКСПРЕССИВТІЛІК

Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің фразеологиялық бірліктермен байланысы бола отырып, айтылатын ойды образды, әсерлі етіп жеткізуде айрықша стилистикалық құрал ретінде жұмсалатыны белгілі. Академик І.К.Кеңесбаев фразеологиялық единицалардың стилистикалық мүмкіндік -терін айта келіп, былай дейді: «Фразеологизм в любом языке имеет различное назначение: болшая часть фразеолгических единиц выполнает специфические функции, то есть экспрессивные оттенки» [1,29].

Ал Қайдаров: «Эмоционалдық пен экспрессивтілік лингвистикалық бірліктер мен фразеологизмдерге бірдей тән қасиет және олар бейнелі ойлаудың жемісі», – деп атап көрсетеді [2, 304].

Ойлау мен сөйлеу процесінің тығыз байланысты екеніндігін ескеретін болсақ, бейнелі ойдың жемісі – бейнелі сөз.

Осындай мағынасында эмоционалды-экспрессивті рең, бояуы тоғыса берілетін фразеологизмдерді Оралхан шығармаларынан көптеп кездестіреміз.

Мысалы:


  • Ол қайдан жүр, бұл ит өлген жерде!

  • От оттап, су ішіп отырған жеріңізге «ит өлген» деп тіл тигізбеңіз, тәте, – деді ерік.. (Атау кере, 75).

Бұл сөйлемдегі «ит өлген жер» тұрақты сөз тіркесін кейіпкер аузына салу арқылы автор оның адам аяғы баса бермейтін жерге көшіріп әкелген ұлына деген өкпе, назын, келіні мен ұылынан бөтен шүйіркелесіп шәй ішер жан баласын көрмейтін сүреңсіз өміріне деген наразылығын байқатқан. Яғни, бұл сөз тіркесі сөйлемге экспрессивті әр үстеп тұр.

Көптеген зерттеушілердің айтуына қарағанда экспрессивтілік пен эмоционалдылық, образдылық кейбір тіркес сыңарларының метафора -лануына (ішіне ит өлген, тас бауыр) гиперболалануына (атағы жер жарған, қара қылды қақ жарған) лексикаграмматикалық қайталануына табу мен эвфемизмнің негізінде өзгеріп, қолданылуына байланысты жасалып отыратын тәрізді.

Фразеологизмдердің эмоционалдылық-стилистикалық бояуын жасауға себепші болатын аса кең түрде жайылған тәсілдерінің бірі – олардың құрамындағы сөздер мағыналық жағынан әдеттегідей тыс тілдік нормадан тыс тіркесуі арқылы пайда болады [3,223].

«Тас бауыр» деген сөз тіркесі – тілдік лексикалық-грамматикалық нормасын түгелдей сақтап тұрғанымен, бұл қарапайым сөз тіркесі ретіндегі тілдік бірлік бола алмайды. Өйткені бұл екі сөздің тіркесі әдеттегіден өзгеше.

Жалпы, мақал-мәтелдер кез-келген жазушының туындыларында жиі ұшырасатыны белгілі. Сондықтан да біз жазушы шығармаларының сирек кездесетін немесе автордың өзінің мақал-мәтелдерге ұқсас етіп берген соны теңеу, метафоралары жайында сөз етпекпіз. Мысалы: 1... Жетесіз ұрпақты желкеме мінгізіп, санаменен сарғайып, қайғы жұтып, қартайып жатқаным (Қайдасың қасқа құлыным).

2. «Құлыны өлген қулықты тай телісе зорлықты, ботасы өлген інгенге нар телісе зорлық-ты» деген емес пе бұрынғылар.. (Қайдасың қасқа құлыным).

Эфвемизм. Эмоционалды-экспрессивті сөздер тудырушы келесі сөздер тобы – эфвемизм. «Эфимизм метафоралық сөз қолдану тәсіліне жақындайды Демек бұлардың өзара мағыналық жігін, қолдану аясын ажырату өте қиын» [4,27].

Эфвемизмдер затты тікелей атамай, басқа затқа не құбылысқа тән ортақ қасиеттеріне байланысты бейнелі етіп ауыс мағынада береді.

Мысалы: Шар еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа (Атау кере, 325). Мұнда «шар еткен» – бала, сәби сөздерінің орнына ауыс мағынада жұмсалып тұрған эфвемизм. Бұл сөз тіркесінің орнына «балағазар қылған» деп алған жағдайда сөйлемнің мағынасы, айтылар ой пәлендей өзгерілмегенмен эмоционалдық бояуын жоғалтып, алдыңғы сөйлемдегідей әсерлі болмасы сөзсіз. Бұл эфвемизм баланың «шар етіп» жылау қасиетіне байланысты бейнелі түрде қолданылған.

Ирония, сарказм, юмор. Көркем шығарматілінде кездесетін аталған сөздер тобы жөнінде: «Ирония мен сарказм өлеңде де, қара сөзде де, пьесада да бола береді» [4,128]. Шығармалардағы кездесетін кекесін, мысқыл, әжуа қалжың немесе кісінің қитығына тигендей, жанын жаралағандай уытты жұмсалған шымшыма, әзіл сөздер кейіпкерлер аласындағы қарым-қатынасты ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге олардың мінезқұлқын, іс-әркеттері мен әдеттерін анықтай түседі.

О.Бөкеев шығармаларында да мұндай эмоционалды-экспрессивті рең әдемі әзіл мен тиген жерін қарып түсердей уытты әжуаларға негізделген репликаларды жиі кездестіреміз. Мысалы:

1. – Ау ағайын мен қалай өтем судан?



  • Әй, Қара бура, кіндігіңнен де келмейді, кешіп өт!

  • Шалбарымды қайтем, ойбай, су болып қалады ғой.

  • Суланбай жүрген шалбар ма... Ештеңе етпес, шешіп қолына ұстап ал, ұялатын неңқалып еді.. (Атау кере, 73).

2.– Көрінген бұтаның түбіне сари салмай, әжетхана іздегеніңе қарағанда, кезінде мәдениетті жігіт болғансың-ау.

  • Үлкені келіп қалды, кішісіне дәретхана іздемеймін, шалбарым бар ғой (Атау кере,58).

Сырт қарағанда мысалдардың екеуі де юморға құрылған және бір-біріне ұқсас, бірақ, алғашқы сөйлемдегі «Суланбай жүрген шалбар ма.. ұялатын нең қалып еді..» сөз тіркестерінің астарында әрі достық әзіл-юмор, әрі ащы мысқыл- сарказм жатыр. Бұл сөздерді Ерік жолдасы Тағаңды шалбарына жіберіп, ес-түссіз жатқан жерінен тауып алғанын есіне салып, бір жағы қалжыңға сүйеп, бір жағынан жанына тигізіп кекетіп айтып отырғаны байқалады. Ал, келесі мысалдағы «кішісіне дәретхана іздемеймін, шалбарым бар ғой» Тағанның өз ауызымен, өзіндік сын ретінде айтылып, қарапйып әзіл, зілсіз юмор ретінде қабылданады.

Юмордың эмоциямен тығыз байланысты екені жөнінде психология оқылығында «Юмор– эмоциональное проявление такого отношения к чемулибо или кому-либо, которое несет в себе сочетание смешного и доброго» - деп көрсетеді [5,384].

Сондай-ақ бұл бөлімде О.Бөкеев шығармаларында эмоцоналды-экспрессивті сөздер жасауға негіз болатын символ, аллегогрия, эпитет, литота, гипербола және әр түрлі лексика-грамматикалық, стилистикалық амал –тәсілдерге тоқталдық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Кеңесбаев І.Қос сөздердің кейбір жасалу жолдары. // Ученые записки КАз ГУ. –Алматы, 1946.

  2. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі , 1998. -304 б.

  3. Морховский А.Н. О природе эмоциональной окрашенности фразеологическихединиц английского языка. – Самарканд, 1961. – с. 223.

  4. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы, 1998.

  5. Немов Р.С. Психология (учеб. Пособ. Для студентов). – Москва, Просвещение. 1994. – с. 825.

Акилбекова Динаш Парманкуловна

В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан

ТАРИХИ РОМАНДАРДАҒЫ КИІЗ ҮЙ СҮЙЕГІ

МҮШЕЛЕРІ АТАУЛАРЫ

Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айшықтай түсер нәрсенің ең бастысы – киіз үйі. Қол өнері мен дарыны, дүниетанымы мен сұлулық туралы талғамы, киіз үй бойынан айрықша айқын танылды. Белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбек: «көшпелі өмір даласындағы өндіріс тәсілінің шыңдалуы, өнім қорының молығуы сол дала төсіндегі ел-жұртқа төңірегінен алапат-айбарын асыртып қана қойған жоқ, сонымен бірге күн көрістің ұлы ырғағымен үндес салт - дәстүрді, моральдық - этикалық қарым-қатынасты, өнердің алуан түрін орнықтырды.Осылардың ішінде көшпелілердің сан ғасырлық тәжірибесі қажеттілігі, ой өрісі, талғам - танымы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғамтүсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты» – дейді [1,21]. «Қай халықтың болса да рухани әлемі, ең алдымен оның дәстүрлі өнерінен көрінетіні мәлім» – деп математикалық формула секілді дәл, дәлел қажет етпейтін аксиома секілді тұжырымды түйіндепті Өзбекәлі Жәнібеков [2,30]. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінде сан ғасырлық тәжірибесі шоғырланып қана қоймаған, сонымен бірге ұдайы шыңдалып отырған. Мұның бірден-бір тарихи сыр-себебі – бетін келгенше қазақтардың көшпелі өмір салтын тұтынуында еді. Ал, киіз үй болса Еуразияның ұлы даласындағы эпикалық көшпелі өмір салттың салтанат құруына бірден -бір мүмкіндік берген феномен болған. Гоби, Алтай, Сібір Баяр тастарындағы, қырымдағы табылған тасқа қашалған суреттерден қазақ киіз үйінің ғұмыры тым ежелден басталатыны байқалады. Археологиялық қазба деректерінен киіз үйдің қола дәуірінде болғаны анықталып отыр. Сондай деректерге сүйенген көпеген зерттеушілер әзірге киіз үй жасы бес мың жылдан әрі асып жығылады дейді .

Киіз үй қолдан жасалған алғашқы күмбезді ғимарат. Адам баласының қолынан шыққан барлық күмбезді тас ғимараттар (жер асты кепелер мен үңгірлерді есептемегенде) жас жағынан таласа алмайды. А.Н. Берштамның ойынша күмбез (купол) көшпелілер (қазақтардың деп қабылдауға да болады) еншісі. Күмбезді кесенелер қазақ киіз үйінің тасқа ыңғайлы етіп аударған көшірмесі. Күмбезді ғимараттардың сан түрлі артықшылықтары бар. Сыртынан сәнді көрінуі, ішкі ауасының тазалығы бұндай ғимараттарды ерекше көңіл бөлуге, мәртебесі жоғары, сән-салтаны айрықша үйлерді салуға пайдалануға итермелейді. Қазақ ауылы жарты шеңбер, немесе жарты ай пішінінде орналасады. Бірге көшіп жүрген ауылдардың сол шеңбер бойында өз орны болады. Әркімнің көршісі жаңа жұртқа қонбас бұрын анық болады. Күмбез бен дөңгелекті табиғат пен жаратылыс моделі түсінікпен қарағанда алғашқы боп арбаны ойлап тауып, оған жаратылыс негізі дөңгелек орнауы, киіз үй жасап, оны бүкіл әлем моделінен алынғандай етіп жасақтауы біздің бабаларымыздың жалпы әлемдік жаратылыс заңдылықарын түсіне білгендігін, онда тіршілік құрудың ең оңтайлы әдісін пайдаланғандығын сездіреді.Біздің эрамызға дейінгі 107 жылы (бұдан 2100 жыл бұрын) үйсін ханына ұзатылған қытай қызы еліне (Қытайға) өлең сөзбен: «Мені ұзатқан Үйсін патшаның елі көшіп жүреді екен. Дөңгелек үйлерде тұрады екен. Оны киізбен жабады екен – деп хат жазыпты». Қытай шешеміз Сигюьнен 1000 жылдай кейін өмір сүрген саяхатшы Худуд ал – Алем өзінің «Әлем шекарасы» атты кітабында көшпелілердің жазы да, қысы да өздерінің дөңгелек киіз үйлерінде өтетінін жазып кеткен. Ал, сол үйсін ханшасы Си-гюньнен 2000 жыл кейін өмір сүрген Сүйінбай қырғыз ақыны қатағанмен айтысқанда: Тіле деді манаптар

Тілерге кетті ауызым. Бір тілесе Сүйінбай

Аз ғана қылып ілей ме..

Бір үй берші үстіме –

Керегесі күмістен,

Уықтары алынан,

Маңдайшасы гауһартас,

Иіліп оған кірерге…

Он бес жасар бір қыз бер,

Онымен ойнап күлерге… – деп, киіз үйді ең басты нәрсе деп түсінеді. Қазақтың киіз үйі – әрбір шаңырақ иесінің, әрбір қазақ баласының қоғамдағы орнының, елдегі беделінің, тұрмыстағы байлығының көрсеткіші болып еді десек, біз оған сол кез шындығынан аулақ кете қоймаспыз. Көрнекті ғалым, этнограф Ақселеу Сейдімбек өзінің «Кіші әлем» атты мақаласында киіз үй тарихы туралы бағалы деректер келтіреді. Ол «әзірше киіз үй туралы ең көне дерек біздің заманымыздан бұрынғы үш мыңыншы жылдардан, қола дәуірінің сорабынан белгі беріп отыр».

Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұра, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған…

….Киіз үйдің маңдай алды міндетті түрде шығар күнге қаратылып тігіледі.

Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ұзатылған қызына да, енші беріп бөлек шығарған ұлына да қазақ халқы үй тігіп, үй көтеріп беретін болған.

Қазақтың киіз үйі – әр қазақ баласы үшін тәуілсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы. Үй тігіп беріп бөлек шығарылған ұл санаққа кіреді. Өз алдына жеке салық төлеп қоғам байлығына үлес қосады. Соғыс кезінде адам бөлек ел қорғанысына қатынасады. «Бір түтін» деген өлшем танытуға ие болған.

Түтіннің шаңырақтан шығары белгілі. Олай болса түтін деп

отырғанымыздың өзі кәдімгі қазақтың киіз үйі. Тек шаңырақ иесі ғана өз ошағына от түтете алады, ешкімнен тәуелді емес дегенге саяды.

Әлемді билеген Шыңғыс хан дәулетінің болып - толып, асып-асып мақтанған шағында, өздерінің өзгеден артық екенін, бай екенін суреттеу үшін «Дидар сұлу қыздарды, қазақ күйме мінгізіп » деген теңеуді пайдаланған. Ал олардың да «қазақ күйме» деп отырғандары кәдімгі арбаға орнатылған киіз үйлері.

