Әдістемелік конференция материалдары түркістан, 20 ақпан 2017


Ермекбаева Айсулу Шериевна



бет12/14
Дата02.05.2018
өлшемі11,96 Mb.
#40395
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ермекбаева Айсулу Шериевна


3 курс PhD докторанты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті Түркістан қ., Қазақстан

БЕЙІНДІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗ ӘДЕБІН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ

Оқытудың нәтижелігі әр оқушының жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, дидактикалық ұстанымдарға сай жүйеленген білім мазмұны мен адамдық, жауапкершілік сезімдерге негізделген педагогикалық талаптардың бірлігінен тұратын оқу үдерістерінің бағытына тәуелді. Сондықтан сөз әдебіне қатысты білімді меңгертудегі басты мәселе оқушылардың оқу әрекетіне түрткі тудыратын танымдық және әлеуметтік мотивтерін қалыптастыру болып есептеледі. Бұл үдерістегі мұғалімнің ең басты міндеті оқытуды бейіндік мектеп оқушысының таңдаған бағытына сәйкес етіп әрі болашақ мамандығына қатысты оқушының дамуына қарай бағыттау болып саналады. Мұндай талап оқушыны өз әрекетінің субъектісі деп бағалауды, оның жеке мақсаттарын қоғам талаптарымен ұштастыруды қажет етеді. Бұл жерде оқытуды ұйымдастыру білімнің субъективтік сипатын арттыра оқыту ұстанымына негізделіп жүргізіледі.

«Каков ни был учитель, как бы он хорошо ни узнал свой предмет, но если он не сумел вызвать и организовать собственную творческую деятельность учащихся, содержательное и разумное их общение, большого успеха он не добъется. В лучшем случае его ученик бойко ответят на экзаменах затверженные знание, но, творческого огня в их души он не внесет» - деп жазады Л.М.Фридман [1,24-б.]. Олай болса, оқу үдерісін баланың әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын, жетекші рөл атқаратын қажеттіктеріне сәйкестендіріп, оны қанағаттандыратындай дәрежеде ұйымдастырып, оған себеп болатын мотивтердің өзін қоршаған дүниені танытуға ұмтылу, сол танымға септесетін әрекет тәсілдерін меңгеру, өзін жеке тұлға ретінде бағалай алу, өз бойындағы қабілеттерін жетілдіру, өзін өзі дамыту, т.б тұрғысында қалыптастырудың мәні мектеп алдында тұрған үлкен міндеттің – жеке тұлға қалыптастыру міндетінің – жүзеге асуының алғышарты болып табылады.

Сөз әдебін меңгерту оқушының әртүрлі өмір жағдаяттарында қисынын тауып, қиыстыра сөйлеп, ұтымды амал-тәсілдерді қолданып көздеген нәтижесіне қол жеткізуге үйренуі үшін оқытылады. Сол себепті бұл оқушының өзбетінше ізденіп, өзгеше жол табуын, тосын шешім жасай алу қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Білім беру жүйесіне еніп отырған жаңа парадигмаларды жүзеге асыру жағдайында мұндай білім мен дағдыларды оқытудың креативтік ұстанымын басшылыққа алған жағдайда ғана жүзеге асыруға болады.

Егер мұғалім өзінің білім, біліктері арқылы оқушысының санасында өз бетінше әрекет етуге деген құлшынысын оята алса, бұл – ең дұрыс жол. Оқушының бойындағы қабілеттерін танытуына мүмкіндік туғызу, қажет жерінде дұрыс бағыт беру, білімге деген ынтасын оятып, оқуға саналы көзқарасын қалыптастыру – мұғалімнің тікелей міндеті. Дайын фактілерді жалаң ақпарат түрінде шәкірттерге ұсыну, олардан тек соны қайталауды талап ету жемісті нәтиже бере алмайды.

Ендігі жерде бейіндік мектепке ұсынылатын таңдау пәндерін оқытуда оқушының өзін өзі дамытуына, өз бетінше білім алу іскерліктерін дұрыс қалыптастыруға жете көңіл аударылуы тиімді. «Танымдық, шығармашылық бағыттағы жұмыстарда төмендегідей факторларға:



  • оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінің (зейін, ойлау, ес, елестету) дамудеңгейіне;

  • оқушы қабілетінің даму деңгейлеріне;

  • оқу әрекеті мотивациясының сипатына мән берілуі – басты талап [1, 53-б.]. Бұлардың сақталуы, ең біріншіден, оқушының оқу әрекетін ұйымдастыруға тірек болатын мотивациялық қажеттік қырларының жете ескерілуіне байланысты шешіледі.

Сөз әдебін меңгертудегі басты ұстанымдардың бірі – даралап оқыту болып саналады. Мұғалімнің сабақтарда саралап, даралап оқытудың психологиялық негіздерін білуі әр оқушының таным, білік деңгейлерін дұрыс болжауына көмектеседі. Ал, оқушыны дұрыс «тану» – оның даму бағытын айқындаудың негізгі шарты. Сондықтан да педагогикалық психологияның оқушының саналы әрекетіне ерекше мән беруінің бір дәлелі осы. Зерттеуші В.С.Ледневтің пікірінше: «Адам – үнемі даму үстінде болатын және айналасындағы балалармен өзара қарым-қатынас үстінде жеке тұлға ретінде қалыптасатын динамикалық құрылым... Жеке тұлға динамикасы дегеніміз, біріншіден, оның әрекеті, екіншіден, оның қасиеттері мен сапаларының әрдайым өзгеруі, үнемі дамып отыруы. Сондықтан жеке тұлғаға даму үстіндегі құбылыс деп қарау бұл саладағы зерттеу еңбектері үшін ең маңызды кілт болып саналады» [2, 8-б.]. Сонымен қатар бұл мәселе білім берудегі жаңа бағыттармен: оқушылардың белсенділігін арттыру, білімнің өзі үшін қажеттегін сезіндіру, оқу ісіндегі демократиялық ұстанымның өріс алуы, білімнің гуманитарландырылуы, оқушыны әрекет субъектісі деп тану, білім берудің мотивациялық сипатын күшейту секілді талаптармен де үндес.

Жалпы алғанда, оқу әрекеті педагогикада да, оның ішінде дидактикада да негізгі рөл атқарады. Білім беру саласына қойылып отырған басты міндетті оқушының жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасу мәселесінен тыс қарау мүмкін емес, ал даму қашан да әрекетпен ажырамас бірлікте болады. Адам еңбегінің оның танымының негізі екендігі туралы ғылыми тұжырым адам туралы зерттеумен айналысатын барлық ғылымдардың методологиялық тірегі болып саналады. Олай болса, оқушылардың жетекші әрекеті – оқу әрекеті туралы қағидалар да осыған сүйеніп талданады.

Бейіндік мектептің оқушыларына сөз әдебін меңгерту үдерісінде оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушының азамат деңгейіне жетуіндегі атқаратын қызметін тану керек. Өзінің құрылымы жағынан өзге әрекет түрлері секілді оқу әрекеті де үш кезеңге бөлінеді: мотивациялы-даярлық, орталық-еңбектік, бағалау-бақылау. Осы кезеңдерге сай негізгі құрамдық бөліктері де ажыратылады. Оқу әрекетінің құрылымы, оны қалыптастырудың жолдары туралы арнайы ғылыми еңбектер баршылық.

Бейіндік мектеп оқушысына сөз әдебін меңгерту оқытудың саналылық ұстанымына сүйеніп жүргізіледі. Өйткені бұл жастағы оқушы, ең алдымен, пәнде игерілетін білімнің өз өміріне қажеттігін, оның келешек жолындағы маңызын саналы түсінуі – білім нәтижелілігінің басты шарттарының бірі. Сондықтан жаңа білімдер бұрынғы меңгерген біліміне сүйеніп, жүйелі берілуі басты талаптың бірінен саналады. Оқушыны сөз әдебіне тәрбиелеу, алдымен, әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормаларын меңгерту, сонымен бірге бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білуге үйрету дегенді білдіреді деп тұжырымдалады. Бұл тұжырым оқушы бойында қалыптасатын тіл туралы дүниетанымның аясына енетін бір-бірімен тығыз сабақтасып жатқан тілдік мәселелердің нақты екі бөліктен тұратынын пайымдауға негіз болады. Яғни ол, бірінші кезекте, әдеби тіл нормаларын қамтиды да, екінші кезекте, сөйлеушінің сөз қолданым дағдылары мен әр ұлттың өзіне тән сөз әдебінің табиғатын шеберлікпен игеру деңгейіне қатысты мәселелерді қарастырады. Егер сөз шеберлігін меңгеру сөз дұрыстығы сатысынан кейін қалыптасатынын ескерсек, олардың білім жүйесінде ұсынылатын пән мазмұнының да осындай сатылы-сабақтастық ұстаным негізінде өзара бірлікте жүруі заңды. Оқытудың жүйелілік, сабақтастық, қарапайымнан күрделіге қарай немесе жеңілден ауырға қарай секілді дидактикалық ұстанымдарына сүйене түзілуі тиіс білім мазмұны да бейіндік мектептердегі қазақ тілі пәніне қосымша ұсынылатын таңдау пәнінің өн бойында сөз дұрыстығы, яғни сөйлеу нормалары аясындағы білім көлемін үнемі қайталау, пысықтау қажеттігін көрсетеді. Өйткені әдеби тіл нормаларына “тұрақтылық, қолданыс аясының кеңдігі, жалпылама қолданымдық, жалпыға ортақтық, тілдік жүйенің өзіндік дәстүрі мен мүмкіндіктеріне сәйкестік тән” [3,

72 б.].

Қай адам да ойын дұрыс, әрі жатық, әрі әсерлі жеткізуге мүдделі болады. Себебі сол арқылы басқалармен оң қарым-қатынас орнатып, көздеген мақсатына жететінін біледі, сезінеді. Ол үшін бейіндік мектеп оқушысы, ең алдымен, сөз бен тіл, сөз бен болмыс, сөз бен тыңдаушының санасы, сөз бен қарым-қатынас жасау жағдайларының арақатынастары жүйесін білу қажет. Осыларды қарастыру арқылы адам сөздің әртүрлі қасиеттерін айыра алады. Ондай қасиеттер – сөздің дұрыстығы, қысқалығы, дәлдігі, қисындылығы, байлығы, мәнерлілігі. Бұл тізімді әрі қарай толықтыруға және нақтылай түсуге де болады. Алайда, сөздің ұғымдылығы мен өтімділігін қамтамасыз ететін негізгі ерекшеліктер осылар деп аталып жүр. Әрине, негізгі мектепте (5-9-сыныптарда) бұларды арнайы тақырып етіп қарастырмағанмен, тіл білімі салаларын өткенде әр тақырыптың осы мәселелерге қатысын оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту ұстанымын басшылыққа алу да қажет шарттың бірі болып саналады.

Ғалымдар осы қарым-қатынас, сөйлеу құралы болып табылатын тілдік қатысымды әртүрлі ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді. Фаузия Оразбаеваның айтуынша, «кез келген тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады» [4, 15-б.]. Осы қатынастың аясында оның тек ақпаратты жеткізуі ғана емес, тілдесушілердің бір-бірімен сезім, күйлерін, ойтұжырымдарын алмасуының өзіндік ерекшеліктері болатынын пайымдайды. Л.С.Выготский: «Адам басқа адамдармен қарым-қатынас жасамаса, толыққанды дами алмайды. Қарым-қатынасқа түскенде жағымды не жағымсыз ынталануы оның болмысына әсер етіп, оны толықтырып,даматып, жетілдіріп отырады»,- деп тұжырымдай келе, қарымқатынастың тұлғаны әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамыту функциясына көңіл аударған [5,

72-б.].


Бұл ғылыми мәселелердің тіл білімінде анықталуы білім беру жүйесінде оны оқытуға байланысты тілдік қатынас теориясын басшылыққа алу шартын туғызды. «Тілдік қатынас – бұл сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық, әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы екені белгілі» [4, 39 -б]. Сол себепті бейіндік мектеп оқушысына сөз әдебін үйретудің басты ұстанымдарының бірі ретінде тілді оқыту үдерісінде тұлғаны әлеуметтендіру ұстанымы алынды.

Оқушының сөз әдебі туралы танымының тағы бір мәселесі осы тілдік қатынас теориясын сөз әдебіне қатысты берілген тақырыптармен өзара сабақтастықта қамтып отыру арқылы шешіледі. Тілдік қатынас теориясы арқылы оқушылардың тілдесім әрекетін дамыту әдістемесінде А.Байтұрсынұлының оқушының сөйлеу тіліне қойған талаптары басшылыққа алынды. Себебі ғалымның сөздің түсінікті болуы, дұрыс қолданылуы, тыңдаушысына ұғынықты жетуі жайлы айтқан құнды пікірлері оқушылардың сөз әдебін дамытуға өз септігін тигізеді. «Сөздің дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады. Олай болуы үшін:



  • сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жұрнақ, жалғау, жалғаулықсияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну;

  • сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру қажет»[6,72-б]. Бұл нысандар «Сөз әдебі» тақырыбы аясындағы оқу материалдарында жан-жақты қамтылуы талап етілді.

Қазақ тілін оқытуда білім алушыға меңгертілетін тілдік-қатысымдық бірліктер – сөз, сөз тіркестері, фразеологиялық тіркес, сөйлем және мәтін. Бұлар – ойды жеткізуге қызмет ететін ерекше тұлғалар. Сондықтан өзіміз ұсынған «Сөз әдебі» атты таңдау курсында осы қатысымдық құралдарды сауатты қолдана алу сөз саптауға үйрету шарттарының қатарында қарастырылады. Оқу құралдарында берілген түрлі тақырыптағы жаттығу жұмыстарында сөз тіркестерінің тіркесу қабілеті, бағыныңқы, басыңқы сыңары, қайсы күрделі сөз, қайсы сөз тіркесі әйтпесе тұрақты тіркес екендігі, етістікті әлде есімді тіркес екендігін ажырата білуіне көңіл аударылды. Бұл жөнінде Зейнехан Күзекова өзінің зерттеу еңбегінде былай дейді: «Оқулық – сөздің, мәтіннің, ереженің жай ғана қоймасы емес, оқулық мазмұны стандарт құрылымы бар жаттығулар нысанында көрінеді. Оқулық тапсырмасының бірінші құрылымдық компоненті әрекет нұсқауларынан тұрады. Яғни, тіл оқулығын пайдалану арқылы сізбен әңгімелесуші, пікір алмасушы әріптестік қатынас жасай алуы қажет. Оқулықтың мазмұндық жоспары оның лексикасынан, мәтінінен, көрнекілігінен, кестелерінен ғана көрінбейді, оның коммуникативтік және шартты коммуникативтік әрекеттерінен де көрінеді» [7,20-б]. Олай болса, оқушының сөз әдебіне байланысты танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда әр оқу тақырыбының не үшін қолданылатынына мән беріп отыру арқылы олардың әрі теориялық, әрі практикалық маңызы қатар көрсетіліп отыруы керек деп танылды. Бұл бағыттағы тапсырмаларда, әрине, оқушының тілге деген жауапкершілігін оятатыны, саналы көзқарасын қалыптастыратыны, сөз әдебімен қатысты білімдерін қарай даму бағыттарын белгілеуіне жол көрсететіні ескерілді. Сондықтан ол коммуникативтік ұстанымды басшылыққа алуды талап етеді.

Қорыта айтқанда, бейіндік мектеп оқушысының сөз әдебін меңгеруінде дидактиканың жалпы ұстанымдары пәннің өзіндік мақсат, міндеттерімен, бағытымен, күтілетін нәтижелерімен өзара сабақтастықта жүйелі түрде басшылыққа алынып отыруы қажет.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Психология детей и подростков : справочник для учителей и воспитателей /Л.М.

Фридман. – Москва : Издательство Института Психотерапии, 2004. – 480 с.

  1. Леднев В.С. Содержание образования. – Москва: Высшая школа, 1989.- 360 с.3 Введенская Л.А., Павлова Л.Г., Кашаева Е.Ю. Руский язык и культура речи. -Ростов на Дону: Феникс, 2003. -537с.

  1. Оразбаева Ф. Тіл әлемі. – Алматы, 2011 – 350 б.

  2. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – Москва: Педагогика, 1991. – 480 с.

  3. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы, 2008. – 460 б.

  4. Күзекова З. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі оқулығы теориясының лингвистикалықнегіздері. – А., 2013. -235 б.



Байконысова Г.Р., Сарыкозова Н.А., Усербаева Д.Ф.

«Жалын» әлеуметтік-педагогикалық колледжі, Шымкент қаласы, Қазақстан

ҮШТІЛДІ ОҚЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Бүгінгі таңда әлемнің ең ірі мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың өркендеп дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік деп білеміз. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны белгілі. Осы ретте, 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын.

Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсініп, ана тіліміз қазақ тілін құрметтеп дұрыс қолдансақ, оның зияны емес пайдасы тиері анық. Мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйреніп білсек, артық етпейді. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына жақсы мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні белгілі. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда. Барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн. Осы орайда, «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыздың асыл сөзі ойымызға оралады.

Қазіргі таңда егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың терең тамыры. Қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті деп білеміз. Адамзат мәдениетінің ең негізі – тілде. Қай ұлттың болсын басты ерекшелігі – оның ана тілінде [3]. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы да ана тіліне байланысты. Дүниедегі мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді, құрметтейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған. Қай ақын, жазушы болсын, ең бірінші ана тілін жоғары бағалаған. Ана тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сол тілде жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды, өткеніміз бен болашағымызды да сол тіл арқылы айтып жеткіземіз. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» - деп айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір бұлақ. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалады. Барлық қазақстандықтарды біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.

Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр.

Әлемде қанша ұлт, нәсіл болса, соларды бір-бірінен даралап тұратын басты бойтұмары – туған тілі. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын ашып айтан [1]. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшылдарымыз, ақын-жазушыларымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілінің еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпал етуде.

Елбасымыздың Жолдауында: «Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен

әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру»,-деп айтылған сөзі, елімізде қай салада болмасын қарқынды дамып, әлемдік кеңістікке қарыштай қадам басып, еркін сермеуге қанат бітіреді.

Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»[2, 24],-деген еді.

Қазіргі кезде білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді меңгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келшекке терең біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірегейі болып отыр.

Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі деп түсінуіміз қажет.

2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында мемлекет басшысы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінде айтқандай, әлемдік кеңістікке енуде ағылшын тілінің маңызы зор. [4,41].

Ағылшын тілі - әлемдегі бизнес тілі, оны біліп, терең меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың, өркендеудің негізгі кепілі. «Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»

[4, 49].

Үштілділік нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас˗ үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы, оны қолдануға жан-жақты күш салынуда, көптеген бағдарламалар жоспарлануда.

Осы орайда құрылған «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаты: -Қазақ тілінің мәртебесін көтеру;

-мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу;

-ағылшын тілін меңгерту;

-орыс тілін жетік білу;

-әр ұлттың тілдерін дамыту, оларды сақтап қалуға мүмкіндік жасау; -тілдер гармониясының бірлігіне жол ашу.

Елбасымыздың үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту алға қойылған негізгі әрі өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.

Балаға мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталса, оған ертең мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін терең меңгеруіне, сауаттылығына үлкен жол ашылады. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор демекпіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенеді. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-деп айтқандай, жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны сөзсіз.

Жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның еліміз үшін болашақтағы алары да, берері де мол. «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» [4,51].

Осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында бүгінгі білім ордалары үштілділікті енгізудің, оны тиімді жүргізудің тың жолдарынан ізденіс табуда.

Мектепте қазақ тілін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл ретте өтіліп отырған бағдарламаға сай үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады. Алайда дәстүрлі оқытуда тек аударма жасатумен ғана шектеліп отырсақ, қазіргі оқыту технологиясында түрлі шығармашылық бағыттағы тапсырмалар бере отырып, оқушы-субьектінің ізденісіне, яғни, жеке тұлғаның әрекетін дамытуды мақсат етудеміз.

Өзіміздің іс-тәжірибемізде оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргізудің тиімділігі зор. Өнімді нәтиже беріп жүрген іскерлік ойындары: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік аудармашы», «Домино», «Тілдер сөйлейді», «Аудармасын тап!» сынды тағы басқа қызықты ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша деп ойлаймыз. Білім алушыларды ойната отырып, үш тілде жүргізілген сөзжұмбақтар, анаграммалар, ребустар олардың сауаттылықтарын, тілге деген қызығушылықтарын арттыруға негіз болады. Шығармашылық жұмыстарға жетелейтін тапсырмаларды да оқушылар қызыға орындап, еркін аударма жұмыстарын жасауға дағдыланады. Мәселен, «Сыңарын тап» ізденіс жұмысы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ұсынылып, сыныбына орай күрделеніліп отырады. Бұл тапсырмада мақал-мәтелдерді тақырып бойынша табу, үш тілде аудармасын ұсыну, екінші бағанда сыңарын табу болып жоспарланады.

Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденушілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болады. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытады. Пәнаралық байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланды. Үштілділікті әдебиет сабағында да жүйелі түрде қолдануға тиімді. Мәселен, әдебиет сабағында белгілі бір тақырыпты өткенде іздендіру-зерттеу бағытындағы тапсырма ұсынуға болады. Яғни, оқушыларға қазақ, ағылшын, орыс халықтарының ұқсас мақал-мәтелдерін оқытып, салыстыру жұмысын жасатып, одан тапқан деректерін топпен бірлесе отырып, үш тілде еркін баяндап беруге талаптанады.

Мәселен:

а) «East or west, home is best», «В гостях хорошо, а дома лучше».

«Өз үйім - өлең төсегім»;

ә) «First think, then speak», «Слово не воробей – вылетит не поймаешь».

«Айтылған сөз атылған оқпен тең»;

б) «Let sleeping dogs lie», «Не буди лиха пока она спит».

«Жатқан жыланның құйрығын баспа»,

в) «Live and learn», «Век живи, век учись». «Тал бесіктен – жер бесікке дейін оқып, үйрен»;

г) «Honesty is the best policy», «Береги платье снову, а честь смолоду»

«Арыңды жасыңнан сақта»;

Міне, осы сияқты мақал-мәтелдерді үйрету барысында сабақта «Тілдер сөйлейді», «Сыңарын тап», «Полиглот» ойындарын ұйымдастыруға болады.

Әдебиет пен тіл – рухани егіз пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала отырып жүргізген сабақтарда үштілділікті қолдану аясында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға түрткі болады. Мұнда үш халықтың мақалмәтелдерін салыстыра отырып, үш тілде еркін айтуға баулуға болады.

Болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса, еліміздің ертеңінің көркейе түсері, көктен көрінуі, бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көрінуі айдан анық.

Кез келген әңгіменің құндылығы мен өзектілігі, негізінен қозғаған тақырыбына қарай, сол тақырыпты ашу деңгейіне орай бағаланатыны белгілі. Ендеше, біздің әңгімеміздің төркіні – үштілділік мәселесі. Үштілділік – жаңа заман сұранысы болып отыр.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы [5].

Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жанжағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді.. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.

Ағылшын тілі мен орыс тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес» [4].

Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылып, Абайды, қазақты бүкіл әлем таныды. Бұл ғажап емес пе?

Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек.

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейкестілігі арта түсті.

Ұлттық тіл – әр халықтың өзіне тән ой – санасының парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта азақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмысын, әдет – ғұрпын, мәдениетін, тарихын білуге жол ашады, екіншіден көпұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым – қатынасын күшейтудің құралына айналды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің біздің өмірімізде алатын орны мен байытудың баға жетпес құндылығын Алматы облысы кітапханалары тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында туған тіліміздің мерейін тасытып, мәртебесін асырып келеді.

Асылы, тілді адамдар арасындағы қатынас құрал деп түсіну жеткіліксіз. Өйткені, тілдің артында бүтіндей бір ұлт тұр. Яғни, тіл – қай халықтың болмасын баға жетпес мұрасы, байлығы. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас...» деп ұлы Абай атамыз тәнті болып, тағзым етіп кеткен ана тілімізді сақтау, құрметтеу, ардақтау, міндетіміз, парызымыз. Жуырда халықтың талқылауға ұсынылған Тіл бағдарламасының жобасы – бүгінгі тілдің мәртебесін арттыруға қызмет жасайтын маңызды құжат екендігіне дау жоқ.

Әр тәуелсіз мемлекеттің ерекше белгілері болады. Олар: елтаңбасы, әнұраны, туы және тілі. Қазақстан Республикасы президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту – Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» – деп тұжырымдайды. «Ұлттың алтын қазығы да, асыл қазнасы да - тіл»

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», - деп айтқанындай, ұрпаққа тағылымды тәрбие мен мазмұнды білім беру қай заманда да ұстаздардың асыл парызы. Иә, оқушыларды заман талабына сәйкес жан-жақты білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп тәрбиелеу ата-аналардың да, ұстаздар – біздердің де мәртебелі міндетіміз.

Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы мен оқушының қарымқатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы арқылы жүзеге асады.

Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютер, планшет арқылы бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты тиімді пайдаланасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң ,өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық құралдарды жетік меңгеруі тиіс.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Оқушылардың жыл бойы халықаралық жобаларға қатысуын қадағалау, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпіз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан.

Астана, 2007

2.Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

3.Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері,

4.Тәңірбердіқызы Т. Ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес // Қазақ әдебиеті, №48. 2008

5.Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008

Өтебекова Жанар Балтакестіқызы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан, Қазақстан

PRESENTATION OF NEW WORDS

Түйіндеме


Бұл мақалада тіл үйрену үшін жаңа сөздің маңыздылығы оның жолдары тест, оқу арқылы және кеспелер арқылы үйрену қарастырылған. Сонымен қатар жаңа сөз үйренудің көптеген мағлұматтары қарастырылған.

  1. Introduction

  2. How to learn English

  3. Learning for vocabulary tests

  4. Learning vocabulary by reading

  5. More information about learning words

  6. Things to know about the words you learn

Introduction

Learning vocabulary is a very important part of learning a language. The more words you know, the more you will be able to understand what you hear and read; and the better you will be able to say what you want to when speaking or writing.

Every day you hear or read many new English words. You also find them in your dictionary when you are translating from your own language. You can’t possibly learn all these new words, so your first problem is to decide which ones to concentrate on.

Here are some suggestions:


  1. learn the words that are important to the subjects you are studying

  2. learn the words that you read or hear again and again

  3. learn the words that you know you will often want to use yourself

  4. do not learn words that are rare or not useful (your teacher can help you with this)

How to learn words

Once you have chosen which words to learn, you next have to decide how you are going to learn them. Here are a few ideas:



  1. write the words in a notebook (with their translations or definitions)

  2. write the words and definitions on small cards

  3. say the words many times (if you have an electronic dictionary you can hear how the word is pronounced)

  4. put the words into different groups (you could use a graphic organiser)

  5. write them in a file for use with a computer program

  6. make associations (in pictures or with other words)

  7. ask someone to test you

  8. use the words in your own speaking or writing

Learning vocabulary with new cards

An excellent way to learn new words is to make vocabulary cards. The diagrams below show an example using the word cat



Some students put a tick or cross in their dictionary next to every word they look up. The next time they turn to a page with a marked word, they quickly check to see if they remember the meaning of that word. In all of the above ways, you are doing something with the words. It’s usually not enough to just read through a list of words with their definitions or translations and try to remember them. Most students find that they memorize words better if they do something with them. Even better is to try and learn the word in a typical combination with other words. Learning that to apologize means to say sorry is a good start, but it's much better to learn a whole expression containing the word, e.g. He apologized for being late. Not only is this often easier to remember, but you are also learning some very important information on how the word is used.



Learning for vocabulary tests

The previous section on this page gives general advice on how to learn the words that you have chosen as important for you. Often, however, you will be given a set of words by your teacher and told to learn them for a vocabulary test. In this case you need to be sure exactly how you will be tested, because this will influence how you learn the words. There are several ways that the teacher might test your vocabulary learning, but the ways are broadly divided into two categories:



1. You will be given the word and have to:

  1. write a definition

  2. use it in an example sentence

  3. translate it into your language 2. You will be given:

  1. a definition

  2. a gapped example sentence

  3. the translation in your language and you have to write the English word.

If you do a vocabulary test from the second group above, then in most cases you will need to learn the exact spelling of the word and will lose marks if you misspell it. As with all tests, be sure to ask the teacher exactly how you will be tested and exactly how you will be graded. You will then avoid wasting time studying something that you will be not be tested on.

Learning vocabulary by reading

The way you learned very many of the words in your own language was by meeting them in the books and magazines you read. The context of a new word in a sentence or story was often enough for you to guess the meaning. Meeting the word again and again in your reading helped you learn it for use in your own speaking and writing. Doing lots of extra reading for pleasure both fiction and non-fiction - is an excellent way to learn new English words, too. But choose books that you find quite easy to read. Difficult stories or texts that you struggle to understand will not help you to develop your vocabulary the natural way. But remember: to learn new words from reading you have to read A LOT!



The importance of reading

Reading is an extremely important skill. It is by reading that you learn much of what you need to know for your different school subjects. Reading is also an excellent way to improve your general English. You can only learn from reading, however, if what you read is not too difficult. For this reason, it is important to know what makes texts difficult and how you can improve your chances of understanding them . .



What makes texts difficult to understand

Most of your reading difficulties will be caused by a problem on the list below. Of course, when two or more of these problems happen together, your chances of understanding will be even smaller.



  1. the text has many unknown words

  2. the text has long, complicated sentences

  3. the text is about a topic you know nothing about

  4. the text is about a topic you find boring

  5. the text has small print, long paragraphs, no pictures

  6. the text has been badly written

  7. you are feeling tired

  8. you are distracted

  9. you don't know the important

  10. you don't know why you have been asked to read the text

How to understand more of what you read

You can do nothing about some of the reading difficulties: for example, you can’t change the print in a book or make poor writing better. But there are many things you can do that will give you a better chance of understanding what you read. Here are some suggestions:



  1. Know your reading purpose - The way you read a book or a text depends very much on your reasons for reading it. This is why it is so important to know your reading purpose. You should read a question in your math exam differently from an entry in an encyclopedia which you are looking at quickly to find out the date of an event. The kind of reading you do in class or for your homework is different from how you read a novel for pleasure in the summer vacation.

  2. Choose the appropriate reading speed - ESL students often take a long time to do their work because they read everything slowly and carefully. Often, however, one of the following speed reading methods will be the best choice:

    1. Skimming - this is reading a text quickly to find out what information it contains. You should skim when, for example, you want to check if a text has the information you need to answer some questions or write a project. It is often enough to look at the first (and last) sentences in each paragraph.

    2. Scanning - this is reading quickly to find a specific piece of information. You should scan when, for example, you are looking for the answer to a question which you know is in the text.

In general, students should be trying to increase their reading speed.

    1. Get background information - Find something out about the topic you have to read. The more background information you have, the easier it will be to understand the text. You can get this background information background in your own language. For example, if you are studying the Italian Renaissance, you could read an encyclopaedia or textbook in your own language to find out the most important details about this historical period. Your parents may also be able to give you useful background information. Talk to them in your language.

    2. Use all the information in the book - Good textbooks are well-organised, with titles, subtitles, introductions, summaries or conclusions. Many books also have pictures with captions. Look at all these first before starting to read. Another aspect of good writing is that each paragraph has a topic sentence. A topic sentence is a sentence, usually the first one in a paragraph, that contains the main idea of the paragraph. If you concentrate on understanding the topic sentence, this may help you to understand what comes next.

    3. Increase your vocabulary - Of course, reading itself is an excellent way to improve your vocabulary, but there are many other things you can do. The better your vocabulary, the easier you will find your reading.

    4. Use your dictionary sensibly - A common mistake of ESL students is to look up each unknown word in the texts they are given to read. Occasionally this is necessary - for example, when reading examination questions. But it takes a long time and can be very boring. It can even make understanding more difficult because by the time you reach the end of the paragraph you have forgotten what you read at the beginning!

    5. Learn the important words that organize text - When you read texts in your science or history books, you will find that most good writers organize their writing with cohesion markers (also called transition words). These are words that connect different parts of the writing and help writers structure their thoughts. If you learn the important cohesion markers, you will find it easier to understand the text.

    6. Choose the right place to read - You can’t really expect to understand a difficult book if you are trying to read in the same room with the television on and your little brother distracting you. The same goes for reading in the bus on the way to school. You also can’t expect to read a textbook and listen to music at the same time. Try to find a quiet and comfortable place with good light, and your dictionaries and other materials nearby.

    7. Choose the right time to read - If you have a difficult text to read for homework, it’s probably best to do this first. If you leave it until last when you are tired, you will find it even more difficult.

Important: If you have tried the advice above and you still cannot understand a text, then it is simply too hard for you. Stop reading and ask someone to help you (your ESL teacher, for example!). Nobody likes to give up, but you will just be wasting your time if you continue to work at a text that is beyond you. Most of the time you have to read what your teachers tell you to read. But as you know, reading is an excellent way to improve your English, and so you should try to do some extra reading each week. Here is some advice on how to choose what to read:

Try not to read something too difficult - There should be no more than about 6-10 new words per page; reading for pleasure should not be hard work!

Reading easy books is good for you -You will improve your reading skills even if you read simple books, as long as you read lots of them. (But you may find you don't really enjoy stories written in English that has been over-simplified.)

Try to read some non-fiction - Reading non-fiction books or magazines will help you learn some of the words you need to do well in your subject classes. There are millions of pages of non-fiction on the world wide web!

Choose something that is interesting to you - This is clear. In fact, if you are really interested in a topic, you will probably be able to understand texts that would normally be too difficult for you.

Surf the internet - You can learn a lot of English just by surfing around on the websites that interest you. This is particularly true if the web pages contain pictures that help you understand the writing. References

  1. Цетлин В.С. Работа над словом. – «Иностранные языки в школе», 2002, №3, с.33-36.

  2. . Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам: Базовый курс лекций:

Пособие для студентов пед. вузов и учителей. – М.,Просвещение, 2002, с.80-101.

  1. www.google.ru: The importance of learning new words

  2. Kevin Yee. Language Teacing Metods.2000

Исатай Гүлмира Асқарқызы


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың магистр оқытушысы,

Түркістан, Қазақстан

Исрафил Ушар


Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы,

Түркістан, Қазақстан

ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ ЖАҢА ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондайақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» дегенді шегелеп тұрып тапсырған еді. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды.Ы.Алтынсарин «Өзін үнемі дамытумен айналыспаған мұғалім жақсы ұстаз бола алмайды» деген болатын.Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.

Қазақ тілінің мемлекетік мәртебесі көтеріліп жатқан тұста өзге тілді аудиторияға қазақ тілін меңгеруіне ықпал ету бүгінгі өзекті мәселенің бірі. Дәстүрлі технологияға сын көзбен қарап, педогогикалық процесті тұтас, жалпы адамзаттық құндылықтарға негіздеп, қайта жасау заман қажеттілігінен туындап отыр [2005-2010 Мемлекеттік бағдарламасы 2004,4].

Жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту процесінде «интерактивті әдістер», «интерактивті оқыту» деген терминдермен жиі кезігеміз. Интерактивті әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғандығынан көрінеді. «Интерактивті әдістер» және «интерактивті оқыту» - ( интер ағылшын тілінен « inter »-аралық ; «akt»әрекет ету деген сөз) оқушылардың өзара әрекеттесуге жағдай жасайтын әдістер, ал «интерактивті оқытуды» өзара әрекеттестіруге негізделіп құрылған оқыту деп түсінуге болады. Нақты айтқанда интерактивті әдіс- оқушының белсенділігі мен танымын арттырудың ерекше түрі. Интерактивті әдісті сабаққа ұтымды пайдалану кезінде әр оқушының белсенділігі артады, бірлесіп жұмыс істеп, бір шешімге келеді, бір- бірін түсінуге жол ашады. Интерактивтік әдістің ең негізгі мәні оқу бағдарламасындағы тақырыптарды тыңдаушылар әрі қарай өз белсенділіктерімен, оқытушының көмегімен әртүрлі шығармашылық тәсілдерді пайдалана отырып меңгереді. Оқушылар жекелей, топтық, ұжымдық жұмыстарға төселеді. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл әдісі жеке тұлғаны, шығармашылық тұлғаны тәрбиелеуде маңызы зор.

Дәстүрлік оқыту қазіргі уақыттың жаңаша талабының ерекшеліктеріне толық сәйкес келе бермейді. Тілді оқыту мен үйретудің әр жылдары түрлі әдістемелік ағымдары мен әдістері көп қолданылды және өріс алды.

Бір нәрсені үйрену үшін адам алдымен алдына мақсат қоя білуі керек , соны сезінуі және соған жетуге талпынуы тиіс. Тіл үйренушілердің ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақты қызықты, тартымды өткізудің әр түрлі әдіс –тәсілдерін қолдануға болады.Тіл үйрету сабақтарында ойын түрлерін, әсіресе, интерактивтік әдістерді қолдану тиімді [Иембердиева 2008, 7].

Интерактивті оқыту:


  • оқытудың имитациялық тренинг түрі арқылы үйренушінің білімін дамытудақарым-қатынастың әр түрлі жолдарын меңгеріп, іс- әрекет үстінде өзін әр қырынан танытуға мүмкіндік береді;

  • өмір шындығына құрылған жағдайда имтациялық тренинг түрі арқылыүйренушінің рөлге енуі оның шығармашылық фантазиясын кеңейтеді;

  • интерактивті тренингтерге үйренуші өзі үшін ойлауға әрекет жасайды жәнежоғары қарым - қатынас арқылы өз ойын дәлелдеуге тырысады;

  • өз бетімен іздену қызметін ұйымдастыру;

  • мәселелерге құрылған сөйлеу жағдаятында проблеманы шешудегі жекебелсенділігін арттыру;

  • тілді үйрену барысында танымдық белсенділікті күшейтудің дидактикалыққұндылығын контекстік мазмұн аясында қатысымдық мәселелік тұрғыдан қарастыру;

  • тілді үйретудегі логикалық сұрақтар өте маңызды, себебі білімдегі догмалар ақылойдағы тұйықтарға тірелген сұрақтарды әзірлеу нәтижесінде пайда болады.

Демек үйретуші осы логикалық сұрақтар арқылы үйренушінің қызығушылығын арттырады.

Соңғы уақытта интерактивті оқыту әдістерін педогогикалық процесте міндетті тұрде пайдалану талап етіліп жүр [ Күзекова 2003,45].

Өйткені бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптастыруға бірден-бір әсер етеді. Оқытушы мен тыңдаушы бірлесе отырып, субъектсубъект ретінде болады.

Интерактивті оқыту әдістері оқытушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына бірлесіп, әрекет етуге сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Интерактивті қатынас құру - тілді үйренудегі ерекше жол. Терең оймен, сезіммен, идеямен бөлісіп, берілген тапсырманың шешімін түсінісу нәтижесінде үйренушілердің дербес қабілет пайдаланғанда және өзара бір біріне әсерінен қызықты қатысым басталады.

Интерактивтік әдістер белгілі бір проблемалық жағдаятында проблеманың мағынасын ашу үшін әр түрлі контексте тілді қолдана алады. Тілді үйретудің ең алғашқы кезеңінде ақ үйренушілерді (шағын топтар) интерактивтік жағдайға қарай бұру керек. Жоғары белсенді қатысым арқылы сөздік қорын байытады, лингвистикалық аутентикалық материялдар арқылы үйренушілер өзінің бар білімін дамытады, лексикасын, білімін, күшін және жеке пікірін білдіріп, әңгімеге қызу араласады. Белгілі бір сөз сайысына түскенде, жоғары белсенділігі арқылы сөйлеуге үйренеді, басқаның сөзін жадында сақтайды және жоғары белсенділігі арқылы шындық өмірдегі қарым қатынасты дамытады. Мұндай қарым қатынас тілдің икемділігін орнықтырады [Қадашева 2005, 5].

Интерактивтік әдіске мынадай жұмыс түрлері жатады:



  1. миға шабул- мәселені, тақырыпты ұжым боп талқылау;

  2. тиімді сөздің мінін айқындайтын кластер құру;

  3. дидактикалық ойындар;

  4. логикалық тапсырмалар;

  5. дебат;

  6. пікірталас;

  7. тренинг;

Кейде жас оқытушылар «интерактивтік әдістер тек қана ашық сабақтарда пайдаланады деп ойлайды. Мысалы: сабақ -семинар, конференция, конкурстар «Не? Қашан? Қайда?» т.б.ойындарда. Өйткені олар көп дайындықты талап етеді.Сондықтан сабақты күнде осылай ұйымдастыру мүмкін бе?»- деген сұрақтар қояды.

Семинар, конференция, түрлі конкурстар т.б. интерактивті оқыту әдістері емес, себебі мұндай сабақта көбіне көп тыңдаушылар меңгерген таным- білімдерін ғана көрсетеді. Мұндай сабақтарды дәстүрлі сабақтар деп айтып жүр. Ал интерактивті әдістер болса, олар оқу процесін қарқынды жүргізуге мүмкіндік жасайды. Олар білімнің анағұрлым түсінікті болуына, оқу информацияларын талдауға, оқу материялын меңгеруге жол ашады.

Тіл үйренуші өз пікірін жасқанбай айта білуге, басқалармен қарым- қатынас жасай білуге дағдыланады. Басқалардың сын пікірлерін дұрыс қабылдай білуге, жақсыға ұмтылады.

Сөз соңында айтарымыз, интерактивті оқыту теориялық та практикалық та тұрғыда зерттеуді қажет ететін дидактика міндеттерінің біріне саналады. Ал интерактивті оқыту формаларын, әдістерін пайдалану оқытушының тіл үйренушімен қарым-қатынас жағдайын аса шеберлік білімділікті уақыт талабына сай таңдауды қалайды.



Әдебиеттер:

  1. Иембердиева Г. Тіл үйретудің тиімді жақтары./Республика ұстаздары/ шілде,

2008

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазан, 2004

  2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: Мұрагер, 2005 4. Күзекова З.С. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 2003

Абдусаттарова Саодат


Шараф Ниязов атындағы орта мектеп,

Түркістан, Қазақстан

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ

ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Қазақстандағы соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер білім беру жүйесінің барлық салаларына өзгерістер алып келді. Республикамыздағы білім беру жүйесіндегі реформаларға байланысты «Білім туралы заң», «Жоғары білім туралы заң», «Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы», «Білім беру туралы мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» т.б. мемлекеттік құжаттар білім беру мазмұнын анықтап беріп отыр. Аталған құжаттарға сәйкес жоғары білім беруді дамытуда көзделетін негізгі мақсат оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті және ғылым, мәдениет, білім беру процесін бірлікте тану негізінде жас ұрпақты тәриелейтін жоғары білім берудің тұңғыш жаңа моделін қалыптастыру болып табылады.

Білім берудің жаңа үлгісін жасау – Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған міндет. Білім беру сапасын жақсарту әр уақытта күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек. Бұл – уақыт талабы. Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі заман талабына сайкес оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Демек, заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру - ұстаздың басты парызы.

Әр ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.

Сабақ – оқытудың негізгі формасына жатады, оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Бүгінгі таңда білім беру мазмұнының жаңаша тұжырымы – ізгілендіру, демократияландыру ұстанымдарын негізге алу болып табылады. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту психологиялық та, дидактикалық жағынан күрделі мәселелердің біріне жатады. Мұғалім бүгінгі заман талабына сай мамандығының үздік жетістіктерін меңгерген, жалпы дидактикадан теориялық та, практикалық та терең білімі болуы қажет.

Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді. Бастауыш мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады, оның құрылымы мен мазмұны, оқыту әдістері, оқу-әдістемелік кешендері заман талабына сай жаңартылуда.

Мектептегі оқу-тәрбие ісінің даму жағдайын анықтайтын басты бағдар оқытушы мен оқушының қарым-қатынасын жетілдіруге негізделген. Оқушының сабақ үстінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдау, оқу тәрбие ісіне енетін ең негізі өндіріс болып табылады.

Бүгін мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам иесі. Сондықтан да оқытудың алғашқы сатысынан бастап оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру, халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату үшін болашақ ұстаз ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық шеберліктің, тәжірибенің негіздерін дұрыс қолдана білуі тиіс. Халықтық педагогика негізінде ұлттық ойын мәселелерін ғылыми зерттеудің тарихнамасы, тәрбиенің халықтық тәжірибесі, тарихи дамудың барлық кезеңінде ұлы педагогтардың, ғалымдардың ғылыми қызығушылықтары болып келгенін көрсетеді.

Қазіргі таңда оқытудың жаңа мен бағыттары мен арналарын іздестіру мәселесі күн тәртібіне өзектілікпен қойылып отыр. Дәстүрлік жүйеде оқытудың кемшілік тұстары анықталып, оны жоюдың, әдістемені сапалы деңгейге өсірудің сан салалы жолдары айқындалып келеді. Соның бірі - балалардың логикалық ойлауын қалыптастырып, дамыту мәселесі.

Жас ұрпақтың ой-сезіміне, дүниетанымдық көзқарасын жарасымда қалыптасуына, оқуға деген ынтасы мен қызығушылығының дамуына әсерлі ықпал ететін оқыту мен тәрбиелеу құралы – дидактикалық ойындар. Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындардың оқыту мен тәрбиелеудегі алатын орны бөлек. Бала ойын арқылы дүниені таниды, өзіне жаңалық ашады, рухани қалыптасады, ой-өрісін шыңдайды, сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артады, ойнай отырып ойлауды үйренеді. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдері тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынты-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауларын дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқуәрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күнгі талдапрынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.

Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді: 1. Танымдық, яғни баланың бойында танымдық, ізденушілік әрекетін дамыту; 2. Тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз құрбыларымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: балалардың іс-әрекетінде ойын түрлері мен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу; Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі; Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі; Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді: 1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «лото», «домино» және т.б. 3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындарды мүлдем негізге алмайтын мұғалімдер де болады. Демек, бұл әдістің маңыздылығын анықтап алайық.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:


  1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі.

  2. Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

  3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді..?», «мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді.

  4. Ойын-жұмбақтар, жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

  5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалім балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өз ара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

«Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарының» басты талаптарының бірі – оқытудың сапасын арттыру. Бұл сабақ формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оны әдістемелік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жаңа сапалы деңгейге көтеру деген сөз.

Мұның бір ұтымды жолы – оқу процесінде дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану. Ол сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Мектеп реформасы талаптарына сай балаларды алты жастан бастап оқытуды дидактикалық ойындардың маңыздылығы бұрынғыдан да арта түсті. Бұл жастағы балалар үшін ойын – оқу, еңбек әрі тәрбие құралы. Сөйтіп ойын сабақта жаңа мазмұндық ситпатқа ие болуда. Ойын балалар сабақта зерігіп, шаршаған кездерде сергіту мақсатында ғана емес, оларға берілген негізгі ұғым, түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды. Өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады.

Бастауыш сынып мұғалімдері педагогикалық ғылым жетістіктерін, оқыту әдістемесі негіздерін жан-жақты меңгерумен қатар, балалардың жасына сәйкес физиологиялық, психологиялыө ерекшеліктерін де жете білуі шарт. Тәжірибиеде байқалғандай, қайсыбір мұғалімдер оқушыға өздігінен жұмыс істеудің бір сарынды ырғағын ұсынып, негізгі ұғымдарды қалыптастыруда оның өзіндік психологиялық ерекшеліктерін ескермейді. Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптарға, оны ұйымдастыру методикасына жете мән бермейді. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып, өткен материалды берік меңгерту.

Сондықтан да ойынның пәндік мазмұны басты назарда болуы тиіс. Сонда ғана ол оқушының ойлау қабілетін дамытып, білімдік, тәрбиелік мақсаттарға жеткізеді.

Дидактикалық ойын ережесі балалардың түсінігіне орай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Оны да мұғалімдер, көбінесе, ойынды жүргізу барысында ескермейді. Бұл әсіресе, мұғалімдердің әр жерден естіп, көрген, орыс тілінде жарияланған ойындарды өзінше аударып пайдалану тұстарынан байқалады. Ойын мазмұны, оның ережесі балаларға шұбалаңқы, қиын түсіндіріледі. Сондықтан оқушы ойынның негізгі мақсатына түсінбей қалады, оған қызықпайды, ынтасын қойып тындамайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.

Ойынды жүргізу барысында балаларды ұлттық ойындардың желісі арқылы тақырыпқа сәйкес ойын-есептер ұйымдастыру, сол арқылы олардың бойына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б. қасиеттерді сіңіру, қалыптастыру - басты нысаны.

Ал кейбір мұғалімдер сабақта ойын түрлерін ретсіз әрі жиі қолданады да, оқушыларын зеріктіріп алады. Оның үстіне ойынға қажетті дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге де жиі көңіл бөлмейді. Оның да ойын процесінде көп мәні бар. Алдымен сабаққа лайықты түрі мен оны қолданудың мөлшерін анықтау керектігі ұмытылып қалады. Дидактикалық ойынның ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Көріп байқағанымыздай, ойын тым тез қарқынмен жүргізілсе оған көпшілік балалардың ойы ілесе алмай, басқалардың сөз бен ісін түсінбей қайталайтынын, ал ойын жәй, сылбыр жүргізілгенде оған деген ынта ықыластың күрт кеміп кететінін көрсетті. Ұстаздардың сабақтарында дидактикалық ойындар түрлі әдіс-тәсілдермен қызықты әрі мазмұнды өткізілуі қажет.

Балалардың таным қабілетін жетілдіріп, логикалық ой-өрімін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойынды пайдаланудың маңызы зор. Сондықтан да сабақта дидактикалық ойынды кең пайдалану керек.

Сабақ – мұғалімнің шығармашылық ой туындысы. Сондықтан мұғалімнің сабақ құрылымын дұрыс құруы, оны жүргізу барысы оның өз ізденімпаздығы мен еңбекқорлығына байланысты. Мұғалімнің сабақ құрылымына, оның мазмұнына талап қоюы, оқушының танымына қажетті материалды іріктеуі сабақтың сапасына ықпал ететіні сөзсіз.

Білім беру жүйесіндегі негізгі бағыт – адамды қоғамның құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, қоғамдық, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ол үшін білім мен тәрбиені тұтас бірлікте қарай отырып, оқытудың тиімді, нәтижелі жолдарын іздестіру, тәжірибеге енгізу, білім берудің ғылыми негізін айқындау мәселесі өз шешімін қажет етеді. Аяқ басқан ғасырымыз «адам барлық нәрсенің өлшемі» болып отырған «адам және адамзат» ғасыры болып отырғандықтан, білім берудің негізі болып гуманитарлық методология болып табылады. Оның негізгі мақсаты – адам тәрбиесіне басты назар аудару, оны ең негізгі мақсаты – адам тәрбиесіне басты назар аудару, оны ең негізгі құндылық ретінде тану, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұстаз – білім жүйесінің түпнұсқасы. Оның негізгі міндеті – тұлғаны қалыптастыру, оқушының бойында адам мәдениетінің негіздерін қалау, өмірге бейімдеу, әлеуметтендіру. Осыған байланысты мұғалімнің білімін жетілдіру стратегиясы қазіргі заман мұғалімінің қасиеттерін қалыптастыру болып табылады: білімді, жаңаша ойлайтын, креативті, оқушыға ерекше жаратылған құндылық ретінде қарайтын тұлға болуы тиіс. Олай болса, «іс-әрекет табыстылығы» педагогика ғылымының негізгі категориясы ретінде айқындалуы тиіс.

Әдебиет:

1. Основы педагогического мастерства. Под ред. А.Зязюна. М.,1989


Ахмедова Зулфия


Тұран жалпы орта мектебі,

Түркістан, Қазақстан

ОҚУШЫЛАРДЫ ТАБИҒАТТЫ ТАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА ҮЙРЕТУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ


Қазіргі бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер – оқушыларды дамыты оқыту, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Бұл мақалада табиғатты зерттеу арқылы білім алуға қызығушылықты дамытудың жолдарына тоқталмақпыз. Дамыта оқыту дегеніміз оқытушылардың білімді саналы, анағұрлым тезірек меңгеруіне арналған таным үрдісін жандандыру.

Оқыту процесі білім беру, тәрбие және дамыту процестерімен тығыз байланысты. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамытудың алдын шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу зонасын» жасайды, баланы ізденуге талпындырады. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Сөйтіп, оқушының жеке тұлға ретінде өзіндік жұмыс жасауға бағытталуы қалыптаса бастайды. Дүниетануды оқытудың ,дамыту мүмкіншіліктері туралы айтқанда пәннің мазмұнына, оның құрылу логикасына, оның себеп-салдар байланыстарын ашуға байланысты оқушылардың жеке басының көптеген қасиеттері, олардың психикалық іс-әрекеттері, ең алдымен ойлауы дамиды.

Табиғатты зерделеу кезінде қоршаған дүниенің бейнесін оқыту бастауыш мектеп оқушыларына басынан-ақ түсінікті болатын, белгілі бір жүие ретінде қалыптасуы қажет. Бұл оқушыларда теориялық ойлауды дамытқан кезде ғана мүмкін болады.

Байланыстар мен өзара байланыстарды анықтайтын жұмыстар негізінен айналадағы дүниені бақылау күнделігімен жұмысты жүйелі жүргізгенде ғана өз деңгейінде болады, яғни білімді табиғаттың өзінен алуға үйренеді. Бұл туралы кезінде Я.А.Коменский «Мүмкіндігінше адамдар білімді кіта бойынша ғана емес, аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» - деп пікір айтқан болатын. Мектеп практикасында, мұғалім тәртіп бойынша, оқу материалдарын меңгертуге ғана жауапты болады, ал бала ақиқат дүниені дерексіздік негізінде қаншалықты түсінеді, елестетеді және нақтылайды, оған сирек көңіл бөлінеді. Түпнұсқаны, яғни баланың қоршаған табиғаттың нақты құбылыстарын зерттеп білуім бағаланбайды. Осыдан келіп,баланың мұғалім алдында да, оқушы алдында да түпнұсқа мен модель арасындағы арақатынасты түсіндіру, оқытылып отырған материал мен ақиқат дүниені «байланыстыру» мақсаты қойылмайды. Осыдан келіп, баланың мектепке дейінгі кезеңдегі, мектептен тыс уақытта табиғатпен қатынас жағдайында және дүниетану т.б. сабақтарында меңгеруге тиісті табиғат жөніндегі білімдері арасында байланыссыздық және қарама-қарсылық басталады. Көбіне жаттау арқылы (ақиқат дүниені елестете алмай) абстрактілік ережелерді түсінбей өседі, соның салдарынан қоршаған табиғатты тануға деген қызығушылық кемиді, ал бұл бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен дамуы үшін табиғат мүмкіндіктерін толық пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі кезде дүниетану пәнінің көптеген ғылымдарға негізделген коиплекстік мазмұнына байланысты оны бір жүйеге келтіру, оқытуда барынша бірізділік тағайындау міндеті алдыңғы орынға қойылып отыр. Шын мәнінде дүниетануды оқыту негізіндегі жұмыстың барлық түрлері балалардың ойлау, ес, қиял, ықыласын дамытуды қамтиды. «Білімсіз, тәжірибесіз адам ойлана алмайды: тәжірибесі неғұрлым мол болса, оның ойлау қабілеті соғұрлым артық болады», - деп жазған болатын белгілі психолог П.П.Блонский. Балалардың ақыл-ойын дамытуға зор мүмкіндіктер туғызатын байланыстарды анықтауда балалардың қоршаған табиғатты бақылау нәтижелерін пайдалана білуіне мұғалім назар аудара білуі тиіс. Мұғалімнің табиғатты зерделеуге жетекшілік жұмысының негізгі буыны – маусымдардың белгілерін анықтау болып табылады. Оларды анықтау өлі табиғаттан басталады. Бұл - байланыстарды анықтаудағы бірінші буын. Оқушы күнді бақылау барысында күннің күннің талтүстегі орны маусым бойынша өзгеріп тұратынына көзін жеткізуі керек: жазда күн көкжиектен жоғары көтеріледі, оның аспандағы көрінетін жолы ұзын, күн ұзақ; қыста күн көкжиектен шамалы ғана көтеріледі, оның аспандағы көрінерлік жолы қысқа, күн қысқа. Сонымен, тал түстегі күннің биіктігі мен күннің ұзақтығын маусымның аса маңызды белгілерінің бірі екендігін оқушы ұғынуы керек. Ауа райының аса маңызды әлементі ауа температурасы болып табылады. Ол күннің биіктігіне және күн ұзақтығына байланысты. Әдетте, неғұрлым күннің тал түстегі орны биік және неғұрлым күн ұзақ болса, жер бетіне жылу соғұрлым көп түседі, температурасы соғұрлым жоғары болып табылады. Сонымен, байланыстардың оқушы ұғып алатын екінші букыны – ауа температурасының күннің биіктігіне және күн ұзақтығына тәуелділігі.

Ауа райын анықтаудың элементі бола түрып, ауаның температурасы оның басқа элементтеріне, соның ішінде ауа қысымына және ол арқылы желге әсерін тигізеді. Бұл байланыстар орта мектепте қарастырылады. Мұғалім балалардың назарын желдің бағытына аударады да, қандай жел жылу әкелетінін және салқын түсіретінін атап өтеді. Бастауыш сыныпта табиғаттағы байланыстарды анықтаудың үшінші буыны – жауыншашынның бұлттылыққа тәуелділігі болып табылады. Бұлттылық пен жауын-шашын маусымның белгілеріне жатады. Балалар осылайша бақылау барысында күзде аспанды бұлттың жиірек торлайтынын, олардан жазғы өткінші, нөсер жаңбырға қарағанда, керісінше, ұзақ ақ жауын жауатынын анықтайды. Күзде температураның төмендеуімен тұман түседі. Тұман, қырау, үсікті күзгі маусымның белгілеріне жатқызуға болады.

Ауа температурасының төмендеуі топырақ пен су қоймаларының күйі маусымның сипатты белгілерінің жүйесіне жатады. Ауаның температурасы нөл градустан төмен түскенде топырақтың беті қатады, ал су қоймаларында мұз пайда болады. Бұл өлі табиғаттағы байланыстарды анықтаудың төртінші буыны.

Өлі табиғаттағы тәуелділіктерді анықтағаннан кейін, тірі табиғаттың өлі табиғатпен байланыстарды анықтаудың төртінші буыны.

Өлі табиғаттағы тәуелділіктерді анықтағаннан кейін, тірі табиғаттың өлі табиғатпен байланыстарын білу жұмысы басталады. Бастауыш сыныптарда өсімдік жамылғысының сол территорияға күн сәулесінің түсу дәрежесіне және ауа температурасына байланыстылығы зерттелуі тиіс. Балалардың жыл бойы өсімдік тіршілігін бақылауы күн жарығының азаюына және ауа температурасының төмендеуіне байланысты ағаштар мен бұталардың жапырақтары өзінің түсін өзгерте бастайтынын, олардың сағағы қурап, жел соққанда үзіліп түсетіні ткралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Табиғаттағы күзгі тамаша құбылыстардың бірі – жапырақтың түсуі осылайша басталады. Сонымен, жапырақ түсінің өзгеруі мен жапырақтың түсуі – күзгі маусымның аса маңызды белгілерінің бірі. Бұл кезде оқушылардың назары қысқа дайындалуына аударылады. Міне, мұндай байланыстарды анықтау үстінде балалардың логикалық ойлауын дамыту – салыстыру, талдау, қорытынды жасау; жіктеу (классификациялау); себеп-салдар байланысын бөлу негізінде пайымдауды құру сияқты ой әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушыларының оқытудың алғашқы жылдарынан бастап-ақ теориялық ойлауын дамыту қажет. Оның эмпирикалық ойлаудан айырмашылығы, ол мәнді байланыстармен танылатын заттар мен құбылыстарды талдауға бағытталады. Эмпирикалық ойлау өз кезеңінде заттарды топтауға, жіктеуге бағытталады. Бұл ойлаудың негізінде эмпирикалық қорыту, табиғатты бақылау арқылы тану, заттарды салыстыру жолымен олардағы ұқсастықтарды, орталықты табу, содан соң осы ортақтықты сөзбен өрнектей отырып, оны заттың басқа қасиеттерінен бөлу арқылы эмпирикалық ұғым беру жүзеге асады. Бастауыш мектеп оқушыларының табиғатты оқып-үйренуі кезіндегі теориялық ойлаудың мазмұны ақиқат дүние объектілері мен құбылыстардың өзара байланысы болып табылады. Оны ұғыну барысында оқушы санасында біртұтас модельдүниенің ғылыми бейнесі қалыптасады. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларының табиғи-ғылыми ойлауы теориялық және эмпирикалық ойлаудың бірлігі ретінде дамуы керек.


Әдебиеттер


  1. Мұханбетжанова Ә. Білімді интеграциялау негізінде оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыру. Алматы, 2000.

  2. Аймағамбетова Қ. Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі. Алматы, 2003.

Бабажанова Шахло


Иқан мектебі,

Түркістан, Қазақстан

ДҮНИЕТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, барлық тіршілік-болмысы тікелей табиғат аясында өткен ата-бабаларымыз табиғаттың сан алуан құпия-сырларын бақылай отырып, терең ойлы қорытындылар жасаған. Халық арасында аспан денелерінің қозғалысы мен табиғат құбылыстарына бақылау жасайтын адамдар болып, бұл туралы Шоқан: «Алдын-алу ауа райының құбылысын, жұлдыздарға байланысты астрономиялық білгірлік танытатын адамдарды «есепші» деп атайды» - дейді [1]. Қазақтың табиғат және оның алуан түрлі құбылыстары жайындағы дүниетанымдық көзқарасы - жас жеткіншектің ұлттық рухани сезімін, адамгершілік қасиетімен мінез-құлығын қалыптастырып қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятады. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің халықтық зердені, асыл мұраның басқа да қырларын табиғат тұрғысынан түсінуінің жетімсіздігі байқалады. Ол бүгінгі мектеп қабырғасында жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие үрдісінде табиғат денелері мен құбылыстары туралы халықтық ұғымдар мен түсініктерді толық пайдаланбауы деп есептейміз.

Осы орайда орта мектепте бастауыш сынып оқушыларының қоршаған табиғат пен оның құбылыстары туралы дүниетанымын қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын педагогика ғылымының теориялық-әдістемелік қағидаларымен ұштастыру көкейтесті мәселеге айналып отыр. Халқымыздың шығу тарихы жағынан тереңге кетіп, бүгінгі күнге дейін жеткен ежелгі жәдігерлердің қай-қайсысының да пайда болуы мен пайдалануында белгілі бір ғылыми негіз, адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысын тани білуден туған білімпаздық бар. Ол көбінесе халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен оның кәсібіне, салт-сана, дәстүріне байланысты көрініс тауып отырады.

Белгілі философ Д.Кішібеков: «Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында тіршілік етіп, тұрмыс құра жүріп, оған сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және қазақ халқының мінез-құлқы, оны қоршаған ортаға – кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты» - дейді.

Кең табиғат аясында тұрмыс құрып, табиғат жағдайларымен санаса отырып, өз шаруашылығын жүргізген. Халқымыз сонымен бірге табиғатқа аялы алақан, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін де жақсы түсінген. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш сыныптың дүниетану пәнін оқыту үрдісінде ендіре отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені орта мектептегі оқытылатын физикалық география пәні жеткіншектердің дүниетану курсынан табиғат, адам, қоғам туралы алған білімдері мен іскерлік дағдыларын географиялық қабық туралы түсінікпен жинақтап, жалпы дүниетанымның қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақтың аспан әлемі, ондағы құбылыстар туралы танымдық мұрасы сан алуан, олар халық ауыз әдебиетінің түрлі жанрларынан (жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, т.б.) көрініс тапқан. Солардың маңызды деген түрлеріне тоқталсақ.

Қазақша бұлт атаулары. Ақша бұлт – ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдектүйдек ақ бұлт. Ала бұлт – ақ, қара, қошқыл түсті бұлттар шоғыры. Желең бұлт - түтілген шудадай жеңіл бұлт. Жылауық бұлт – әлсін-әлсін аз-аздан қайталап жауар бұлт. Зілмәуір бұлт – аспан күмбезін түгел жапқан ауыр бұлт. Қауырсын бұлт – тарам-тарам жеңіл бұлт. Кілегей бұлт – жұқа сирек бұлт. Аса бұлты желсіз тымырсық түнгі тұнба бұлт. Өркеш бұлт – түйе өркештенген ала бұлттар тізбегі. Саума бұлт – үзіп-үзіп күні бойы жауар бұлт. Сетінеуік бұлт – іргесі сөгіліп, ыдыраған бұлт. Түйдек бұлт – үздік-үздік бір-біріне ұласа көшкен бұлт. Шағырмақ бұлт – күн қызуын бөгетсіз өткізер селдір бұлт. Шарбы бұлт – малдың шарбы (іш-майы) майы тәрізді бұлт. Шуда бұлт – будақ-будақ шұбатылған бұлт. Соқыр тұман – аяқ астын көрсетпейтін, көзге түртсе көргісіз қалың тұман.

Ақ жаңбыр – үлкен аумақты қамтып, ұзақ жауатын түрі. Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі. Қара жаңбыр – күзгі қалың жаңбыр. Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жаңбыр. Нөсер, өткінші жаңбыр – аз уақыт ішінде шағын аумақты қамтып жауатын түрі. Бұл кезде жел соғып, найзағай ойнап, күн күркірейді. Қыста қар жапалақтап жауады. Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.

Ақша қар – жаңа жауған таза қар. Жапалақ қар – ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар. Көбік қар – жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар. Күртік қар – беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қар. Қасат қар – ұзақ жатқан қалың қар. Қырбық қар – жұқа жауған қар. Омбы қар – ат бауырлайтын қар. Сүрі қар – ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нығыз қар. Сіреу қар – ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу, қатты қалың қар. Үрме қар – жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.

Жел атаулары. Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел. Жаяу бұрқасын – бәсең боран. Ебі желі – дауылды жел. Зауалама жел – іркілмей соғатын екпінді жел. Керімсал – шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел. Көк дауыл – аязды қарлы боран. Қайтыс жел – қарқыны басылған жел. Қара дауыл – шаң, топырақ көтерген сойқанды жел. Қара жел – бұлтты күнгі ызғарлы жел. Қарыма жел – бет қаритын өткір жел. Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел. Қызыл жел – аңызақ ыстық жел. Өкпек жел – көктемде соғатын ызғырық жел. Өксік жел – ышқынған қатты жел. Самал жел – қоңыр салқын майда жел. Сары жел – тынымсызз соққан жел. Тау желі – тау аңғарынан ескен жел. Теріскей желі- терістіктен ескен салқын жел. Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғатын жел. Үскірік – күзгі, қысқы құрғақ, суық жел. Ызғырық – өңменнен өтер ызғарлы жел.

Халқымыздың аспан әлемі мен мен қоршаған орта және оның жер-су атаулары туралы дүниетанымдық көзқарастары дүниетану мен физикалық география тақырыптары мазмұнымен тығыз байланысты. Табиғат құбылыстары туралы оқушылардың дүниетанымдарын қалыптастыруда мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарында әлі де болса қазақ этнопедагогикасы материалдарының мол мұрасына жеткілікті мән берілмей келеді. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін танымдық, тәрбиелік маңызы ерекше. Халық қазынасын жан-жақты пайдалану қажет екендігін бүгінгі күннің өзі талап етуде. Қоршаған орта, табиғат туралы ұлттық түсінігіміз отбасы мен балабақшадан басталып, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарымен жүйелі сабақтасса, көздеген мақсатымыз орындалмақ.


Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Ш.Уәлиханов. Шығармалар жинағы. Алматы, 1985. -195 бет.

  2. Жәрдем Кейкін. Қазақ атаулары мен байламдары. Алматы: «Өлке» баспасы, 2000. -256 бет.

Усакеева Гулнора


Шараф Ниязов атындағы орта мектеп,

Түркістан, Қазақстан

ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРДЫҢ БАЛАЛАР ДАМУЫНДА АЛАТЫН ОРНЫ

Ғаламдағы жұмбағы шешіліп бітпейтін ең күрделі жаратылыс – бұл Адам. Адамды сыртқы пішінімен қарағанда ұқсастықтар көптеп кездеседі. Бұл, яғни, адамның физикалық денесі. Ал егер адамның ішкі дүниесіне үңілер болсақ, ондай ұқсастықтар табыла қоймайтыны анық. Жер бетінде алты немесе жеті миллиард адам болса, солардың ішінен бір-біріне толықтай сәйкес келетін адамдар жоқ. Керек болса бірге жаралған егіздердің өзінің ішкі дүниелері бір-біріне ұқсамайды. Себебі баланың жарық дүниедегі тіршілігі басталған кезден бастап, оның күнделікті өміріндегі болған жағдайлардың бәрі өзінің ізін қалдырып отырады. Сондықтан да әр адамның дүниеге көзқарасы әр түрлі. Бұл даралық сипатты танытатын нәрсе – адамның психикасы. Адамның жер бетіндегі тіршілік иелерінен артықшылығы да осында, әр адамның ішкі дүниесі бірін бірі қайталамайды, жер бетінде қанша миллиард адам болса, сонша дара тұлға бар.

Жануарлар әлеміндегі әр тіршілік иесі өзіне тән қасиетімен табиғи инстинкт бойынша тіршілік етеді. Оларды қандай тәрбиемен болса да, сол бастапқы қасиетінен өзгерте алмайсың. Мысалы: қасқырдың бөлтірігін алып, оны ит етіп, тәрбиелей алмайсың немесе қойды қасқырдай жыртқыш етіп тәрбиелей алмайсың (Бұл жердегі біздің көзқарасымыз, адамзат қауымы және жануарлар әлемі тұрғысынан). Қысқасы олар туа бітті өзіне тән қасиетінен айнымайды. Ал адам баласының қалыптасуына тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта және тәрбие әсер етеді. Индиялық зерттеуші Рид Сингх, ұзақ уақыт қасқырлардың үйірінде өмір сүрген екі қызды адам кейпіне келтіру өте қиынға соққаны туралы баяндайды. Олар төрт аяқтап жүретін болған, адамнан қорыққан, сөйлеуді білмеген, керісінше қасқырлар сияқты күшті болғаны байқалады.

Біздің ойымызша, адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, тәрбие процесін негізгі екі бағытта қарастыруға болады. Бірі – дене тәрбиесі, екіншісі – ақыл-ой тәрбиесі. Біз осы ақыл-ой тәрбиесі жайында қарастырмақпыз.

Тәрбиенің негізгі мақсатына келер болсақ, ол адамды өмір сүретін ортасына бейімдеу, дене күтіміне үйрету, барлық жағдайда адами әрекет жасауға үйрету т.с.с. осының бәрі адамның санасымен басқарылатын болғандықтан, дұрыс ойлауға үйрету болып табылады.

Тәрбиені ата-бабаларымыз бала ананың құрсағына біткен уақытынан бастағаны белгілі. Бұның да терең мәні бар. Қазіргі медицина да бұны құптайды. Бала жарық дүниеде өз тіршілігін бастаған уақыттан бастап оны тәрбиелеу процесі де басталады. Бұл әрине әр отбасында әр түрлі деңгейде жүзеге асады. Осы тәрбие процесінің әр түрлі деңгейін бір бағытта яғни, мақсатты жүргізу және инстинкт бойынша жүргізу – деп екі топқа бөліп талдап көрейік.

Бағытты тәрбие, яғни саналы түрде тәрбиелеу деп отырғанымыз – бұл ата-аналардың әрбір іс-әрекетінің балаға қалай әсер ететінін және баланың бойында қандай қасиеттер қалыптастыратынын біліп, белгілі мақсатта тәрбие процесін жүргізуі. Бұл тәрбиені жүргізетін ата-аналар, бірінші өзін-өзі тәртіпке шақырады. Отбасында өзінің көңілі қалауымен қалай болса, солай жүрмейді, инстинкт пен эмоцияға ерік бермеуге және бүкіл іс-қимылын ақыл-күшіне бағындыруға тырысады. Бұл ата-аналар баланың болашағы үшін, оның бойында жақсы әдеп қалыптасуына, қисынды ойлауға, саналы іс-әрекеттер жасауға, өзгелермен дұрыс қатынасқа үйрету мақсатында өзінің іс-әрекеттерін бақылауда ұстай алады.

Енді екінші топтағы яғни, тәрбие процесін инстинктілі түрде жүргізетін ата-аналар туралы сөз етер болсақ, алдымен инстинкт сөзінің мағынасы жайлы айта кетейік. Инстинкт дегеніміз – жануарлардың және адамдардың бойындағы табиғи берілген қасиеттері бойынша тіршілік ету үрдісі. Мысалы: жануарлардың жауынан қорғануы, қоректенуі жалпы тіршілік етудегі бүкіл іс-әрекеті болып табылады. Ал адамның қандай да бір жағдайдағы саналы емес реакциясы инстинктілі әрекет болып саналады.

Отбасындағы инстинктілі тәрбие – бұл баланың әрбір іс-әрекетіне көңіл аудармай, «көйлегі көк, қарны тоқ» болғанын місе тұтып, көңілді тоқ санауы. Бұндай жағдайда баланың қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсері және шексіз келіп жатқан әртүрлі ақпараттар ағынының әсері күшейеді. Соңында бала ата-ананың ойындағыдай емес болып шығады да, ата-ана баланың кемшіліктерін ғана оның бетіне басып айту арқылы одан әрі қарай баланы бұза түседі. Балаға ескерту жасау, тыйым салу оның өзіндік «Мен»-інің қалыптасуына кері әсер етеді.

Ата-аналар баланың баланың бойындағы кемшіліктерін ғана көріп, соны болдырмау мақсатында «олай етпе», «оның дұрыс емес» - деп тыйым салу, ескерту жасау, кей жағдайда тіпті «сен үнемі бүлдіресің де жүресің», «сен барып тұрған ынжықсың немесе бұзықсың» т.с.с. ескертулер (ұрысулар), баланың бойындағы сол қасиеттердің мықтап орнығуына жағдай жасайды. Себебі, бала да «мен осындай екенмін» - деген ой қалыптаса бастайды да, ол ой саналы емес түрде сол іс-әрекетке тартады, сол іс-әрекет әдетке айналады, әдет мінезге айналады, мінез тағдырын жасайды. Демек, баланың сезіміне әсер ететін әрбір іс-әрекетіміздің оның санасына қандай ой ұялататыны біздерді бей-жай қалдырмау керек.

Бала әлеміндегі ең құдіретті күш – оның ойы. Ой оның өмірінің барлық аспектісіне күннен күнге әсер ете береді. Баланың психологиялық қалыптасуы, өмірдегі таңдауы, тұлғалық қасиеттері, есейгенде қандай адам болып қалыптасатыны – оының бәрі оның бүгінгі күндегі ойының жемісі болып табылады. Біздер (ата-аналар, мұғалімдер) бәріміз баланың бойындағы жағымды қасиеттердің болғанын қалаймыз. Бәріміз баланы жақсы әдетке үйретіп, жақсы адам еткіміз келеді. Бұл түсінікті жәйт. Ал, бұл мақсатқа қалай қол жеткізуге болатыны оншалықты түсінікті емес. Мектеп бағдарламаларында баланы анық және бір мақсатқа бағытталған ойлауды үйрететін арнайы пән жоқ, сондықтан да бұл маңызды дағдыға үйде ғана үйретуге болады. Демек, балаға дұрыс, әрі пайдалы ойлау әдетін сіңіру, ата-аналардың жауапкершілігінде қалып отыр.

Ғылымда жуық араға дейінгі уақытта ақыл-ойдың күші, мүмкіндігі жайлы онша көп нәрсе белгілі болмады. Біздің бақытымызға орай қазір олай емес. ХХІ ғасырдың басында бүкіл әлемде миллиондаған адамдардың мойындаған және құрметтейтін күнделікті тұрмыстағы өмірлік тәжірибесіне айналды. Осы кездегі танымал журналдарда деректі телефильмдерде, ғылыми жарияланымдарда ақыл-ойды шыңдаудың (тренировка) техникасына көп көңіл бөлініп айтылып жүр. Тайгер Будс және Майкл Джордан сияқты спорт жұлдыздары өздерінің физикалық шыңдауларын психологиялық жаттығулармен толықтырып үлкен жетістіктерге жеткендерін айтады.

Ал, кино жұлдыздар Арнольд Шварценеггер және Джим Керри өздерінің осындай жетістіктерге жеткендерін, ақыл-ой күшін пайдаланудың техникасын меңгеретіндіктерінің арқасында екенін үлкен мақтанышпен растайды. Қазіргі уақытта қиялдау (визуализация), жағымды ұстанымдар сияқты ақыл-ой күшінің амалдарын ұдайы қолдану арқылы өмірдегі кез-келген іс-әрекетіңнің нәтижесін жақсартуға болатыны жалпы мойындалған белгілі нәрсе.

Ақыл-ой күшінің жемісін пайдалануға осыншалықты көңіл бөлінуде десек те, бұл техника қоғамымыздағы ең ықпалды қауым – ата-аналардың назарынан тыс қалып отыр. Ақыл-ой күшін ересектер қалай жемісті пайдаланғанымен, қандай да бір себептермен атааналар мен мұғалімдер үшін балалармен жұмыс жүргізу мүмкін болмай тұр. Ақыл-ой күшін балалар игере алмайды немесе пайдалана алмайды деген сенім бар. Шын мәнінде бұл тіпті де олай емес. Балалар ақыл-ой күшін тек қана тез қабылдап қоймайды, бұдан өзіне үлкен пайда келтіре алады. Бұд жөнінде Канадалық зерттеушілер: Джон Кехо мен Нэнси Фишердің «Сила разума для детей»-атты еңбегінде ақыл-ой күшін пайдаланудың балалар үшін жасалған әдістемесі берілген. Мұнда айталық, сіздің балаңыз дұрыс жазуды үйрене алмай, қиналып жүргенде, оның дұрыс емес жағын айтып, баланың өз қабілетіне сенімсіздік тудырғаннан гөрі, кешегі жазуыңнан бүгінгі жазуың жақсы, ертең бұдан да жақсы жазатын боласың, сен тез үйрене аласың деп, баланың бойыында өз мүмкіндігіне сенім қалыптастырудың нәтижесі өте жоғары болатындығы баяндалады және тек сабақүлгерімі ғана емес, бала өміірінің барлық аспектісіне пайдалануға болатыны жайында нақты эксперименттер арқылы көрсетілген.

Алтын іздеушілер аз ғана алтын алу үшін тонналап топырақ қазады. Бірақ олардың ойларында топырақ қазу емес, алтын тұрады. Демек, баланың бойындағы жақсы қасиеттерін көріп, бағалауға тырысу керек. Баланың санасында әрдайым өзі туралы жақсы ойлар қалыптасуына жағдай жасау қажет. Айталық, сізге балаңыздың сыылбырлығы ұнамайды. Бұл жағдайда балаға сен өте сылбыр қимылдайсың, бұл дұрыс емес, жылдам қимылдау керек деп ақыл айтып, оның шынында да сылбыр екеніне сендіріп, оның еңсесін түсіргеннен гөрі, менің баламның қимылы шалт, сергек деп сендіру арқылы тәрбиелеудің нәтижесі жоғары деп, сеніммен айта аламыз. «Не ексең соны орасың»дегендей, санаңа қандай ой ұялатсаң, сондай іс-әрекет жасайсың. Біздің ойымызды жанып тұрған оттың ұшқынымен салыстыруға болады. Оттың ұшқыны қас-қағым сәтте лып етіп пайда болып, қайта жоғалады, сөйтіп мұның үлкен күші болмайды. Дәл осы сияқты біздің де бір сәттік қана ойымыз қуатсыз болады. Ал егер оны күнеделікті қайталап тұрсақ, ол күш-қуатқа ие болады. Біздің кез-келген іс-әрекетіміз мимен ойлау арқылы басқарылады. Сондықтан біздің өмірлік тәжірибеміз бен ойымыз бір-бірімен тікелей байланысты. Ой бірнеше қайталанып, көбею арқылы адамның өзі атқарғалы тұрған ісін орындауға бір бағытқа жұмылдырылған күш-қуат береді.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Свияш А. Проект «человечества» М.: 2006

  2. Спенсер Г. Воспитание: умственное, нравственное и физическое. М.: 2002.

  3. Кехо Д., Фишер Н Сила разума для детей. М.: 2003.

  4. Жарикбаев К., Озганбаев О., Чистов В. Психология и этика. А.: 2002.

  5. Подласый И.П. Педагогика 1, 2. М.: 2003.

Якубова Мамлакат


Шараф Ниязов атындағы орта мектеп,

Түркістан, Қазақстан

«ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


В.А.Сухомлинскийдің «Ағаш дұрыс өсу үшін, оған тек көшет кезінде көмектесе аласың» - деген мәні терең пәлсапалық сөзі ойға оралады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, партаға жайғасқан оқушы өзінің табиғат байлығының бір бұрышында отырғанын сезбейді де. Алдына келетін астың да, киіп отырған киімін де, қалай және кім өндіретінін түсінбеуі мүмкін. Бүгінгі жалпы адамзаттың алдына қойылып отырған келелі мәселенің бірі ауаның ластануы, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуынан, адам мен табиғаттың байланысынан да бейхабар. Яғни, ол әлі дүниені танып білмеген, бірақ танып-білуге, үйренуге толық құқы бар жеке тұлға. Адам – табиғаттың бір бөлігі болса, бастауыш сынып оқушысы бағбан ұстаздың мейірімі мен күтімін қажет ететін табиғат ананың топырағына отырғызылған көшет дер едім.

Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәнінің орны ерекше. Қоршаған ортаның құпия сырларын бала «Дүниетану» пәнінен оқып-үйренеді. Дүниетану пәні балаға тек бір жақты емес, бала дүниетанымын жан-жақты дамытуды көздейтін пән. Табиғат пен қоғамның арасындағы байланыстың сипатын, мән-мағынасын, адамдардың өзін қоршаған ортадағы орнын аңғара алуы, тигізетін пайдасы мен зиянын, әсерін там-тұмдап, бала жасынан ұғынып өсуінің маңызы зор. Дүниетану пәні арқылы оқушылар қоғам, адам, табиғаттың бір-бірімен тығыз байланыста болатынын, бір-бірінсіз ешқашан жеке-дара өмір сүре алмайтынын теориялық тұрғыда түсіндіре отырып, адам да, қоғам да табиғаттың төл баласы екенін саналарына сіңіреді.

Бастауыш сыныптардан бастап-ақ баланың ой-өрісі туған жер мен оның тамаша табиғатының ерекшелігін сезінуден басталады. Отанымыздың және бүкіл Жердің табиғаты мен өмір құбылыстарына дейін біртіндеп тани отырып, дүниетанымның жоғары дәрежеде өсуіне қол жеткізеді. Балаларда адамзат тағдырының, тіршілік тынысының, оны алаң еткізетін жайлардың кең әлеміне кішкене кезінен ендіру – елінің барын бағалар, мақтан ете алатын тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын тәриелеу болмақ. К.Д.Ушинский: «Баланы тек оны қызықтыратын нәрселерді ғана емес, оны қызықтырмайтын рахат табу, өз міндетін өтеу үшін қажет нәрселерді де істей білуге үйрету керек. Сіз баланы өмірге даярлайсыз, ал өмірдегі міндеттің бәрі бірдей қызықты бола бермейді», - деп жазған.

Өлі табиғаттың тірі табиғат үшін қызмет ететінін, яғнм жансыз, жандылар өсетін орта деген ұғым бала жүрегінде табиғат құпиясына деген таңырқаушылық сезімін оятады. Аристотель: «Ойлау таңданудан басталады», - деген. Табиғаттың ашылған құпиясы алдында шынайы таңырқау – ойдың күшті тасқынын тудыратын қуатты түрткі. А.Дистервег: «Егер оқушы қарапайым қабылдауға немесе енжарлыққа үйрететін болса, кез-келген әдіс жаман, ал оқушының бойында өзіндік қызмет ете білу сезімін оятса, онда жақсы әдіс болғаны», - деген. Қ.Аймағанбетова өз еңбегінде, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, олар өте сенгіш, ақкөңіл, еліктегіш, қызыққыш, сезімтал, таңсыққой келеді. Мұндай психологиялық ерекшеліктерге ие жеке бастың берілген білімді қабылдауға ыңғайлы да икемді екені даусыз дейді.

Бастауыш сыныпта бірнеше жылдар бойы жұмыс жасағаныма байланысты 1 сыныпта өткізілген «Үлескідегі сабақ» сабағы ойыма жиі оралады. Сабақ өтілерден бір күн бұрын сынып оқушыларына үйлерінен ойыншық тырма, күрек, су шашқыш алып келулерін ескерттім (ата-ананы да құлағдар еттім). Ертеңінде үйден топырақ және пенопластан жасалған төртбұрышты ыдыстар және тұқымдар алып бардым. Алдымен сыныпты топқа бөліп алып, тақтаға «үлескі» сөзін жазып, түсінік беріп, суретін салып көрсеттім. Енді алдарына ыдыстарды қойып, оны бөлінген жер деп, кесек-топырақтар салдық, оны қопсыттық, одан тырмаладық, енді жол-жол етіп сызып, тұқымдарды салып, бетін топырақпен жауып, су септік. Содан сыныптың терезесіне қойдық, енді оқушылар өздері қолмен істеген еңбектің нәтижесін көргенше асық. Күнде сыныпқа кіріп, әр топ өз ыдыстарына үңіліп әлек, әрине ондай жағдайда, тұқымның көктеп шыға қоймайтыны белгілі, оқушылардың күннен күнге үміті азаюда. Мен не сылтау айтарымды білмеймін. Бір күні мектепке шығар жолда, аршаның біршама қылтаңдарын теріп алып, олар сыныпқа келгенше, әдемілеп, топыраққа қадап, жаңа өскіннің кейпін жасадым. Олар әдеттегінше терезеге жүгірді. Көктеп шыққан өскінді кіріп, қуаныштарында шек жоқ. Өздерінің кішкене ақылдарымен үлкен істі тындырғанына риза еді. Көз алдарында топырақты өңдеп, тұқымды ұстап, кез-келген көктің тұқымынан көктеп шыққанын көзімен көріп, қолымен ұстаған бала, бұрын айналасындағы көңіл аудармаған құбылыстарды көбірек байқайтын болады. Өз деңгейіне сай тоқтамдар жасап, өзіндік пікірін, өзіндік ойын қалыптастыратыны анық.

Ұлтымыздың мақтан тұтар жазушысы, жантанушы Ж.Аймауытов: «Адам жүрегінің сыры табиғатпен жалғасса, қиялы күшейіп, мінезі көркейіп, сезімі нәзіктене бермек», деген. Яғни, дүниетану пәні бойынша өтілетін сабақтарда табиғаттың суреттері мен бейнелері, өсімдіктер мен жануарлар құпиясы жай ғана баланың құрғақ қабылдауына айналып кетпей, қайта белсенді ойдың, дүниені теориялық тұрғыдан танудың басы, ғылыми білімдер жүйесінің негізі болуы тиіс дер едім.

Тіршілікте жаратылыстың төрт құдыретті туындысы бар. Жер-ана қойнына түскен дәнді перзентіндей аялап өсірмесе, қуатты күн шапағын шашпаса, өмір нәрі су болмаса, жанды дүниенің ырғағы ауа болмаса, тіршілік те болмасы анық. Осы төрт құдыреттің киесімен дүние жасыл желек жамылып, тіршілік нұрланып тұр. Адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділіктің де дұрыс тепе-теңдікте қалыптасуының маңызы зор. 1-4 сыныптар аралығындағы дүниетану пәні бағдарламасының бала танымын қалыптастырудағы ерекшелігіне тоқтала кетсем.

1- сыныпқа келген оқушыға «Айналадағы дүние» тарауы арқылы табиғат пен адамның арасындағы ажырамас байланысты меңгерту көзделген. Келесі тарау психологиялық процесс болып саналатын түйсік (көру, есту, иіс сезу) түрлерін және оларды күте білу жолдарын бала түсінігіне лайықтай, ғылыми негізге сүйене отырып, санасына із саламыз. Ал «Өсімдіктер тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді» оқи отырып, оқушы табиғаттың төрт мезгіліндегі өзгешеліктер мен адамдардың табиғатқа қандай қамқорлық жасауға тиісті екенін түсінумен қатар, өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын біледі.

«Жануарлар тіршілігіндегі маусымдық өзгерістер» бөлімінде аңдар мен құстардың қысқы тіршілігі берілген. Бұл сабақтың ерекшелігі берілген мәтін мазмұнына қарай оқушыларды рольге бөліп оқыту. Бірі борсық, бірі аю, бірі кірпі, бірі тышқанның ролін салса, ендігі сабақта құстардың тілін келтіріп, дауыстарын құбылтып, шынайы образға кіруге тырысады. Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым, Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет, өзін қоршаған дүниенің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ету», - дейді. Яғни, 1 сынып оқушылары білім негізін ала отырып, олар үшін дүниетану пәні өте қызықты пәнге айналды.

«Қоғам» тарауында біздің ұлттық бедеріміз айшықтана көрініс берумен қатар, тақырыпқа байланысты сөз мәйегі, тәрбиелік тағылымы мол мақалдар берілген. Мұғалімнің көмегімен оқушы мақалдың мағынасын ашады, тақырыппен байланыстыра отырып дәлелдейді. Ұстазы талапшыл болса, естің қапшығына салады, қажет кезінде пайдалана алу дағдысы қалыптасады. Баланың бір затпен екінші затты байланыстыра алуы, ойлап-табуы, қолдана білуі, шығармашылық қабілетін қалыптастырудың негізі осылай қалыптасады.

2 сыныпта берілген «Жауарлардың бір-біріне қайырымдылығындағы», арқар мен шақшақайдың достығын, адам мен жануарлар арасындағы қамқорлықты оқыған бала алдымен таңқалады, одан кейін қызығушылығы артады, енді елестетеді, содан барып оның жан-дүниесінде татулық пен тыныштықтың сезімі орнары анық. Достық ұғымды бағалай бастайды. Өзін-өзі тәрбиелейді.

4 сыныптағы «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімі оқушылардың танымдық процесін дамытуға ықпалы зор демекпін. Себебі, бұл бөлімде еліміздің өсімдік пен жануарлары шалғын, дала, шөл, орман-тоғай, су қоймасы, таулы жер деп саралап бөлінген. Осы тарауды қаталау кезінде, өтілген материалды есіне түсіреді, екінші ойланады, оларды ерекшелігіне (жоғарыда көрсетілгендей) бөледі, яғни, оқушы ойтәсілдерін қолданады. Ой тәсілдері талдау мен жинақтаудан, салыстыру мен жалпылаудан, классификациялаудан тұратыны белгілі. Ойын қорытындылай отырып, бала ойлаудың формалары мен процесстерін меңгереді. Енді оқушы оны сөз арқылы сыртқа шығарады, айтады, дәлелдейді.

Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіндегі басты мақсат, оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту. Осы бағытқа байланысты қолданылып жүрген әдістердің бірі оқушылардың өз бетімен істейтін топтық жұмысы.

Бұл әдістің маңыздылығы мынада:


  1. Топ пен жеке адамның пікірі мен мүддесі үйлесіп отырады.

  2. Іс-әрекетке қатысушы әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады.

  3. Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық қабілет дамиды.

  4. Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, өзгенің пікіріменсанаса білу, ойларын айта білу сияқты дағды қалыптасады.

«Пайдалы қазбалар» бағдарламасымен байланыстыра отырып, осы әдіспен жұмыс жасаймыз. Ол үшін сыныпты екі топқа бөлеміз. Уақытты белгілей отырып, екі тізім жасауын сұраймыз. Бірінші топтың міндеті, табиғатқа адам баласының жасайтын қиянатын өзара ақылдасып отырып, тізбек құрып жазу. Екінші топтың міндеті, табғатты қорғауға, оны сақтап қалуға қандай ізгі істерді жасады немесе жасауды ұсынады, осыны жазады.

Белгіленген уақыт аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, тізіммен таныстырады. Мұғалімнің жетекшілігімен тізімдерге байланысты екі топ өзара пікір алмасады, қорытынды шығара отырып, екі топ бірін-бірі бағалайды.

Осылай, алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушы өзінің жинақтаған біліміне, алған азды-көпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы, шығармашылық әрекет қалыптасады.

Дүниені тануға балалық құмарлықтың қайнар көзі – ең алдымен білгісі келушілік болып табылады, егер бұл тілек дамытылатын болса, онда баланың дүниені тануға қызығушылығы нығаяды. Табиғатты сүйгіштік, қоршаған ортаны қорғау – деп аталып жүргеннің негізі сұлулықты, әсемдікті бағалау. Сүйсіне қараған нәрсенің сұлу болып көрінетіні немесе көруі адамзаттың өз қадір-қасиетін сезінуінің де қоспасы.

Сонымен, бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәні арқылы баланың білім алуы арқылы танымын қалыптастыра отырып, адамға ғана тән жеке бас құндылықтарын да тәрбиелейді. Олар: адамгершілік, эстетикалық, интеллектілік сезімдер.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002.

2.Қ.Жүнісова, Қ.Аймағанбетова, Н.Нұрахметов, Ә.Бірмағанбетов, И.Нұғманов, З.Ф.Олейник. 1-4 сынып аралығындағы дүниетану оқулықтары, Алматы, 2001, 2002, 2003, 2004.



  1. Қ.Аймағанбетова. «Дүниетану негіздері» және «Дүниетануды оқытудың теориясымен технологиясы». Алматы, 2006.

  2. Б.Қ.Игенбаева «Мен-Адаммын». Алматы, 2000.

Сыздықбаева Шолпан Қуанышбекқызы

Жамбыл облысы, Қазақстан

БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ал, бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.

«Заман талабына сай білім берудің парадигмасының өзгеруіне сәйкес құзыретті білім беру басшылыққа алынып,оқу-білім үйретудің жаңа әдістері пайда болды. Құзыретті білім беру көбіне Еуропа елдерінде ұлттық білім беру стандарттарында қолданылады» [1, 234]. Әр мұғалім өз пәнінде ақпараттандыру технологиясын пайдалануы: Мультимедия, электронды оқулықтармен жұмыс істеу, керекті ақпараттарды интернеттен шығарып алып пайдалануды іс жүзінде үйренуі керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Жаңа ғасыр – адамгершілік ғасыры, ал адамгершілік бастауы – мектеп. Ауыл баласының білімі мен тәрбиесі жаһандану аясында ұлтты рухани мәңгүрттіктен сақтандыру ұлттық тәрбие мен білімнің қайнар бұлағы» [2,143] - деген еді. Ал, әлемдік өркениетке жету, мектепті компьютерлендіру, интернет желісіне енгізу және қолданудан көрінбек. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталған. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігін бағыт алуда. Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгеруде. Оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуда. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б. елдерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.

Қай ел болсын өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік лайық орын алуы сол мемлекеттің білім сапасына байланысты екенін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты халыққа жолдауында білімнің сапасын арттыру туралы ерекше айтылуы да сондықтан. Соған байланысты оқу-тәрбие үрдісін жақсартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білімді терең игерудің жолдарын әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін оқушының ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ұтымды түрлеріне сенгеніміз жөн. Сонымен қатар оқытылатын пәнге нақты да жүйелі жасалынған бағдарлама, кәсіби сапасы жоғары маман, сапалы мазмұндағы оқулық керек. Білім сапасын көтеретін оқыту технологияларымен және жаңашыл, ізденімпаз мұғалімдермен толықтырып, насихаттап отырған жөн секілді.

Мектептерде жаңа технологиялық оқытудың тиімді жолдарын іздестіру жалғасуда. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, сабақта пікір таластырып, өз ойларын ортаға емін –еркін сала отырып, ашық айтуының да маңызы зор. Оқушылармен шығармашылық бағытта жұмыс жасаудың ұтымды жағы:



  1. Бала оқулық көлемінен шығып ойланады.

  2. Ойлағаны мен оқығанын саралап, салыстыра біледі.

  3. Көпшілік алдында шығармашылық жұмысын қорғап, пікір айта біледі.

  4. Оқуға, білімге, ғылымға қызығушылығы артып, одан әрі дами береді.

Жаңаша педагогикалық технология- ғылым жетістігі. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагог мақсат-мүддесін өз шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруды, мұғалім белсенділігін, шығармашылық ізденісін, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін әділ бағалауы ерекше орын алады.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда. Мұғалімдер мен практикалық қызметкерлердің педагогикалық жаңа білімге деген қажеттіліктің күшеюінен келесі тенденция туындайды. Педагогикалық жаңалықтарға объективті баға бере алатындай, инновацияларды игере алатындай педагогикалық қауымның құрамын және құрылысын жаңарту жүзеге асып жатыр.

Жаңа ақпараттық технология білім берудің стратегиясы мақсаттарына қызмет етеді, атап айтқанда, проблемаларды қызмет Етеді, атап, айтқанда, проблемаларды сараптай латын, жүйелі байланысты құра білетін қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға, оны түрлі дамыта білуге қабілетті,ойлаушы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интеллектуалдық-психологиялық дамуын қамтамассыз ететін болуға тиіс.

Уақыттың өзіндей ұшқыр ақпараттар ағыны сәт сайын жаңаланып,толассыз тіршілікте күн сайын жаңа кітаптар мен баспасөз басылымдары жарық көріп жатыр.Бұған дейін шыққандары қаншама? Бұның бәрін кім, не үшін оқиды? Бұл үлкендерге құбылыс. Ал, өмір айдынына енді ғана шыққан,әлі оң-солын жете білмейтін,білмегенін білуге асығатын жас жеткіншекті білім нәрімен қалай сусындатуға болады? Бұл-болашағын ойлаған қоғамды,мұғалімді ойландыратын мәселе.

Қазақстан Республикасы Білім беру стандартына қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай баланың тұлға ретінде қалыптасуына,ақылойын дамытуға,интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа математикалық білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі атап көрсетілген.

Алайда, ғылыми зеріттеулер және біздің тәжірибеміз көрсеткендей баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін,қазіргі дидактиканың көкейтесті мәселесі-мектеппәндерін соның ішінде математика мектеп курсын педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту,білім беру жүйесін технологияландыру керек екендігін көрсетіп отыр.Кез келген өндіріс саласы өз өнімін өндірер алдында «нені, қалай, кім үшін? деген сауалға жауап іздейді. Ол үшін өзінің бәсекелесіне,тұтынушыға жан-жақты зеріттеулер жүргізеді. Сонда ғана оның тауары өтімді бола алады. «Математика пәнін оқытудағы тиімді жолды таңдап алу үшін эканомиканың осы қағидасын сүйгенді жөн көрдік. Әрбір бала мектепке білім алуды мақсат етіп келетіні аян» [3,143] . Бірақ нарықтық қатынас жағдайында оқушының білім алуға деген ынтасының төмендеп кеткені бізді қатты алаңдатады. «Оқушының ынтақызығушылығы, ұмтылысы неге төмен?» - деген сауал әрбір ұстаздың көкейінде тұратыны мәлім. Ұстаздың алға қойған мақсаттарының бірі оқушы белсенділігін арттыру,олардың іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру, олардың іс-әрекеттерін басқару арқылы іздестіру ой –таласын туғызу. Оқушылардың қабылдау,түйсіну әрекеттерін дамытуда қалыптастыруда математика, физика сабақтарының маңызы зор. Осы мақсатта өзімнің сабақтарымда «Сатылай комплексті талдау» технологиясын қолданамыз.

Сатылай комплексті талдау дегеніміз- оқыту мақсаты,міндеттері,әдіс тәсілдері,өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай жүйелі,комплексті меңгертіп,оларға ұлттық құндылықтарда бағалай,қолдана білуге машықтандыратын оқыту.Бұл технологияның басты ерекшелігі-оқушы өз бетімен ізденіп,шығармашылықпен жұмыс жасайды,оның сабаққа деген ынтасы,қызығушылығы артады.

Білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі кәзіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты,білімді,өмір сүруге бейім,өзімдік ой –толғамы бар,қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,істеген ісіне тұжырым жасап,қорытындыға келу,ойлау көкжиектерін кеңейтіп,ой еркіндігіне жол ашу.

Елбасы Н.Назарбаев дәстүрлі Халыққа Жолдауында «...Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» [4, 234 б.] деп ерекше атап көрсетті. Қазіргі заман мұғалімдерімен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи танымдық,педогогикалық-психологиялық сауаттылық,саяси эканомикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.Орта білім беру жүиесін ақпараттандырудыңнегізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.Ақпараттық мәдениет бұл әңгімелесе білу,алынған мәліметті ой елегінен өткізіп талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзаттқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеру тиіс.



Пайдаланған әдебиеттер.

  1. П.М. Эрдниев. Укрупнение дидактических единиц как технология обучения. Москва: Наука,2008.-448с.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанжол -2050 Мәңгілік ел» Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы 17.12.2012 ж.

  3. В.Г. Болтянский. Лекции и задачи по элементарной математике. – Новосибирск: СиБяк: 2011.- 224с.

  4. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың«Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы 01.02.2017ж.

Ибраева Дана Нуржановна


«Күншуақ» бөбекжайының меңгерушісі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы

ОҚУ ІС- ӘРЕКЕТІНДЕ ДИДИАКТИКАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ


Мектепалды даярлық тобы балаларының оқу іс-әрекетінде халық ойындарын дидактикалық мақсатта қолданудың педогогикалық мүмкіндіктері С.А.Ұзақбаева, Е.Сағындықов, С.Елубаев, С.Елубаева, А.К.Айтпаева, Г.Р.Бахтиярова еңбектерінде ашып көрсетілді. Бұл еңбектерде халық ойындарының білімдік, тәрбиелік және дамутушылық мәні айқындалып оларды пайдаланудың әдіс-тәсілдері беріледі.

Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік-эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңілкүй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызғанушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдылық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсы бірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой-өрісінің кеңейуіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді.

Қазақтың ұлттық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі де болған. Әрине ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін-бірі толықтырып байыта түседі.

Ойын бар өнердің бастауы, шынында да көне мәдениет пен әдеби туындылар сол халық жиналған уақытта ойын той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған.

Қазақтың ұлт ойындарының бір ерекшелігі оған өлең сөздің араласып келіп отырғанында. Егер ойын барысында өлең тақпақ жолдары кездеспесе, онда ойында жеңіліп, өз ұпайын өтеушілер орындайды.

Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақтың ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі. Халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып білу талпынысына нышаны ретінде өмірге келген халықтың әлеуметтік- экономикалық айналысы екенін білеміз.

М.О.Әуезов: « Біздің халқықымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой.Ойын„ деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңіл шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше мағыналары болған» [3,143] дейді. Бұл пікір өзі өмір сүрген ортаның шындығынан туындаса керек. Қазақтың тарихи көне жылдарының эпостары мен лиро- эпостарының қай- қайсысын алып қарасақ та, оның өн бойына халықтың ұлттық ойындарының, әдеп- ғұрыптары, салттарының алуан түрлерін кездестіреміз. Негізгі кейіпкерлері баланың ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері ойын үстінде көрінеді, сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарының шындай түседі.

«Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды. Естіп, көріп, татып ескерсе дүниедегі жақсы- жаманды таниды-дағы, одан білгені көргені көп адам білімді болады» [3,143] -дейді А.Құнанбаев. Абайдың бұл сөздерінің де ойынға қатысы бар.

1 жастан 7-ге дейін баланы халқымыз «нәресте» немесе «ойын баласы» деп атаған. Халық неше алуан ойынды туғызып, оны іс-жүзінде қолданып оның тәрбиелік, білімділік жақтарын көре біледі. «Бала ойынмен өседі» - деген өмірлік қорытынды жасап, оны өздерінің бала тәрбиесіне тиек етеді.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала,

Кеудеде ақыл ойлайды» - деген өлең жолдары да осының дәлелі. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштасады.

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылып үлкен терезеіспетті, арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» [3,143] - деп ойынның зор маңызын түйіндесек, ұлттық ойындарды ойнату, сабақта пайдаланудың маңызы сөзсіз зор.

Баланың білімінің санасы болуы сабақ жүйесіне, әр сабақтың ішкі мүмкіндігіне, оларды ұлттық дәстүрмен ұштастырып, балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуін білімдерін, дағдыларын, іскерлікпен дамытуға байланысты.

Ойынның атқаратын қызметі сан алуан болады. Атқарылатын қызметіне қарай ойын жұмбақ, жаңылпаш, ермек, айтыс, құрақ, оралым. Ою-өрнек, мозайка, шытырман, жарыс, интермедия, дұзақ, қара есеп, сұрақ алмастыру, қозғалыс, жаттығу болып бөліне береді. Ойын тек баланың дене күш — қуатын молайтып, оны шапшаңдылыққа, дәлдікке және т.б. Тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Баланың әртүрлі ойынмен ойнауы және өзі туып өскен, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, творчествалық шабытын оятып, алғашқы іс-әрекетке жетелеуге, осы арқылы баланың өзін қоршаған дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

Баланың бой жүйесін босататын, жан қуаттарын (ойлауын, қабылдауын, елестеуін, зейінінің...) өрбітетін ойын. Абай сөзімен айтсақ «Дүниенің көрінетін һәм көрінбейтін сырын түгендеу арқылы жүргізілуі тиіс». Дәлдеп айтқанда, ойын нақтылық пен дерексіздік, индукция мен жинақтау, ұқсастыру, салыстыру, бақылау мен тәжірбие арқылы жүргізілуі тиіс. Балалардың ой қорытындысын жасай білуге үйрету үшін, осы таным әдістеріне баулуымыз қажет. Сонда ғана тәлім — әрі сәнді, әрі мәнді болады.

Балаға әрбір ойынның алдында қоятын мақсаттары айтыла отырылып, ойын ережесі түсіндіріледі. Сондай- ақ пайдаланылатын құрал — жабдықтары айтылады. Халық ойындары қолға түскен қарапайым заттармен айнала береді. Олай болса, оның дидактикалық құралдарын даярлау онша күрделі емес, оны әрбір мұғалім даярлай алады.

Халық ойынының келесі бір мақсаты — баланы жан — жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабыболуы мүмкін.

Ойын ережелерінде тәрбиенің үлкен маңызы жатыр. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың тәртібі мен әрекеттерін, олардың қарым — қатынасын бақылайды, жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: «Қоғи көк» ойынында қаздар тек кемпірдің «Олай болса, сендердің біріңді алып қаламын„ деген сөзінен ғана тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын ықластықты, шыдамдылықты, ептілікті, кең жерге тез уйрене білуді, ұжымдылық сезімін көрсетуді, дер кезінде бір- біріне көмектесуді (« бірі — бәрі үшін„ және «бәрі- бірі үшін» - қаздар), жауапкершілікті, батылдықты, тапқырлықты (кемпір) талап етеді.

Ойынға қызығуы үшін ойын өмірмен қштарыла алынып, оның қажеттілігін бала сезінуі тиіс. Сондай-ақ ойын тұжырымы әдеттегіден бөлектеу, түсінуге жеңіл , мақсаты айқын болуымен бірге, есептеуі аз, ойлану арқылы тез табылатын болуы қажет. Әрбір ойын ойналып болғаннан сон, жалпыланып отырса пайдалырақ болады.

Ұлттықө мазмұнды ойын тәрбие мен тәрбие құралына айналдыру үшін бір қатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс. Олар:


  1. Ұлттық дидактикалық ойындарын балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.

  2. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.

  3. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.

  4. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.

  5. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру.

Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, дидактикалық ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың санасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240 б.

  2. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. –Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар.– 1995. – 336 б.

4. Сухомолинский В. А. Избранные педагогические сочинения в 3 т., т. 1, c. 147

Токтурова Тотыжан Турсынғалиевна

Жамбыл облысы, Қазақстан

ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ


Қазақ халқы жаратылысынан текті, намысқой, жаны таза, тілге шебер ел болғаны ақиқат. Оған өткен тарихымыз, хандарымыз бен батырларымыздың, би-шешендеріміздің қалдырған істері мен әділ де тапқыр, жақсылық пен жамандықтың арасын ақ пен қарадай ашып айтқан асыл сөздері куә.Осы сөздер арқылы қасиетті аталарымыз, ақ жаулықты аналарымыз көргенділіктің, мәрттіктің, тәлім–тәрбиенің небір жақсы жол-жобасын, жөнжосығын айқындап кетті.Еліміздің егемендік алып дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ ұрпақтарын ұлттық дербес ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет етеді. Өскелең жас ұрпақтың тәрбиесі қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі екені баршамызға белгілі.

Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, мектеп қабырғасындағы жастарымыздың рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда мемлекеттік Атазаң мен оқыту-тәрбиелеу процесінің элементтерін біріктіре отырып пайдалансақ тәрбие беру процесінің өнімділігінің арта түсетініне күмән жоқ. Жас мамандардың ең басты міндеті- өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.

Адамгершілік құндылықтарды қалыптасқан, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мәселесі Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында әрбір бөбекке білім беру қажетттігін ескеріп атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетіұлттық және адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет», [1, 125 б.] деп көрсетілген. Қазақ халқымыздың дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу- әрбір жастың парызы. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп, құрметтеу, көңіліне қарау, атадан балаға ауысқан тамаша дәстүр. Кісі өзін сыйлата білу үшін өзінің кісілік дәрежесін биікке көтеріп, адамгершілік көрсете білуге тиіс, олай етпесе, халық оны «кісілігі жоқ» деп атаған. Адам болудың бір жағы физиологиялық , психологиялық жағынан байқалса кісі баулу имандылық пен саналылының қалайша дамып, қалыптасқанын көрсетеді. Тағы бір адамдық қасиет – Отан сүйгіштік. Бұл кісінің бойындағы күш – қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ мінез. Отан, Отаншылдық қасиет туралы тәрбиелегенде Қаз дауысты Қазыбек бидің: «Алтын ұяң – Отан қымбат ... туып өскен елің қымбат, кіндік кескен, кір жуған жерің қымбат» - деп келетін аталы сөздерін қалай еске алмассың. «Қазақстан біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны». Олай болса, осы жерді жан- тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай қорғап, сақтайтындар алдымен қазақ халқы. Сондықтан да біздер халқымыздың қос батырлары Қабанбай мен Бөгенбайдан, Исатай мен Маханбетті, Кенесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмет еткенін үлгі, өнеге етіп, осындай ата- бабаларымыздың болғанын мақтан етеміз.

Елбасы Н.Назарбаев «Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде «...біздің басты мақсатымыз – Қазақстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау» [2, 341 б.] - деп ерекше атап айтқан болатын.

Қазақтың ұлттық тәрбиесінде сенім мен сезімге ерекше мән берілген. Сенім, соған байланысты иман ұғымы діни дүниетанымнан туған. Ол, тұтастай алғанда, жанды – жансыздың пайда болу себебі, адамдардың бұл дүниелік және ол дүниелік тіршілігі, жаратқанның алдындағы, бір- бірімен қарым- қатынастағы парыздары мен міндеттері, оларды өтеу мен өтемеудің салдарлары, т.б. туралы тұтас бір жүйе болып табылады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы сол жүйенің аумағында ғұмыр кешіп келеді. Дүниедегінің бәрін, соның ішінде адамды да жаратқан құдай – ол әрі құдіретті, әрі әділ, жолын адал ұстап, әмірін бұлжытпай орындаған пендесіне мейірбан, ол дүниедегі пейіште ұстап рақатқа бөлейді, ал жолынан тайып, күнәкәр болғандарды аяусыз жазалап, жанын тозақ адамдардың рухани және материалдық өмірінде, ой- арманы мен сол жолдағы күресінде өшпес із қалдырып, тарихын бірге жасасқан. Адамзаттың күрделі де қат- қабат тарих көшінде осы сенім болуға, әлсізге, жоқ – жіттік, кемтарға қайырымдылық, ұрлық- қарлық, қиянат, алдау- арбау сияқты кеселді қылықтарға жол бермеуге өте-мөте көп септігін тигізіп келген. Мұны мойындамаудың, тәрк етудің қандай сорақылықтарға ұрындырғанын коммунистік идеалогияның құрасуында өткен кешегі КСРО-ның болмысы айқын көрсетті.

Адам сенімсіз, үмітсіз, армансыз өмір сүре алмайды. Олай болса, адамға шынайы сенім, дұрыс көзқарас қажет. Сонда адам неменеге сенуі керек? Адамда ождан бостандығы болуы тиіс. Осы арада бір айта кететін жайт: бізде кейде ождан мен иманды бір- бірімен шатастырушылық кездеседі. Имансыздық дегенді ұятсызды, ождансыздық деп түсінеді.

«“Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» [3, 234 б.]

Бүгінге дейін айтылып келген педагогикалық тәрбие баланың нәресте шағынан басталады деп келсе, біздер мүлдем олай емес екенін үзілді- кесілді дәлелдеп отырмыз. Жоғарыда айтылған адам тәрбиесінің жаңа көзқарасы бойынша, нәресте шақтың алдындағы екі кезеңге тереңдете қосуға тура келіп тұр. Оның біріншісі – адамдардың шаңырақ көтеріп, жанұя құрар кезіндегі еркек пен әйелдің имандылығы.

Баланың нәресте және сәби кезіндегі мінез-құлықтары мен имандылық тәлімдерін ерекше қадағаламай болмайды. Ата-ананың тәрбиелері көбінесе балаға үкімді тәрбие екендігі шындық.

Имандылық тәрбиесінің талаптары. Кез-келген бала өзінің жасаған ерсі қылықтарын біледі. Ол іс-әрекеттерінің дұрыстығы мен бұрыстығын, айналасындағы адамдардың қатынастарымен бағалайды. Сондықтан баланың кез-келген іс-әрекеттерін байқаусыз қалдыруға болмайды. Бала сезімдерінің айқындықтары мен тазалықтарына ерекше мән беру керек.

Құлықтылық пен имандылықтың шарттары. Ұрпақ тәрбиесіндегі адамшылық қасиеттердің негізгі ғасырлар бойы қалыптасқан еліміздің халық педагогикасының негіздерімен бағдарланып жасалынды. Ұлтжандылық тәрбиенің мақсаты мен мазмұны да, адамзаттың жарқын болашаққа деген армандарымен астасып жатыр. Әдепті немесе әдепсіз әрекеттер мен жан сезімдердің өзгерістерін тудыратын күйдің түрін – мінез-құлық деп атайды. Қалыптасқан мінез-құлықтың әсерімен адамдар жақсы да, жаман да әрекеттерді жасай береді. Жақсы мінез-құлық пен ақыл – күші біріккен де – одан үлкен адамшылық қасиеттері шығады.

Ұлттық психологияға ұлттық мінез- құлық, ұлттық сана сезім жатады. Қоғамдағы жеке адамдардың имандылығы берік болса, ұлттық рухани мәдениеті жоғары ұлт болады. Ал ұлт санасының қалыптасуында бейсанаға мән беру керек, ал ол өмір салты арқылы қалыптасады. Мәдениет халықтың тәні десек, имандылық – оның рухы. Кеңес дәуірінде тәрбиеленген кейбіреулер сол сол идеологияның құлдық психологиясынан шыға алмай, күйреген империяны аңсаумен келетіндері де баршылық. Сондықтан өз дініне оралып, діни дәстүрлерді қайта жаңғыртуына жағдай туғызсақ, азғындықтың орын алуы басылар еді. Құраннан қуат алған Фараби, Баласағұн, шариғаттан нәр алған Хорезми, намаз оқыған Бейбарыстар жұртты бастап, жолдарынан жаңылмаған. Қара сөздің қиюын тапқан Абай «дін Исламды діңгегім» - деп, «Инша Алласыз» жұмысын бастамаған Әлкей Марғұлан ғалым мен бір Аллаға сыйынып «Кел балалар оқылық» деген Алтынсарин сынды ғұламалардың барлығын ұрпақтың келешегі мен дұрыс тәрбиесі толғандырған. Сол бабаларымыздың ізін жалғастырсақ, «барыс болам» деген бастаушылардың мақсатына жетіп, ұлтжанды, отансүйгіш, саналы ұрпақ жалғасын тауып жататыны заңды құбылыс.

Айтылған ойымызды түйіндер болсақ, халықтың сан ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтарын зерттеп, идеологиялық қоспалар мен жалған айыптардан тазартып, күнделікті тіршілікке енгізсе, халықтың тәрбие жұмысының жандануы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің айқын жолы болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР 2011-2020жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.-

Астана, 2010

2.Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері. – Астана: Жібек Жолы, 2012. – 370 б.

3. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар.– 1995. – 336 б.

Қарқабаева Парида Пазыловна


«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Тараз қаласы, Қазақстан

ІЛІМ БЕРУ – ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жандүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.

Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалықпсихологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. «Бүгінгі философтар мен педагог - ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде» [1, 188 б.].

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық институт ретінде қалыптасуында болып отыр. Оның жаңа құрылымына тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен жаңа мазмұнға негізделген жалпыға міндетті білім стандарттары әзірленуде.

Білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.

Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.

Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.

Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.

Өз заманында сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама ақын Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” атты дастанында жан-жақты дамыған адамды сипаттауда “толық пішінді” ұғымын қолданып, оған жетудің бірден-бір жолы ғылым, білім екенін айтады. «Ал ғылым, білімге жету ұзақ еңбек, ізденіс қажет және адамның ақыл-парасаты жаңаны ойлап тауып, жансызды жандандыруға қабілетті екендігіне» тоқталады [2, 126 б.].

Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі шығармашыл тұлға қазіргі білім беру стратегиясының мақсат-мұраты.

Дегенмен, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер бар екендігі анық. Олар: «қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу процесінде бұл мәселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми – теориялық негізі жүйеленбеуі; білімді меңгеруде оқушылардың шығармашылық қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тәрбие процесінің мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы; мұғалімдердің бұл мәселеде біліктілігінің толымсыздығы, мектеп бітірушілердің төмен көрсеткіштері, қазіргі кезде жалпы оқушы жастардың білім алуға деген ынта-ықыластарының азаюы, тұлғаға бағытталған білім берудегі арнайы әдістемелердің тапшылығы т.б.» [3, 234 б.]

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. Соңғы уақытта оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық қызметін арттыру мақсатындағы шаралар қолданылғанымен, оқу процесінде уақыттың басым бөлігі репродуктивті әдіске жұмсалып отыр, сондықтан оның нәтижесі мардымсыз сипат алуда.

Дидактикалық тұғырлары қазіргі дидактикалық тұжырымдамалардың жеке тұлға шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы маңыздылық сипаты талданып, шығармашылық сабақтар оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудағы инновациялық процесс ретінде дәлелденеді. Сонымен қатар, оқытудағы рефлексия – оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінде «жеке білім кеңістігін» қалыптастыру құралы ретінде пайдаланудың мүмкіндіктері анықталады.

Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда педагогикалық технологиялардың мәні мен оларды оңтайлы пайдалану әдістемесі көрсетіліп, педагогикалық тәжірибелер арқылы тексерілуіндегі нәтижелері сараланады. Осы тарауда мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру мәселесінің болашақтағы бағдары көрсетіліп, оның мазмұны мен мәні дәйектеледі.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады. Ғылыми әдістемелік ұсыныстар беріледі және әлі де зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің маңызды бағыттары көрсетіледі.

Еліміздегі орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуді, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарасты жаңаша тұрғыдан қарастыруды көздейді. Осыған сәйкес қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - білімді, бәсекелестік қабілеті бар, шығармашыл, дербес, ізденімпаз, өзін-өзі жүзеге асыра алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Мектептегі жас ұрпақтың ақыл-ойы, рухани дамуының негізі – оқылатын пәннің мазмұнына, оқу-тәрбие жұмысының мақсатқа сәйкестігі мен меңгеретін ғылыми білімдер жүйесінің шығармашылық сипатына байланысты.

Бүгінгі күні өткеннің қателіктері неден тұратындығын біліп қою жеткіліксіз. Маңыздырағы - қандай бағыттарда ілгерілетуді ұғыну мен түсіну. Осындай бағыттардың бірі психологиялық-педагогикалық білімдердің берік ағынын тірек еткен, ХХІ ғасыр білімі деп батыл санауға болатын инновациялық креативті білімберу болып табылады.

12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Шаймерденов Қ.К. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогтің кәсібибіліктілігін көтеру мәселелері // 12-жылдық білім №7 –Астана, 2007

  2. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986. – 613 б.

  3. Бейсенова С. Оқытудың әдістемелік жүйесі// Педагогика. №8 – Алматы, 2014

Оразбекова Жанар Серікбайқызы


Ғ.Мұратбаев жалпы орта мектебінің мұғалімі,

Түркістан, Қазақстан

ОҚЫТУДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық үдерістерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық потенциалын толық аша алатындай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Кез-келген оқыту түрінің, оның ішінде қашықтан оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады, олар: оқуды ұйымдастыру технологиясы, оның техникалық базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Осындайда атқарылып жатқан жұмыстар бұрында да болған сияқты болып көрінеді. Әрине, автоматтандырылған оқыту түрі де осылай басталған. Автоматтандырылғын оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту бағдарламалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез-келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез-келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Осындай кезде мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға оладың өздігінен білім алуына бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз – оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту бағдарламаларын енгізу ғана емес, интеравтивті ақпараттық орта жасай және барлық танымдық үдерістердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және оларды басқара білу болып табылады. Яғни, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену үдерісін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына тәуелді болады.

Енді жиі пайдаланылатын бірсыпыра түсініктердің мағынасын ашуға тырысайық, олар: оқыту технологиялары, оқытудың қазіргі ақпараттық технологиялары, оқытудың интерактивті режимі, оқытудың компьютерлік технологиялары, мультимедиа технологиялар, ақпараттық білім ортасына байланысты түсініктердің әртүрлері.

Оқыту технологияларына байланысты түсініктер. Біз талдайтын ұғымдардың көпшілігінде “технология” cөзі кездеседі.

“Технология” түсінігіні қарап шықсақ, ол – “өнім шығару үдерісінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалын немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып-күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтай және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау”.

“Оқыту” түсінігін қарасақ, ол - “белгілі бір мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын, педагогтар, шеберлер, тәлімгерлер, т.б. жетекшілігімен жүргізілетін білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісі”.

Бұдан бұрын қарастырылған мәліметтерді де қолдана отырып, “оқыту технологиясы” түсінігінің анықтамасын беруге тырысайық.

Оқыту технологиясы: 1) білімнің, ғылыми жетістіктердің, техниканың белгілі бір аймағында қойылған мақсатқа жету бағытында ұйымдастырылған, жоспарлы күйде тұрақты жүзеге асырылатын білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеру үдерісін; 2) оқыту, өздігінен білім алу және өзін-өзі бақылау үдерістерін керек етіп, соларды жүзеге асыратын шарттарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер, құралдар жиынтығы.

Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті бағдарламалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиыны.

Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқу үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивтік бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті бағдарламалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп,, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал, мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін (баяндама, есеп беру, жұрт алдында жобаларды топ болып біріге отырып қорғау) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді.

Оқытудың компьютерлік технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.

Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әртүрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті бағдарламалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.

Мультимедиа құралдары деп әртүрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып, тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және бағдарламалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.

Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кеңінен қолданылады. Мультимедиа технологияларының қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және да басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.

Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу-әдістемелік материалдар кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшалар пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мәселелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу, өте жарқын, әсерлі қосымшаларды, мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмай, оқуәдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.

Ақпаратттандыру құралдары ретінде аппараттық және бағдарламалық орталар, қоғамды ақпараттандыру үдерісінде пайдаланылатын ақпараттық технологиялар, ал ақпараттық және телеқатынастық технологиялар құралдарын компьютерлер мен байланыстар жүйесінде қызмет етіп, ақпаратпен орындалатын операцияларды іске асыратын бағдарламалық-аппараттық құралдар мен құрылғылар бейнелейді.

Білімді ақпараттандыру құралдары ретінде компьютерлер мен телеқатынастар жүйесінде қызмет ететін, білім беру саласындағы ақпаратпен жұмыс істеу операцияларын қамтамасыз ететін және оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық жетістіктеріне бағытталған бағдарламалық-аппараттық құралдар түсініледі.

Жоғарыдағы мазмұнда анықталған білімді ақпараттандыру құралдары түсінігінің оқытудың компьютерлік құралдары түсінігінен айтарлықтай кең екендігін байқауға болады. Осы айтылғандардан басқа білімді ақпараттандыру құралдары ретінде білім беру мекемелерін ұйымдастыру-басқару қызметтерін автоматтандырудың түрлік компьютерлік құралдары, оқу орнындағы әдістемелік және бақылау-өлшеуге арналған құралдар, оқудан тыс және ғылыми-зерттеу іс-әрекеттерін ақпараттық қамсыздандыру құралдары қарастырылады.

Білім беру үдерісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.

Оқытудың интерактивті технологиясы ұғымына тоқталайық. Зерттеулер бойынша интерактивті оқыту осы құбылыстың мәнін және оқытудың баламалы әдістері мен ұйымдаструшылық формаларын бейнелейді.

М.В.Кларин «Интерактивті оқытуды» оқушының оқу ортасымен тікелей өзара әрекетіне негізделген оқыту ретінде анықтайды. Осы сипаттама негізінде интерактивті оқыту ұғымына анықтама беруге болады: егер студент біріншіден, оқу ортасымен, екіншіден, таным үдерісімен өзара әрекетте болса, онда оқыту интерактивті деп алады. Бұл жағдайда оқытушы функциясы осы әрекетті ұйымдастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білімнен кейінгі барлық сатыларда бакалаврлық, магистрлік, докторлық бағдарламалар мен кредиттік технологияларды оқыту бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауға толық көшу жүзеге асырылады», - деп жазылған. Ал кредиттік технологиялармен оқытудың негізі – студенттердің өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алу деңгейін арттыру болып табылады. Олай болса, білім жүйесіне кредиттік технологияны енгізу – оқу үдерісінде интерактивті оқыту технологиясын қолдану деген сөз. Сонымен, интерактивті оқыту – жаңа тәжірибені меңгеру құралы болып табылады.

Интерактивті режим – командалар мен жауаптар алмасу арқылы атқарылатын тұтынушы мен жүйенің жұмыс істеу режимі. Қазіргі компьютер мен оның жұмысына сәйкес бағдарламалық жабдығы интерактивті режимде бағдарламаларды түзетуге, дисплей экранындағы бейнелерді қарап шығуға, толықтыруға, жүйенің сауалына жасауп енгізуге, басқа да жұмыстар орындауға мүмкіндік береді.

Оқытудың интерактивті режимі – оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен-біріне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру үдерісі субъектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

Интерактивті тақта. Интерактивті оқыту құралдарын шығарушы алдыңғы қатардағы компаниялардың бірі Interwrite Learning. Оқу үдерісінің визуальды құраушыларын айтарлықтай жоғары деңгейге көтеретін және студенттердің зейіндерін аударуларын тиімді қамтамасыз ететін сабақтар өткізуге мүмкіндік беретін Interwrite Board интерактивті тақтасы проектор экраны (презентациялық сабақтарды демонстрациялау үшін) мен тактильді-интерактивтік қызметті (бейне бетіне жазу, тақта бойымен демнострацияланатын нысанды қозғалту, басқарудың интерактивті органдарына әсер ету және т.б.) қатар ұсынады.

«Интерактивті сынып» кешенінің техникалық құраушылары компьютер, проектор және тақта. Компьютер мен проекторға арнайы техникалық сипаттағы талаптардың болмауы – интерактивті сыныптың оң сапаларының бірі.

Интерактивті тақтаны кез-келген пәндік аймақта қолдануға болады.

Оқушылар да, мұғалім де сабақта лекция конспектісінің кез-келген мезетіне орала алуы, маңызды сәттерді есте қайта қалпына келтіру мүмкіндігіне ие және конспект нақты сабақ уақтысы мен әрекеттер тізбегін көрсете алады. Мұндай оқу материалының нақты ерекшелігі мен ықпалдылығы: мұғалім оқушылардың назарын бекітілуге тиісті оқу материалының нақты үзінділеріне (мәтіндік, графикалық, интерактивтік) шоғырландыра алады.

Бүгінгі таңда интерактивті технологиялардың біздің елімізде қолданысқа енген екі өнімін бөліп көрсетуге болады, бұлар —Interwrite Board интерактивті тақтасы және SMART Board интерактивті тақтасы. Бұл тақталар өзара ұқсас болғанымен қызметтік мүмкіндіктері бойынша өзіндік айырмашылықтары бар. Осы айырмашылықтарға байланысты SMART Board интерактивті тақтасы аналогтық-резистивтік сенсорлық технологиясына орай бастапқы білім беруден бастап кеңінен қолданылады, себебі мұнда арнайы маркерлерді қолдану міндетті емес, яғни, саусақта немесе нұсқау таяқшаны да пайдалануға болады.

Интерактивті сабақ – бұл дәстүрлі түсініктегі презентация ғана емес, ол оқу материалымен бір мезетте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Интерактивті тақта қайда және қандай мақсатта қолданылғанына қарамастан мәліметтерді визуальды бейнелеудің қуатты құралы болып табылады. Онда жай тақтаға қарағанда өте үлкен көлемдегі ақпараттарды сиыстыруға болады. Интерактивті тақта кешенінде қойылған InterWrite Software бағдарламалық кешені оқытушыға авторлық сабақтар құруға, компьютерде орнатылған кез-келген бағдарламалық өнімге скриншоттар құруға және оларға белгілер жасауға (жоғары бөлігіне сызу) мүмкіндік береді. Суретті салуды таза бетте, сондай-ақ, қоры тез толықтырылатын дайын картиналарды (кең пайдаланылатын *.bmp, *.tiff, *.jpeg, *.gif кеңейтілуіндегі суреттер және т.б.) пайдалану арқылы іске асыруға болады.

Бұдан басқа барлық суреттер, слайдтар, сабақ барысында пайдаланылған жазбалар сессия түрінде тізбектеле сақталады. Суреттердің берілген сессияларын баспадан шығаруға, электронды түрде (сабақ материалдары бойынша оқу құралдарын автоматты түрде қалыптастыру) тасымалдауға болады. Қолмен жазылған жазуды тану мүмкіндігі де бар.

Сонымен бірге, интерактивті тақта бетінің зақымдалуына қарамастан жұмыс істеу мүмкіндіктері өте жоғары.

Аудитория назарын аудару, бастапқы бейнелерді сақтау және модификациялау қабілеттілігінің әмбебаптығына байланысты интерактивті тақталар кез-келген бизнеспрезентацияларда, конференцияларда, семинарларда, қарым-қатынас жасауда және т.б.

табысты қолданылады.

Тақталардың өлшемдері 152-ден 216 сантиметрге дейінгі түрлілікте болады.

Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетеді. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер жалпы орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Бұл мақаланың басты мақсаты - оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.

Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі,

сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу үдерісінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Ал сіздің бірнеше компьютеріңіз болса, немесе қашықтағы компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:



  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

  • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;

  • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

  • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

______________

1. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев

01.03.2006ж



  1. Электронды оқулықтарды пайдалану . А.Абубаева , Информатика негіздері,

№4 - 2006ж

  1. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 - 2006ж

  2. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 –

2006ж

  1. Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті. Н.Мұратәлиева, Мектеп директоры №3 – 2006ж. және т.б.

  2. Бидайбеков Е.Ы. білімді ақпараттандыру жоғары оқу орындарында мамандар дайындау бағыты ретінде. // “Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесінде ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалану” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары (1-2 қараша, 2007 ж.). – Қызылорда: “Эверо”, 2007. – Б. 19-23.

Пазылова Айгүл Мейрамғалиқызы


Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының

2-курс магистранты,

Семей қаласы, Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет