Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік мәселесін көтеру ұсынылады. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, мұражайлар, көркемөнер көрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: шығармашылық кештер, балалар мен жасөспірімдер шығармаларының көрмесі, халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, конкурстар; атақты адамдармен, өнер қайраткерлерімен кездесулер аталған бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады. Көркем-эстетикалық тәрбие аясында оқу орнында біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар, болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлттық музыкалық аспап домбыраны насихаттау мақсатында домбыра әзірлеу және домбырада ойнауға үйрету бойынша шеберлік-сыныптар, ұлттық-қолданбалы өнер жәрмеңкелерін, дәстүрлі әуендер орындаушылардың фото көрмесін, домбырада ойнау сайыстарын, домбырашылардың концерттері мен музыкалық викториналар, «Домбыра – қазақ халқының жаны» «Қазақтың домбыра өнері», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың музыкалық аспаптары» және басқа конкурстар ұйымдастыру.