Қазақтар өзінің киіз үйі арқылы жаратыстағы сәулет өнерінің (архитектура), тиімділіктің (экономика), табиғат пен адам үндестігінің (жарасым) әлемдік үлгісін (модель) жасай алған халық [3,22-23].

Қазақ энциклопедиясында шаңырақ – киіз үйдің уықтарын біріктіріп еңсесін көтеріп, тұтастырып тұратын дөңгелек шеңбер деп анықталған. Ол шеңбер тәрізді тоғыннан және күлдіреуіштерден тұрады.

Киіз үй мүшесінің бастысы шаңырақтың әртүрлі бөлік-бөлшектеріне, түрлеріне байланысты мынадай атаулар қалыптасқан: тоғын, күлдіреуіш, қарғаша немесе бақалақ, шаңырақ көзі, шаңырақ қаламдығы, күлдіреуіштегі табақша, табақ шаңырақ, шабақ шаңырақ, име шаңырақ және қима шаңырақ, жалғама немесе қиюлама шаңырақ, күмбезді, торкөз шаңырақ.

Ал киіз үйдің еңсесін көтеріп тұратын уықтарына байланысты қалыптасқан атаулар мыналар: алтын уық, күміс уық, сүйекті уық, қалайы уық түзу, тік уық (бұтақтан жасалған, тілме, жарма), сағалдырық тұсы имек, доғаша келген уық, уықтың алақаны, иіні, қары, қаламы, уықбау т.б. атаулар.

Күйеуге арналған үй өзге үйлерден де ерекше шатырдай аппақ екен. Ішінде жүк, сандық көп емес.Уықтың қарына шейін жағалай тұтылған, ылғи су жаңа жібек кілем… есіктен төрге шейін жайылған қоңыр алаша манат мақпалмен оюлап сырған үлкен-үлкен сырмақтар. Соның үстінде қабат-қабат жаңа көрпе, кестелі жастықтар. Үлкен бұйымнан – оң жақта әдемі сүйек төсек тұр. [М.Ә. І кітап, 181182 б, 616 ].

Жоғары қарасақ – шаңырақтың қарынан қаз қатар уықтардан ұзындықысқалы, қызылды-жасылды күлтелер төгіліп тұр. Жан- жағының бәрі бірінен-бірі өткен түкті кілем [Ә.К. ІҮ, 162 б, 464 ].

Он екі қанат үйдің әр керегесін төрт жігіт қолдасып әрең көтеріп, әрең жайды. Шаңырақты әуелі желбауынан керегеге асып қойып, одан кейін төрт жігіт төрт бақанмен әрең көтерді. Дәл қазір үйді айнала тұра қалған салт атты жігіттер әрқайсысы бір уық шаншып, шаңырақты жоғары көтеріп әкетіп бара жатыр еді. Уығын ат үстінен шаншатын он екі қанат үлкен үй – бұл отырғандардың да көрмеген үйі [Ғ.М.ІІ, 11-б ].

Уығын ат үстінен шаншатын биік ақ үйдің қалай тігілгенін бір дуан елге жая кететін топқа бір көрсету – игіліктің түкпір түбінде жүрген бір арманы еді [Ғ.М.ІІ, 13б ].

Киіз үйдің кереге бөлігіне байланысты қалыптасқан атаулар мыналар:

Керегелік желі, керегелік желінің өрісі, балашығы, сағанағы, қанат, кереге басы, кей жерлерде кереге құлағы, кереге қасы (қалайыланған қасты орданың сырығы), кереге көгі, тор көз кереге (жұдырық сиярлықтай ғана), және жел көз кереге (қос жұдырық сиярлық кең), қырықпа кереге; кәукеншек кереге, сүйекті кереге, күміс шапқан кереге, сүйекті (сүйек қаптырған) кереге, қалайылаған (қорғасындаған) кереге, шолақ кереге, қосымша кереге, жарты кереге т.б.

Киіз үйдің есігіне, оның ерекшелігіне байланысты қалыптасқан атаулар есік, ергенек, (диал. ергенжек, ергеншек), сықырлауық, иткірмес, түрілмелікиіз есік, ашпалы қос есік, екі босаға, яғни есік жақтауы, маңдайша және табалдырық. Таяныш, көкірекше, ұзына бойы, жиек, көмкерме, берік сырылған сырмақ т.б. Киіз үйдің бақанына байланысты қалыптасқан атаулар : аша, сырық, аша бақан, адалбақан, арам бақан, ас бақан, тұсбақан, шошайбақан т.б. атаулар.

Бейне бір таң сәскеде түңлікті ашып жібергенде, шаңырақтан күн сәулесі түскендей. Сол кезде батсайы шымылдық, дүрия көрпе, манат мақпал түскиізді күн сәулесі қуанта бір алгүл қаққызып, жағалай сәулелендіріп, жайнатқан тәрізді [М.Ә. I кітап,341-б, 616 б.].

Еңсесі биік отаудың оң жақтағы түскиіз, шымылдығына шаңырақтан түскен күн сәулесінде көктемнің жаңа ашық реңі бар[М.Ә. I кітап,364-б, 616 б.].

Аса кішкентай қара лашық күркелер көрінді. Кей жерде ескі кебеже, ағаш мосы, ыңыршақ, ашамайлар, жаман сынық ағаш төсектер тұр [М.Ә. I кітап, 387-б, 616 б.].

Ауыздағы үйдің сол жақ қанатына барлық ел қаптап кеп, иін тіресе, жабыла тұра қалды…Сол тобы қалың күшпен еңсіре қайрат еткенде, ауыз үйдің уық керегесі шықырлай сынды. Абайдың есіне Қаражан ең алдымен түсті [М. Ә. I кітап,353-б, 616 б.].

Күлдіреуіш арасынан құндақтаулы балалардың кішкене қара көздері жылтырайды [Ғ.М. 9-б.]

Шынында, Игілік осы үйді үлкен есеппен жасатып еді. Сонау Есіл бойындағы Сандыбай үйшіге он құлынды бие берем деп үйдің сыртқы сүйегін жасатты. Борлатып басқан ақ киізі мен бау шуына дейін сол жақта әзірлетіп, алты көк арбамен осы араға бір-ақ түсіртті [Ғ.М.12-13-б.]

Адалбақан уықтың қарына дұрыс бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті [Ғ.М.19-б.]

Шаңырағына байланған Арғын руының көзтаңбасы салынған сала құлаш құйрықты қара жалау [І. Е.70-б].

Жығылған орданың біреу шаңырағын, біреу уық, бақанын, біреу керегесін бөліп-бөліп әкететініне сөз барма [І. Е. 83-б]

Шаңырақтан түскен ай сәулесіне шомылып, нағыз бір түнгі періштедей қолаң шашы жерге түсіп не істерін білмей, үй ортасында тұрған жас сұлуға сұқтана қарады да:

– Маған арналған өтініш…Қылышын сүйрете ақ боз үйден шығып кетті [І.Е. 354-б].

Күн сәулесі түндіктен төгіле түссе де, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа әлі тұрған жоқ. Ақ мамық құс төсектің үстінде қос жастыққа көміліп, қалың ойға кеткелі көп болған…Енді мойылдай қап-қара кішкентай көздері дәл тұсындағы сырлы уыққа қадалып, …бұл жатқаны кіші тоқалы Зейнептің жеті қанат ақ отауы. Үй іші салтанатты; жерге төгілдіре төселген қырмызы қызыл түкті кілем, төрде қызылды-жасылды қаңылтырмен өрнектелген әшекейлі қос сандықтың үстіне керегені сірестіре жинаған шәйі көрпе, құс жастық…Есікке таман оюлы сырлы кебеже, екі жақ босағада сәндік үшін іліп қойған тоғыз қара құндыз, тоғыз қара түлкі. Табалдырықта қара қылшақты екі қасқыр терісі жатыр [І.Е.438-б].

Материалдық мәденит атаулары әр халықтың саналы еңбегінің, рухани танымының жетістігін көрсетеді. Қазақ мәдениетіндегі рухани негізбен сабақтас материалдық байлағымыздың ең бастысы – баспанамыз киіз үй. Тіліміздегі киіз үй мүшелеріне қатысты атаулардың кейбіреулері сырт көрінісіне, қолданылу ерекшелігіне, атқаратын қызметіне қарай және қажетті жерде тарихилингвистикалық тұрғыда да талдаға тырыстық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Шүкірұлы С. Рухымыздың ордасы // Ана тілі, № 45 , 2005 ж , 9-б.

  2. Жәнібеков Ө.Жолайрықта. –Алматы: Рауан, 1995. –110б.

  3. Назарбекұлы С. Қазақтың киіз үй. – Астана: Елорда, 2005 – 96 б.

көркем әдебиеттер

1.М.Әуезов “Абай жолы” роман - эпопея. – Алматы, Жазушы, 1989. І кітап.

2.М.Әуезов “Абай жолы” роман - эпопея. – Алматы, Жазушы, 1989. ІІ кітап, 616 .

3.Ә.Кекілбаев. Үркер . – Алматы, Өлке. 1999. ІҮ,116 б, 464 .

4.Ғ.Мүсірепов .Оянған өлке. –Алматы,Жазушы, 1980.ІІ. 687.

5. С.Мұқанов, Ботагөз, – Алматы, Жазушы,1989, 450 б.

6.І.Есенберлин. Көшпенділер: Тарихи трилогия . – Алматы, 1998, 584 .


Ерметова Адолат


қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Хамза атындағы жалпы орта мектебі,

Түркістан, Қазақстан

ХАМЗА ЕСЕНЖАНОВТЫҢ «АҚ ЖАЙЫҚ» ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЕРЕКШЕЛІГІ


Қай тілдің болмасын сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түп тамыры тіл иесі этностың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан тарихының қалың беттерімен, мәдениетімен, мінез-құлқымен байланысты. Ұлтқа тән қадір-қасиетті танытатын тіл болса, тіл деректерінің тоғысар жері – көркем шығарма. Көркем шығарма – ұлттық болмысқа қатысты мәселелерді жинақтайтын күрделі құбылыс, біртұтас дүние. Көркем шығарма мәтінінде кездесетін әр алуан тілдік құбылыс ұлттық тілдің барлық тармақтарынан алынады. Жергілікті ерекшеліктер лексикологияда қолданылу өрісі тар, шектеулі қабатқа жатқызылады, олай болса, жергілікті ерекшеліктердің нақты көрінер, басқа танылар тұсы – көркем шығарма мәтіні.

Жазушы сөзбен сурет салу барысында образ іздейді, ол үшін оқырманға әсер етіп, кейіпкерді «өз тілінде» сөйлетуге тырысады. Міне, осы жағдайда диалектілер басты тілдік единица. Бұл мәселеге қатысты М. Әуезов «Қазақстанның бар өлкесіндегі халықтық тіл байлықтарын мол пайдалану мәселелерін үнемі шартты талап етіп, сынап отыру керек», – деген екен, сондықтан әдеби тіл дамуының әр кезеңінде жергілікті ерекшеліктер, диалектизмдер, олардың көркем әдебиетте қолданылуы мәселесі көтеріліп отыруы заңды

[1, 16].

Бұл зерттеулер көп жағдайда әдеби тілдің қалыптасуы әдеби тіл және оның нормасы, тіл мәдениетіне қатысты мәселелерді қозғайды. Ал соңғы жылдардағы зерттеулер қазіргі тіл ғылымындағы антропоцентристік бағытта дамып келеді. Осы орайда Ж.Мұхамбетов, А.Есенбай, Р.Асылбеков сынды ғалымдарды атап кеткен жөн [2, 6].

Олай болса, қазақ этносының бітім-болмысын жан-жақты тани түсуге мүмкіндік беретін тіл иесімен бірге, заманнан-заманға озып, сақталып келе жатқан жергілікті ерекшеліктерінің көркем шығармалардағы қолданыс күйін көркем әдебиет стилі, әдеби норма мәселелерін зерделеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселе қатарына жататыны анық.

Диалект (грек тіліндегі dialektos – әңгіме, сөз дегенді білдіреді)- жергілікті немесе әлеуметтік негіздерде бөлінген ұжымдардағы аралас-құраластық жасау құралы ретіндегі тіл ерекшелігі. Диалект – тілдің тууы мен өмір сүруінің аса маңызды формасы, ол шаруа, тұрмыстық және өндірістік қарым-қатынастар жасауының негізінде пайда болған алғашқы ұлттық тілдің ерекше белгісі. Тілдің әркелкі түрлері: онда әдеби тіл және жергілікті тіл ерекшеліктері (диалектілер), ауызекі тіл және арго (толық емес, редуцирленген – сөздік деңгейіне дейін қысқартылған тілдік жүйе) бар екендігі белгілі. Біз осы мақсатта шығармада кездесетін фонетикалық ерекшелікке, атап айтқанда Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында кездесетін фонетикалық құбылыстарға тоқталмақпыз.

Шығарма тілінде кездесетін фонетикалық ерекшеліктер лексикалық ерекшеліктерге қарағанда біршама аз. Алайда әдеби тілден, басқа сөйленістерден ерекшеленіп тұратын тұстары бар.

Оңтүстік говорларында көп жағдайда жіңішке дауысты дыбыспен келетін сөздер батыста жуан дыбыстымен айтылады. Бұл жағдай кейде керісінше болады, яғни әдеби тіліміздегі немесе кейбір говораларда жуан дауыстымен айтылатын сөздер жіңішке дыбыспен беріледі. Сондай-ақ дыбыс алмасуы көбнесе жасалу орнына қарай жуан дауыстылар мен жіңішке дауыстылар, жасалу жолына қарай ашық дауыстылар сәйкестігіне байланысты бой көрсетеді. Бұларға қоса, ерін қатысына қарай бөлінетін ерін дауыстылармен езу дауыстыларынаң өзара бірінің орнына бірінің жұмсалуы ара – тұра ұшырасып отырады [3, 80].



А-Ә. Зерттеліп отырған шығарма тілінен жиналған материадардың ішінде жиірек көзге түскені ә дыбысының орнына а дыбысының қолданылуы.

Мысалы: ажуа - әжуа.

«Бізді ажуа қылама, мына қажы не дейді?!» [4, 161].

Алай болсын - Әлей болсын

- Алай болсын, жақсы тілекте жарты ырыс. – Жүніс аздап тамағын кенеп қойды [5, 212].



Ажым - әжім

Маңдайдан көлденең түскен ұзын үлкен ажымдар тереңдеп кетек сияқты да, мұрынға қарай тік құлаған ұсақ ажымдар әлде қайда молайып қалған [4, 322].

Кейде аралас буынды сөздің алғашқы буынындағы немесе біріккен сөздің бірінші сыңарындағы ә дыбысы жуандап, А-ға айналады. Бұдан сол сөздің екінші жартысындағы Жуан дыбыстардың ықпалын, яғни ддауысты дыбыстар арасындағы ассимиляциялық нәтижесін байқау қиын емес.

Мысалы: алдақашан - әлдеқашан

Қажымұқанның көзіне бұл қағаздың құдіреттен де күшті көрінетінін Ораз алдақашан білген еді [5, 193].

Алайда Х.Мұхамбет – Кәрімнің айтуынша алдақашан сөзін таза фонетикалық құбылыс деп тану қиын, оның ойынша бұл сөзді морфологиялық құбылыс деп тану орында. Длегенмен, біздің ойымзша бұл әлі зерттеуді қажет ететін мәселе.

Әдеби тілде және Оңтүстік говорлар тілінде Жуан айтылуға тиіс сөздер шығарма тілінде жүңішке дыбыспен берілген.

Мысалы: мәлғұн

- Атаңа нәлет, сарсақал мәлғұн… - деген келессіз болса да ерлік жігер құятын шоқпардай сөз Әбдірахманның аузынан еріксіз шығып кетті [4, 79].

А – Ұ дыбысының алмасуына мысал ретінде аз – мыс сөзін жатқызамыз. Негізінен бұл сөз лексикалық ерекшелікке де байланысты. Ал фонетикалық ерекшелігіне назар аударар болсақ, өзге говорлрда аз – маз деп айтылады. Өзбек тілінде өз – моз түрінде айтылады.

Әскери киім киіп, әскер тәртәібіне аз – мұз үйрене бастаған екі қазақ жігіті кіріп келгенде Хакім сұп – сұр болып кетеді [4, 314].

Е – І дыбыстарының өзара алмасуына шығарма тілінде диалект ретінде көрніс тапқан ілтипат сөзін жақызамыз. Бұл сөзде шығу тегінен лексикалық әрі фонетикалық ерекшелікке жататын сөз. Әдеби тілді ілтипат болып жазылады, айтылады.

«Әр нәрсені уақытында көру керек, сен мылжыңсың күні бұрын жоқ сөзді айтасың» деп Хадесті ол тойтарып тастайтын. Сөзіне аса ілтипат қойсайтынын жақсы білетінін

хадис қажының қарасынан тағыда осыны ұқты

А – Е дыбысының алмасуына әдеби тілімізде ағыл – тегіл болып айтылатын қос сөздің шығарма тілінде бірінші сыңары яғни «ағыл» сөзінің жіңішкеріп айтылуын жатқызамыз. Мысалы: егіл- тегіл.

- Би, қайным – ау … батыр – ау , бұл қалай болғаны…- деп жұбай көзжасы егіл – тегіл болып, ері жатқан сенекке кіргенде, қарулы екі жігіт өліктен сескенген адмадай ауруды көріп шегіншектеген еді [4, 295].

Ұ – Ү дыбыстарының алмасуы

Жоғарыда айтылып кеткендей шығарма тіліндегі диалект сөздердегі дыбыс алмасулары әр деңгейде. Айтылып кеткен мысалдарда дыбыстар Жуан болып айтылса, енді керісінше Ұ, Ы дыбычстары жіңішкеріп, Ү, І дыбысымен айтылады.

Мысалы: Екі үшті, қол үшін.

… бірақ бұған ешкім айыпты да болмас, тағдыр соай шығар. Тек қол ұшын берер

Жан жоқ, Жанашыр жоқ…[4, 307].

Ол мына шаруаның ыңғайына екі үштілеу етіп жауып қайырды [5, 8].

Ү - Ө дыбыстарының алмасуы.

Әдеби тілімізде өйткені деп жазылатын сөз шығарма тілінде үйткені деп беріледі.

«Бір – екі жігітті құрбан етпей болмас, үйткені ел күйзеледі» дескен адамдарда болды [4, 161].

Бұл өзгешелік татар, бақұрт тілдерінің әсерінен болуы да мүмкін. Өйткені, ө - нің үмен алмасуы осы тілдерде жиі байқалады.

Мұндай өзгерісті ала- бүле сөзіненде көре аламыз. Шығармада бұл сөз кейде ала – бөле деп те берілген.

Ала – бөле немесе ала – бүле қос сөзін граматикалық әрі лексикалық ерекшелікке де жатқызамыз.

Петроградтан келген күнгі жүзінің өзгеше жарқын нұры мен көздерінің жайнаған өткір шоғы бүгін ала- бөле солғын [4, 60].

Осыған ұқсас у/ө дыбыстарының алмасуы да ұшырасады.

Мысалы: уәсиет - өсиет.

Сырымнан бергі үшдүрлігісте ата – бабамыз хан көтерудің екінші түріне ғана араласқан. Мен ескінің адамымын, қуғаным сол уәсиет [4, 42].

Жандық сөзі кейбір аймақтарда жәндәк болып жіңішкеріп айтылады.

Қорыта келгенде айтарымыз, шебер жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» немесе т.б. шығармаларының тілі қомақты зерттеуді қажет етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері Алматы, «Арыс», 2000.

  2. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптасуы (кодификациясы) Астана: Елорда,

2001

  1. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы «Қайнар университеті» А; Арыс 2001

  2. Есенжанов. Х. Ақ Жайық: Трилогия. – Алматы; жазушы, 1988. – Бірінші кітап.

Төңкеріс үстінде

  1. Екінші.кітап: Шыңдалу– А; «Жазушы», 1988

  2. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казкхского языка. Учебное пособие. 2-e издание, дополненное. – А., «Санат», 1997.

Нұрлан Айсұлу


Магистрант,

ҚожаАхмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

ЖАЛПЫТҮРКІЛІК ТЕРМИНҚОР ҚҰРУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Тәңірінің жаратуымен арғы тегін Көк бөріден тарататын таным-түсінігі, салт-санасы бүтін, түбі бір түркі халықтарының туыстығы бүгінгі күнде де жақындай түспесе ажырай қойған жоқ. Бұл сөзімізге қазіргі таңда түркі халықтарының саясатта, ғылымда ортақ мәселелерге байланысты болып жатқан талқылаулары мен жалпытүркілік мүддені басшылыққа алған әр түрлі басқосулары да дәлел бола алады. ХХ ғасырда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов: «Түркі тілдес, түгел бол!» деп айтқан екен. Бұл дегеніміз түбің бір, түбірің бір, тілің бір болса, тілегіңнің де бір болғаны, түгелденіп бір шаңырақта бірігіңдер дегені болса керек. Ал, бірлікте болу үшін, алдымен біздің рухымыз бір болып, тарихымызды, мәдениетімізді түгендеп, біріктіруіміз қажет. Ең негізгісі осы рухты, тарихты, ұлттық мәдениетті бірлікте ұстайтын ортақ тілдің болуы шарт. Тәуелсіздікке қол жеткізе отырып, түркілік жұрт болып бірігіп, бөркімізді аспанға лақтырғанымызбен, көптеген “әттеген-айлардың да” болғаны жалған емес. Солардың бірі де, бірегейі тілдің тағдырлы мәселесі-жалпытүркілік терминқор қалыптастыру ісін бір жүйеге келтіріп, оң шешімін қабылдау арқылы, дұрыс нәтижеге қол жеткізе алмауымыз. Бұл ретте жүрегі “жұртым, тілім” деп соққан әрбір азаматқа жоғарыда аталған тақырып таңсық емес болуы шарт. Себебі, өзара туыс түркілер арасындағы терминжасам мәселесін ХХ ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш қайраткерлері көтеріп кеткен болатын.

Тарихқа үңілсек, 1924 жылдың 12-17 маусымында Орынборда қазақ-қырғыз ғылымбілім қызметкерлерінің тұңғыш съезінде терминологияны дамыту мәселелері сөз болғанын білеміз. Бұл басқосуға Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шонанұлы бастаған Алаш зиялылары мен Ишанғали Арабайұлы бастаған қырғыз оқығандары қатысқан болатын[1].

Бүгінгі таңдағы біздің міндетіміз осы бастауды жалғастыру, арнайы ұйымдасу арқылы ұтымды жолды табу, сол жолмен нәтижелі іс жүргізу. Әрине, міндетті түрде қай мәселенің болмасын шешімін табу үшін, арнайы ұйымдар құрылып, ол ұйымдардың жүйелі түрде жұмыс жасайтын жоспарлары мен құрылымдары жасалуы керек. Аталмыш мәселенің де басты тетігі осылай құрылған жөн.

Келесі мәселе сауатты түрде, үздік терминжасау, оларды біріздендіру мәселесі. Бұл кезекте алдымен, тіл мамандары мен терминтанушылардың көпшілігінің еңбектерінде атап көрсетіліп жүрген терминге қойылатын негізгі талаптарды негізге алуымыз қажет.


  1. Терминнің бірмағыналылығы. Термин негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бірмағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы керек. "Бір таңбаланушыға — бір таңба, бір таңбаға — бір таңбаланушы" сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады.

  2. Термин мағынасының дәлдігі. Термин атаудың өзі белгілейтін ұғымның мазмұнынқамтып, ұғымның негізгі басты белгілерінің термин мағынасы арқылы берілуі.

  3. Терминнің қысқалығы немесе ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратынкөп сыңарлы терминді ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді.

  4. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізіненжалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды

  5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшамболуы қажет деген талаппен үндеседі.

  6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілібейнелілікті, образдылықгы емес, әр үғымды оз атымен атауды кажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды.

  7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуга қолайсыздықтуғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде тандалмағаны жөн[2].

Бұл талаптардың түгелдей дұрыс орындалуы, түркі халықтарының ғылым-білім жүйесінде терминдердің үздік қолданысына, мамандар үшін өздері қызмет ететін ғылымда жұмыс барысында тиімділікке қол жеткіздіреді.

Ендігі мәселе түркі тілдерінің терминдерін қатар ала отырып, ұқсастық, айырмашылықтарын анықтау арқылы, термин жасаудың негізгі талаптарына сәйкес келетін ортақ терминді таңдап алу, сондай-ақ аудармасы енбеген халықаралық сөздерді де, түркіаралық сөз етіп аудару.

Мысалға, лингвистикалық терминдерді қарастырайық.

Зат есім”



Түрік тілінде

исим//ад

Әзірбайжан тілін

исим

Өзбек тілінде

от

Түрікмен тілінде

ат

Татар тілінде

исем

Башқұрт тілінде

Сын есім”



исем

Түрік тілінде

сыфат

Әзірбайжан тілінде

сифәт

Өзбек тілінде

сифат

Түрікмен тілінде

сыпат

Татар тілінде

сыйфат

Башқұрт тілінде

Сан есім”



сифат

Әзірбайжан тілінде

саj

Өзбек тілінде

сон

Түрікмен тілінде

сан

Татар тілінде

сан

Башқұрт тілінде

һан

Қырғыз тіліндегі көрініс қазақ тіліне ұқсас болып келеді. Мысалы: зат атооч, сын атооч, сан атооч [3].

Байқағанымыздай, қазақ тілінде зат есім, сын есім, сан есім сияқты сөз таптарының атаулары тіркес күйінде берілсе, түркі тілдерінің көбінде дара сөз ретінде берілген.

Біздің пікірімізше мұндай мәселеде түркі халықтарының көпшілігінде сәйкес келетін терминді қолдануымыз қажет деп білеміз.

Түркі лингвистикалық терминологиясындағы ортақтық орыс тілі арқылы енген еуропалық терминдерден де көрінеді. Бұл орайда қазіргі түркі тілдерінің арасында түрік тілі ерекшеленеді. Себебі түрік тілі шығу тегі еуропалық терминдерді дыбыстық өзгеріске түсіріп немесе өз сөздерімен аударып қабылдаған.

Мысалы:

Фонология”

Түрік тілінде сес билими

Басқа түркі тілдерінде фонология

Фонема”

Түрік тілінде сес бирими//фонем

Басқа түркі тілдерінде фонема

Грамматика”

Түрік тілінде грамер

Басқа түркі тілдерінде грамматика

Морфология ”

Түрік тілінде чекил билгиши

Басқа түркі тілдерінде морфология

Синтаксис ”

Түрік тілінде жүмле билгиши//сентакс Басқа түркі тілдерінде синтаксис [3].

Бұл көрініске қарап, жоғарыдағыдай пікір келтіру орынсыз болады. Себебі, түркі тілдерінің көпшілігі “синтаксис” деп қолданғанымен, кірме сөз болғандықтан бұл терминге басқа атау беру арқылы түркіаралық термин жасау қажет.

Академик Ә. Қайдаров: “Түрік дүниесінің басын қосып, тұтастығын қалпына келтірудің үлкен бір шарасы – бір әліпбиге негізделген ортақ түрк жазуын қалыптастыру”, – деген болатын [3]. Мұндағы ортақ әліпби жасау, қазіргі таңдағы қазақ халқы үшін өзекті мәселелердің бірі тікелей латын әліпбиіне көшу жөнінде болып отыр. Жалпытүркілік терминқор құру барысында қазақ тілі үшін осы мәселенің де бірізге түсуі маңызды болып отыр.

Түркі жұрты тағдыр талайында бастарынан небір қиын-қыстау кезеңдерді өткізді. Сырттағы жау ағайынды ағайынға айдап салып, арандатып, жерімізді таптағанымен, рухы биік, жаны бекем, жүрегі зор түркі баласының жігерін жанши алмады. Бұл күнде, бір атаның балалары өз ошақтарының түтінін түтетіп, шекараларын шегендеп, шаңырақтарын тіктеді. Ендігі мақсат тіліміздің, дініміздің, діліміздің ортақтығын сезіне отырып, осы жолда ортақ дүниелерімізді жетілдіру, дамыту. Солардың бірі жалпытүркілік терминқор қалыптастыру ісі – жеке ұлттың мәселесі емес, аты атап тұрғандай жалпытүркілік мәселе.

Ендеше мұны түркілік жұрт болып ұғынып, сол жолда бірігіп еңбек етуіміз қажет. Рухани әлсіз жұртты жаһандану деген тажал жалмайды, Рухы биік арманы асқақ жұртты ешқандайда жау алмайды.

Өсетін қауым болашағын ойлайды. Рухымыз биік, арманымыз асқақ, бірлігіміз берік болғай!



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сіиезі: 1924 жыл ұйеннің 12-ыншы күні. Біріншіқырғыз ғылыми сійезінің еңбектері / Кітапты араб графикасынан кириллицицаға түсіріп, баспаға дайындаған, алғысөзін жазған Ш.Құрманбайұлы. – Астана, 2005. – 144 б.

  2. Құрманбайұлы Ш. Термитану(оқу құралы). “Атлас баспасы- 2001”. – Алматы,2006. – 24-25 б.

  3. “Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі (терминжасам жәнеөзара терминалмасым, көптілді терминологиялық сөздіктер жасау мәселелері)” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. – Астана, 2011.

– 75-76 б.

Заманбек Нұрсұлтан


Студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

СҰЛТАНМАХМҰТТАНУДАҒЫ ТІЛДІК ТАЛҒАМ


М.Мұсағитовтың ғылым жолына келген уақыты 1990 жылдар болып саналады. Оның архив деректерін ақтарған еңбектері, ғылыми-орталық кітапханалардың сирек қорларында отырып жазғандары кейіннен өзінің кандидаттық диссертациясына материал ретінде пайдалануға жарар-ақ еді. Зор еңбектенумен дайындалған диссертация мұратына жетпеді. М.Мұсағитов 27 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Неге екенін қайдам, екі мүшелден сәл асқан екі жылдық ғұмыр С.Торайғыровқа да, бұған да «несібе» болып жазылыпты. Бәлкім, тәңір таңдауы солай ма, кім білсін, М.Мұсағитовтың алғашқы зерттеу мақалалары өр ақын С.Торайғыровтың ғұмырлық еңбектерін саралаудан басталған екен.

Ғалымның алғашқы мақаласы «Сұлтанмахмұттың өзге тілдік сөздерді қолдану тәсілдері» деп аталған. Атында тұрғандай мақала тіл біліміне қатысты мәселелерді қозғайды. С.Торайғыровтың тілдік талдауларын тарту бұған дейін бола қойған жоқ. Онан кейінгі уақытта шыққан энциклопедиялық анықтамалықтар да бұл мәселені таныта алмады [1], [2]. Ал М.Мұсағитов Сұлтанмахмұт тіліндегі тілдік ерекшеліктерді талдауға тартты. Ең алдымен, ғалым С.Торайғыров туралы толық деректерге қанық болған іспетті. Осыдан да болса керек, мақала «Жастайынан арабша, өсе келе татарша, орысша таныған Сұлтанмахмұт өлеңдерінде үш тілден енген сөздер кездеседі» - дейді [3, 60]. Екіншіден, мұндай ойды айту аталған тілдерді өзінің де меңгергенін білдірсе керек.

Ғалым С.Торайғыровтың 1913 жылғы «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» атты мақаласын ақтарып, ондағы ақынның тіл тазалығы үшін күрескерлігін көрсетеді. Ақын мақаласында «Екшеп-екшен қарасақ, ойбай-ойбай бетім-ау, қайтермін-ау! Пәлен-ау, түген-ау, - деп құр зарлаған ойбайдан басқа дым да шықпайды. Қайта бұрынғыларымыз хикаят болса да, тілі қазақша, рухы қазақ рухына қарай бейім келгендіктен, өзін сүйдіруші еді. Бұл жаңа ойбайда шата тілдер көп араласқан, кейде шүлдірлеп, кейде шолжаңдап, жығылып-сүрініп жүрген жайы бар» деген ойлар келтірілген екен [4, 203]. Ақынның айтқан шата тілдері араб-парсы, шүлдір тілі орыс тілі, шолжың тілі тағы да басқа тілдер болса керек. Әрі Сұлтанмахмұт соққысы ертеректе айтылып кеткен жырларға қатысты болып отырғанын ғалым түсініктеме арқылы бекіткен. Сондай-ақ ақын жиіркенішін ғалым С.Торайғыровтың өз өлеңдерімен жеткізеді: Хан болып, халықты билеп бағзылары, Көрсетіп әділшілік мінген таққа.

Қан төгіп, бағзылары қаһарлы боп, Аямай зұлымшылық еткен халыққа.

Тіл бұзушылықтағы ақын ойлары былай жалғасын тапқан: «Мен тілімізге шата тілдердің шатасуынан бегірек тілдің ағыны теріске бейімдеп, өріс алып бара жатуынан қорқамын. Біз бұралқы тіл кірмей ұйысқан сөз болса, ойбай мынау қазақша екен дейміз. Ескі сөздің қаспағына жаңа сөздің қаймағын апарып қатарластырып қойсақ, ол ағын мен бұл ағынның арасы алты айшылық алыс кеткендігі көрінеді» [4, 201]. Бұл жайтты ғалым М.Мұсағитов: ақын «Әңгімеден үзінді келтіріп, суз – қасд, даһираларда, шәриф деген арап сөздерінің еш мағынасыз қосылып тұрғаны жайында жазады. Әңгімеде Әбілқайыр мен Ресей жағын айтып жатып, бұларға қазақша баламалары бола тұра, еш қатынасы жоқ араб сөздерін қолдану орынсыз дейді» - деп берді [3, 61]. Ақын кірме сөздердің варваризмдік сипатына осылай қарсы шыққан екен. Демек, ондай сөздердің «Белгілі бір тілге, сол тілдің заңдылығына бағынбай, өзгертілмей, шет тілден кірген сөздер мен сөйлемшелер» [5, 170] екенін анық танып алған.

Бірақ басқа тілдік сөздердің барлығы керексіз деп қарау бекер. Және оның сол уақыт тұрмысын бейнелейтінін де ұмытпайық. Осы жағынан келгенде, ақынның ерекшелігін жеткізген М.Мұсағитов: «Бірінші, «Талиптарға» деген өлеңін алайық. Атынан көріп тұрғанымыздай, бұл «шәкірт» деген ұғымды білдіретін сөз, - деп бастаған жас зерттеуші онан кейінгі сөз мысалдарын да тарқатады, - Хашия – кітап аты; підие - өліктің басына шығарған садақа; Зекет – мал басынан берілетін садақа сияқты араб сөздері кездеседі. Ақын «талип» сөзінен бастап, араб, парсы сөздерінде діни сабақ алып жатқан балалардың бейнесін анықтау үшін арнайы қолданған» [3, 61]. Ғалым түсіндіруінде шетел сөздерін пайдалануды тықпалауды жөні жоқ екенін ақын «Оқып жүрген жастарға» өлеңі арқылы көрсеткен. Бұл өлеңде араб, парсы сөздерінен енген бірде-бір сөз жоқ.

Тағы да ғалым түсіндіруіне жол берейік. С.Торайғыровтың «Мағынасыз мешіт» атты өлеңінде мейлі түсінсін, мейлі түсінбесін, әйтеуір бастарын шұлғып, ұйқылы-ояу мешітте отырған адамдарды сынға алады.

Бұл өмір һәммә ислам жерлерінде

Бегіректе сахарадағы елдерінде

Мәданимін деп жаңарған шаһарлардан

Қалған жоқ асулы жер белдерінде, - деп бітіріп, татардың айырықша, әсіресе деген мағынаны білдіретін «бегіректе» сөзін қолданған. Бұл жерде «бегіректе» сөзі арқылы қазаққа да татарлар сияқты өнер, білім алу үшін мәдениетті шаһарларға қарай жақындау керектігі жайында ой салады» [3, 62]. Бір қызығы, «бегірек» сөзі қазіргі қазақ сөздіктерінде кездеспейді. Әрине, оның татар сөзі екені, сол тілдің әдеби тілінде бар екеніне күмән жоқ. Біздің айтайық дегеніміз, сол уақыт шеңберінде қазақ үшін жаңа сөз болған бұл атау кейіннен уақыт алмасуына орай көнеріп, мүлдем жарамсыз күйге түскені болып тұр. Әйтпегенде татардың көптеген сөздері әлі де болса қазақ әңгімесінің болсын, оқу-білімдік дамуды көрсетуде болсын пайдалауда мол екені даусыз.

Ақын С.Торайғыров тіл мәдениетін бұзушылықты орыс тілі арқылы шұбарланудан да тауып отырған. Бірақ оған сөзбұзу ретінде емес, ондағы кейіпкерлерге сыни көзқарасты білдіру үшін қолданған іспетті. «Қандай басшы» өлеңінде:

Қазақша басшымыз деп шляпалар,

Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар, - деген жолдар кездеседі. Байқап отырғанымыздай, екі жол өлеңнің ішінде екі орыс сөзі мен бір орыс тілі арқылы енген француз сөзі бар. «Бұлар қазақтың орысша оқыған адамдары. Ақын орыс сөздерін орысша оқыған адамдар бейнесін нақтылай түсу үшін алған» - дейді ғалым [3, 62]. Біздің де алыпқосарымыз шамалы.

С.Торайғыровтың басқа тілдік сөз саптауларды пайдалану бірегейлігін ғалым назарынан тыс қалдырмайды. Тегі, ғалым ақын шығармаларын тегіс ақтарған болса керек. Себебі келесі бір тұжырымдауына ақынның «Жарқынбай» поэмасы тартылған екен. Біз де ғалым пікірін толық бергенді жөн санадық:

«Біреудің арқасында беделді боп,

Би болды, жез знакке қолы жетті. Бұл жерде «знак» сөзі арқылы Жарқынбайдың орысқа қызмет істейтіндігі жайлы айтылады.

Бұл кітапсыз босанбас қатындар да

«Мың бір дауа» дейді мартуларға, - үзіндісіндегі «марту» сөзі татарша «сұлу» деген мағына береді. Кейіпкерінің аузына осы сөзді салу арқылы ақын сол кездегі қазақ әйелдерінің татар ханымдарына еліктеп, солар сияқты жүріп-тұруды, сөйлеуді нәсіп еткенін аударылмаған «марту» сөзімен нақты ашып көрсетеді. Бұл да бір ақын шеберлігінің жемісі.

Талабы бар, ынтасы зор оқымақ,

Үлгілі үлкен городтан білім алмақ, - үзіндісінде ақын орыстың «город» деген сөзін алып отыр. Егер біз оны Талабы бар, ынтасы зор оқымақ, Үлгілі үлкен шаһардан білім алмақ, - десек қалай болар еді? Сырт қарағанда, ұйқасы өзгермей, қаз-қалпында келгенімен, талабы бар баланың қандай шаһарда оқымақ, қандай сабақ алмақ екенін білмейміз. Тек «город» сөзі арқылы ғана Мұқанның орысша білім алмақ ойы бар екенін аңғарамыз» [3, 63].

Бұл шағын талдаулық және тілдің лексикология саласына жақын талдаулық мақала. Бірақ ол мақала мен автордың С.Торайғыров шығармасына алғашқы тілдік сүрең салумен ерекше. 1990 жылдарда мұндай талдау жасау үрдісте болған, әрі жаңалық сипатты бағыт болып саналатын. Ғалымның С.Торайғыровқа қатысты іргелі зерттеуін осымен тәмамдасақ та болар еді. Бірақ ақын шығармаларына сүрең салған ғылыми орта болғанын М.Мұсағитов тағы бір мақаласында көрсеткен екен. Бұл болашақ үшін де таптырмас бағыт болар деген ниеттеміз. Мәселен, 1914 жылдың еншісіндегі «Қамар сұлу», 1915 жылы жазылған «Кім жазықты» романдары мен 1917 жылға тән «Таныстыру», 1918 жылы шыққан «Адасқан өмір», 1919 жылғы «Кедей», 1919-20 жылғы «Айтыс» дастандарына ақын тірі кезінде жарыққа шықпаған. Олардың көбі ақын көз жұмғаннан соң екі жылдан кейін (1922) және 1933 жылдары оқырманына жол тартқан. Мұндай ірі шаруаны тындырған – Ж.Аймауытов. «1920 жылы ақынның қайтар алдында ақын қолынан қолжазбаларын алған абзал жанды ақыл иесі Сұлтанмахмұттың өлеңдерін бір қалыпқа келтіре ірікетеп, түсініктеме жазып, өзі күйерден аз-ақ бұрын баспаға тапсырып кеткен. Сұлтанмахмұтты зерттеушілер қатарына ең бірінші Жүсіпбекті қоюымыз осыдан болса керек. Жүсіпбектен кейінгі адам Мұқтар Әуезовтің қолында 40-қа тарта өлеңдері мен екі дастаны болған. Келесі адам Сұлтанмахмұттың немере інісі Шәймәрдан Торайғыров. Бұл кісі ақынның әкесі Шоқпыттың қыстауға тығып кеткен өлеңдерін тауып алып, түсініктеме жазып тапсырған адам» [3, 50].

Негізінен, сұлтанмахмұттану мәселесі 1990 жылдардың ішінде шырқау шегіне жетті. Ақынның жүз жылдық торқалы тойы ел көлемінде аталып, әспеттелді. Бірақ мұндай ізденудің басында тұрған алаш азаматтарының (Ж.Аймауытов, М.Әуезов) еңбектері әрдайым ауызға бірден ілінері сөзсіз. Сонымен қатар «Сұлтанмахмұттану ғылымында айырықша орын алатын, ақын жырларымен бірге тоңып, бірге қуанған ғалым ағамыз Бейсенбай Кенжебаев, 1967 жылы өлеңдер жинағын бастырып шығарып, алғы сөзін жазған Ысқақ Дүйсенбаев, кейінгі кездері зерттеп жүрген профессор Ермек Өтебаев, филология ғылымының докторы Арап Еспенбетов, т.б. бар» [3, 50].

М.Мұсағитов С.Торайғыров жайына «Ақын аға» деген қомақты мақаламен де келді. Соқпай кету мүмкін де емес еді. Ғалымның өзі аңғартқандай, «Небәрі жиырма жеті жас жасағанымен, соңына өз заманының бет пердесін жұлып алардай оттан құйылып, асыл тастан соғылған жүзден аса өлеңдері, роман, дастандары мен мақалаларын қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғырұлы кейінгі ұрпаққа жеткен, дауылды күнде теңселген мұхиттай кемерінен аса төгілген бай мұрасымен мәңгі жасамақ» [3, 45]. Бұл бір жағы. Екіншіден, бұл мақала жарық көрген тұс жасын ақын Сұлтанмахмұттың жүз жылдық мерейтойы қарсаңы екені тағы бар. Үшіншіден, ел тойлар ерен ақынның ашылмай жатқан тұстары да баршылық еді. Себебі ақынның туған жері мен өскен ортасы, жарияланым көрмей келген шығармаларының ағыл-тегіл тарқай бастаған уақыты да сол кез болатын. Ал жас зерттеуші М.Мұсағитовқа мұндай жағдайдан қалыс қалуды азаматтық ары жібермейтін. Осыдан да болса керек, он бес беттік мақаланы бір демде жазып-ақ тастаған.

Ғалым ақынның өмірдеректерін мысалға ала отырып, оның қызметінен хабардар береді. Ақынның 1919 жылы Керекуге келуі мен ревкода қызмет етуі бүгінгі таңда 100 жылдығы атап өтілгелі отырған Алашорда үкіметінің қызметінде болғанынан хабардар етеді. Бұл да болса там-тұмдап айтыла бастаған соны бағыт болатын. Сөз реті келгенде айта кетейік, М.Мұсағитов жалпы «алаш» жайын жанымен қозғауды армандайды. Бұл сөзіміздің дәлелі үшін ғалым Т.Жұртбайдың сөзін берелік: «Сыралғы болатындай замандасы емеспін, бірақ пікір алысқан аз уақыттың аясында мені өз ойын сеніп айтатын ағасының бірі ретінде қабыладады-ау деймін. Екі-үш мәрте Мұхтар әуезовтің мұражай үйінде оңаша сөйлесіп, ой бөлістік. Көбіне ол сұрап, мен жауап берген сияқтымын. Өйткені сол кезде алаш ардагерлерінің өмірі туралы сауалдар қоятын» [3, 3].

«Ақын аға» мақаласының атауы зерделеуден барып туған еді. Ғалым оның ақын екенін Мұқан молда лепесінен алса, «аға» сөзін өз жанынан жамаған секілді. «Сұлтанмахмұттың ақындық күшінің бұлқына оянып, биік деңгейге көтерілуіне әсер етіп, жөн сілтеген біріншісі Мұқан молда болса, екіншісі Нұрғали. Мұқан ескіше жақсы біліп қоюмен қатар, араб-парсы қиссаларын қазақшаға аударып, өз жанына да өлеңдер шығапған. Сұлтанмахмұттың бойынан ақындықтың ерен күшін байқаған аңғарғыш Мұқан «ақын бол» деп лепес етіп аузына түкіреді» - дейді М.Мұсағитов [3, 46]. Бұл жерде мынадай ой да қылаң береді. Біріншіден, Мұқан молда туралы алғашқы деректің бірі осы мақалада бар. Екіншіден, Мұқан молда жайлы зерттеулер туғызу үшін осы өңірдің зиялы қауымына бағыт сілтесе екен. Себебі тұлғалық энциклопедиялардан Мұқан молда туралы мәлімет кездеспеді. Осы мақаладағы ақын өміріне өзіндік септігін тигізген адамдар туралы мәлімет аз болса да бар. «13 жасында С.Торайғыров қазақ фольклорының білгірі, араб және парсы тілдерінің аудармашысы Мұқан молдадан білім алады. 1911 жылы Нұралы мұғалімнен дәріс алады» [6, 606]. Қалай болғанда да, бұл тұлғалық мәселе зерттелу жалғасын тапса дұрыс.

Осы мақаланы талдаудан кейінгі келген екінші ой – ақынның тумыс болмысы жайлы дерек. Оның арғы аталары би тұқымдас екені сөзсіз. Сұлтанмахмұттың бесінші атасы – Едіге би, төртінші атасы – Торайғыр би, үшінші атасы - Әбет би. Екінші атасы билікке таласпаса да, жұртқа жағымды әсер қалдырған екен. Ғалым Е.Өтебаев сөзіне сенсек, «Қарауыл ішінде Шоқпытты «Қара балта», «Қабан» атапты. Қолы қатты, сөзге ұста, кісіге ұпайын жіберіп көрмеген батыр тұлғалы Шоқпытты көп жер біліп, көп ел сыйлаған» [7, 45]. Сұлтанмахмұт бойындағы атасындағыдай жақсы қасиеттерін ғалым М.Мұсағитов та көрсетеді: «Қарап отырсаң, билік пен батырлық бұл тұқымнан арылмаса керек. Аталары әрі би, әрі батыр болып, солардың сөзін жаттап, бабаларындай әділ де өткір болуға тырысқан бала ешқашан ала жіпті аттамас адал болып өседі, дей отырып, ақынның өзі араласқан ортасындағы тұлғалар есімін алға тарқтан. – Араласқан адамдары дегенге келсек, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Т.Абайұлы, Ә.Бөкейханұлы, Ә.Ережепұлы, құрбан қажы, Ә.Ермекұлы, Қ.Имантайұлы, тағы басқа аттары алты алашқа белгілі азаматтарды атауға болады» [3, 49].

С.Торайғыров ХХ ғасырда шығып тұрған «Айқап», «Шора» журналдары мен «Қазақ», «Тәржіман» газеттерін қалт жібермей оқыған. Бұл оның шабытына шабыт қосқаны анық. Алаш ақынының алғашқы жазылғандарының көбі сақталмаған. Ал Мұқан молда лепесінен кейінгі жазған «Секілді өмір қысқа, жарты тұтам» өлеңі тұңғыш деп саналғаны бар. Осы өлеңде өткенге ризашылығы бар (Лепес қып түкірген соң молда Мұқан), бүгінгі сенім бар (Осы ойыма өткен түн серт берілді, Менде болмас бұл ойдан өмірде азу), болашақ мақсат бар (Сондықтан бір мақсатым өлең жазу, Оқумен бірге іздеп, қоса қазу). Ақынның бұл бағытын ғалым барынша ашып жеткізе алған. Тіпті, ғалымның ақын өлеңдерінің тақырыбын тарқатқанын да байқадық. Әрі оны осы мақаланың қорытындысы ретінде де ұсындық: «Туған жері дегенге келсек, жүз мың адамның ішінде тек біреуінің бойына туған жер табиғаты өзгеден ерек, бітім-тұлға, ғажап талант береді. Мүмкін ол алдына жан салмас суырып салма ақын, жауырыны тимес балуан, алқалы топта су жұқтырмас шешен болуы – табиғат құдыреті. Жер әсем алыпты тәрбиелейді. Ақын да сол табиғатқа арнап ішкі сырын ашады. Қазақта табиғатқа арнап өлең жазбаған ақын жоқ десе де болғандай. Сұлтанмахмұттың «Гүл», «Қарағай да қайғырып» атты өлеңдері ақынның табиғатпен астаса, ішкі оймен сырласа жазған философияға толы сыршыл өлеңдері» - дейді ғалым [3, 48].

Әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: «Білік» баспа үйі, 1999. – 752 б.

  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты, 1998. – 509 б.

  3. Айтқазыұлы М. Өсиеттер бұлағы // Құрастырушы-жауапты редактор С.Қорабай. –Алматы: Үш қиян, 2005. – 208 б.

  4. Торайғыров С. Сарыарқа жаңбыры. – Алматы: Жазушы баспасы, 1987. – 133 б.

  5. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. –Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

  6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Энциклопедия. – Павлодар: ЭКО баспасы, 2010. – 704 б.

  7. Сарыарқа самалы газеті. – Павлодар, №171, 1991.

Кенжетаев Данияр


Студент,

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты,

Қазақстан

МАҒЖАНТАНУДАҒЫ М.МҰСАҒИТОВ ТАНЫМЫ

«Сарыарқа топырағынан жаралған арда азаматтардың қатары көп. Тәуелсіздігімізге тәу ете бастағаннан-ақ, олардың бас-аяғын түгендеуге тырысып бақтық. Қолымыздан келді де. Қазақ жері қазақ азаматының жері ғой. Ақындар бір-бірін көрмесе де, оларды тоқайластыратын бір сыр бар сияқты. Ал оларды (алаш азаматтарын) басқа заман ақыны тынытып жатса нұр үстіне нұр екені тағы бар. Сондай азаматтың бірі – Мүсілім Айтқазыұлы Мұсағитов Жас азаматтың екі арда ақынға бүйрегі бұрды. Соларды оқып, солардың шығармаларымен тыныс алды. Солардың жасынан аспаймын дегендей-ақ, ертерек о дүниеге басын бұрды. Бірақ азғантай уақыт ғұмыр кешсе де, қазақтың романтик ақыны Мағжан мен қазақтың қара өлеңінен роман өрген Сұлтанмахмұтты басқа қырынан сөйлетті. Олардың ойын өлеңмен де жеткізді, ғылыми тұрғыда да жандандырды» [1]. Ғалым Сағындықұлы Бекеннің айтса айтқаныдай, М.Мұсағитовтың «Мағжан ақын» мақаласынан әр бағыттағы тарихи да, сыни да, әдеби де мағлұматтар ала аламыз. Мәселен, Мағжан өмірбаяндарын жыл-жылмен жіліктеп беруі бір басқа да, осы жылдар тасасында оның тарихи тұлғалармен дидарласуы, үкіметтік қызметке енуі жайлы қызықтырар мәлімет мол. Ақын жолында кездескен алаштық есімдер (А.Байтұрсынұлы, Т.Рысқұлов, М.Дулатов) оның қызметтік жайынан хабардар етсе, В.Брюсов басшылығындағы Жоғары әдебиет-көркемөнер институтындағы қызметі мен М.Горкий, Е.Пешкованың арласуындағы тағдырының шешілуі оның мәдени-әдеби өмірінен толық хабар береді. Ал «1924 жылдан кейін монына қыл-дұзақ болып ілінер «Алқа» бағдарламасын жазып шығуы» оның саяси-қоғамдық өмірге де белсене араласқанын көрсетеді. Бұл бұл ма? Осы мақалада Мағжанның көп қырының бірі ашылады: «Лермонтовпен қатар Гете, Әбу Фирас, М.Горкий, Колсов, Дмитриев, Гейне, Маин-Сибиряк т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын өзінше өрнекпен аударған. 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шыққан «педагогика» зерттеу еңбегінде де Мағжанның айшықты қаламының іздері көрінеді» [2, 16]. Бұл жайтты Мағжанның өзі де аңғартқандай болған: «Тәрбие ғалымдарының таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше, қазақ қанына қабыстыруға тырыстым» деген-тін.

Жоғарыда «Мағжан ақындағының» ғылыми арнаға татырлық тұстары сөз болды. Ал «Тарих – от – философия» мақаласы тіптен ерек. Мұнда да Мағжан жайы. Бірақ мүлдем басқаша. Өлеңнің ата тарихтан сыр шертеді. Өлеңдегі «Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім күнмін, өзім – от, Өзіме өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі от, оттан басқа тәңірі жоқ» деп өткен Мағжан ақын өз түбінің ғұнтүріктен бастайтыны осыған куә. Енді бір мәселе – от мәселесі. Оттың халық пайдалануындағы ерекшеліктерін осы мақала ашып көрсетеді. Оттың ертегі кейіпкерлерінің символы ретінде пайдаланғаны анық. Мәселен, көне грек мифологиясында отты әкелуші Прометей болып суреттелсе, «Торес бұғазындағы аралдар тұрғындары отты қалай пайдаланды» ертегісінде де Хавиа-жігіт басқа аралдың тұрғыны әйелдің қолынан оты жұлып алып, суға сүңгіп өз еліне жеткізеді. Ал «Оттың ұрлануы» ертегісіндегі Мауи-бала отты шығаруды тауық балапанынан үйренгені сөз етіледі. Мұндай үндестікті мағжан тіліне салған «Баланың қабір тасына» өлеңі екен. «Мағжан халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, наным-сенімдерін бір адамнан кем білмеген.

Ақын «сырдағы алашқа» өлеңінде «Атаң отқа табынған...» деген салмақты сөзден бастап, «Атаң отқа май салған, Жан ба еді жыннан тайсалған», - деп ескіден келе жатқан нанымды алдымызға тартады, - деген зерттеуші Плано Карпини, Гильомо де Рубрук, Шоқан сынды саяхатшы-ғалымдардың ой-пікірлерін тізгіндейді. Жоғарыда аты аталған басқа ұлттық ғалымдардың – Шапқыншылық кезінде жерімізді жаулап алғандықтан, Тұран даласын жалпы бір-ақ сөзге сыйдырып, Монғол немесе татар деп жазған» деп таразылайды [2, 20]. Отқа қатысты шығармашылық Мағжанда («От» өлеңі: Әлсін-әлсін май құям. Май құямын өрлейді, Құлашын көкке сермейді) Шоқанда («Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» зерттеу еңбегі: Қазақтарда от – үйдің киесі, шамшырағы. Сондықтан да жаңадан түскен жас келіншек үлкен үйдің отына тағзым етуге (сәлем етуге) тиіс), Жүсіпбекте («Ақбілек» романы: От сөніп қалса, Ақбілектің өмірі де сөніп қалатын еді.) кездесіп отырады. Демек, «Бабаларымыз отты тек қарны ашса, тамақ пісіретін, тоңса жылынатын құралына санап, соны тоқшылық көріп, тәңір деп қабылдады ма, әлде оттың басқа да көзге көрінбес қасиеттері үшін тәңірі деді ме?». Бұл М.Мұсағитов ойының тереңдігі деп білейік. Мұны зерттеу болған, бар, бола да береді. Бірақ кімнің, қай ұлт баласының қалай жеткізетіні ойсұрақ бола алады.

М.Мұсағитов көп ізденіске бет алған ғалым болды. Келесі мақаласына арқау болған «Мағжанның «Қойлыбайдың қобызын» талдауда оның «Қазақтың бақсы-балгерлері» жинағынан алғанын тілге тиек етеді. Мұнда да Шоқан мен Мағжан үндестігіне мән береді. Ол үндестік Мағжанның Шоқан зерттеулерімен таныс болғандығы және ел аузындағы аңыз-жырлармен сусындағанынан көрінеді. Ғалым екеуара үндестікті Шоқан мақаласы мен Мағжан дастаны арқылы да өрнектейді. Тіпті, екеуінің кейіпкері де бір бақсы – Қойлыбай. Сонымен қатар Ә.Диваев хатқа түсірген жыр да «Бақсы» деген атпен берілген. Бұлардың бәріне ортақ ұқсастық Қойлыбайды «Бақсылардың пірі» деп атау. Осы мақалада тарихи мәнді талдау Барақ боп есімденудегі тұлғаларға қатысты қатысты эпизод. Ғалым ақын қай Барақты айтып отыр деп ашық сұрақ қояды да, оны өзіндік пікірмен дәлелдейді. Мұны үзбей-жармай беруді жөн көрдік: «Біздің пікірімізше, ақын шартты түрде Көкжарлы көкжал Барақты алса керек. Мұндай пікірге келуімізге бірнеше сүйенерлік негіздер бар. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ақын жырынан мысал келтіре отырып, ойымызды жалғастырайық:

Ішінде сол жиынның Барақ та бар,

Аузынан арыстандай жалын шашқан... немесе Бас болып батыр Барақ қалаған соң...

Мағжан өзінің не жазып отырғанын жақсы білген. Әрі Бағаналы мен Көкжарлы бір ата Сарыжомарттан тарайды. Бұл жерде ақын ұрыс-соғысты көп көрген ұлтымызға біткен ерекшеліктің бір қырын ашып отыр. Халқымыз жері, намысы үшін қасық қаны қалғанша алысқан батырларды құрметтеген. Батырдың жолы кесіледі деп, қалағанын орындап отырған. Қойлыбай да «Қалқасы қалың Найман қалаған соң», оның ішінде «Аузынан арыстандай жалын шашқан Барақ өтінген соң, қобызын бәйгеге қосады. Еліміздің сан жылдардан бері қалыптасқан ұлттық психологиялық ерекшелігін ашып беріп ұсынған Мағжанның құдіреті де осындай сырлы жолдар арқылы көрінеді» [2, 35]. Бұл Мағжан шеберлігін көрсетудің бір жолы. Екінші, Барақ боп есімденген азаматтарымыздың сырсипатының ашылуы да, үшіншісі Қойлыбай бақсы туралы мәліметтің толықтана түсуі.

Ғалымның мағжантану ғылымына қосқан үлесі «Өлі десем, өлі емес» мақаласымен айқындала түседі. Біздің пікірімізше, ғалым бұл мақаласының зердемелік жақтан көңіл аударатыны «бақсы» сөзінің қолданысын жан-жақты ашу үшін Мағжанның «Қорқыт» поэмасына талдау жүргізеді. Әрине, кез келген бақсылық туралы аңызға тартар айтылымдар көп. Демек, оның бақсылығы еш дау тудырмайды. Мәселен, Ә.Марғұлан жазуында «Шыңғыс ханның кеңесшісі керей Көкше бақсы болған. «Мен тәңірінің өзімен тілдесемін, көкке шығып жүремін» деп өзін дәріптеген. Ол Шыңғыс ханның ордасында отырып, «Сен дүние жүзін билейсің» деп сәуегейлік жасаған екен» - дейді [3, 222]. Осы бағыттағы мәлімет Ә.Қоңыратбаев еңбегінде де бар. Ғалым Қорқыт әулие жайын екіге бөлген екен: «Бірі – тарихи жазба деректерде кездесетін, көбіне ислам әсеріндегі Қорқыт та, кіншісі – ел аузындағы сан түрлі аңыз-әңгімелерде сақталған бақсы Қорқыт» [4, 90]. Мұндай мәселені кезінде С.Сейфуллин де аңғартқан: «Бақсылардың тартатын күйлерінің ең әсерлісі, ең жақыны Қорқыт күйі саналатын. Қорқыт күйі деген күйді қобызшылар біздің өмірдің басына шейін тартып келді» [5, 84].

Ал М.Мұсағитов бұған басқа бір қырынан келген сияқты: «Ақын сөздерінде Қорқытты бақсы деп айтпайды. Тереңдей ойлап келсек, ақындық, күйшілік, жалпы өнерге жақын адамдардың бойында рухпен қатынасқа түсетін өңгеше қасиет болады. Бірақ олардың бәрі бақсы бола бермейді. Қазақта ондайларды «бойында бақсылығы бар» деп айтады. Дегенмен соның өзі «емшілік қасиеті бар» деген түсінікке жақын емес. Бір уақыттарда хандар қасындағы бақсылар ел билеу, сөз ұстау, қол бастау сияқты істерге қатысқанымен, келе-келе христиан, мұсылман діндерінің енуімен шетке қағылып, тек арасын аралап жүріп сәуегейлік айту, емшілік жасау қасиеттеріне ие болып қалған. Бұған олардың бойын аруақ еріксіз мәжбүр еткен». Бұл ғалымның алғашқысы нұсқасы. Ғалымда бақсыларға қатысты екінші бір түсінік те бар: «Мағжанның бақсы демейтін себебі – Қорқыт халқымызға тән аңыздарда өз елінен қашқан адам. Қобызбен орындалған күйлері тек өзінен өлімді қуу үшін орындалған. Кейінгі бақсылар оның күйлерін халықты емдеу үшін қолданған. Осы ретпен айтқанда Қорқыт олардың пірі, ұстазы болып саналады. Сонда, Қорқыт күллі емші, сәуегейлік, кеңесші, үйретуші, ғалым, ақын-жыршылардың бабасы, оларды қолдайтын пірі. Бұл Қорқытты қазір қолданылып жүрген бақсы дегеннен де үлкен ұғым иесі екендігін аңғартады [2, 38]. Бұл, қалай болғанда да, «өлді деген жанның өлместігін» аңғартатын мақала болып саналады. Ондағы жайт, Қорқыт тәнінің о дүниелік болғанымен, рухының күні бүгінге дейін жасап келе жатқандығына нақты тұжырым бола алатыны болса керек.

М.Мұсағитов М.Жұмабаевтың ақындығына да қалам тартты. Мәселен, он екі беттік «Мағжан ақын» мақаласының жеті беті осы бағытта жазылған. Мақалада әдеби-теориялық талдауларға жүгіну бар. Сәкен мен Ілиястың қаламына іліккен Көкшетау сұлулығы Мағжанды да өзіне тартқан екен. Осыдан да ол «Көкшетау» өлеңінде «Аспанмен тірескен, Тәңірімен тілдескен, Көкшетауым біп-биік» деген жолдарын келтіреді. Ал «Сүй, жан сәулем» өлеңі махаббат лиракасына арналған. Ал мұны М.Мұсағитов қалай талдаудан өткізген? Мұндағы «...сиқырлы жолдар ерекшелігі ғашығына ынтық болып қосылған жанның ішкі толғаныс, сыртқы серпіліс сезімін айырықша әсермен, бүкпесіз жырмен жырлайтын ақынның ыстық демінен туған ой екенін аңғартады. өлең жүректің сыртқа ақтарылған судай тоқтаусыз аққан іңкәрліктен туған мазасыз шағынан көрініс беретін асау, албырт кезеңінің көрінісі» [2, 11]. Бақсаңыз, кейіпкер ақынның өзі, ал сезім шынайы махаббаттың құралы.

Мұндай талдаулар М.Мұсағитов дерек еткен өлеңдердің бәрінде бар. Бірақ бізге ой салғаны мына бір жолдар болды. Ғалым «Мағжанның көптеген өлеңдері басқа ақындарға еліктеп жазылған» деген Жүсіпбек аймауытов тұжырымын жақсы тиянақтай алған. «сырттай қарап отырсақ, - дейді ғалым, - ақынның «Жел» өлеңі Пушкиннің «Тұтқын» өлеңімен мағыналас, үндес. Бірақ Пушкинде тұтқынға қыран бүркіт келіп, сыртқа шақырса, Мағжанда дерексіз ұғымды білдіретін жел, кәдімгі өзімізді күнде желпіп жүретін Сарыарқа желі. Пушкинде бүркіт, Мағжанда жел бостандықтың символы ретінде алынған» [2, 13]. Жоғарыдағы ғалым ойы сол уақыттағы ақынның ішкі жұлқынысын риторикалық сұрақ қоя отырып, былай дамытады: «...даланың еркін желі «Қасірет басқан Сарыарқадан тарыққан» деп неге келтірді екен деген ой-сұрақ еріксіз келеді. Жел екеш жел де кең далаған сыймай келіп, тұтқынды мазалайды. Бұл бүркіт емес, көзге көрінбейтін тар жер иненің жасауынан өтіп кетер жел. Арасы жер мен көктей. Ақынның ұшқан жері осы. Түрмені өңі түгіл түсінде көруге шошынған қазақ оны тек дозақтың отына теңеген. Кеудесінде Сарыарқаның желі еркін ойнаған қазақ үйінде де бір күн қамалып отыра алмайды. Ақынның мықтылығы да осында. Тарыққан тор астындағы адамға орыстың қысын, немесе Сібірдің боранын әкелмейді. Тіптен, басқа жел емес, Сарыарқаның желін әкеледі. Яғни, торда отырған өзге емес, қазақ даласының перзенті» -деп, басқа да талдауларға талпынады. Қай-қайсысы болса да, ақын кереметтілігін ашатын жолдар. Және ол жолдар өзге емес, қазақ даласының перзенті М.Мұсағитов таразылаған жолдар.

Жалпы, М.Мұсағитов еңбектерін бір бағытта ғана зерделеуге болмайды. Ғалым ғылыми-зерттеу мақалаларында тек қана ізденіс жұмыстарын жүргізді десек қателескен боламыз. Себебі ол еңбек мәтіндерінен де әдеби-танымдық тұжырымдарды кездестіреміз. Мәселен, «Мағжан ақын» мақаласында «Жасынан Шығыс поэзиясымен сусындап, Абай өлеңдерін жатқа оқып, көңіліне тоқыған ақын орыс тілін жетік білуімен Батыс әдебиеті, мәдениетімен етене таныс болып, өлең өрнектерін өзінше асқан зергерлікпен әшекейлей білген» немесе «Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес» деген сөздерді енді ешқкндай сыншы қайталай алмас. Бұл ақын өлеңдеріне берілген жоғары баға» деп бағалауы осыған дәлел. Сол сияқты «Тарих – от – философия» мақаласындағы мынадай теориялық талдаулардың өзі неге тұрады: «Ақын ерте күнге орала отырып, отты тәңір десе, біз де көңіл сала оқып, оттың тәңір екенін мойындағандай болдық. Мағжан ой ағынымен (бұған көктегі ауыспалы ағымның әсер етуі де мүмкін) оқуышының алды-артын орап, айшықты өлең жолдарымен өзіне табындырады». Бұл шағын зерттеулердегі біз байқаған әдеби-танымдық талпынаулардың бір парасы. Шынтуайтқа келгенде, мұның өзі «теңізге қосылған тамшыдай», бірақ аса қажет «тамшы». Себебі бізге «Күн бар жерде көлеңке болатыны тәрізді, қуаныш бар жерде қайғы да жоғалып кете алмайтынын, тіпті, қапалана білмеген адамның шаттықты бағалауда да кенже қала берерін бағамдай бастадық. Бұл зерделеу шындық ауқымдылығын, соған сай адам сезімі сан қырлылығын, оған тек масайрау биігімен қарау жетімсіздігін түсінуге әкелді» [16, 32]. Әдебиеттер тізімі:


  1. Сағындықұлы Б. Жарқылдап өткен жасындай // «Сарыарқа самалы» газеті. - Павлодар: – № 137, 2014. – 18-19 бб.

  2. Айтқазыұлы М. Өсиеттер бұлағы // Құрастырушы-жауапты редактор С.Қорабай. –Алматы: Үш қиян, 2005. – 208 б.

  3. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. – Алматы: жазушы, 1985. – 325 б.

  4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 253 б.

  5. Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 158 б.

  6. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: ПаУ баспасы, 1999. – 384 б.

С.Ергөбек


ф.ғ.к., доцент,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

Ә.Абдинасыр магистрант (Түркістан, ХҚТУ)

ҚАЗАҚ ҚИССАЛАРЫНДАҒЫ ДӘСТҮР және МҰХАММЕТ ПАЙҒАМБАР БЕЙНЕСІ

Мұсылман әлемінде ұзақ ғасырларға созылған, тұрақты ислами дәстүрге айналған бір мәселе бар. Ол - әдебиетпен өнердің, тіпті ғылыми еңбектердің әрқайсысы дерлік Алла Тағалаға арналған мадақ жолдарымен ашу. Таратып айтсақ, мұсылман әлемінің әр кітабы алдымен Алла Тағалаға арнап айтылатын мадақ жырларымен «хамду сәна» жолдарымен ашылады. Ол себепсіз жайт емес. Орынсыз да емес. Бұл өте орынды, түрлі сұрақтарға болса да, жауап табылатын өте қажет дәстүр. Себебі бұл дүниенің жаратылуы әр кез әрі жұмбақ, әрі түсінуге, тануға өте күрделі жағдай болып әрқашан қала бермек. Сонымен бірге бұл еш жұмбағы жоқ, түсінуге де өте оңай мәселе. Себеп – бұл ғаламды осы ғажап қалпында Алла Тағала жаратқан. Оны тергеп, тексеріп, талқылап қажеті жоқ. Бәрі Алла Тағаланың кереметі. Бәрі жердегі адам игілігі үшін. Адам баласының әрі ғажап, әрі тәтті тірлігі үшін жаралған. Сол себепті де адам өмірі, оның әр сәті қымбат. Сондықтан да қазақ «мың күн жұмақтан бір күн жалған» деп өте дәл сипаттаған. Сол үшін де Алла Тағаланы мадақтау әрқашан қажет.

Алла Тағалаға арналған мадақ жыр не мадақ сөз «хамду сәна» айтылып болған соң оның яғни Алла Тағаланың жердегі елшісі Мұхаммет Пайғамбарды жырлау және мадақ тұту сөздері айтылады немесе толғанады. Сонан соң барып Мұхаммет Пайғамбардың төрт шарияры - әділетті төрт халифа - Әбубәкір Сыддық, Әзіреті Омар, Әзіреті Оспан және Әзірет Әлілер туралы сөз болады. Олардың мұсылман діні жолында еткен ерен еңбектері еске алынады. Әрі әділетті төрт халифаны бірге жырлайды, әрі әрқайсысын өздеріне лайық даралықпен дара жырлайды. Дара тұлғасын сомдайды. Кейде ұзақ, кейде қысқа жырланады. Қысқа болса да, олардың бейнесі сомдалып үлгереді. Бұл жайдың себебі – жоғарыда Алла Тағала тарапына қаратып айтылған мәселелермен сабақтас. Мұхаммет Пайғамбардың ұстанған ақ жолын, сол жолда жүріп өткен өмірін, істеген ісін, айтқан хадисін сөз ету тағы да қадап айтсақ, еш уақытта артық болмайды және тоқтамайды. Сол секілді Мұхаммет Пайғамбар сөз болған жерде оның міндетті түрде төрт серігі де сөз болуы тағы да қажет. Бұл осылай қалыптасқан жүйе және өте-мөте жүйелі жүйе.

Осы айтылған жайлар әсіресе Алла Тағаланың жердегі елшісі Мұхаммет Пайғамбар есімі мен ісінің, мұсылман әлемінің әр кітабының алғашқы бетінен-ақ тұрақты жырланып отыруы оның мәңгілік қадір тұтып, қастерлеп өтетін ұлы тұлға екенін көрсетеді. Сондықтан да Мұхаммет Пайғамбарды ұлықтау, оның есімі мен ісін мадақтап жырлау оның өмір сүрген күндерінен басталып бүгінгі күнге дейін жалғасып, бүкіл әоем дерлік жырлап келе жатыр десек, еш уақытта артық айтқандық болмайды. Пайғамбар есімі мен ісін ұлықтап ғасырлар бойы мадақтап жырлап келе жатқан мұсылман әлемінің бір жұрты – қазақ. Қазақтың кітаби, діни, нәзирашыл молда ақындары әр шығармасында дін исламды, Алла Тағала мен оның жердегі өкілі Мұхаммет Пайғамбарды, оның төрт шариярын мадақтап жырлады. Олардың есімдерін қастерлеп қадір тұтты. Өте көп шығармаларға әдеби кейіпкер етті. Ал, көптеген шығармаларда Мұхаммет Пайғамбарды, оның есімі мен ісін жеке жырлауға, есімін ардақтауға, пайғамбарлық нұр шәрифін сипаттауға, нұрллы бейнесін сомдауға арнады. Осы арада сөзіміздің дәлелі ретінде бір шығарманы – «Ғазауат Сұлтанды» сөз етсек.

Біз жоғарыда сөз еткен үлгіде, мұсылман әлемінің туындысы ретінде «Бисмиллаһи-ррахмани-р-рахим» деп бастап алады да:

Һазал китаб фи манақиби хәзрәт сұлтан Сейітбаттал Ғази. Бисмиллаһи-р-рахмани-ррахим. Әлхамдулиллаһи раббил аләмин уас салауату уас саламу алә хайри халқиһи Мұхаммадин уа алә әлиһи уа асхабиһи әжмағин.

Қара сөзбен берілген кіріспе сөзден кейін Алла Тағалаға арналған мадақ жыры жырланады. Жыр:

Бисмиллаһи хамд илән сөз бастамалы, Әуелі сөз бастасақ Алла дейді.

Әуелі есім Алланы жад қылмалы,

Сиынып фазылына зар жыламалы.

Көңілімізге хайыр илһам салғыл дейді.

Бар қылған барша әлемді Мәуләмізді, Иғтиқад жан тілмен зар қылмалы, -

деп басталады. Мадақ жыры жиырма төрт өлең жолдан тұрады. Онда Алла Тағаланың әлемді жаратуы, адам баласын адам етіп жарату ғанибетінен, соған үлкен шүкіршілік ойлары өріледі. Себебі – қисса тақырыбы – діни тақырып. Екінші, шығарма шығарушысы мұсылманша терең білім алған, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген молда, кітаби ақын Маңғыстау Тыныштықұлы діни қаламгер ретінде көрінеді.Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ қиссалық әдебиетіне, жазба әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан шайырдың бірі. Оның «Ғазауат Сұлтан» атты өте көлемді, діни бай мазмұнды шығармасын ерекше атап айтуға керек. Шығарма әлі толық зерттеу, тану айналымына түсе қойған жоқ. Дегенмен қазір жарияланған үлгілердің алдағы уақытта арнайы зерттелуі күмәнсыз жайт. Еңбектің қазіргі мәтінінің өзінен шығарманың қисса жанрының туындысы екендігі, нәзиралығы, кітаби тілде жазылуы анық аңғарылады. Демек, шығарма орындалу дәстүрі, жазылу стилі, көркемдік ерекшеліктері мен тілідк табиғаты тұрғысынан көне кітаби дәстүріміздің, дәстүрлі жазба әдебиетіміздің туындысы. Шығарма сонысымен шағатай, кітаби, түрки, қадым деп түрлі атаулармен беріліп жүрген жазба әдебиет туындысы екені тағы да анақ көрінеді.

Алла Тағалаға арналған мадақ жырының соңғы жағында:

Жаратты кімді пақыр, кімді ғани,

Жұмлаға болар Хақтың бұйырғаны

Жаратты нәби, мұрсал, сұлтандарды, Бір жанға тәслім қылған жұмлаларды.

Көрсеңіз һәр падишаһтың рағияларды, Қаратқан тәдбиріне Иләһым Қадір оны.

Және біл жаратқан Алламызды,

Бар қылған бір зәрреден бар әлемді, -

деп жырлап сөз кезегін Мұхаммет Пайғамбарға ойыстырады. Алла Тағаланың бұл әлемді жаратуының өзі Пайғамбарға тікелей қатыстылығын, нұр шәрифін жаратуын сөз етеді:

Қарасаңыз, иә әууәл, зәрренің асылыны, Әуелде неден болған фасылыны.

Білсеңіз құп, білмесең, біл әуел зәррені, Мұхаммед Мұстафаның дейміз-дүр нұры оны, -

деп Пайғамбарға арналған мадақ жырын жиырма шақты өлең жолдарында толғайды. Онан кейін де ауыз-ауық Пайғамбар есімі мен ісіне қайта оралып отырады.

Салауат, сәлем сеңа болсыфниә, Хабибі,

Күнәһардың дертіне иә, Тәбибі, - деген жолдармен Мұхаммет Пайғамбар Алла Тағаланың сүйіктісі деген оймен аяқтайды.

Жоғарыдағы мадақ жырларынан соң ғана кітаби, діни ақын өзінің шығармашылығымен шығармашылық мақсат-мұраты жөнінде жырлайды.

Құдай-а, баян қылдым бір кітап мінәжатты, Ішінен сұрап түрлі һәр қажетті.

Баян қылдым әулиелерден манақибті, Үміт етіп анлардан шапағатты. Және де баян қылдым Қожа Ахметті, Тәлибтер оқысын деп ол назымды.

Назым жаздым Мұхаммед Мұстафаның

Мұғжизатын, Білсін деп салуаттың фазилатын.

Һәм баян қылдым асхаб илән ахбабларды,

Шариғатты кәміл білген мазһаб илә ғалымларды, -

секілді өлең жолдарынан арабша, парсыша оқып өскен молда ақынның шығармашылық қырларын аңдағандай боламыз. Бұл жайттен Маңғыстау Тыныштықұлына ғана емес, барлық кітаби ақындарға тән жағдай болса керек. Яғни кітаби ақындардың тақырып ауқымы да едәуір болғанын аңдау қиын емес. Бұл өзіміздің көне түрки әдебиетіміз, діни жәдігерлер мен шығыс фольклоры мен әдебиеті материалдары болды.

Осы арада бір айта кететін жайт Мұхаммет Пайғамбардың тікелей өзі туралы жырланған шығармалардан өзге туындылардан өзге туындылардың көпшілігіне оның Пайғамбарлық дәрежесінде араласып отыратынын жоғарыда сөз еттік. Сол секілді мына шығармада да оның ұрпағы Жағыпардың ғазауат соғыстары, дінисламға етер қызметі Пайғамбарға Алла Тағала тарапынан аян болып қояды. Мәдинеде саһабаларымен кеңес құрып отырған Мұхаммет Пайғамбарға Әбдул-уаһап саһаба:

- Көп жасқа иә, Расул Алла, келдім, - депті,

Һәр тараптарға жолым түсіп кездім, - депті. Бір күнлері шаһары Рұмға бардым, - депті, Шаһарын сайран қылып кездім, - депті.

Адамлары бек һәйбатлі, хұсни ғажап, - деді, Ләкин діні батыл анлардың, мүнкәр, - деді.

Мұсылман Хақ Тағала қылар ма еді,

Көңілім оны сүйді бейкүнәһлы, - деді, -

деп Рұм елін мұсылман етіп, дінисламға кіргізуді қалайтынын айтады. Пайғамбардың көңілі соны қалайды. Әйтсе де:

Сол халде Жәбірейіл Әмин жетіп келді,

Хақтың сәлемін Пайғамбарға айтып келді:

- Көңіліңіз Рұм халқын сіздің сүйді,

Құдайым сүйгеніңді сізге берді, деп Рұм жұртының мұсылман қауымына қосылуын қолдай тұра:

Сізге үмбет ол халықты қылмақ болды, Ләкин қазір уақытта болмас, - деді.

Бұ дүниядан көшсеңіз бір күн, - деді,

Екі жүз жылда бір ұғлан туар, - деді, -

деп Рұм жұртының мұсылман болуы Пайғамбардың дүниеден озғанына екі жүз жыл толғанда ғана болатыны аян болғаны сөз болады. Демек, екі жүз жыл кейін болар дінисламға тән болар ұлы істер, ғазауат ерлері мен олардың соғыстарына оның қатысы болады. Оған аян болады. Яғни алдын-ала аян болып барып соң орындалады.

Өзіне тән тақырыптық және көркемдік табиғаты бар дербес жанр болып қалыптасқан қазақ қиссаларының түп негізі араб, парсы әлемінде, Құран Кәрімде, хадистерде, шығыс халықтарының ұлы фольклорлық мұрасы «Мың бір түн», «Кәлилә мен Димнә», «Тотынама» секілді дүниелерде жатқаны сөзсіз. Ал, тікелей Мұхаммет Пайғамбар өмірінің жырлануының түп негізі араб сираларында жатқаны тағы да шындық. Әйтсе де, шығыста қара сөз, ертегі, хадис, сира үлгілерінде әңгімеленген әр туынды дерлік тумысынан ақын халық – қазақ жұртында міндетті түрде өлең болып өрілді.

Араб әлемінің сирасы қазақ тілінде қазақша жыр, еуропаша поэма, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жеке кейде қарасөз араласып келетін поэзиялық жанры-қисса болып жырланды. Дұрысы араб тіліндегі қисса сөзі қара сөзбен айтылатын әңгімелік мағынаны береді. Ал, қазақ әдебиетінде қисса поэзиялық жанрға айналған. Араб қиссасы қазақша жырға айналған. Араб сирасының тақырыптық және жанрлық табиғаты жөнінде фольклор мен әдебиеттану ғылымында аз зерттелмеген.

Айтылған жайттың қазақ арасына шығыстан, мұсылман әлімінен келіп енген көптеген қисса, дастан, хикаяларға, оларды қазақ тілінде қайта жырлаушы кітаби ақындар шығармашылығына қатысы мол. Мұнда түбі ауызша дүниеге келген шығарманың түрлі үдерісті бастан кешіп келіп, жазба әдеби туындыға, қайта жырлаушы шайырдың назиралық туынды авторына – кітаби ақынға айналу құбылысы көрініс тауып тұр. Сонымен бірге, қазақ әдебиетіне бірлі-жарым, саусақпен санарлық емес, шығыс классикасының мол ағыны келіп қосылған, бірлі-жарым шайыр емес, үлкен ақындар шоғыры қалам тербеген, өздерінше дәстүр түзген, сол еңбектерімен бүгінгі көркейген қазақ әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан. Сондай ақынның бірі – кітаби шығармашылық саласында көп еңбек еткен, мол өнім берген Сұлтан Шәді Жәңгірұлы, сондай шығарманың бірі Мұхаммет пайғамбардың өмір жолын арқау еткен «Назым сияр шәриф» болды.

______________


  1. Дастандар. Құраст. Б.Әзібаева. Алматы, 1990.

  2. Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. Алматы, 1994

  3. Қыраубайқызы А. Шығыстық қисса-дастандар. Алматы, 1997.

  4. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., 1988. 5 Бабалар сөзі. Көп томдық. 1-том. Астана. 2002.-448б 6 Ислам. Энциклопедический словарь. М., 1991.

  1. Фильштинский И.М. История арабской литературы Х-ХҮІІІ века. М., 1991.

  2. Ергөбек С. Ш.Жәңгірұлының «Назым сияр шариф» шығармасы. // ХҚТУ Хабаршысы, №1, 19-25, Түркістан, 2009.

М.Қаниев

филология факультетінің ІІ курс студенті

С.Мағжан


ф.ғ.к., доц.м.а.,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан, Қазақстан

МАҢҒЫСТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Түйіндеме: Мақалада Маңғыстау өңірінде кездесетін жергілікті тілдік ерекшеліктер зерттелген. Диалектілердің пайда болу себептері диалектолог ғалымдар пікірлеріне талдау жасау арқылы берілді.Қ.Жұбанов пен Қ.Кемеңгерұлы, Н.Сауранбаев еңбектеріне сүйене отырып, Маңғыстау тұрғындарының фонетикалық, лексикалық тілдік ерекшеліктеріне талдау жасалды.

Кілт сөздер: лексика, диалект, жергілікті тілдік ерекшеліктер, фонетикалық, идиомалық тіркес, фразеологиялық тіркес.

Диалектік лексика – белгілі бір аймақ шеңберінде қолданылатын тіл ерекшеліктері. Бұл топқа қатысты сөздер белгілі бір территория тұрғындарының тіліне байланысты болып келеді. Мәселен, Қазақстанның кей жерлерінде шақыру деудің орнына – чақыру, піскен – пысқан, маңдай – маңлай, барасыз – барасыңыз, барғалы отыр – барғайы отыр, сұра – сора, арба – араба, көңіл – кеуіл, бірсыпыра – бірапара, тауысу – түгесу түрінде сөйлеушілік кездеседі. Бұл – диалектілердегі фонетикалық өзгешіліктер.

Диалектизмдерде лексикалық өзгешеліктер, кейде варианттар мен дублеттер де болады: киіз үй – ағаш үй, әйдік – үлкен, зор. Сондай-ақ, грамматикалық өзгешеліктер болады: Адайлар әлде бүгін шатты ғажап, әлде бір өліспеске ант қылажақ; Сен – темір де, мен – көмір, Еріткейі келгенмін...(«Қыз Жібек»)[1, 115]

Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, белгілі академик, ғалым Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар XV ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен [2].

Қытай мен Монғолия қазақтарының тіліне біршама ерекшеліктер тән. Қытай қазақтарының тілі қытай тілінің (мандарин) аз ғана әсеріне ұшыраған, сонымен қатар Қытай мен Қазақстанда тұратын қазақтардың көп уақыт бойы оқшау өмір сүруінің кесірінен кей терминдердің қолданылуында айырмашылықтар байқалады. Мысалға, Қазақстанда таралған дәрігер сөзінің орнына Қытай қазақтары шипагер сөзін қолданады. 1982 жылғы санаққа сәйкес, Қытайда 830 мың қазақ солтүстік-шығыс диалектісінде сөйлесе, 70 мыңы оңтүстік диалектіде сөйлеген екен.

Қазақтардың қарақалпақтармен бірге ұзақ уақыт бойы бірге тұруының себебінен олардың тілі жергілікті қазақтар тілінің лексикасы, фонетикасы мен граммаикасына әсер еткен. Өз кезегінде қазақ тілінің себебінен қарақалпақтардың тілінде дәл осындай өзгерістер орын алған. Қарақалпақ әдеби тілінің сөздері қазақтардың тіліне еніп, қазақ тілінің байырғы сөздерімен бірге қолданылады. Кейбір әдеби қазақ тілінің сөздері бұл көршіліктің кесірінен қосымша мағыналарға ие болған.

Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазақ тілін оқып-үйренуге жағдай жасалған қазақтар тілінің қазіргі заманғы нормативті қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ екен, ал ауылдарды мекен еткен қазақтардың тілі бөгде тілдердің әсеріне ұшыраған[3].

Байқағандарыңыздай, қазақ сөздерінің өз ортасына байланысты мың құбылып отыруы жиі кездеседі екен. Бірақ бұл бір аймақтың тілін екінші аймақ түсінбейді деген сөз емес. Жоғарыда көрсетілген дыбыстық өзгерістеріне һәм сөйлемде қолданылған орнына байланысты әдеби баламасын оңай аңғаруға болады. Демек, біз бұны диалект сөздер деп атаймыз ба деген сұрақ көкейде тұрып алады. Жалпы қазақ тілінде диалект сөздер бар ма деген сауалда сабақаса жүреді.

ХІХ ғасырда қазақ даласын отарлау мақсатымен Патша өкіметі тарапынан түрлі экспедициялар ағылып келіп жатты. Иығына шенін жарқыратқан офицер, генералдардан бөлек ғалымдар мен оқымыстыларда табан тіреді. Олар қазақ мемлекетін саяси жағынан қол сұға жүріп, әдебиет, өнер, тілін де қатар зерттеді. Соның нәтижесінде қаншама еңбектер жарық көріп, бұқара буын бұрқ еткізді. Күні бүгінге дейін мұрты бұзылмай жеткен дүниелер, көшпелілердің кемеңгерлігін айқындап берді. Дала тілін зерттеген ғалымдар қазақ диалектологиясы жайында да айшықты ойларын қара қазанның түбінде қайната алды. В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, Н.И. Ильминский, А.М. Позднев, С.Е. Малов және тағы да басқа оқымыстылар қазақ тілінде диалект жоқ деген берік ұстанымды алға тартты: «Қырғыздардың (қазақтардың) тілі өзінің бастапқы, таза түркі сипатын сақтап қалған. Қырғыз сахарасының кең аумағында қырғыз-қайсақтардың тілі диалектілерге бөлінбейді: Еділ мен Ертісте бір ғана тіл. Қарақырғыздардың (қырғыздар) тілі қырғыз-қайсақтардың тіліне өте жақын, бірақ одан фонетикалық тұрғыдан айырмашылықтары бар» (Язык киргизов (казахов) сохранил свой первоначальный, чисто тюркский характер. На всем обширном пространстве Киргизской степи язык киргиз-кайсаков не распадается на диалекты: на Волге и на Иртыше он один и тот же. Язык каракиргизов (киргизов) весьма близок к языку киргиз-кайсаков, но отличается от него фонетически)[4, 86].

Орыс миссионерлерінің сөзіне сенетін болсақ, қазақ халқының өз өңіріне ғана түсінікті меншікті сөздері жоқ. Бірақ, көрші халықтарында, яғни, қырғыз, өзбек, түрікмендермен диалектік қатынаста өмір сүреді дегенді меңзейді. Осы ұстанымды ХХ ғасырдың бел ортасына дейін қазақ ғалымдары да қуаттап келді. «Тіпті 1950 жылы «Правда» газеті ұйымдастырған тіл туралы айтыста да қазақ тілі басқа түркі тілдерінен диалектісіз тіл болуымен ерекшеленеді деген пікір айтады»[5, 90]. Жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған «Тіл туралы» атты мақаласында мынандай дерек келтіреді: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды». Жүсіпбектің көтерген мәселесі осыған дейін айтылып келген пікірлерге тамаққа тұрған қылтандай әсер ете білді. Оның сөзін Қ.Жұбанов пен Қ.Кемеңгерұлы сынды зерттеуші-ғалымдар жандандырып алып кетті. Бірақ, бұл ғылым саласын Аймауытов ашық аренаға әкелгенмен де, толық өз деңгейінде бой көтере алмады. Өйткені, соқыр саясат көзі ашықтардың көзін құртып, жаны қалғандарын итжеккенге айдатты. Осы сұрқиялықтың салдарынан қазақ ілімтануы тоқырауға ұшырады. Кейінірекаталған жағдайға ерекше ден қойған ғалым Н.Сауранбаев қазақ тілінде диалект бар ма, жоқ па деген мәселеге 1952 жылы Алматыда өткен пікірталаста да ешқандай нүкте қойылмағанын атап көрсетті. Тек 1953 жылғы КСРО Ғылым Академиясының түркі тілдері секторының қорытындысында «қазақ тіліндегі диалектілерді жоққа шығару қате болып табылатындығы» ескертіліп, бұл талас-тартыс түбегейлі тоқтатылып, өз шешімін тапқан. Осылайша қазақ тілінде диалектінің бар екендігі туралы негізгі қорытынды шыққаннан кейін қазақ диалектологиясын зерттеуге үлкен бетбұрыс жасалып, диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеудің жаңа кезеңі басталады, бұл саланы тереңінен зерттеуге түбегейлі жол ашылады. Қазақ диалектологиясын зерттейтін мамандар даярланып, диссертациялар қорғалып, ғылыми монографиялар жарық көре бастайды. Диалектілік деректерді толықтай зерттеу мен жинақтау жұмыстары жолға қойылып, 1958-1963 жылдары аралығында «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» атты жинақты жүйелі түрде шығарып тұру қолға алынады[6].

Сауранбаевтың ойынша, қазақ диалекті сөздерін жекелей талдамай, күллі түрік жұрағаты тұрғысынан қараған жөн. Сонды ғана қайбір сөздердің тарихи қалыптасу кезеңдерін жіктеп бере аламыз. Филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбаева кез келген сөзді диалектіге телу дұрыс еместігін айтады: «Уақыт өткен сайын тілдің дамып, жетіліп отыруына, жаңа дүниелердің пайда болуына байланысты жаңа ұғымдар, жаңа атаулар жасалып, сөздік қорымыз молығып отыратыны белгілі. Қазіргі кезде жастардың арасында қандай да бір өзіне түсініксіз сөз кездесе қалса, «Ол – диалект, жергілікті ерекшелік, белгілі бір өңірде ғана айтылады», – деп ол сөзден «қашу» бар. Соның салдарынан бүгінгі жастардың сөздік қорлары азайып, сөз байлығы жұтаңданып бара жатқан сияқты. Түсініксіз сөздердің бәрі бірдей диалект емес, ол – көнерген сөз не өзіне түсініксіз нәрсенің атауы болуы да мүмкін. Сондықтан көркем әдебиетті көбірек оқып, сөздік қорларын молайтуға тырысу қажет. Түсініксіз сөздердің бәрінен «қаша» беруге болмайды»[7].

Біз тілін объект етіп алып отырған Маңғыстау қазақтары, Каспий теңізінің солтүстікшығыс жағалауындағы Маңғыстау түбегіне орналасқан. Қазақстан даласының Каспий төңірегіндегі бұл зор аймағы көп замандардан бері-ақ өзінің малының қамы үшін көше жүріп тіршілік еткен мал өсіруші халықтардың белгілі қоныс жайларының бірі болды. Кейбір ел аузында сақталған мәліметтер мен халықтың тұрмыс-салттық және материалдық мәдениетінің нұсқаларының іздеріне қарап, Маңғыстаудың қазіргі негізгі тұрғындары – қазақтың адай руларының бұл жерге келіп орныға бастауы бергі замандарда, шамамен ХҮІІІ ғасырдың аяқ шені мен ХІХ ғасырдың бас кезінде болған жәйт деп жорамалдауға болады. Әрине, бұл нақтылы тұжырым емес, өйткені бұл туралы әзір бізге мәлім болмаған жазба деректердің де болуы мүмкін. Белгілі қайсыбір деректерде Маңғыстау төңірегіндегі тұрушы халықтардың моңғол жаулаушылығынан бұрын да және одан кейін де қыпшақ, қаңлы, түрікпендер болғандығы айтылады [8, 216].Н.Сауранбаев өмірінің соңғы жылдарында найман, жалайыр, дулат руларының және Зайсан, Маңғыстау өңірі сөйленісіндегі диалект бірліктерді жинаумен шұғылданған. Мұрағаттағы қолжазбаларына қарағанда туысқа, тұрмысқа, малға және жаратылыс пен өсімдіктерге байланысты біршама диалект сөздерді жинақтап, олардың қандай жазба ескерткіштерде қолданылғанын анықтауды мақсат еткен. Алайда бұл бастаған жұмысы аяқталмай қалғанға ұқсайды. Бұған ғалымның қолжазбаларынан алынған төмендегі мәліметтер нақты дәлел болады



(қысқартып берілді (кестеде)):

Көріп отырғанымыздай, ғалым сөздердің мағынасын ғана ашқан да, олардың ескі нұсқада қолданылған түрлері мен мазмұнын зерттеп, одан қорытынды шығаруға үлгермеген. Бұл бастаған жұмысында Н.Сауранбаев тұрмысқа, туысқа қатысты 132 сөз, малға байланысты 49 сөз, жаратылыс, өсімдіктерге байланысты 41 сөз жинақтаған[6]. Сауранбаевтың Маңғыстау диалектологиясын жоғарыда аталған ру-тайпалардікімен байланыстыруының жөні бар. Өйткені, ендігі бір аңыздарда басым қоныстанған адайлар Қазығұрт аймағынан ауып келген деседі.



Осы тыныштық бір күні шарт етіп сынып кетер шөлмектей көрінеді де тұрады[9, 66].Бұл сөйлемде шөлмек сөзі диалект. Шөлмек сөзі: 1. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы, Ақсуат, Көкпекті аудандарында құмыра, көзе, балшықтан күйдіріп жасалған ыдыс мағынасында, Түркменстан республикасы Ташауыз облысы, Көнеүргеніш қалалары және Маңғыстауда шыны, әйнек мағынасында қолданылады.

Жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында да жергілікті тілдің сөздері ара-тұра кездесіп тұрады. Ендеше, мектеп оқулықтарына енген шығармаларына талдау жасап көрейік:



  1. «Құс қанаты» хикаятында мынадай диалектілер бар. «Көз көрген сары аяқ келін едін, мына оқымысты неме ит арқасы қиянға алып барады. Ал енді әлгі баласының бір күні ігір де жоқ, мігір де жоқ білегінен жетектеп әкеп кіргізетін шүйкебасы қайда? Солай, ағайын, бұл оңай емес нәсте. Сол жылы бір алағайдан соң, бір бұлағай келеді де тұрады. Борпаяқ неме жетегіне ере алмай, тасқынға ығып кетер түрі бар». Бұл сөйлемдердегі сары аяқ – үйреншікті

ігір де жоқ, мігір де жоқ – бірден

бір алағайдан соң, бір бұлағай келу – қысылтаяң уақыт

Борпаяқ – жай, шабан қимыл


  1. «Тасбақаның шөбі» әңгімесі бойынша: «Әншейінде өз етегіне өзі сүрініп, қапылыпжүргенімен,шайы қайнағанша елу ел көшін жөнелтіп, көшкен ел үйін тігіп үлгеретін борпыаяқ Сақыптың қара шәйнегі сол күні ә дегенше бұрқ ете түсті. Қызын ұрайын, мына бір қу таяққа асылып шойнақтап жүруге бұдан әрі қауһар қылмай барады. Оңбайдан естіген әлгі бір әрпіл-тәрпіл өлең жолы аузыңнан шығып кетеді. Білмейді екенбіз, Қарабала да оңашада қара өлеңді қайқайтады екен».

Қапылып – асығу Шойнақтап – ақсақтау әрпіл-тәрпіл – қалай болса солай қайқайтады екен - әнді жақсы айтады.

Сол сияқты «Қасқа – одағай мәндес көңіл-күйді білдіретін сөз.

Қарау – адамға қатысты сараң, іші тар адам.

Ішін кептіру – жамандау»



  1. «Шыңырау» хикаяты бойынша: «Әлде осы арада жер үстіндегі кеуектерменжалғасатын жарық бар ма? Еңсеп зіп-зілдей кірпік-терін әзер көтерді. Үсті-басы ебілсебіл, балалардың иіні жаңар-ды. Әйтеуір, ол әркімдер әлімжеттік беретін тілін табан, жал-пақ бет, қара бала күйінде қалып қойғысы келмейді. Ешкімге жылы шырай, оң қабағы жоқ Құлжаннан балалары қатты айбынды».

Кеуек – үңгір

Зіп-зілдей – ауыр



Ебіл-себіл – жыртық Оң қабағы жоқ – қатал[10].



Идиомалық тіркестер:

Жазушы – бұқара халыққа қызмет етуші, халықтың рухани дәстүрін байытатын адам. Сондықтан, әдеби тілді ұштап, диалектіні бірте-біртежылжытып, көркем әдеби тілге жақындатуда қазіргі сөз шебері Әбіш Кекілбаевтың үлесі зор. Тіл сияқты халық бұқарасына қызмет ететін жергілікті диалектілер де өміршең, біршама тұрақты. Келтірілген мысалдардан көрінгендей Ә.Кекілбаев шығармаларында фонетикалық, лексикалық,фразеологиялық және грамматикалық ерекшеліктер неғұрлым орынды, жөнді қолданылған[10].



Соғыстан келісімен ол шағын авиабаза ашып, бизнеске біратала ығысты. Қазір Кирктің жасы 96-да, "Лас-Вегас патшасы" деген лақап аты бар. Бокс кездесулерін жібермей қарайды[11].

Бір-жар жылдай Адай, Табынға паналағысы кеп, Маңғыстауға бет қойды(Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер», 256 б).

Ыбырайым ахун 1886 жылдың 16 сәуірінде, жұма күні, қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. 1893 жылы жеті жасында медресеге барыпты. Ол мешітті Қараш Байқұл қажы салдырған деседі. Алғашқы ұстаздары Қараш Тұрғанбай мен Шегем Қайырмұханбет ақұндар, солармен бірге Шоңай Шайхы ақұннан тәлім алса керек.(Ыбырайым ақун Құлбайұлы, «Алтынды орда қонған жер») Албырт күйге еріп мен, ала қашқан, Лақтырдым асықты қарамастан.

Жалғыз шүйше үйдегі сынып қалды,

Қарамаудың соңында «қара басқан».(Медет ДҮЙСЕНОВ, Сынған шүйше(Баллада)).

Оның көмектескені құрысын, дәм болсын ғой, әншейін.

Шайма мінезді адам кесірін тигізеді, кесірі тимесе жүйкеңді тоздырады. Жүйкең тозса нең қалады?

Атың жүрмейтін кел - болса, жолда қалмасқа не шараң бар?

Бектің айтқанына сенуге болмайды, ол есуан адам ғой.

Біз назарымызға қазіргі таңда мүлдем жойыла бастаған және үнемі қолданыста жүрген бірнеше сөздерді ғана алдық. Бұл сөздердің пайда болу кезеңдерінің жай-күйі, оны бұрыңғы тайпалар қолданды ма немесе бүгінгі көшпелілердің соңғы тұяқтары қажет ету нәтижесінде туғызды ма, осы сұрақтар төңірегіндегі жауаптар әлі табылған жоқ.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ә. Хасенов. Тіл білімі, Санат баспасы, 2013 ж.

  2. Г. Мамырбекова. Академик Нығмет Сауранбаев және қазақ тілінің диалектологиясы // Ана тілі. — «Қазақ газеттері» ЖШС, 13 ақпан 2014.

  3. «Қазақ тілінің диалектілері», Уикипедия — ашық энциклопедиясы.

  4. Яновский А. Е.Киргизы// Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах.

  5. Ғ.Қалиев. Қазақ диалектологиясының мәселелері. Алматы, 1960

  6. «Академик Нығмет Сауранбаев және қазақ тілінің диалектологиясы».«Ана тілі»газеті.

  7. «Баба тілінен алшақтаудың себебі».«Қазақ әдебиеті» газеті.

  8. Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 3 шығуы, Алматы 1960 ж.9 Жүністегі К. Соңғы абыз. Роман. Астана: Аударма, 2006 ж.

10u-s.kzсайты.

11 Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктері.



Б.Иванова

филология факультетінің ІІ курс студенті,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет